2.1.1.4.4 сурет. ЖӨӨ ШОК үлесі
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
«Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерге қаржылық және басқа да тұрғыда қолдау көрсетеді. Барлығы көрсетілген мемлекеттік қолдау сомасы шамамен 10 млрд. теңгені құрады. ШОК-ке несие беруі көлемі 2014 жылы 567,3 млрд. құрады.
2.1.1.4.5 сурет. Екінші деңгейдегі банктердің ШОК-ке несие беруі
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Оңтайлы кәсіпкерлік ахуал қалыптастыру мақсатында жылына екі рет Алматы қаласының іскерлік кеңесінің отырыстары өткізіледі. Іскерлік кеңестің негізгі міндеті әкімшілік кедергілерді жою, көлеңкелі экономика көлемін қысқарту және кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Алматы қаласында 2 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - КҚКО) жұмыс жасайды, мұнда кәсіпкерлерге «бір терезе» режимінде қызметтер көрсетіледі, қолданыстағы мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2014 жылы 1252 кәсіпкерге бизнес жүргізуді сервистік қолдау шеңберінде қызмет көрсетілген.
Жалпы алғанда, ШОК сегменті қаладағы негізгі салық (40% артық) және жұмыс орындарының көзі болып қалып отыр. Осыған байланысты қалада ШОК қызметін дамыту басты бағыттардың бірі болып табылады.
2.1.1.4.4 кесте. Шағын және орта бизнес көрсеткіштері
Атауы/жылдар
|
Өл.бір.
|
2012
|
2013
|
2014
|
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің нақты өнім өндіру көлемінің индексі
|
%
|
105,0
|
101,0
|
112,5
|
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы
|
млрд.теңге
|
2019,3
|
2159,7
|
3799,8
|
Тіркелгендердің жалпы көлемі бойынша белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі
|
%
|
50,4
|
53,1
|
50,9
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Сауда
Алматы 2014 жылы жалпы республикалық сауда көрсеткішінде сауданың меншікті үлесі бойынша 1 орынды иеленеді. Талдау жасалып отырған кезеңде сауда қаланың ЖӨӨ ең жоғары үлесін қамтамасыз еткен (33,5%), көтерме сауданың жалпы көлемі (8035,8 млрд. теңге, республикалық көлемнен 49,6%) бөлшек сауда көлемінен (1 641,3 млрд. теңге, республикалық көлемнен 25,9%) 4,5 есе артық болған. Көтерме сауданың жалпы республикалық көлемінің жартысынан астамы Алматы қаласында шоғырлануы негізінен тіркелген ірі компаниялардың қалада болуымен байланысты.
Өңірдің бөлшек сауда құрылымында қарастырылып отырған кезең ішінде азық-түліктік емес тауарларды сату басым болған, ол Алматы қаласының бөлшек сауда айналымының ¾ жуығын құраған.
2012-2014 жылдардағы кезеңде бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі аздап төмендеген. Аталған үрдіс 2012 жылғы біршама өсуімен байланысты болуы мүмкін, бұл салыстыру үшін жеткіліксіз.
2014 жылы өңірдегі бөлшек сауданың жалпы көлемінің 70% астамы сауда кәсіпорындары арқылы (2012 жылы - 66%) іске асырылған, бұл қаладағы сауданың заманауи түрінің дамуымен байланысты. Сауда нысандарының жалпы санының кемуі базарлар санының азаюына байланысты. 2015 жылдың басында 6000 астам немесе 1,3 млн. ш.м. (сауда орталықтарының жалпы ауданы) сауда нысандары жұмыс жасаған. Соңғы 3 жыл ішінде Алматы қаласында 30 астам жаңа ірі және орта сауда нысандары ашылған.
2.1.1.4.5 кесте. Көтерме және бөлшек сауда көрсеткіштері
Атауы/жылдар
|
Өл.бір.
|
2012
|
2013
|
2014
|
Бөлшек сауда көлемі
|
млрд. теңге
|
1 245,8
|
1 416,4
|
1 641,3
|
Республика көлеміндегі үлес салмағы
|
%
|
27,2
|
25,6
|
25,9
|
Көтерме сауда көлемі
|
млрд. теңге
|
5 349,3
|
7 080,5
|
8 035,8
|
Республика көлеміндегі үлес салмағы
|
%
|
45,2
|
49,5
|
49,6
|
Халықтың жан басына шаққандағы бөлшек сауда көлемі
|
мың. теңге
|
851,8
|
943,7
|
1 024,1
|
Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі
|
%
|
111,8
|
110,2
|
108,1
|
Көтерме сауданың нақты көлемінің индексі
|
%
|
127,0
|
126,8
|
108,8
|
Дереккөз: «Алматы қаласы бойынша 2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласының Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы, «2014 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында ҚР сауда және қызметтерді өткізу көлемі» ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің бюллетені, 2015 жылғы
2.1.1.4.6 кесте. Бөлшек сауда құрылымы
Атауы/жылдар
|
Өл.бір.
|
2012
|
2013
|
2014
|
Бөлшек сауда көлемі
|
млрд.теңге
|
1 245,8
|
1 416,4
|
1 641,3
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
Азық-түлік тауарлары
|
млрд.теңге
|
288,5
|
283,1
|
362,4
|
Азық-түліктік емес тауарлар
|
млрд.теңге
|
957,3
|
1 133,3
|
1 278,9
|
Бөлшек сауда көлемі,
|
%
|
100
|
100
|
100
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
Азық-түлік тауарлары
|
%
|
23,1
|
19,9
|
22,0
|
Азық-түліктік емес тауарлар
|
%
|
76,9
|
80,1
|
78,0
|
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы,
2.1.1.4.7 кесте. Сауда секторлары бойынша бағамен көрсетілген бөлшек сауда
Атауы/жылдар
|
Өл.бір.
|
2012
|
2013
|
2014
|
Өткізу арналары бойынша бөлшек сауда көлемі:
|
|
|
|
|
Сауда кәсіпорындары, млрд. теңге
|
млрд.теңге
|
826,8
|
954,1
|
1152,3
|
Базарлар мен жеке кәсіпкерлер
|
млрд.теңге
|
418,9
|
462,3
|
489,0
|
«Бөлшек сауда» қызмет түрімен айналысатын сауда ауданы 2000 ш.м. кем емес сауда нысандарының санын арттыру, бірлік (БП)
|
бірлік
| |
38
|
56
|
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы,
2.1.1.4.8 кесте. Сауда нысандары
Атауы/жылдар
|
Өл.бір.
|
2012
|
2013
|
2014
|
Сауда нысандары саны, бірлік
|
бірлік
|
8 415
|
4 732
|
3591
|
Жалпы сауда ауданы, ш. м
|
ш.м.
|
756 061
|
712218
|
737 502
|
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті
Сыртқы сауда
Алматы еліміздегі импорт үлесі жоғары негізгі сыртқы саудасы дамыған қалалардың бірі болып табылады. 2014 жылы республиканың сыртқы сауда айналымындағы қаланың үлес салмағы 18,6% құрады, оның ішінде экспортта – 6,4% және импортта – 42% құрады.
Қаланың сыртқы сауда айналымының көлемі (Кеден Одағы мемлекеттерін қоса алғанда) бес жыл ішінде 1,3 есеге артқан және 2014 жылы 21 364 млн. АҚШ долларын құраған, оның ішінде импорт бойынша өсім 40%, экспорт бойынша көлемнің төмендеуі 3% құраған. Импорт қаланың сыртқы сауда айналымының 77% құрап отыр.
Сонымен қатар, 2012-2014 жылдардағы кезеңде сыртқы сауда айналымы көлемі 16,8%-ға төмендеген, бұл негізінен 2014 жылы импорт көлемінің біршама төмендеуімен байланысты болып отыр.
2.1.1.4.6 сурет. Алматы қаласының сыртқы сауда айналымы
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
2014 жылы импорт көлемінің біршама төмендеуі негізінен нақты көлемдермен емес, 2014 жылғы ақпан айындағы бағам үйлесімімен байланысты, бұл кезеңде ұлттық валюта 20% девальвацияға ұшырап, бұл доллар бойынша көлемінің азаюына алып келген.
2.1.1.4.7 сурет. Экспорт және импорт көлемінің өзгеруі
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
2014 жылы экспорт құрылымында 4 санаты басым болып табылады: минералды өнімдер - 40%, отын-энергетика тауарлары - 39%, химиялық өнімдер және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері (каучуктерді және пластмассаларды қоса алғанда) – экспорттың жалпы көлемінің 26%.
2.1.1.4.8 сурет. 2014 жылғы экспорттың тауарлық құрылымы, млн. АҚШ доллары
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Импортта да 3 санат басымдылыққа ие (машиналар, құрылғылар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар, химия өнеркәсібі және минералды өнімдер). Бұл жағдайда машиналар мен басқа да көлік құралдарының импорты жалпы импорт көлемінің 52% құрайды.
2.1.1.4.9 сурет. 2014 жылғы импорттың тауарлық құрылымы, млн. АҚШ доллары
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Импорттық өнімнің негізгі мемлекеттері Қытай мен Ресей болып табылады. Экспорттың негізгі бағыттары Украина, Қытай және Ресей болып отыр.
2.1.1.4.10 сурет. Ірі сауда әріптестері
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Алматы аймағында Қазақстанның көлік тораптары, қоймалар мен тауарларды қабылдау, тарату және ауыстырудың бірыңғай жүйесі бар логистика орталығы қалыптасады. Бүгінгі таңда Алматы көлік-логистикалық орталығы (АКЛО), «Даму-Алматы» индустриалды-логистикалық орталығы және «GEGA» азық-түліктік логистикалық орталығы жұмыс жасайды.
Елдің сыртқы сауда айналымындағы қаланың меншікті үлесінің жоғары болуы қаланың еліміздегі ірі сауда-логистикалық орталық, сонымен қатар, негізгі халықаралық компаниялардың бас кеңселері орналасқан орын болуымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |