Бағдарламасы (9-сыныбы үшін) Орындаған: Сембеков Тұяқ Бүркітбайұлы


«Алаш партиясы, Алаш автономиясы және Алашорда» (10 сағат)



бет3/6
Дата19.01.2022
өлшемі96,59 Kb.
#129494
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
000060ac-8f9c3da8 (1)

«Алаш партиясы, Алаш автономиясы және Алашорда» (10 сағат):

1) 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан төңкерісі және Қазақ өлкесіндегі ұлттық-демокртиялық қозғалыс. 1917 жылғы ақпан төңкерісі және қазақтар. Монархияның құлауы. Уақытша үкімет тарапынан қазақ зиялыларының әртүрлі санаттағы қызметтерге тартылуы. Ұлт қайраткерлерінің көпвекторлы саясаты. Қазақстандағы земство қозғалысы және оның сайлау науқаны. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы сайлауы және қазақ қоғамы. 1917 жылғы Қазан төңкерісі және Алаштың көзқарасы. Саяси күштердің тоғысуы. Ресейлік азаматтық қарсы тұру үдерісі (2 сағат);

2) Қазақ қоғамы және Алаш партиясы. Қазақ комитеттерінің құрылуы. Алғашқы қазақ облыстық съездері. Өлкедегі жастар ұйымдары және олардың саяси-қоғамдық іс-әрекеттері. Бірінші жалпықазақ съезінің қаулылары және халық мүддесінің тұжырымдалуы. Қозғалыстан Алаш партиясына өту жолы. Қазақ ұлттық-либералдық партиясының бағдарламалық жобасы. Жергілікті баспасөз ісінің жандануы (2 сағат);

3) Алаш автономиясы және Алашорданың құрылуы. Екінші жалпықазақ съезінің қаулылары (5-13 желтоқсан 1917 ж.). Алаш автономиясы. Елдік құрылым негіздері. Алашорда үкіметінің құрылымы. Алашорда рәміздері. Бүкілресейлік Құрылтайға даярлық және федерация туралы. Ұлттың құқықтық-демократиялық даму бағытындағы іс-шаралар. Съезд шешімдеріне сәйкес Алашорданың негізгі мақсат-міндеттері. Ойыл уәлаяты. Түркістан Мұхтарияты. Алаш автономиясының Уақытша Сібір Облыстық Кеңесі (Г.Н.Потанин басқарған) тарапынан қолдау табуы (2 сағат);

4) Алашорда және Кеңес өкіметі. 1918 жылдың 28 қаңтарында Алашорда үкіметі қызметінің басталуы (Семей-Алаш қаласы). «Сарыарқа» газеті беттеріндегі Алаш автономиясы мен үкіметі – Алашорда туралы ресми жарияланымдар. Қазақстан аймақтарында Кеңес өкіметінің орнатылуы (1918 ж. ақпан-маусым). Алашорда және Кеңес өкіметі арасындағы келіссөздер нәтижесі. Семейдегі Орталық және Облыстық Алашорда комитетінің Кеңес өкіметімен саяси қақтығысы. 1918 жылғы маусым оқиғалары. Қазақстан аймақтарында Кеңес өкіметінің құлатылуы. Алашорда және Уақытша Сібір үкіметі қарым-қатынастары (2 сағат);

5) Алашорда үкіметі және оның қызметі. Алашорда билігінің тұрақты сипатқа көшуі (маусым-қараша 1918 жыл). Алашорда үкіметінің қабылдаған қаулылары мен шешімдері. Ішкі саясаттағы ұстанымдары. Земство және Қазақ комитеттеріндегі алашордашылардың қызмет өрістері. Алашорда және Қазақ соты. Алашорда және Алаш атты әскерін жасақтау. Алашорда бөлімдері: Батыс Алашорда (Жымпиты), Бөкей ордасы, Маңғыстау, Ақтөбе, Торғай, Қостанай өңірлері, Ақмола мен Жетісу облыстарындағы Алашорда басқармалары және Түркістандағы оңтүстік қанаты (2 сағат).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет