8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану.
Сабақтың мақсаты
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажыратып, қолданады.
Ұйымдастыру кезеңі
Жұмбақтар шешу арқылы 3 топқа бөлінеді.
1-топ.
Самұрық құс самғады,
Көктен өтіп,
Айға жетіп
Жеңілдеді салмағы
2-топ.
Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,
Екеуі қызықтырған талайыңды.
Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса,
Тұрады нұрға малып маңдайыңды.
3-топ. Аспанда бір алып құс
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң, ғажайып
Соңында із қалады.
1.Он сегіз мың ғалам, жалпы ғалам дегенді қалай түсінесіңдер?
18 мың ғалам деген ол негізі бар,біз оның бір ғана ғаламында өмір сүріп жатырмыз.Біз түнде далаға шығып жұлдыздарды көзіміздің жеткен жеріне дейін ғана көре аламыз ,міне осы біздің ғаламымыз.Ары қарай біздің көзіміз жетпейтін бізге беймәлім тағы да 17999 ғалам бар деген сөз. Біз ол жаққа ұмтыламыз.. Бірақ ол жақ өте алыс,ғарыш кемесімен де жету мүмкін емес,өйткені адам өмірі 80-90 ақ жас,миллиондаған жылдар бойы ұшу мүмкін емес.