Бағдарламасы. Аннотация. «Аналитикалық химия»



Дата26.08.2017
өлшемі134,84 Kb.
#29105
түріБағдарламасы
Жалпы орта білім беретін № 17 мектеп-гимназиясы.

Ақтөбе қаласы

10-11 сыныптарға арналған «Аналитикалық химия»

элективті курсының бағдарламасы.


Құрастырушы: Мусина К.К.


2006 жыл.

«Аналитикалық химия» таңдау (элективті) курысының бағдарламасы.
Аннотация.

«Аналитикалық химия» курсы сапалық және мөлшерлік анализдің негізгі мәселелерін қамтиды. Алғашқы тақырыптарда аналитикалық химияның теориялық негізі қамтылады. Теориялық материалдар практикалық жұмыстармен ұштастырылған. Сапалық және мөлшерлік анализ практикасы да айқын қарастырылады.

Арнайы тақырыптар қатты және органикалық заттардың анализі, сонымен қатар анализдің физико-химиялық әдістеріне арналған.

Курстың бағдарламасы жаратылыстану-математика цикліндегі тереңдетілген 10-11 сынып оқушыларына арналған.


Түсінікхат.

Аналитикалық химия : зат қандай элементтерден құралған және ол элементтер бір-бірімен қандай қатынаста болады деген сұраққа жауап береді.

Аналитикалық химия-заттардың химиялық анализінің принциптері мен әдістері туралы ғылым. Жаратылыстану ғылымдары ішінде оның алатын орны ерекше.

Аналитикалық химияның көмегімен ғалымдар жаңа мәліметтер жинақтайды және ғылыим деректерді тексереді, жаңа ережелер мен заңдарды бекітеді. Қазіргі кезде химияның дамуы аналитикалық зерттеулер негізінде болып отыр.

Бұл курыста химиялық анализдің негізгі материалдарымен бірге сапалық анализдің қышқылды - негіздік әдістері де қарастырылған. Сонымен қатар мөлшерлік анализ әдістері де енгізілген. Жүргізілетін практикалық жұмыстар оқушыларды химик-аналитика мамандығына қызықтыра отырып, сол маман иелерінің халық шаруашылығының көптеген салаларын дамытуда маңызды роль атқаратынын түсіндіреді.

Бағдарламаға лабораториялық жұмыстар техникасы, аналитикалық химияның теориялық кіріспесі, сапалық, мөлшерлік анализ енгізілген. Оқушыларды жан-жақты дамытып қана қоймай, химияға қарай бейімдеуге негізделген. 10 сыныпта 34 сағат, 11 сыныпқа 34 сағатқа жасалынған.

Аналитикалық химия» таңдау курысының мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты: Айналаны танудағы маңызды роль атқаратын химияның бір саласы аналитикалық химияның негізгі мәселелерін оқыту, ғылымның техниканың дамуына жағдай жасау, оны қолдана білуге үйрету, технологиялық процесті бақылаудың негізгі әдістерін іздеу, экологиялық таза, сапалы өнім өндірудің автоматты жүйесін енгізуге жол бастау және қоршаған ортаның тазалығын қадағалауға үйрету.
Курстың міндеті:


  • Жалпы химияның негізгі заңдарына саятын химиялық анализдің теориялық негіздері: сулы ерітінділердің қасиеттері, комплекс түзілу редакциялары, қышқылды-негіздік және заттардың тотығу-тотықсыздану қасиеттері туралы мәліметтермен оқушылар білімін одан әрі тереңдету.

  • Анықталған зат немесе қоспа құрамындағы жеке элементтерді және олар түзетін иондарды анықтаудың сапалық анализімен таныса отырып, оны жүзеге асыру.

  • Жекелеген қосылыстар мен заттар қаспасының құрамына кіретін химиялық элементтердің массасын анықтау арқылы жүргізілетін мөлшерлік анализдің титриметрлік, гравиметрлік, физико-химиялық әдістерімен танысу.

  • Химиялық ыдыстармен, реактивтермен, приборлар, аппаратуралармен жұмысты өзбетімен орындауға дағдылану және әдістерін меңгеру.

  • Аналитикалық тапсырмаларды орындағанда белгілі бір әдістерді оқушылардың өздері таңдай алуы және кез-келген жағдайдан шыға алуды білу.

Күтілетін нәтижелер.

Оқушылар білуі шарт:


  • Ерітінділер, ерігіштік туралы түсінік, ерітінді концентрациясын анықтау әдістерін;

  • әрекеттесуші массалар заңы;

  • химиялық рекция жылдамдығы және химиялық тепе-теңдік туралы жалпы түсінікті;

  • электролиттер диссоциациясына әсер ететін факторлар;

  • буферлі ерітінділер туралы түсінік;

  • тотығу-тотықсыздану реакцияның мәні;

  • коллоидты ерітінділер туралы жалпы түсінік;

  • комплексті қосылыстар және иондар;

  • сапалық анализдің маңызы және негізгі әдістері;

  • мөлшерлік анализдің мәні және негізгі әдістері;

  • физико-химиялық анализдің негізгі әдістері;

  • ерігіштік көбейтіндісі туралы жалпы түсінік.

Оқушылар анықтай білуі қажет.



  • белгілі бір зат немесе қаспа құрамындағы жекелеген элементтерді немесе олар түзетін иондарды анықтай алу;

  • зат құрамындағы кейбір элементтердің массаларын анықтау;

  • әртүрлі әдістерді пайдаланып жекелеген қосылыстар мен қоспаны зерттеу;

Оқушылар мынаны құрастыра алуы қажет:



  • тұздар гидролизі теңдеуін және араластыру шарттарын;

  • жартылай реакция теңдеуі әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеуін жазу;

  • комплексті қосылыстар формуласын.

Оқушылар түсіндіре алуы шарт.



  • сулы ерітінділердегі қышқылды-негіздік тепе- теңдік;

  • комплексті қосылыстар беріктігі;

  • тұнба түзілу жағдайлары;

  • коллоидты ерітінділердің түзілуі және беріктігі;

  • аналитикалық реакциялардың орындалу шарттары.

Оқушылар есептей білуі қажет:



  • еріген заттардың процентті, молярлы, моляльды, нормаль концентрацияларын;

  • электролиттік диссоциация сатыларын;

  • әртүрлі ерітілген ерітінділердегі сутек ионының концентрациясын;

  • заттардың ерігіштігін ажырату;

  • сутектік және гидроксильді көреткіштер;

  • тотығу – тотықсыздану потенциалы;

  • титрлеуді ажырата білу және қалыпты ертінділердің нормальдылығы.

Оқушылар орындай алуы қажет.

  • химиялық заттармен жұмыстар жасағанда қауіпсіздік техникасының ережелерін сақталуын;

  • алған білімдерін пайдалана алуы;

  • лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде арнайы приборларды.

Оқушылар мына эксперименттерді жүргізе білуі қажет:

  • қышқыл және негіз ертінділерінің РН анықтауды;

  • катиондар анализін;

  • аниондар анализін;

  • кристаллогидраттардағы кристалданған суды анықтау;

  • судың кермектілігін анықтау;

  • коллоидты ерітінділердің қасиеттерін;

  • комплексті қосылыстар тұрақтылығын.

Бақылау және бағалау формалары.



  1. Бақылау жұмысы 1+1

  2. Зачет 2+2

  3. Есептер шығару (үй тапсырмалары)

  4. Лабороториялық жұмыстардың орындалуы және жазылуын бағалау.

  5. Қорытынды бақылау (тест)

«Қанағаттанарлық» деген баға мына жағдайда: егер оқушы курстың мазмұнын

білгенімен есептер шығаруда және заңдарды қорытуда пайдалана алмаса қойылады.

Оқушы теориялық және практикалыққ материалдарды жақсы игерсе, бірақ

анализ әдістеріндегі заңдылықтарды толық меңгермесе «жақсы» деген баға қойылады. Оқушы материалды өте жақсы игеріп, оны белгілі жағдайларды қолдана білсе «үздік» бағасы қойылады.

Оқушы лабораториялық практикумды толықтай орындап, есептеулерін жүргізіп, зачет тапсыпғаннан кейін ғана қорытынды бақылауға жіберіледі.




Р/с

Тақырып

жалпы сағат саны

теориясы

практикалық/лабораториялық жұмыстар

1

Аналитикалық химия пәні құрылысы, тарихи дамуы. Ғылымның дамуындағы аналитикалық химияның маңызы. Лабораториялық жұмыстар жүргізу техникасы. Лабораториядағы қауіпсіздік техникасының ережелері.

2

1

1/-

2

Ерітінді, ерігіштік туралы жалпы ұғымдар. Ерітінді концентрациясын анықтау әдістері.

3

1

2/-

3

Химиялық реакциялар жылдамдықтары туралы жалпы ұғым. Әрекеттесуші массалар заңы, химиялық тепе –теңдік константасы. Әрекеттесуші массалары заңын аналитикалық химияда қолдану.

3

1

1/1

4

Электролиттік диссоциация қышқыл, негіз, тұздар диссоциациялану дәрежесіне сәйкес электролиттер классификациясы. Диссоциация константасы, иондық реакциялар. Химиялық реакциялардың жүру бағыттары.

3

1

1/1

5

Сапалық анализ. Сапалық анализ әдістері. Аналитикалық реакцияларға сипаттама олардың жүру жағдайлары мен әдістері.

2

2




6

Иондар классификациясы. Жүйелі және бөлшек сапалық анализі. Катиондарды классификациялаудың күкіртсутек әдісі. Катиоидарды классификациялаудың қышқылды- сілтілік әдісі Аниондарды классификациялау.

2

2




7

Сапалық жартылай микроанализ жүргізу техникасы, реактивтері және аппаратуралары. Катиондарды анықтау. І аналитикалық топ катиондары.

2




-/2

8

Ерігіштік көбейтіндісі туралы ұғым. Электролиттердің ерігіштік көбейтіндісін есептеу. Ерігіштік көбейтіндісі белгілі жағдайдағы электролиттердің сулы ерітінділердегі ерігіштігін есептеу. Аз еритін электролиттер ерігіштігіне бірдей иондар әсері. Тұнбаның еруіне сутек иондары концентрациясының және температураның әсері.

5

2

2/1

9

ІІ аналитикалық топ катиондары.

2

1

-/1

10

Судағы сутек ионының концентрациясы. Сутектің және гидроксильдік көрсеткіштер қышқыл, сілтілердің сулы ерітінділеріндегі сутек иондарының концентрациясы.

2

1

1/-

11

Буферлі ерітінділер және ондағы сутек концентрациясы туралы түсінік. Тұздар гидролизінің түрлері. Гидролиз жүру жағдайлары.

3

1

1/1

12

ІІІ аналитикалық топ катиондары

2

1

-/1

13

ІV аналитикалық топ катиондары

2

1

-/1

14

Қорытынды сабақ

1







Тақырыптық жоспар 11 класс




Р/с

Тақырып

жалпы сағат саны

теориясы

практикалық/лабораториялық жұмыстар

1

Тотығу- тотықсыздану реакцияларының мәні. Тотығу-тотықсыздану потенциалы. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру.

4

1

2/1

2

Коллоидты ерітінділер туралы түсінік.

2

1

-/1

3

Комплексті қосылыстар және иондар. Комплекстер тұрақтылығы. Тұнбаның ерігіштігіне комплекстүзушінің әсері.

3

1

1/1

4

V аналитикалық топ катиондары. Катиондар қоспасын анализдеу.

5

2

-/3

5

Аниондарды ажырату

І аналитикалық топ аниондары.

ІІ аналитикалық топ аниондары.

ІІІ аналитикалық топ аниондары.



5

1

-/4

6

Қатты заттар және құрамы белгісіз ерітінділер анализі

1




-/1

7

Мөлшерлік анализ. Гравиметрлік анализ. Гравиметрлік анализді жүргізу тәсілі. Тұнба түзілу жағдайлары мен құрылысы.

4

1

2/1

8

Титриметриялық анализ. Титриметриялық анализ әдістерінің жіктелуі. Титриметриялық анализдегі есептеулер. Бейтараптану әдісі. Судың кермектілігін анықтау.

6

1

2/3

9

Анализдің физико-химиялық әдісі. Жіктеу хроматография.

3

2

-/1

10

Қорытынды сабақ.

1







Лабораториялық жұмыстар.


  1. Қышқылдың химиялық активтілігін анықтау және диссоциациялану сатыларын салыстыру.

  2. Тәжірибеге сүйеніп ерігіштік қисықтарын құрастыру. Су мен этанол ерітінділерінде тұздардың еруін салыстыру.

  3. Тұздар гидролизі. Әртүрлі тұздар ерітінділерінің реакция ортасы. Екі тұздың біріккен гидролизі. Гидролиздеуде негіздік және қышқылдық тұздардың түзілуі. Тұздар гидролизі сатыларына әсер ететін факторлар.

  4. Амионий дихроматының термиялық айырылуы. Гальваникалық элемент. Калий перманганаты мен темір (ІІ) сульфатының әрекеттесуі.

  5. Темір (ІІІ) гидроксиді коллоидты ерітіндісінің коагуляциясы. Гель және күл түрінде кремний қышқылын алу.

  6. Мыс, мырыш, алюминий, күміс және темірдің комплексті қосылыстары алу және қасиеттерін зерттеу. Жартылай микро анализ.

  7. Сапалық жартылай микроанализдің кейбір жұмыстарын жүргізу техникасы. Лабораторияда жұмыс істеудің жалпы ережесі.

  8. Калий натрий, аммоний және магний иондарының реакциясы. Катиондар қоспасының анализі.

  9. Барий және кальций катиондарының реакциясы. Сульфатсыз І және ІІ топ катиондары қоспасының анализі.

  10. ІІІ топ катиондар анализін тез жүргізу әдістері.

  11. Күміс топшасы және мыс топшасындағы төртінші топ катиондарының анализі.

  12. V топ катиондар қоспасының анализі.

  13. І аналитикалық топтағы аниондарды анықтау.

  14. ІІ аналитикалық топтағы аниондарды анықтау.

  15. ІІІ аналитикалық топтағы аниондарды анықтау.

  16. Аниондар қоспасының жүйелік анализі.

  17. Неорганикалық заттар анализі.

  18. Барий хлориді кристалындағы кристаллданған суды анықтау.

  19. Сілті ерітіндісін дайындау және қымыздық қышқылының нормальдылығын анықтау.

  20. Қышқылды-негізді титрлеу әдісімен күкірт қышқылын анақтау.

  21. Судың кермектілігін анықтау.

  22. Жеміс құрамындағы С дәруменін қағаздық хроматография әдісімен анықтау.

Әдебиеттер:




  1. Астафуров В.И. «Основы химического анализа» Просвещение,

1977 жыл.


  1. Шопиро С.А. Гурвич Я. А. «Аналитическая химия» Высшая школа

1973 жыл.


  1. Логинов Н.Я. Воскресенский А.Г. Солодкин И.С. «Аналитическая

химия» – М.просвещение 1979


  1. Воскреснский П.Н., Неймарк А.м. «Основы химического анализа». –

М. Просвещение, 1973.


  1. Неймарк А.М. «Методика преподавания основ химического анализа».

  • М. Просвещение, 1973



  1. Назарова Т.С. Грабецкий А.А. «Химический эксперимент в школе»

М. Просвещение 1987.


  1. «Сандық анализдің есептері мен жаттығулар жинағы». А.С. Карнауховтың редакциялық жетекшілігімен. Просвещение 1975 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет