БАҒдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұны 2 Өңірдің әлеуметтік саласын талдау 46


Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау



бет2/17
Дата01.02.2018
өлшемі3,34 Mb.
#37334
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау


2.2.1. Өңір экономикасының дамуы

2.2.1.1. Өнеркәсіп

Маңғыстау облысының өнеркәсіп құрылымында негізгі бөлікті үлесі 2014 жылдың қорытындысында 92,3% құраған кен өндіру өнеркәсібі (2013 жылы – 92,4%, 2012 жылы – 93,8%), оның ішінде шикі мұнай мен табиғи газ өндіру алады.

2014 жылдың қорытындысында өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 4,5% (2013 жылы – 4,1%, 2012 жылы – 3,3%), электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен таратудың үлесі – 2,4%, сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау – 0,8% құрады.

2011 жылдан баста 2013 жылды қоса алғандағы кезең ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар саны 121 бірлікке өсіп, 358 бірлікті құрады.

Өнеркәсіптік өнім көлемі 2014 жылы 2330,1 млрд. теңгені (2013 жылы – 2187,3 млрд. теңге, 2012 жылы – 2170,8 млрд. теңге) құрады.

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2014 жылы өткен жылмен салыстырғанда 3,5%-ға өсіп, 103,5% құрады (2013 жылы – 102,1%, 2012 жылы – 100%) құрады.

Облыс өнеркәсібі өнімінің жалпы республикалық өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі 2014 жылы 12,9% құрады (Атырау облысынан кейінгі 2-орын – 26,4%).

Облыстық өндіріс көлеміндегі аудандардың үлесі 2014 жылдың қорытындысында былайша болып келеді. Аудандар аумақтарында мұнай-газ кәсіпорындарының кен орындары бар болуы есебінен мейлінше жоғары көлем: Қарақия ауданында – 33,2%, Маңғыстау ауданында – 25,0%, Түпқараған ауданында – 23,4% байқалады.

Мейлінше аз үлес Мұнайлы ауданында (2,4%), Бейнеу ауданында (3,1%), Ақтау қаласында (6,5%), Жаңаөзен қаласында (6,3%) тіркелді.

2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда мұнай өндірудің артуы есебінен (НКИ – 102,3%) кен өндіру өнеркәсібіндегі өндіру – 2,7%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемінің 2,4 есе артуы («Каспий Битум» БК» ЖШС-нің өнім өндіруді арттыруы), химия өнеркәсібі өнімдерінің 1,5 есе өсуі («ҚазАзот» ЖШС-нің өндірісті реконструкциялаудан және жаңғыртқаннан кейіг өнім шығаруды арттыруы), өзге де металл емес өнім өндірісінің 1,7 есеге артуы есебінен өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру – 18,5%-ға артты.

2014 жылда өндіріс көлемі электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 4,6%-ға, сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауда – 22,3%-ға артты.

2015 жылдың 8 айында облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары қолданыстағы бағада 1000,9 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне 96,9% құрады.

Кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерудегі НКИ-нің (97%) төмендеуі, өткен жылмен салыстырғанда техникалық қызметтер көлемінің 25,2%-ға азаюымен байланысты болды (2015 жылдың қаңтар-тамызында – 146,4 млрд. теңге, 2014 жылдың қаңтар-тамызында – 191,6 млрд. теңге, НКИ – 74,8%).

Есепті кезеңде мұнайга арналған әлемдік бағалардың күрт құлауы өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының өндірістік қызметіне теріс әсер етіп, нәтижесінде облыстың мұнай-газ өндіруші компаниялары сервистік қызметтер бойынша көлемді төмендетуге мәжбүр болды.



Кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру.

Кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерудегі өндіру көлемі 2014 жылда 2150,7 млрд. теңгені, НКИ 102,7% құрады (2013 жылы – 2101,0 млрд. теңге, 2012 жылы – 2037,1 млрд. теңге, НКИ – 100,5%, 2011 жылы – 1927,3 млрд. теңге, НКИ – 94,9%). Өсу, саланың ірі кәсіпорындарының мұнай алу коэффициентін арттыруы есебінен мұнай өндірудің өсумен байланысты болды.

2015 жылдың 8 айында 892,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 97,0% құрады. НКИ-нің төмендеуі өткен жылмендың осындай кезеңімен салыстырғанда техникалық қызметтердің 25,2%-ға азаюымен байланысты болды (2015 жылдың қаңтар-тамызында – 146,4 млрд. теңге, 2014 жылдың қаңтар-тамызында – 191,6 млрд. теңге, НКИ – 74,8%).

2014 жылы газ конденсатын қоса алғанда, 18527,2 мың тонна көлемінде мұнай өндірілді, бұл – 2013 жылы өндірілгенге қарағанда 2,2%-ға көп (2013 жылы – 18126,7 мың тонна, 2011 жылы – 17720 мың тонна).

Мұнай өндіру көлемі 2015 жылдың 8 айында 12315,2 мың тоннаны немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,4% құрады.

Өсудің себебі ұжымдардағы әлеуметтік және өндірістік қарым-қатынастардың тұрақталуында, Бағдарламаның «Өзенмұнайгаз» АҚ бойынша да іске асырылуында, өңір кәсіпорындарында жаңа технологиялар енгізуде жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 ақпандағы кеңейтілген отырысында берген 2020 жылға дейін мұнай алу коэффициентін (МАК) арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңір кәсіпорындары осы бағыттағы жұмысты бастап кетті. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның тапсырысы бойынша «Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ («КИНГ» АҚ) мен «CPTDC» институттары полимерлік суландыру үшін реагенттер таңдау мақсатымен керндерге зертханалық зерттеулер жүргізіп, полимерлік әсер етудің тәжірибелік учаскелерін таңдап алды. Геологиялық-гидродинамикалық модельдеу жүргізіліді. Қаламқас кен орнының тәжірибелік учаскелерінде полимерлік суландыруға тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар (ТӨС) жүргізіліп басталды.

Геологиялық-гидродинамикалық модельдеудің нәтижелері полимерлік суландыруды қолдану МАК-ін 12% арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Қазіргі 31% болатын МАК-мен салыстырғанда, түпкілікті МАК 43%-ға жетеді. ТӨС жүргізілгеннен кейін, МАК-ін арттырудың осы тәсілін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның кен орындарына кең ауқымда енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, өңірдің бірнеше кәсіпорны игеріліп жатқан кен орындарында МАК-ін арттыру бойынша жұмыстарды бастады.

Табиғи газ өндіру көлемі 2014 жылда 2026,1 млн. текше метрді немесе 2013 жылғы деңгейіне 94,3% құрады (2013 жылы – 2149,1 млн. текше метр, 2012 жылы – 2288 млн. текше метр).

Табиғи газ өндіру көлемі 2015 жылдың 8 айында 1599,2 млн. текше метрді немесе 2013 жылдың деңгейіне 119,5% құрады. Табиғи газ өндірудің өсуі Шағырлы-Шөмішті газ кен орнын өнеркәсіптік игеруді бастаумен байланысты болды.

Газ конденсатымен бірге шикі мұнайды экспорттау көлемі 2014 жылда 12,4 млн тоннаны құрады (2013 жылы – 10,7 млн. тонна, 2012 жылы – 10,2 млн. тонна). Шикі мұнайды экспорттау көлемі 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде 6,2 млн. тоннаны құрады (2014 жылдың қаңтар-шілдесінде – 7,7 млн. тонна).

Мұнай-газ саласындағы негізгі кәсіпорындар, есепті жылда мұнай өндірудің жалпы облыстық көлемінің 89,5%-ын өндірген «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Бозашы Оперейтинг Лтд» компаниясының филиалы, «Қарақұдықмұнай» ЖШС болып табылады.

Есепті кезеңде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мұнай өндіру көлемінің артыуы мына кәсіпорындарда байқалады:

«Өзенмұнайгаз» АҚ (өткен жылдың тиісті кезеңіне – 103,2%); «Каражанбасмұнай» АҚ (100,8%); «Маерск Ойл Казахстан ГМБХ» компаниясы (185%); «Тасболатойл Корпорэйшн» ЖШС (127,2%); «Меербуш» ЖШС (100,2%); «Теңге» БК» ЖШС (112,1 %); «Кен-Сары» ЖШС (153,7%); «Фирма «Физ-Тех» ЖШС (107%).

Мұнай-газ секторында жұмыс істейтін кәсіпорындардың негізгі басымдықтары – игеріліп жатқан кен орындарында мұнай өндіруді тұрақтандыру және қарқындату.

Кен өндіру өнеркәсібінің жалпы республикалық көлеміндегі 2014 жылдағы Маңғыстау облысының үлесі, өнімдердің мына түрлері бойынша:

газ конденсатын қоса алғанда мұнай (мың тонна) – 22,9% (2013 жылы – 22,1%);

битум минералдарынан алынған мұнайды қоса алғанда, шикі мұнай (көмірсутегілердің табиғи қоспасы) (мың тонна) – 27,2% (2013 жылы – 25,9%);

газға айналған күйіндегі табиғи газ (тауарлық шығарылым), (млн. текше метр) – 4,4% құрайды.

Кен өндіру өнеркәсібінің басқа салаларындағы өнім көлемі 2014 жылы 4474,8 млн. теңгені құрады немесе 2013 жылдың деңгейінен 18,7%-ға аз (2013 жылы – 5546,1 млн. теңге, 2012 жылы – 7 486 млн. теңге, 2011 жылы – 10 564 млн. теңге). Осы саладағы өсу қарқыны 2015 жылдың 8 айында 112,6% құрады.

Облыс аумағында ұлутас, қиыршық тас пен шағыл, табиғи құм өндіру жүзеге асырылады.

Ұлутас, қиыршық тас пен шағыл, табиғи құм өндіру көлемдері 2014 жылы тиісінше 22,2 мың текше метр (2013 жылға – 50,5%), 833,8 мың текше метр (65,6%), 673 мың текше метр (80,0%) құрады.

Өңдеу өнеркәсібі.

Өнеркәсіптің өңдеу секторында 2014 жылы 105,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл – 2013 жылғы өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемінен 18,5%-ға артық (2013 жылы – 89,1 млрд. теңге, 2012 жылы – 70,9 млрд. теңге, 2011 жылы – 81,7 млрд. теңге). Облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес 4,5% құрады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2014 жылы 38,5 мың АҚШ доллары/адамды немесе 2013 жылға 105,5% құрады (жоспар 118% болғанда). 1 бағыт бойынша 2014 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысында осы көрсеткіштке қол жеткізе алмау байқалды.

Жоспарлы мәнге қол жеткізе алмау, қаржылық қиыншылықтарға және саланың негізгі кәсіпорны – «Ақтау құйма зауыты» ЖШС («АҚЗ» ЖШС) бойынша өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты металлургия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің 8,4%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісіндегі еңбек өнімділігінің 5,2%-ға («Шыны-пластик құбырлар зауыты» ЖШС – мұнай-газ өндіруші компаниялардың тарапынан тапсырыстар көлемінің жетіспеушілігі) төмендеуімен байланысты болды.

Кәсіпорындарға өндірістік қуаттылықтарды жүктеуде жәрдемдесу мақсатында, ҚР Үкіметі отырысының 2015 жылғы 6 қаңтардағы №1 хаттамасымен мақұлданған Өнеркәсіптік кәсіпорындарды 2015 жылы қолдау шаралары жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Іс-шаралар жоспарында Маңғыстау облысының өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарының қызметіне қатысты 6 іс-шара бар, олардың барлығы ағымдағы жылы орындалды (химия, металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарын және жол битумын өндіретін кәсіпорынды қолдау).

Жергілікті қамтымды арттыру және отандық өндірушіні, дәлірек айтқанда жергілікті тауар өндірушілердің инвестициялық жобаларды іске асыруға және мемлекеттік тендерлерге қатысуын қолдау мақсатында, ҚР Үкіметі мүшелерінің қатысуымен 2015 жылғы 4 ақпанда өткен ұлттық компаниялардың, өңірдің жер қойнауын пайдаланушыларының және жүйе құраушы кәсіпорындарының сатып алуында жергілікті қамтымды дамыту жөніндегі кеңес-форумның аясында 305,5 млрд. теңге жалпы сомасына жергілікті қамтымды дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы 106 меморандумға қол қойылды. Меморандумдарды орындау мониторингі, 2015 жылғы 30 қазанға 300,7 млрд. теңге сомасына 432 шарт жасасылып, 98,4%-ға орындалғанын көрсетеді.

Бұдан басқа, «NADLoC» жергілікті қамтымды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның қызметкерлері 2015 жылғы маусымда отандық өндірушілерді қолдау бойынща «екінші толқынның» аясында қосымша меморандумдар жасасу бойынша көшпелі турларды өткізіп, олардың барысында Маңғыстау облысында 1 613,7 млн. теңге жалпы сомасына тағы 15 меморандум жасасылды. Олар бойынша 2 517,4 млн. теңге сомасына 12 шарт жасасылып, орындау 156% құрайды.

2015 жылдың 8 айында өңдеу өнеркәсібінде 8,0%-ға өсу байқалады, өндіріс көлемі 54,7 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі қызмет түрлері:

машина жасау (2014 жылдың қорытындысында, өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінде үлесі 51,8%);

мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі (19,7%);

химия өнеркәсібі (14,2%);

өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі (17,4%);

машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын шығару (9,7%)

металлургия өнеркәсібі (3,7%).

резеңке мен пластмасса бұйымдар өндірісі (4,5%).

Өндіріс үлесі тиісінше 5,1% және 2,4% құрайтын тамақ өнеркәсібінің, жеңіл өнеркәсіптің кәсіпорындары бар

Машина жасау.

Өңдеу секторының құрылымындағы мейлінше жоғары үлес салмақты 2014 жылы машина жасау алады. Саладағы нақты көлем индексі 2014 жылы – 118,5% (2013 жылы – 110,1%, 2012 жылы – 77,9%, 2011 жылы – 124,8%), өнім өндіру көлемі – 23,0 млрд. теңгені құрады (2013 жылы – 17,0 млрд. теңге, 2012 жылы – 17,7 млрд. теңге, 2011 жылы – 20,7 млрд. теңге).

Саланың НКИ 2015 жылдың 8 айында – 92%, өнім өндіру көлемі – 54,7 млрд. теңгені құрады.

Өңірдің машина жасау саласының негізгі кәсіпорындары - «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «АқтауОйлМаш» ЖШС, «Sewon-Vertex Heavy Industru» АҚ.

Машина жасау кәсіпорындары мұнай-газ саласына бағытталған жол жылытқыштарды, НБ-125 маркалы сорғыларын, оларға және шағын құрал-жабдықтарға арналған әртүрлі қосалқы бөлшектер шығарады, оларды жөндеу бойынша қызметтер көрсетеді, сондай-ақ жоғары технологиялық мұнай-газ жабдықтарын өндіреді.

Сондай-ақ, бүгінге Маңғыстау облысының аумағында Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыс жасайтын флотты жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз ететін екі кеме жөндеу зауыты: салмағы 400 тоннадан аспайтын кемлерді жөндеуге арналған қуаттылықтары бар «Сага-Аташ» ЖШС және ИИДМБ аясында құрылған, қуаттылықтары салмағы 600 тоннадан аспайтын кемелерді жөндеуге арналған «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС жұмыс істейді. Сондай-ақ, метал конструкцияларды шығаратын «Кеппел Қазақстан» ЖШС, «Ерсай» ЖШС, теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезінде қажетті баржалар мен метал конструкцияларды шығаратын «KCOI» комапниялары бар.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында өңірдегі машина жасау саласында мына жобалар іске асырылды.

1. Баутин ауылындағы «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС. Жобаның сметалық құны – 2250 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы: жылына 60-70 кемені жөндеу. Объект 2010 жылдың 1-жартыжылдығында пайдалануға берілді. Қабылдау жөніндегі Мемлекеттік комиссия актісі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің 24.06.2010 жылғы №129 шешімімен бектілді. Қашаған кен орнының 2-фазасын іске асыру мерзімдерінің кейінге ауыстырылуына байланысты, қазіргі кезде кәсіпорын тоқтап тұр.

2. «ГММОС Қазақстан» ЖШС-нің мұнай-газ жабдығын дайындайтын зауыты. Жобаның сметалық құны – 900 млн. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны – 300, объект 2010 жылдың 1-жартыжылдығында пайдалануға берілді. Қабылдау жөніндегі Мемлекеттік комиссия актісі Ақтау қаласы әкімінің 2010 жылғы 21 маусымдағы № 144 шешімімен бекітілді.

3. «РИГ» ЖШС-нің «Электр техникалық жабдық өндіретін зауыты», жоба 2011 жылы іске асырылды. Қаржылық қиыншылықтарға байланысты, кәсіпорын 2014 жылдан бастап тоқтап тұр.

4. «Сага Аташ» ЖШС – кемелерді жөндейтін, жаңғыртатын және қайта жарақтайтын кәсіпорын, өңірлік Индустрияландыру картасының аясында «Маңғыстау облысындағы жұмыс істеп тұрған кеме жөндеу кәсіпорнын дамыту және жаңғырту» жобасын іске асыруда. Жобаның сметалық құны 2,6 миллиардтан астам теңгені құрайды, 180 тұрақты жұмыс орны құрылмақ, жобалық қуаттылығы – орташа алғанда жылына 96 кемені жөндеу және жаңғырту.

«Маңғыстау облысындағы жұмыс істеп тұрған кеме жөндеу кәсіпорнын дамыту және жаңғырту» жобасы су түбін тереңдету және гидротехникалық жұмыстарды қоса алғанда, жүк көтерімділігі 8500 тонналық жүзбелі докты сатып алуды және «Жүк көтерімділігі 8500 тонналық жүзбелі докты орнату» жобасын іске асыруды қамтиды.

Кәсіпорын «Өнімділік – 2020» бағдарламасының қатысушысы болып табылады, Бағдарлама аясында жобаның Кешенді жоспарын әзірлеуге арналған шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік қолдау алды. «Өнімділік – 2020» бағдарламасы бойынша доктың құрылысын қаржыландыру үшін, «Сага Аташ» ЖШС «ҚДБ-Лизинг» АҚ-на өтініш білдіріп, мақұлдау алды. «ҚДБ-Лизинг» АҚ Кредит Комитетінің 2014 жылғы 11 наурыздағы шешімімен «Паллада» Херсон мемлекеттік зауытымен жүк көтерімділігі 8500 тонналық жүзбелі докты салу және жеткізу жөніндегі лизингтік мәміле жүргізу мақұлданды.

Металлургия.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін индустриялық-инновациялық даму стратегиясының аясында Маңғыстау облысында өңір үшін жаңа өнеркәсіп саласын қалыптастырған «CaspianStal» ЖШС мен «Ақтау құйма зауыты» ЖШС («АҚЗ» ЖШС) екі металлургия зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылды. Зауыттар пайдаланатын негізгі шикізат – өнеркәсіптің химия, мұнай-газ, құрылыс, газ өңдеу және өзге де салаларындағы тозған құрал-жабдықтарды, сондай-ақ құбырлар мен өзге де металл бұйымдарды есептен шығару есебінен пайда болған металл сынықтары. Барлық металлургия өнімдері экспортқа шығарылады.

Металлургиядағы өнім өндіру көлемі 2014 жылы 3,88 млрд. теңгені қүрады (2013 жылы – 4,88 млрд. теңге, 2012 жылы – 5,2 млрд. теңге, 2011 жылы – 6,3 млрд. теңге). Өнімнің нақты көлем индексі – 87,2% (2013 жылы – 49,7%, 2012 жылы – 77,2%, 2011 жылы – 134,7%). 2013 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің төмендеуі «Ақтау құйма зауыты» ЖШС-нің («АҚЗ» ЖШС) қаржылық қиыншылықтарына (айналым қаражатының болмауына) байланысты болды.

Саланың НКИ 2015 жылдың 8 айында 70%, өнім өндіру көлемі – 2,57 млрд. теңгені құрады.

«АҚЗ» ЖШС-нің негізгі қызмет түрі – болат дайындамалар өндіру мен жаймалау өндірісі. Кәсіпорын болат дайындамалар, арматура, сортты илек өндіреді. Кәсіпорын өнімі ішкі рыногқа, әрі экспортқа шығарылады.

«АҚЗ» ЖШС кәсіпорны 2008 жылы 2006 жылы басталған әр түрлі пішіндегі металл профиль шығару бойынша зауыттың екінші кезегінің құрылысын аяқтады. Кәсіпорын 2012 жылы арматура өнімдерін шығарып бастады.

«АҚЗ» ЖШС-нің жобалық қуаттылығы: қуаттылығы 180 000 тонна болат дайындамалар болатын болат құю зауыты (қуаттылық 2012 жылдың басында үш есе арттырылды) мен қуаттылығы 400 000 мың тонна болатын жаймалау зауыты (арматура, бұрыштар, швеллерлер, екі басты арқалық).

Сондай-ақ, кәсіпорын қуаттылығы жылына 600 мың тонна дайындама болатын электрмен болат балқыту кешенін салу жобасын іске асыруда. Жобаның құны – 24 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орны – 660 адам.

«АҚЗ» ЖШС Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасының қатысушысы болып табылады және 2013 жылдың соңынан бері қаржылай қолдау алуда. Облыс әкімдігінің жәрдемдесуімен өңірдің ірі мұнай-газ өндіруші компанияларымен («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ойл Сервис Компани» ЖШС және т.б.) металл сынығын жеткізуге арналған келісімшарттар жасасылды.

ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов бекіткен 2014 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 20-19/07-376 іс-шаралар жоспарына (161-тармақ) сәйкес, облыс әкімдігі, ҚР ИДМ, «Бәйтерек» ҰБХ және «ҚДБ» АҚ, «қаржыландыруға арналған өтінімді қарауды және «Бәйтерек» ҰБХ мен «ҚДБ» АҚ-нан АҚЗ» ЖШС үшін кредит бөлуді жеделдету бойынша жұмыс жүргізуде. Жоғарыда көрсетілген қаржы институттары «АҚЗ» ЖШС басшылығымен, оның ішінде зауытқа бару арқылы бірқатар кездесулер өткізді. Бүгінге «АҚЗ» ЖШС бастапқы іріктеуді жүргізу үшін қажетті құжаттар пакетін ҚДБ-не ұсынып, техникалық аудит жүргізу үшін қара металлургияға маманданған, ҚДБ-де аккредиттелген компаниялар қызметтерінің ақысын төледі. Техникалық аудит жүргізіліп, аудит нәтижелері жөніндегі қорытынды келісу сатысында.

Қазіргі кезде «АҚЗ» ЖШС «Kaznex Invest» АҚ-ның өзара іс-қимыл жасасу арқылы Иран мен Түрікменстанның кәсіпорындарымен 70 млн. АҚШ долларынан асатын сомаға бірқатар экспорттық келісмшарттар жасасуда. Экспорттау алдындағы қаржыландыру «ҚДБ» АҚ-нан алынады, экспорттаушы кредитінің сақтандырушысы «ҚазЭкспортГарант» АҚ болып табылады. Сонымен бірге, айналым қаражаты 2015 жылдың басында алынатын болғандықтан, кәсіпорынды жүктеу 2014 жылдың соңында 15%-дан аспайды.

Кәсіпорын ішкі рыногта «Стальной двор Астана», «УралМеталлИнвест» компанияларымен қызмет істейді, арматура жеткізу жолға қойылған.

Жүйе құраушы кәсіпорын «АҚЗ» ЖШС-ін сауықтыру жөніндегі күш-жігерді біріктіру мақсатында, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялв министрлігі және «Ақтау құйма зауыты" ЖШС арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

АҚ«АҚЗ» ЖШС, Маңғыстау облысының әкімдігі және өңірдің ірі мұнай компаниялары («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маерск Ойл Казахстан Гмбх» компаниясы) арасында 2014 жылы меморандум жасасылды, оның мақсаты кәсіпорынды толық жүктеу болып табылады.

Әкімшілік-басқарушылық кедергілерге (құрылтайшылардың ауысуы) және айналым қаражатының болмауына байланысты, «CaspianStal» ЖШС кәсіпорны 2011 жылдың аяғынан бері тоқтап тұр.

Ақтау қаласы әкімінің 2007 жылғы 14 маусымдағы №2 шешімімен «Мұнай сұрыпталымдағы құбырларды шығару бойынша зауыты» («Арселор Миттал Ақтау» АҚ) құрылыс объектісін пайдалануға енгізу туралы мемлекеттік комиссияның актісі бекітілді. Инвестициялық жобаның іске асырылуы 2004 жылы «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында басталды. Жобалық қуаттылығы жылына 60,0 мың тонна болат құбыр және инвестициялар көлемі 32,8 млн. АҚШ доллары болатын зауыт API, DIN,BBS, ASTM, AWWA, IS стандарттарына және басқа халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, жоғары және төмен қысымды мұнай сұрыпталымдағы шиыршық жікті құбырларды шығарады. Жасау барысында қазіргі заманғы лазерлік визуалдық бақылау жүйелері пайдаланылып, ультрадыбысты және радиографиялық пісіру қолданылады.

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын шығару. Дайын металл бұйымдары өндірісінде 2014 жылы 2013 жылға қарағанда өндіру көлемі 33,5%-ға төмендеді, өндіру көлемі – 10,3 млрд. теңге (2013 жылы – 15,7 млрд. теңге, 2012 жылы – 7,2 млрд. теңге, 2011 жылы – 12,4 млрд. теңге). Сала өнімінің нақты көлем индексі 2014 жылы 66,5% құрады (2013 жылы – 215,9%, 2012 жылы – 69,0%, 2011 жылы – 69,5%, 2014 жылдың қаңтар-қарашасында – 73%).

2015 жылдың 8 айында саланың НКИ – 17,1%, өнім өндіру көлемі – 1,4 млрд. теңгені құрады. Соңғы жылдары саладағы көлемнің төмендеуі Қашаған кен орнының 2 фазасын іске асыру мерзімінің ауыстырылуына байланысты болды, ал осы саланың негізгі кәсіпорындары дәл теңіз мұнай операцияларына бағдарланған.

Бүгінге көрсетілген саланың өнімі ішкі рыногта сатылуда. Алдағы уақытта Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру шеңберінде теңіз металл конструкцияларын жасайтын зауыттарды салу жобалары іске асырылғаннан кейін, өнімнің бір бөлігі экспортталатын болады.

Қазіргі сәтте осы қызмет түріндегі негізгі кәсіпорындар: Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2015


жылға дейінгі стратегиясының аясында пайдалануға берілген, метал конструкцияларын шығаратын кәсіпорын «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС (бұрынғы – «Кеппел Қазақстан» ЖШС) және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында салынған «Каспиан Оффшор Индастриз ЛТД» ЖШС болып табылады.

Кәсіпорын Каспий қайраңында мұнай шығаруға арналған жасанды аралдар салуға қажетті теңіз металл конструкцияларын шығаруды жүзеге асырады – «Теңіз металл конструкцияларын өндіру бойынша өнеркәсіптік кешен» «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС (жаңа аты – «Темір ат» теңіз мұнай-газ өндірісі құрал-жабдықтарының зауыты»). Жобаның сметалық құны – 11 550 млн. теңге. 2013 жылғы 1 қаңтарға жұмыс орындарының нақты саны – 102 адам. Жобалық қуаттылығы: жылына – 16 мың тонна металл конструкциялары. Объект 2011 жылғы мамырда пайдалануға берілді (1-кезең). 2013 жылы – 560 тонна, 2014 жылдың 10 айында – 50 тонна металл конструкциялары шығарылды. Жоба Солтүстік Каспий жобасына бағдарланған. Аталған жобаны іске асыруды бастаудың кешіктірілуіне байланысты, кәсіпорын жұмыс көлемін жүктеу бойынша қиындықтар көруде.



Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру.

Шығарылатын құрылыс материалдардың негізгі номенклатурасы – ұлутас, табиғи құм, шағыл, қиыршық тас, яғни, облыста шығарылатын құрылыс материалдардың номенклатурасы негізінен кең таралған пайдалы қазбаларды шығару арқылы алынатын өнімнен тұрады.

Азаматтық құрылысқа қажетті басқа материалдардың көпшілігі облыстан тыс жерден әкелінеді.

Облыстың құрылыс материалдарын шығаратын негізгі кәсіпорындары: «Маңғыстау жол құрылысы материалдары комбинаты» АҚ («МЖҚМК» АҚ), «Теміртас-1» ЖШС, «Өндірістік кәсіпорындар басқармасы» ЖШС («ӨКБ» ЖШС), «Строй – Деталь» ЖШС, «Түпқараған» ЖШС, «Еврострой-А» ЖШС, «Мырзабек-АЛТЫН ТАС групп» ЖШС, «Карьертау» ЖШС, «Каспий Цемент» ЖШС.

Соңғы жылдары құрылыс материалдардың өндірісі белгілі бір дәрежеде әртараптандырылған. «Түпқараған» ЖШС өндірісті ұлғайту жобасының бірінші және екінші кезектері іске асырылды – қуаттылығы тәулігіне 100 текше метр және өндірістің неміс технологиясы пайдаланыла отырып, бетон торабы пайдалануға енгізілді, осындай неміс жабдығы «Еврострой и А» ЖШС-де іске қосылды, «Юран» ЖШС электродтарды шығару цехы құрылды, шыны-пластик және шыны-талшық құбырларды шығаратын зауыттар пайдалануға берілді. Облыста табиғи қабырға материалы – ұлутас жеткілікті мөлшерде бар болуына қарамастан, «ӨКБ» ЖШС біздің облыс үшін жаңа құрылыс материалы – көбікті бетонды шығаратын, қуаттылығы айына 1,6 мың текше метр болатын өндіріс құрды.

Бұдан басқа, облыста шамамен 38 компания шыны-пластик терезелер мен есіктерді шығарумен айналысады, батыс елдердің технологиясы пайдаланылады.

Сондай-ақ, лак-бояу бұйымдарын, бітемелер шығаратын шағын өндірістер әрекет етеді, аумақта саны 20-дан астам өндірісте бетон және темір бетон бұйымдары шығарылады.

Өңірді индустриялық-инновациялық дамыту шеңберінде құрылыс материалдарын, бұйымдарды және конструкцияларды шығаруға бейімделген төрт жоба іске асырылды, олар:

1) «Шетпе ауылында цемент зауытын салу» «Каспий Цемент» ЖШС. Жобаның сметалық құны – 40 000 млн. теңге. Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 800, пайдалану кезеңінде – 300 адам. Жобалық қуаттылығы: жылына 1 млн. тонна цемент шығару. Шығарылатын өнім: 300-800 маркалы цемент.

Жобаны іске асыруға «Heidelbery Cement» неміс компаниясы қатысып отыр. Объект 2014 жылғы маусымда пайдалануға берілді. Зауыт өнімі экспортқа бағдарланған.

2) «ҮСК-Ақтау» ЖШС – темір-бетон бұйымдарын өндіретін зауыт. Жобаның сметалық құны – 600 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы: жылына 100 мың шаршы метр тұрғын үй салуға арналған ТББ. 2014 жылдың соңында пайдалануға берілді.

3) «Каспий Тас Жол» ЖШС – инновациялық материалдар өндіретін зауыт. Жобаның сметалық құны – 210 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы: сағатына 160 тонна өндіру. 2014 жылдың соңында пайдалануға берілді.

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісіндегі өндіру көлемі 2014 жылы 18,4 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 173,3% құрады. 400 мың портландцемент, 168,1 мың тонна (150,9%) тақтайшалар, тақталар, кірпіштер және цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған ұқсас бұйымдар, 69,7 мың тонна (118%) бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялар, 619,9 мың тонна (122,2%) тауарлық бетон, 6,8 мың тонна (94,1%) құрылыс ерітінділері шығарылды.

2015 жылдың 8 айында өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісіндегі өндіру көлемі 13,9 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 132,2% құрады.

Ағаштан бұйымдар жасаумен өз ағаш цехы бар және терезе мен есік блоктарын, құрылыс кезінде қажетті басқа ағаш бұйымдарын шығаратын «Каскор-СМУ» АҚ, сондай-ақ ұсақ ағаш өңдеу өндірісі бар бірқатар жеке кәсіпкерлер айналысады.

Ағаш бұйымдар өндіру көлемі 2014 жылда 26,3 млн. теңгені құрады, бұл – осы саладағы 2013 жылдағы өндіру деңгейінен 21%-ға төмен. 3,8 мың шаршы метр терезелер мен олардың жақтаулары, әйнектелген есіктер мен олардың жақтаулары, ағаш табалдырықтар шығарылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет