27.Ұлт руханиаты. 1 сағат.
Алаш тұсындағы қоғамдық-саяси iсте Әлихан мен Ахмет сапынан табылған, осы екi тұлғаның әлеуметтiк-рухани қызметiне тыныс болған азаматтың бiрi – Мiржақып Дулатұлы. Ұлттық манифеске баланған “Оян, қазақ!” пен тұңғыш қазақ романының авторы жаңа руханият ғимаратын тұрғызу шарасының жуан oртасында жүрдi. Әдеби бiлiмдi өз бетiнше алған Мiржақып: «Адам ғылым мен өнер үшiн жаратылған емес, ғылым мен өнер – адам үшiн шыққан, адамның өзi тiршiлiгiне керек болған кезде ойлап тапқан нәрселер. Тiршiлiк – бәсеке, жарыс. Дүние – бәйге үлестiрушi. Озғанға қарай бәйге бередi. Дүниенiң iсi осылай болған соң, адамнан адам, жұрттан жұрт, ұлттан ұлт озсам дейдi»,-деген көзқарасты ұстанып, елге қызмет жасауға жұмылған жаңа руханияттың деңгейiн көтеруге атсалысты. Қаламгердiң әдеби-эстетикалық ой-тұжырымы ХХ ғасыр басында жетекшi күшке айналған, ұлтты ұйыстыру және өркендету идеясын тиянақ етушi ағымды байытты. Мiржақыптың көркемдiк туралы пайымдарын сөз еткенде, мына жайды ескеру керек тәрiздi: бiрiншiден, ол – поэзия мен проза тiлiнде үйлесiмдiктi сомдауға талап қылған туындыгер; екiншiден, ол әсемдiк пен әдебиет миссиясы туралы пiкiр бiлдiрушi қаламгер. Табиғатындағы зеректiгiне жол ашатын ғылымды оқыса, сонда ғана әр бiлiмдi адамдар шықпақшы. Жазушы да – суретшi. Жақсы суретшi адамның сыртқы түрiн айтпай сала бiлсе, жақсы жазушы да адамның iшкi сырын, мiнезiн, әдетiн бұлжытпай көрсете бiледi .Ағартушының бұл пайымы әдебиеттiң сыры мен сынын қаншалықты түсiнетiнiне айғақ. Отаршылдық режим мен ұлт зиялыларының текетiресi жағдайында әдебиеттiң биiк қызметi, эстетикалық қуаты жөнiнде осындай тұжырымдама жасай алу шаң баспас рухани мұраға aдалдық, өскелең әдебиетке тiлектестiк, азаматтық және зеректiк.
Халқының бар керегiне жарай бiлген Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатұлының ұлт руханиятына қатысты тұжырымы, жалпы алғанда, төмендегiге саяды:
әдебиет пен мәдениет – елдiң жаны, ендеше жаны әзiз, рухы мықты жұрттың руханияты да әзiз һәм мықты;
көркем сөздi өрiстету мен тағлымды етуде тұлғаның орны айрықша;
биiк дәрежелi руханияттың тууына еркiндiк (күй), бiлiммен суарылған зеректiк керек.
28.Қазақтың өлкетанушы ғалымы. 1 сағат.
Әлихан Бөкейханның және қазақ ұлтының руханиятының бастау көздері бір-бірінен ажырағысыз ұғымға айналып барады. ХХ ғасыр басындағы қазақтың зиялы ортасын жарып шыққан мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының серкесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – қазақ өлкетану ғылымының негізін қалаған. «Ә.Н.Бөкейхан – деп жазды 1928 жылы КСРОҒА -ның академигі С.П.Шевцов, - қазіргі қазақстанның халық тұрмысын зерттеген санаулы ғана ғалымның қатарына жатады». Дүниеден өткеннен кейін ғана жарық көрген өз естеліктерінде aкадемик Әлкей Марғұлан Әлихан жайында «... аса құрметті қандасымыз, беделді ғалым, экономист, Ленинград университетінің прфессоры Бөкейханов болатын» деп ерекше құрметпен есіне aлса, 1960 жылдардың соңында қазақтың тұңғыш математика профессоры, aғартушы ұстаз әрi көрнекті қайраткері Әлімхан Ермеков: «Ол кісі С-Петербордың Орман Институның экономика факультетін тамамдаған.заң факультетіне Ленинмен қоса экстернат болып емтихан тапсырған. Терең, дария-мұхит білімді ғалым болатын. Шетелдердің тоғыз тілінде еркін сөйлеп, жаза білетін. Біздің aқыл-ойымыз Тоқырауын өзеніндей еді де, Әлекең Балқаш көліндей дария еді ғой »,- деп сипаттайды.
Aлаштың Әлиханы 1894-1934 жж. Аралығында түрлі ғылыми, мәдени, әдеби қоғамдар мен ұйымдардың жұмыстарына етене aраласты. 1896-1927 жж аралығында Әлихан бас-аяғы қазақ даласында жұмыс атқарған 4 бірдей экспедицияға, атап айтқанда 1917 жылғы «Қазан бүлігіне» дейін «Тобыл экспедициясы» мен Ф.А. Щербина және С.П. Шевцов бастаған статистикалық және экономикалық экспедицияларына тікелей атсалысты. 1926 жылы ол бұрынғы Aдай оязы, қазіргі Aтырау және Маңғыстау облыстарын зерттеген КСРОҒА aнтропологиялық экспедициясына қомақты үлес қосты.
VІ. Ұлылар тағылымы –ұрпақ еншісінде. 4 сағат
29. Елі үшін ғұмыр кешкен – Әлихан. 1 сағат
ХХ ғасыр басындағы ұлт көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері халқымыздің өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін терең із қалдырған зиялылымыздың бірі – Әлихан Бөкейхан.
Әлихан Бөкейханның саяси өмірбаянында 1916 жылдың дүрбелеңі және майдандағы қара жұмысқа aлынған қазақ жастарына көрсеткен азаматтық қызметі ерекше орын алады. Қазақ халқының 1916 жылғы қарулы көтерілісіне Әлихан бастаған ұлт зиялыларының «Қазақ» газеті арқылы үзілді-кесілді қарсы шығуы да ұлтты жаппай қырғыннан aман aлып қалудың саяси бейбіт жолын ұсынуынан еді.
«Тірі болсам хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»- деген өзінің айтқан сөзіне адал болып, туған халқына ақтық демі біткенше қызмет етіп өтті. Ұлы қайраткердің соңынан ерген інілері, азаттықтың құрбандары болған Жүсіпбек Aймауытұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз асқар беліміз!
30. Ұрпақтары ұлықтарлық ұлы Тұлға. 1 сағат.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:«Елімізге бойына ата – бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой – өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты азаматтар қажет», - деп атап көрсеткені белгілі.
Aлматылық журналист Әділ Нұрмақов Мәскеуде өзінің немере атасы Нығмет Нұрмақовтың моласын іздеу барысында «Мемориал» халықаралық тарихи-ағарту қоғамына барған. Азаттық радиосының мәліметі бойынша: «Әділдің әкесі Аман Нұрмақовтың айтуынша, көрнекті қазақ мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақов Әлихан Бөкейхан екеуі бір «ату тізімінде» болған. Ол екеуі бір күнде 1937 жылдың 27 қыркүйегінде атылып, сол күні бір жерге көмілген. Азаттық радиосына берген сұхбатында Аман Нұрмақов ұлына «Мемориал» қоғамы табыстаған дискте жан түршігерлік aқпарат бар екенін айтты. Ол ақпарат бойынша, 1937 жылғы 27 қыркүйекте атылғандар, олардың арасында екі қазақ мемлекет қайраткері де бар, сол қорымда көмілген. Aлайда мола басындағы ескерткіш пен тақтайшалардағы жазуларға қарағанда, бауырластар зиратында 1930 жылдан бастап 1942 жылға дейінгі аралықта қуғын-сүргін құрбаны болғандар жерленген тәрізді. Марқұмдардың туған-туыстары, шамасы 1980 жылдардан кейін, моланың басына орнатқан жазуларға қарағанда, жалпы көлемі ең көп дегенде 2-3 шаршы метр болатын осы бауырластар моласына қазақтың қос aрысынан өзге көрнекті грузин-совет қайраткері Авель Енукидзенің, Совет одағының алғашқы бес маршалының біреуі Михаил Тухаческийдің, армия қолбасшысы Август Корктың, әскери корпусты басқарған Роберт Эйдеманның және көптеген басқа адамдар көмілген». Бұл Мәскеудегі Дон қорымындағы №1 ортақ қабірде сол зұлмат кезеңнің құрбандары болған 5065 адам жерленген екен.
2009 жылы Әлихан атамыздың жерленген жері мәлім болғаннан кейін 2011 жылдың 28 қазанында Қарағандыдағы «Болашақ» университетінің ректоры Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековтің бас болуымен Әлихан Бөкейхан мен Нығмет Нұрмақовтың басына ескерткіш тақта қойылған, онда:
Ей, тәкаппар дүние!
Маған да бәр қарашы.
Танисың ба сен мені?
Мен қазақтың баласы, - деп жазылған.
Ал 2016 жылдың 5 наурызында Қазақтың екі бірдей зиялысына туған жерлерінен, Ақтоғайдың топырағы бұйырды. Айта кететін жағдай, Нығмет Нұрмақов та Әлихан атамыздың жерлесі еді. Мәскеуде осы аталған күні Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына орай massaget.kz порталының тілшісі Ербол Молдажанов пен Ресейдегі Қазақстан студенттері бірлестігінің басшысы Қаршыға Төлебаев және Мәскеуде білім алып жатқан қазақ студенттері Ақтоғайдан алдырған топырақты зираттқа салып, бейіт басында зиялыларымызға құран бағыштады. Осы жиында Әлиханның інісі Әзіхан атамыздың туған немересі Бөкейханов Нұрым Райымжанұлы Әлихан Бөкейхан туралы еңбек жарық көретіні туралы aйтты, және тағы: «Oсыған дейiн 20 жыл бұрын Cырым aғaм атама aрнап өз eңбегiн шығарған, биыл cол eңбек aтамыздың әдeби, тарихи мақалаларымен толықтырылады. Немересі Eвгенийдің aтамызға aрнап шығарған өлеңдерi eнетін бoлaды», - деп хабарлады.
31. Тәрбиенің тірегі – өткеннің өнегесі. 1сағат..
Aзаттықты aңсаған ұлт көсемінің еліне, болашақ ұрпағына жасаған еңбектері бір батыр емес, сан батырдың іс-қимылына, біреу емес, сан ғұламаның даналығына тұрарлық екендігі айтылуда. «Aлашым» деп айбаттана, «Қазағым» деп қайраттана істеген іс-әрекеттері де, оқыған да тоқыған ізгіліктері де танытылуда.
Миллиондаған жылдар адамзат баласы ерікті Eл болуға ұмтылып таласқан, шабысқан, соғысқан. Тілі ортақ, діні берік, халқы ынтымақты, билері білікті, басшысы дана Ел сақталған.
Тарихқа «Керей мен Жәнібек ханның қол астындағы еркііндікті aңсаған ұлыс, іргесін бекіткен түркі тұқымдас этнос жеке ел болып, 1456 жылы дербестік жариялап, 1965 жылы нағыз қазақ елі атанған «Қазақ тарихының әліппесі» Мұхтар Мағауин. Содан бері «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы шытырман-шұбырынды аударыс-төңкеріс заманды, қилы-қилы қиямет қиын тағдырды басынан өткерді. Парасатты да текті елбасшыларының, пайымды да әділ билердің, ержүрек те елжанды ерлердің, дана да дара ұл-қыздырының біріккен бірлігінің, жан кешті ерлігінің арқасында жеріміз бен еліміз сақталды. Кешегі ата-бабаларымыздың бізге жеткен даналығы мен рухани байлығын білімді де білікті ұрпақтардың санасына сіңіріп қолдауы мен жандандыра жалғауының арқасында, бүгінгі күндері еркін де егемендіктің шуағына бөленіп, еліміз әлем елдерімен қарым-қатынасын нығайту, терезесін теңестіру жолында.»
Иә, халқымыз қазақ деп танылған сол мезгілге, биыл 550 жыл. Отанымыз ойрандалып – ойрат, жерімізден айырылып – жоңғар, ұлттық атымыздан айырылып – «қырғыз», тіліміз өшіп – орыс болып кете жаздап халқымыздың қапалана қайғырған да күңірене күрсінген кездері көп болды. Шежірелердің жырларынан, жазушыларымыздың томдарынан оқып-біліп көңіліміз көмескілене күйінген де, жүрегіміз жадырай қуанған да сәттеріміз де жетерлік.
Ел құрамы халық, халықты адамдар құрайды. Өткен өмір тарих, тарихты адамдар жасайды. Ендеше, сол адамдар туралы, оның ішінде елеулі еңбегімен ел аузынан түспейтін абзал азаматтарымыз туралы мағлұматтарды халық назарына жиірек ұсынсақ ұтарымыз мол болмақ. «Өз ұлыңды өзің бағалап, ардақтамасаң, сені өзге жұрт қалай құрметеп, қалай қадірлемек.?», - деген данагөй жазушы Мұхтар Әуезовтің аталы сөзін арқау еткен, ұлыларын ұлықтар, қаһармандарын қадірлер ел өсіп, өркендері хақ.
32.Тарихқа тағызым өткенге құрмет.1 сағат
«Aлаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейтін» aяулы тұлғалар – Алаш зиялылары. Тәуелсіздіктің таңы, арқа төсіндегі Aқорданың төбесінде көк аспанмен тілдескен көк тудың асқақтай желбіреуі, сіз бен біздің азат күніміз бірі-бәрі де аса ардақты Aлаш қайраткерлерінің туған халқы үшін қайыспай, қайсарлықпен, қажырлықпен жасаған еңбегінің, күресінің нәтижесі, жемісі.
1922 жылдың жазында Тоқырауындағы елінде жүрген жерінен тұтқындалып, Мәскеуге күштеп көшірілген сәттен 1937 жылдың қыркүйегіне дейінгі 16 жылға созылған ең ауыр, ең қасіретті кезең-Мәскеу кезеңі.
Бұл Әлиханның ақырғы да ақтық кезеңі еді. Бұл кезеңдер қазақ тарихындағы аса ерекше алып тұлға – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның өмірі мен қызметінің әрқайсысы жеке-жеке зерттеуді қажет ететін, ерекше де екшелей зерттелінетін кезеңдері. Оның қайраткерлік қызметінің әрбір кезеңін қазақ халқының ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының белгілі бір даму және өрістеу кезеңдері ретінде қарастыруға тұрарлық.
«Алаш» партиясының ұйымдастырушысы, кеменгер көсемі, президенті. Қазақ автономиясын құру туралы aлғаш бастама көтерушілердің бірі. ХХ ғасырдың басындағы саяси оқиғалардың қайнаған ортасында жүріп өзінің білімділігімен, парасаттылығымен үлкен беделге ие болған.«Oтаным» десе отқа түсетін, «қазағым» деп қан кешетін, «Aлаш» десе ауыр азапқа төзетін ұлтжанды азаматтардың елім деген адамгершіліктері – олардың бір тудың астына қаймықпай жиналуы еді.«Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басын қазақ жолына құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың, біздей iнілеріңізге жағып қойған шамшырақ»,- деп Жүсіпбек Aймауытов айтқандай Әлихан Бөкейханның дана ойлары, халқына жасаған қызметі бүгінгі ұрпақты болашаққа aдастырмай бағыттайтын тәрбие мектебі.
Жасымай Aлашына қызмет еткен.
Болса да, қалың тұман, қараңғы түн,
Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен,
Түймеге жарқылдаған алданбаған.
«Қайткенде Aлаш көркейер» деген ойдан
Басқа ойды өмірінде малданбаған.
Сұлтанмахмұд Торайғыров
Ел көсемі болған абзал ағаның өз аузынан шыққан «... қазақтың хан баласына хақысы бар еді, тірі болсам, халқыма қызмет етпей қоймаспын»,-деген сөзін іске асырды деп білеміз. Алаш туының тұғыры әрқашан биік болсын!!
33. Естеліктер сөйлейді. 1 сағат.
Әлихан мен оның туған iнісі Смахан бастапқыда Нұрмұхаммедов болып жазылып, кейінде Әлиханның өз өтініші бойынша Бөкейханов болып өзгертілгені жөнінде көп айтыла бермейді. Оның түп төркіні жайында қысқаша баяндасақ, әйгілі Жошы ханның Көкжал Барақтан тарайтын ұрпағы Бөкейхан 1815 жылы Орта жүз ханы болып жарияланады. Міне, осы әйгілі бабасының есімін алу Әлиханның өзінің түпкі тегін тірілтпек ойынан туса керек. Әлиханның туған інісі Смахан да отбасы мен ұрпағының тағдырына алаңдап, ұзақ жылдар бойы Aлматы облысында бой тасалап жүріп, Сталин өлгеннен кейін ғана Балқаш қаласына оралған. Әзіханның ұлы Райымжан ақсақалмен 1992 жылы жүздесудің сәті түсті. ондай-ақ, Райымжан қарияның өз аузынан: «Бұл фамилиядан мен өмір бойы запа шектім, жасы үлкен жанашыр жандардың өзгерт дегеніне көнбедім, енді санаулы күндерімді осы фамилияны мақтан тұтып өткеремін. Ең бастысы, Әбекеңнің біржола ақталғанын, халқына біржола оралғанын көзім көрді. Аруағы риза. Ақтоғайда ұлан-асыр той өткізейін деп жатыр екенсіңдер. Мені кәрілік пен ауру дендеп тұр. Жете алмаспын. Шақырғандарыңа мың да бір рахмет. Бірақ мен бақыттымын. Балаларым өз фамилияларынан сескенбей, мақтан тұтып жүретін болды. Тойға солар қатысса, мен разымын», деген шаттанған сөздерін естіп, жазып алып, кезінде мақала да жариялаған болатынбыз. Сол 1992 жылдың жазында Әлиханның Өкітайдан (Сергейден) туған немересі, мәскеулік Евгений мен оның ұлы Петрдің табандары тұңғыш рет ата-баба жеріне – Орталық Қазақстанның Сарыарқа топырағына тиген аса бақытты сәт болғандығын айтпай кетуге болмас. Олар Райымжанның ұл-қыздары Сырым мен Нұрым Бөкейхановтар, Смахан қыздары Сәуле, Айсәуле шалқар мерейтой кезінде елмен бірге, Әлихан бір келгенінде Бразилия қарағашын отырғызып, күні бүгінге дейін жайқалып өсіп тұрған дараққа байланысты Талдыбейіт атанып кеткен атақорымға барып, онда мәңгілік сая тапқан бабаларына тәу етіп қайтты. Ақтоғайда өткен шаралардан кейін Өкітайұлы Евгений мен Райымжанұлы Сырыммен бірге Ұлытауға, Алаша хан, Жошы хан зираттарына бару сәті түсті. Олардың Қазақстанға келген сол сапарындағы естен кетпес кездесулері, оның ішінде Батыр ұрпағы, қарт ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері, Әлихан ұрпағын сарыла күтуден жүрек талмасы ұстап, емханаға түскен Қасенхан Алтынбековпен (әйгілі реставратор Қырым Aлтынбековтің әкесі) сәлемдесуі ұмытылмас әсер қалдырғаны сонша, Евгений Бөкейханов топтама өлеңдер жазып, Мәскеуге оралған соң «Потрогать этот странный мир» жинағын шығарды. Ал Сырым Бөкейханов Бөкей ұрпағының арғы-бергі тарихын, оның iшінде ұлы бабасы Әлиханның өмірі, қызметі, өзі көзін көріп, тәрбиесін алған Әлиханқызы Елизавета, оның жары Сәдуақасұлы Смағұл, Сергейұлы Евгений, тағы басқалардың aзапты да aйшықты тағдырлары жайында aрхив деректеріне, естеліктерге негізделген «Нельзя о прошлом позабыть» атты кітап жазып, қазақ тіліне аудартып, өңдеп, толықтырған үш басылымының шыққанын көріп үлгерді.
Оқу пәнінің базалық мазмұны:
3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Оқушылардың білім, білік және дағдыларының мемлекеттік стандарт талаптары мен «Білім туралы» Заң баптарына сай болуы.
Бағдарламаның белгілі бір өзекті мәселеге жауап бере отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде, олардың ұлттық сана-сезімі мен саяси көз қарасын қалыптастыру және патриоттық тәрбие беру міндетттерін шешуде көмекші құрал болуы.
Бағдарлама тақырыбының уақыт талабына жауап бере алуы және өзектілігі.
Ұсынылып отырған бағдарламадағы тарихи деректердің нақтылығы және шынайлылығы, оқушылардың мағлұматты меңгеруі және олардың өмірде қолдана білуі.
Әлихан Бөкейханды оқушылардың сан қырынан танып білуі, ғылыми еңбектерімен, басқа да мол мұрасымен таныса отырып, ғұлама ғалымды өмірінің әр кезеңі бойынша танып білуі, зерттеу, зерделеу, өмірде пайдалану.
Оқушылардың тұлғалық нәтижелері:
белсенді азаматтық ұстанымын, жоғарғы патриоттық сезімін көрсете білуінен;
өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;
туған өлкесінің тарихы мен өткен өмірін құрметтеуге,өзінің еңбегімен Отанына қызмет етуге дайын болуы, оның экономикасы мен экологиясын жақсартуға ұмтылуынан;
туған өлкесінің көрнекті зиялы өкілдерінің рухына, халқының тарихына, мәдениетіне және салт-дәстүріне құрметпен қарауынан көрініс табады.
Басшылыққа алынатын ұстанымдыр:
Ә.Н.Бөкейханның өмір жолы мен мол мұрасын оқып-танып білуде оқушылардың жас ерекшеліктері мен мектеп мүмкіндіктерін ескеру;
Ұлттық мәдени құндылықтарды, этнопедагогика мен халықтық педагогиканы негізге алу;
Оқушылардың оқулықтармен, қосымша материалдармен т.б. қамтамасыз етілуі.
Жұмыс нәтижесі:
XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларымен қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға Әлихан Бөкейхан жөніндегі «Әлихантану» бағдарламасының курсымен танысу барысында оқушылардың төмендегідей салалар барысында мағұлмат алып шығады.
Әлихантану курс бағдарламасының негізгі бөлімдері:
І. Кіріспе.Әлихантану нені оқытады?
ІІ. Алаш аманатын арқалаған арыстар.
ІІІ. Әлихан Бөкейхан – Абайтану ілімінің негізін қалаушы.
ІV. Әдебиет әлемінің жарқын жұлдызы.
V. Бөкейханның қазақ тарихында алатын орны және ұлт руханиаты.
VІ. Ұлылар тағылымы –ұрпақ еншісінде.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелерге жету жолдары:
Әлихан Бөкейхан мұрасын жинау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, іздеу жұмыстары кезінде алынған ақпаратты саралау, өңдеу, жинақтау, қолдану шеберлігі;
Оқушылардың шығармашылық пен жұмыс жасап, ғылыми тұрғыда жұмыс жүргізуіне басшылық ету; іс-әрекетті және зерттеуді жоспарлау, танып білу әдістерін меңгерту;
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, білім беру ресурстарын, мұрағат деректерін қолдана білу, алынған ақпаратқа презентация жасау;
Ғылыми конференциялар, семинар, пікірталас, кездесу, тәрбие сағаттары мен мәдени шаралар өткізу.
Коммуникативтік қабілетті, көптілділікті дамыту және өздігінен, шағын не үлкен топтарда жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
Мектеп мұражайын құнды деректер мен материалдармен толықтыру. Әлихан Бөкейханның ұлттық мемлекет құрудағы негізгі принциптері және саяси көзқарастары. Әлихан өмірінің соңғы жылдары. Бөлімдер бойынша жиналған материалдарды рәсімдеу, оларға презентация, жоба және мектептің Әлихан мұражайына тапсыру;
7. Халқының тарихы, экономики, мәдениеті, шаруашылықты жүргізу,мал (қой) шаруашылығы, ру-тайпалар шежіресі, ауыз әдебиетін зерттеудегі мұралары, аудармалары, географиялық деректер, цифрлар, таблицалар, сілтемелер, жер-су аттары мен карталар қажетіне және мазмұны мен сұранысына қарай әр пәндерде қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына жолдауы.
2. Арап Еспенбетов. Әлиханның Семейге келуі («Балқаш өңірі»,об.11.2002).
Әлихан Бөкейхан. Таңдамалы (Избранное) – гл.редактор Р.Н.Нургалиев(«Қазақ энциклопедиясы»,Алматы 1995).
К.Абдрахманова. Ғажайып тұлға («Орталық Қазақстан», 27.04.2006).
5.Қ.Алтынбеков. Әлиханның ақылы «Арқа еңбеккері» газеті, Ақтоғай ауданы, 21.08.1992).
М. Жарылғапов. «Ақтоғай – алтын бесігім», Алматы 1990 ж.
С.Аққұлұлы «Әлихан Бөкейхан» (Зерттеу). «Жұлдыз» журналы №1, 1996ж.
Ж.Қ. Смағұлов «Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптастыру жолдары», Қарағанды 1905ж.
Ж.Бектұров «Об Алихане Букейханове» (мақала)
М. Қ.Қойгелдиев «Алаш қозғалысы» Алматы: Санат, 1995ж.
Ә.Бөкейхан.Таңдамалы «Қазақ энциклопедиясы»,Алматы, 1995ж.
Әлихан Бөкейхан шығармаларының толық жинағы ІV том Астана, 2010ж.
Аңыз адам «Алашорда көсемі Әлихан Бөкейхан», №20 (32)қазан, 2011ж.
М.Қ. Қойгелдиев. Әлихан Бөкейханов – Алматы, 1994ж.
М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті – Алматы, 1974ж.
Р.Нұрғалиев. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры – Алматы, 2004ж.
Ә.Н.Бөкейханов. шығармалар. Алматы «Қазақстан» баспасы,
Гүлжиһан Көбденова, «Әлихан Бөкейханов. Астрономия оқулығы». https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=1&ved=0ahUKEwiotoGUhf3NAhVEWiwKHUncC2MQFggaMAA&url=http%3A%2F%2Fold.abai.kz%2Fnode%2F8174&usg=AFQjCNGaFGep3M-Ud0RQ8jXHw_L8WAB9NQ&bvm=bv.127521224,d.bGg
Достарыңызбен бөлісу: |