Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша оқушылар:
1) Алаш тұлғаларының отандық ғылым мен білімнің бастауындағы мұраларын зерделеу тәжірибесін;
2) тарихи үдерістерді дербес талдай білуді, тарихи фактілер, құбылыстар мен тұлғаларға дербес көзқарас білдіру бейімін және тақырыптық негізде түйінді тұжырымдарды жасай білуі;
3) алаштануға қатысты деректермен жұмыс істей білу, оларды саралау, жинақтау және тарихи оқиғаларды бағалау мен осы саладағы білімін шығармашылықпен дамыту дағдысын;
4) мемлекетшілдік ізденістерге, қайраткерлік еңбекке құрметпен қарайтын және елдік дәстүр құндылықтарын жете түсінетін саналылық келбетін;
5) ғылыми ізденімпаздық қабілетін, қазіргі жаңа технологиялар негізінде ақпаратты жүйелеу, өңдей білу, сақтау және тарата білуді қолдана білуі тиіс.
Күнтізбелік жоспар
№
|
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
Күні
|
Ескерту
|
1
|
Кіріспе: «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны. «Алаш» ұғымының жаңғыруы мен жандануы.
|
1
|
|
|
«Алаш қозғалысы және ұлттық мүдде» (6 сағат)
|
2-3
|
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
|
2
|
|
|
4-5
|
Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғырту бастамалары және Алаш қайраткерлігі
|
2
|
|
|
6-7
|
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлттық элитасы және идеялық-саяси ағымдар
|
2
|
|
|
«Алаш партиясы, Алаш автономиясы және Алашорда» (10 сағат)
|
8-9
|
1917 жылғы Ресейдегі Ақпан төңкерісі және Қазақ өлкесіндегі ұлттық-демокртиялық қозғалыс.
|
2
|
|
|
10-11
|
Қазақ қоғамы және Алаш партиясы. Қазақ комитеттерінің құрылуы.
|
2
|
|
|
12-13
|
Алаш автономиясы және Алашорданың құрылуы. Екінші жалпықазақ съезінің қаулылары
|
2
|
|
|
14-15
|
Алашорда және Кеңес өкіметі
|
2
|
|
|
16-17
|
Алашорда үкіметі және оның қызметі
|
2
|
|
|
«Алашорда және ресейлік әскери-саяси күштер» (7 сағат)
|
18-19
|
Алашорда және ресейлік саяси күштер азаматтық қарсыласу кезеңінде
|
2
|
|
|
20-21
|
Алашорданың 1919 жылғы тарихи қалыптасқан жағдайлар барысындағы қызметі
|
2
|
|
|
22
|
Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің кеңестік Қазақстан тұсындағы қоғамдық-саяси қызметтері
|
1
|
|
|
23
|
Большевиктік өкімет тұсындағы Алаш қозғалысын қаралау саясаты (1920–1940 жж.)
|
1
|
|
|
24
|
Кеңес өкіметі жылдарындағы Алаш туралы таным-түсінік эволюциясы
|
1
|
|
|
«Алаш құндылықтары және ұлт зиялылары» (8 сағат):
|
25
|
Ел тарихында Алаш қайраткерлері есімдерінің жаңғыртылуы.
|
1
|
|
|
26
|
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – ұлттық қозғалыс көсемі
|
1
|
|
|
27
|
Алаш қайраткерлерінің ағартушылық саласындағы қызметі және ғылыми ізденістері
|
1
|
|
|
28
|
Алаш зиялыларының Түркістан кезеңі
|
1
|
|
|
29
|
Алаш зиялыларының мәдени ұйымдары және олардың маңызы
|
1
|
|
|
30
|
«Алаш» баспасөзі және қазақ қоғамы: «Қазақ» газеті (1913-1918 жж.).
|
1
|
|
|
31-32
|
Алаш қозғалысы кезеңіндегі қазақ әдебиеті және ұлт азаттығының сарындары
|
2
|
|
|
33
|
Алаш қозғалысындағы Кереку өңірінің тұлғалары
|
1
|
|
|
34
|
Қорытындылау
|
1
|
|
|
Қолданылған әдебиеттер
Қойшығара САЛҒАРА, жазушы. http://mukhanov.ucoz.kz/publ/alashtin_ardagy/alash_avtonomijasyny_ryluy/18-1-0-1260
«Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал№8, 2010. Алматы
«КЕШЕГІ АЛАШ ИДЕЯСЫ – БҮГІНГІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіАлаштану ғылыми-зерттеу Орталығы
Н. Назарбаев «Тарих толқынында» 1999 ж , Атамұра
Алаш қозғалысы. Алматы 2008, «Ел шежіресі»
Әбдіжапар Әбдікімұлы «Қазақстан», Алматы 2005
Ә.Бөкейханов «Таңдамалы шығармалар» Алматы, 2004
К.Нурпейіс, «Алаш һәм Алашорда». Алматы, 2008
С.Омарбекұлы, «Алаш шаңырағын бірге көтеріскендер» // «Ақиқат» №4 2001
Т.Жеңіс «Шежіре», 1995ж
Достарыңызбен бөлісу: |