Тақырып 14. Заманауи отбасы ерекшеліктері, оның құрылымы, динамикасы. Заманауи отбасының әртүрлі категориялары. Отбасының заманауи моделі, оның ерекшеліктері. Психологиялық толымды және толымсыз отбасылар. Заманауи отбасының психологиялық саулығы. Отбасылық қатынас динамикасы. Отбасылық өмірдің кезеңдері.
Тақырып 15. Психологиялық-педагогикалық тренинг, оның мақсаттары, міндеттері, түрлері. Қазіргі кездегі психологиялық-педагогикалық ғылымдардағы тренинг ұғымы. Мамандарды даярлау жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық тренингтің орны және психологиялық басқа пәндермен байланысы: жалпы психология негізі, әлеуметтік психология, психодиагностика, психологиялық коррекция және психотерапия. Топтық оқытудың, топтық психотерапияның, әлеуметтік-психологиялық тренингтің мақсаттары мен негізгі өзгешелік белгілері. Тұлғаға психологиялық әсер ету әдісі. Белсенді оқыту әдістеріне жалпы сипаттама. Пікірталас және ойын әдістері. Әлеуметтік-психологиялық тренинг әлеуметтік-психологиялық белсенді оқытудың кешенді формасы ретінде. Тренинг түрлері: топты құру тәсіліне байланысты, тренинг мақсатына байланысты. Тренинг бағдарламасын жобалау технологиясы. Тренинг бағдарламасын жобалау қағидасы: мәселелік қағида, модельдеу қағидасы, зерттеу қағидасы, кері байланыс және жаңашыл қағидасы, сатылау қағидасы. Мақсаттың құрылуы. Міндеттердің құрылуы. Топтың мәнді сипаттамасын анықтау. Әсер етудің негізгі аясын таңдау. Топқа ену ұзақтығын және жұмыс режимін анықтау. Тренингтің (тақырыптық жоспар) жалпы жоспарын және әрбір жеке сабақтың жоспар макетін құру.