Бағдарламасы 8-сынып Орал, 2022 жыл



бет28/30
Дата26.09.2024
өлшемі5,21 Mb.
#205139
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Қазақ тілі факультатив

1-мәтін . Ғарыш дегеніміз не? «Космонавтика» - грек тілінен аударғанда «кеме басқару» деген мағынаны білдіреді екен. Ал осы космос корабльін орбитаға шығару үшін қуатты ракета двигателі және отын қажет, ал ракета жоғары температураға төзімді, жеңіл де берік материалдан болуы тиіс. Негізі осы космос және космосқа ұшу туралы ғылымның негізін қалаған К. Э. Циолковский болатын, ал оның арманын, ойын жүзеге асырған бас конструктор Сергей Павлович Королев басқарған совет ғалымдары мен инженерлер болды. Сондықтан да ғарыш кеңістігін игеру С. П. Королевтың есімімен тығыз байланысты. Жердің тартылыс күшін жеңе отырып, жердің тұңғыш жасанды спутнигі орбитаға 1957 жылы 4 қазанда көтерілді, бұл күн балалар космос дәуірінің басталуы болып есептеледі.
Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздарды бар. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отқа ұқсайды. Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Шынында да олардың әрқайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған, орасан зор газ шарлар. Ең ірілері күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері жермен қарайлас шағындары да бар. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен үш мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алынғандардың саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді.
Жерге ең жақын жұлдыз Күн. Оның төңірегінде Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүреді. Олар планета деп аталады. (планета грекше адасушы жұлдыз деп аталады). Планеталар өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Планетаның олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан болады. Өз кезегінде планеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Жердің серігі - Ай. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар тым көп миллиондап саналады.
Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық, аспан денелерінің бір - бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен, айталық километрмен өлшеу мүмкін емес. Бұлай өлшеу Жер шарындағы қалалардың ара қашықтығын миллиметрмен есептеумен бірдей болар еді. Сондықтан ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады. Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен таралады. Ол жерге айдан 1, 3 секундта, Күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Бізге ең жақын жұлдызға дейінгі аралықты жарық 4 жылда жүріп өтеді. Ол да ештеңе емес. Әлем кеңістігімен салыстырғанда қас қағымдай дерлік. Құрамына Күн жүйесі кіретін Әлемнің шағын ғана бөлігі Галактиканың бір шетінен екінші шетіне жарық 100 мың жылда әрең жетеді. Ал алыстағы галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай қашықтықта тұрады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет