Бағдарламасы Астана, 2016. Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет1/10
Дата10.03.2020
өлшемі1,21 Mb.
#59839
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Оқу бағдарламасы Жаратылыстану Бастауыш мектеп 240316 (1)




ЖАРАТЫЛЫСТАНУ
Оқу бағдарламасы
(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)
Бастауыш білім беру (1-4 сыныптар)
Наурыз 2016 ж.

1

Жаратылыстану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы – Астана, 2016.



Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен, жоғарғы оқу орындарының ғалымдарымен жəне жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған
2







Мазмұны




1.«Жаратылыстану» оқу пəнін оқыту мақсаты мен міндеттері........

.......................................7

2.

Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық əдіс-тəсілдер.............................................

8

3.

Оқу жетістігін бағалаудың тəсілдері.....................................................................................

11

4.

«Жаратылыстану» пəнінің мазмұнын ұйымдастыру...........................................................

11

4.1.

Оқу жүктемесін бөлу............................................................................................................

11

4.2.

Оқу пəнінің мазмұны............................................................................................................

13

4.3.

Оқу мақсаттарының жүйесі.................................................................................................

15

4.4.

Ұзақ мерзімді жоспар...........................................................................................................

29

3

Түсіндірме



Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сəйкес əр оқу пəнінің/сабақтың мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады

Оқу бағдарламасы оқыту үдерісін оқушылардың пəн салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін əр пəннің əдістемелік əлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-əрекеттері тəсілдерін меңгеру арқылы дербестігінін дамытуға, əлеуметтік-мəдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды.

Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дəстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тəсілдемелерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тəсілдемелер пəн бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады. Құндылықтық-бағдарлық, іс-əрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік тəсілдемелер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі нəтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылды, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-əрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тəсілдеме пəндік білімді, əлеуметтік жəне коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу жəне серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.


Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру үдерісіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті əдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік жəне рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба жəне зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың барлық инновациялық тəсілдемелері оқытуды білім, идеялар жəне іс-əрекет тəсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық үдерісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады. Нақты пəннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кəсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-əрекеттерін ұйымдастыру арқылы
4

танымдық жəне əлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пəннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тəрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

Əр пəннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көп тілді оқу ортасын құрудағы əр пəн қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тəсілдеме əрбір оқу пəнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім жəне білікпен алмасу, тілдік жəне сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты əдіс-тəсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу əрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.

Пəн мазмұнын меңгеру жəне оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру жəне көрсету, ақпараттар жəне идеялармен алмасу үшін бірлесіп əрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау жəне жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.


Оқу бағдарламасында оқу пəнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нəтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі жəне тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тəрбиелеуде нақты оқу пəнінің қосатын үлесін айқындайды. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тəрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын жəне нақты пəнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нəтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларының тек пəндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық жəне шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тəсілдерін қолдану, топпен жəне жеке дара жұмыс істей алу, мəселелерді шешу жəне шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тəжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады
5

Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тəсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау жəне бағалауға, алған білімі мен тəжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.

Нақты пəн бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады жəне оқушылардың меңгерген білім, білік жəне дағдыларын кез келген оқу үдерісінде жəне өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.

Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тəртібі мен күнделікті іс-əрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.


Оқу бағдарламаларын əзірлеудің негізі болып табылатын тұжырымдамалық ережелер мен идеялар сурет түрінде визуалды берілді (1-қосымша). Суреттің ортасында құндылықтар мектепте берілетін білімнің мазмұндық жəне іс жүргізу аспектілерін анықтаудың негізгі бағыты ретінде, сонан соң кең ауқымды дағдылар мектепті бітірген кездегі нəтижелер ретінде берілген. Келесі шеңберде білім салалары білім беру мазмұнының функционалдық толыққандылығының көрсеткіші ретінде берілген. Соңғы шеңберде оқу үдерісіне енгізілген барлық инновациялар ұсынылды.

6


  1. «Жаратылыстану» оқу пəнін оқыту мақсаты мен міндеттері



«Жаратылыстану» пəнінің маңыздылығы
Жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда табиғи білімқұмарлықтың дамуына, əлем жайлы ой-өрістің кеңеюіне, ғылыми ұғынудың жəне қоршаған əлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған əлемді қорғау жəне бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.

Бастауыш мектепте оқушыларға «Жаратылыстану» пəнін оқу жəне меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:



  • қоршаған əлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын;

  • өлі жəне тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін;

  • жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-əрекет түрлері үшін маңыздылығын.

Атаулы пəнді оқу қоршаған əлемнің түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы білімнің жинақталуына жəне күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық жəне зерттеу əрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пəнінен оқу бағдарламасы зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:

  • гипотеза құру жəне оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименталды берілулер негізінде қорытынды жасау;

  • мəселені анықтау, сұрақтарды дұрыс алу, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмсысының нəтижесін бағалау жəне сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;

  • БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Ғаламтор ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік əдебиеттердегі жаратылыстану бағытындағы ақпараттармен жұмыс: іздеу əдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау жəне ақпараттың растығын бағалау;

  • өлі жəне тірі табиғаттағы үрдістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам əрекетінің қоршаған ортаға қалай ықпал ететінін ашуға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;

  • өзіндік қарапайым зерттеулер қорытындыларын түрлі формада ұсыну;




  • жаратылыстану ғылымы бағытындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мəнін түсіндіру.

7

«Жаратылыстану» пəні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты


«Жаратылыстану» пəні негізгі мектептегі «Биология», «География», «Химия», «Физика» пəндерін зерделеу негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат əлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.
Пəн бағдарламасы келесі міндеттерді шешуді көздейді:


  • əлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының əдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру; жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;

  • қоршаған əлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары, арнайы жəне ғылыми-көпшілік əдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан жəне өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктерін қалыптастыру;

  • зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау жəне түсіндіру барысында дамыту;

  • табиғат заңдарын тану жəне жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тəрбиелеу;




  • күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.




  1. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тəсілдемелер


Құндылықтарға бағытталған ұстаным
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным – ол оқу əрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру жəне жүзеге асыру, нəтижелерге қол жеткізу жəне пайдаланудың тəсілі. Құндылыққа бағытталған ұстаным оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтарға бағытталу–ол тұлғаның өз əрекетінде жетекшілікке жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда бағдарлану қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті), жəне оларды өзінің əлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну жəне қабылдау қабілеттілігі.Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу жəне күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың
8

мəні қоғамда сəтті əрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады.


Құндылықтар–қоғам қолдайтын жəне адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың жəне құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін өзі ұстау ережелерінің тұлғалық жəне əлеуметтік-мəдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-əрекеттерді бағдарлайды. «Мəңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм жəне азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық жəне өмір бойы оқып-үйрену - орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді.
Тұлғаға бағытталған ұстаным
Тұлғаға бағытталған ұстанымның мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оқу үдерісінде тұлғаны, оның жеке психикалық жəне физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уəждерін, əлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру жəне жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.
Іс-əрекеттік ұстаным
Іс-əрекеттік ұстанымның негізгі мазмұны –оқушыбілімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу əрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді жəне қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегіндебілімдердің, біліктердің, оқып-үйрену жəне кең ауқымды дағдылардың белсенді əрі сəтті қалыптасуын қамтамасыз етеді.Оқушылардың оқу əрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «бағалайды», «синтездейді».
Саралап оқыту ұстаны
Саралап оқыту ұстанымы - оқу үдерісін оқушылардың əртүрлі топтарынамамандандырылуын,оқушылардың жеке қабілеттіліктерін ескеру мақсатында əртүрлі топтарға түрлі жағдайларды жасауды көздейді. Саралап оқыту ұстанымы əртүрлі оқушылар тобының оқу əрекетін ұйымдастыру үшінарнайы оқыту əдістерін жəне іс-əрекеттерді саралау тəсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану - сараланған оқу іс-əрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.
Коммуникативтік ұстаным
Білім берудегі коммуникативтік ұстаным дегеніміз ақпаратты тарату мен 9

жариялауда, білім, білік жəне дағдылармен алмасуда екіден асатын адамдардың сөйлеу арқылы атқарылатын əрекеттесу үдерісі. Коммуникативтік ұстанымның нəтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік жəне сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана жəне қатынас жағдайына сай тиімді қатынас жүріс-тұрысын таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас əрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу жəне алмасу қабілеттілігі болып табылады. Коммуникативті ұстанымға сəйкес ұйымдастырылған оқу үдерісі қатынасу икемділікті қалыптастыратын тапсырмаларды жəне шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық жəне топтық жұмыстарды) кіріктіру керек.


Ортақ тақырыптар арқылы оқыту
«Жаратылыстану» оқу пəнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс-əрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.
Ойын іс-əрекеттері арқылы оқыту
Оқу үдерісінде білімді меңгертуде оқу əдісі ретінде ойын іс-əрекетін қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық ойын технологияларың басты элементтері – ойын алдында оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нəтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу əрекеті ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-əрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын əдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, əртүрлі өнімді іс-əрекет негізінде соңғы нəтижені алдын-ала көре білуіне, өзбетіндік іс-əрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік беріледі.


Жобалық ұстаным
Оқу жобасы – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нəтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған оқу-танымдық əрекеті. Ортақ мақсатымен, келісілген əдістер мен іс-əрекеттердің реттілігімен, кеңейтілген шешімдер мен белгілі тəсіл бойынша рəсімделген нəтижелермен сипатталынады. Бұл əдіс білім алушының өз алдына жеке проблема қойып, оны шешуде өзбетіндік іс-əрекетін танытуымен сипатталады. Бастауыш деңгей білім алушыларының жас ерекшеліктеріне сəйкес жобалау əдісі толығымен жүзеге асырылмайды. Бірақ, жобалау іс-əрекетінің алгоритімі (жоба – мұғалімнің көмегімен білім алушының маңызды проблеманы шешудегі өзбетіндік іс-əрекет кешені) толығымен сақталады. Бөлім мазмұнымен танысу аясында білім
10

алушылардың ұжымдық/топтық жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру сабақпен шектелмейді, сондықтан да сабақ-сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады.




  1. Оқу жетістіктерін бағалау тəсілдері

«Жаратылыстану» пəнін меңгеру нəтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау оқыту, оқу жəне бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нəтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау жəне ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

Критериалды бағалау қалыптастырушы жəне жиынтық бағалаудан тұрады. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері

байланысты қамтамасыз етеді жəне оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі,

оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пəн бойынша тоқсандық жəне жылдық бағаларды қою үшін колданылады.




  1. «Жаратылыстану» пəнінің мазмұнын ұйымдастыру


4.1. Оқу жүктемесін бөлу
Бағдарлама бойынша əр сыныптағы сағат саны:

Сынып

Апталық жүктеме

Жылдық сағат саны

1

1

33

2

1

34

3

2

68

4

2

68


«Жаратылыстану» пəнінен сабақ беруге арналған кабинет
Бастауыш сыныптары кабинеттеріндегі жиһаздардың орналасуы еркін қозғалуға, ойын, эксперименттер өткізуге, оқушылар жұмыстарының көрмесі мен ресурстарға жеткілікті кеңістік, орын болуын қамтамасыз етуге тиісті. Пəнді оқыту үшін
11

мамандандырылған зертхананың болуы міндетті емес, мүмкіндік болған жағдайда биология, физика жəне химия кабинеттері ресурстарын қолдану ұсынылады.

Төменде бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пəнін оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдардың тізімі берілген:


  • компьютер;




  • интерактивті тақта;




  • проектор;




  • деректермен жұмысқа арналған компьютерлік бағдарламалар;




  • үзіліссіз қуат беру көзі;




  • принтер-сканер;




  • бор тақтасы;




  • жылжымалы тақта;




  • магнитті тақта;




  • проектор;




  • компьютер;




  • MGA (датчиктер көмегімен деректерді тіркейтін аспап);




  • таблетка тəрізді батареялар мен тұтқыш;




  • жалғағыш сымдар;




  • қосып-ажыратқыш;




  • 2-4 V лампалар;




  • сандық фотоаппарат;




  • глобус;




  • күн жүйесінің моделі;




  • тақырыпқа сай түрлі модельдер мен нақпішіндер (муляждар);




  • бөлме өсімдіктері;




  • тақырып бойынша кестелер мен плакаттар;




  • тақырыптық бейнематериал коллекциясы;




  • табиғи кендер мен минералдар коллекциясы;




  • айна;




  • жарық көзі;




  • жылу көзі;




  • еріткіш заттар;




  • ыстыққа төзімді ыдыс;




  • колбалар;




  • шыны түтік;

12


  • сүзгіш қағаз;




  • қорғаныш көзілдірік;




  • үлкейткіш əйнек (лупа);




  • микроскоп;




  • əртүрлі өлшемді магниттер жинағы;




  • термометрлер;




  • жүктер;




  • таразы (теңдеушелермен жəне электрондық);




  • жарық датчигі;




  • таймер;




  • динамометр;




  • өлшеуіш рулетка;




  • секундомер;




  • дыбыс көзі (музыка аспаптары, қоңыраулар жəне т.б.);




  • дыбыс өлшегіш;




  • мөлдір жəне мөлдір емес денелер;




  • калориметрлер (термос);




  • түрлі электрөткізгіш заттардың жиыны (əйнек, мыс, болат, алюминий, резеңке, пластмасса);




  • магниттік компастар;




  • телескоп;




  • анықтамалықтар мен энциклопедиялар;




  • флипчарт;




  • қағаз қыстырғышы бар планшет;




  • ватман;




  • өсімдіктер гербарийі;




  • топырақ түрі коллекциясы;




  • Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар;




  • жануарлар тұлыбы;




  • адам қаңқасы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет