Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Пішенді сығымдап шиыршықтау (рулондау)



бет60/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Пішенді сығымдап шиыршықтау (рулондау). Тайлаумен салыстырғанда, бұл тәсілге жұмсалатын еңбек шығымы 1,5-1,7 есе, шиыршықты байлайтын синтетикалық жіп шығыны 3 есе азаяды.
Пішенді сығымдап цилиндр тәрізді шиыршықтау оның ылғалдылығы 18-20% болғанда ғана жүргізіледі.
Шиыршықтаған шөпті тасымалдау көліктеріне тиегенде және сақтайтын орынға жинағанда Пф-0,5, ПКУ – 0,8 тиегіштері, сондай-ақ ППУ – 0,5 т.с.с. арнайы құрылғылармен жарақталған Кун-10 шөмеле тасығышы пайдаланылады.
Ұсақталмаған бос пішенді желдеткішпен белсенді түрде кептіріп дайындау. Шөпті дестеден ылғалдылығы 35-45 % кезінде тасып алады және ауа бөлгіш жүйеге 1,5-2 м қалындықта біркелкі етіп, тығыздамай жайып салады.
Пішенді сарайларда маяланған күйде, бастырмалардың астында УВС 16 желдеткіш қондырғыларымен, қажетті ылғалдылыққа дейін кептіреді.
Бірінші қабаттағы шөптің ылғалдылығы 25%-ға дейін төмендеген кезде, келесі қабатын салып кептіруді жалғастырады. Пішенді желдеткішпен белсенді түрде кептіруді ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80%-дан төмен болған кезде жүргізеді. Алғашқы тәуліктерде пішенді үздіксіз, қалған күндері күндізгі сағаттарда ғана желдетеді.
Пішен өзігінен қызып кетпес үшін, ауа-райы жауын-шашынды болған күндері желдеткіштерді әр 5-6 сағаттан кейін 1-2 сағатқа ғана қосады. Егер желдетіп болғаннан кейінгі 3-4 тәуліктен соң желдеткішті 30-40 минуттай қосып қойғанда жылы ауа ағыны байқалмаса, онда пішенді кепті деп есептеуге болады.
Олай болмаған жағдайда, пішенді кептіруді жалғастыра беру керек. Бұл тәсілді қолдану, танапта кептірілген пішенмен салыстырғанда, азық өлшемін жинауды 10-15%-ға, құрамындағы протеинді – 20-25%-ға және каротинді 2 еседен кем емес мөлшерге арттыруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет