Қылтықсыз арпабас- кострец безостый. Қылтықсыз арпабас – маңызы мен таралуы бойынша Қазақстанда еркекшөптен кейін көпжылдық астық тұқымдас шөптердің ішінде шабындық – жайылымдық дақыл ретінде екінші орын алады.
Барлық малдардың түрлері шөп ретінде де, көк өсімдік ретінде де жақсы жейді. Жайылымда 10 жыл пайдалануға болады.
Пішен ретінде дайындағанда 12 ц – 50 ц –ге дейін барады. 100 кг жайылымдық шөптің құнары орташа есеппен алғанда көк балаусасында 22-24 а.ө. және 1,6 кг дейін сіңімді протеин, 100 кг пішенде 50-53 а.ө. және 3,5 кг-ға дейін сіңімді протеин бар. Лизин амин қышқылына бай.