Курстың міндеттері:
білім алушыларға діннің мәні ,тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі мәлімет беру ;
зайырлылық ұстанымдарын мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып,осы бағыттағы білімін қалыптастыру;
зайырлылық тұрғысынан діни сана ,діни сенім,діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету ;
діннің дүниетанымдылық,мәдени танымдық және адамгершілік мәнін түсіндіру
білім алушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге,толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық ұстанымы негізінде баға бере алатын дағды қалыптастыру;
Қазақстандағы этносаралық ,конфессияаралық келісімді зайырлылықұстанымдарының нәтижесі ретінде таныта отырып,оқушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;
Көпэтносты, көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжірибенің ерекшеліктерін айқындау
Экстремизм,терроризм,діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке,зайырлылық ұстанымдарына,қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып,зайырлы мемлекет қағидаларына құрмет сезімін тәрбиелеу;
білім алушылардың бойына діни әдебиеттер,электрондық ресурстар және бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын салыстыра білу және сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру ;
Құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып,осы тұрғыдағы білімін арттыруға ,Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу .
Достарыңызбен бөлісу: |