Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет42/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное

Мальва – малазықтық
Сүрлем салуға, шөп дайындауға, шөп ұнын дайындауға пайдаланылады. Көк балаусасында қорытылатын протеин көп, люцерна мен клеверге қарағанда. Мальва көмірсуға микроэлементтерге, витаминдерге бай.
100 кг көк балаусасында 13 а.ө. 2 кг қорытылатын протеин бар. Каротин мөлшері 26-28 мг 1 кг көк балаусасында. Мальвада көптеген микроэлементтер кездеседі. Мысалы: марганец, никель, молибден, күміс, барий, мыс, стронций. Мальвадан дайындалған сүрлем жоғары сапалы, жақсы дәмді, 100 кг сүрлемінде мальва мен жүгеріні қосып дайындағанда (1:1)- 20 а.ө. бар, ал 1 кг а.ө. – 100 гр қорытылатын протеин келеді. Кептірілген мальва пішенінен жасалған ұнында 1 кг – 1 а.ө. 70 г. қорытылатын протеин болады, яғни сұлының ұнына құндылығы жөнінен жақындайды.
Күздік рапс
Келешегі үлкен дақыл, өзінің өнімділігімен, ерте пісуімен, суыққа шыдамдылығымен жақсы мал азығы ретінде ерекшеленеді. Ол көк шөп ретінде мал жаюға витаминді ұн жасауға, сүрлем күйінде кеңінен пайдаланылады.
100 кг көк балаусасында – 15,7 а.ө. және 3 кг қорытылатын протеин бар. Көк балаусасы ақуызға, каротинге, аскорбиновая кислотағы бай. Ол шырындылығымен жақсы қорытылуымен және каллориясы көптігімен ерекшеленеді.
Көк балаусасы минералды заттарға бай: 1 кг – 2,58г кальций, 0,75 г фосфор, 0,96 г күкірт, 4,46 г калий бар.
Күздік рапс жақсы сүрленетін өсімдіктер тобына жатады. Құрамындағы қант мөлшері, қант минимумынан 2 есе көп, шапқаннан кейін тез өседі және де шошқаға, қойға жақсы жайылым болып табылады.
Рапс – жасыл конвейер ұйымдастыруға жақсы компонент бола алады.
Солтүстік Қазақстан облысында тараған сорттары: Золотонивский, Радикал, Шпот, Канадский, Гибрид, Юбилейный. Көктемде себілген рапстан 2-4 укос алуға болады жалпы өнімділігі 600-800 ц көк балауса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет