БАҒдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұны 2 Өңірдің әлеуметтік саласын талдау 46


Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау



бет8/17
Дата01.02.2018
өлшемі3,34 Mb.
#37334
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

2.2.4. Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау


Қазақстан Республикасы өңірлерінің аумақтық-кеңістіктік орналасуында оның одан әрі дамуын қиындататын бірқатар қалыптасқан сипаттамалар байқалады. Мұндай факторларға тұрғындар тығыздығының бір қалыпты болмауы, өнеркәсіптік-өндірістік әлеуеттің үйлеспеушілігі, тұрғын-үй және әлеуметтік инфрақұрылымның шектелуі, сондай-ақ инженерлік желілердің тозуы жатады. Тиісінше, тұрғындарды өмір сүру сапасын (деңгейін) көтеру проблемалы болмақ.

Қазақстан өңірлерінің аумақтық-кеңістіктік ұйымдастырылуының теңгерімсіздігі негізінен дәстүрлі кеңестік жоспарлау кезінде қалыптасты. КСРО кезінде өңірлердің дамуы негізінен аталған аумақтың салалық құрылымына тәуелді болды, нәтижесінде бұл бүкіл мемлекет өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық үйлеспеуіне әкеп соқтыратын. Үйлеспеушілікті түзеу және өңірлік дифференциацияны жетілдіру жөніндегі барлық шешімдер мен бастамалар жоспарлаудың орталықтандырылған сипатына байланысты болды. Аумақтық даму табысты бола қойған жоқ, өйткені мемлекетік жоспарлауда басты назар салалық жоспарлауға берілетін. Қазақстан өңірлерінің қазіргі заманғы аумақтық-кеңістіктік жағдайында да салалық маңыздылық сақталған.

Маңғыстау облысы кеңістікті дамытудың негізгі тірек қаңқасының құрылымында.

Геосаяси және геоэкономикалық факторларды есепке ала отырып, экономикалық және еңбек ресурстарын экономикалық перспективалы аудандарда және тыныс-тіршілік үшін қолайлы табиғи-климаттық және экологиялық аймақтарда шоғырландыру үдерістері елдің барлық аумақтық кеңістігін оңтайлы игерумен және жайластырумен ұштасуы қажет.

Елдің 2020 жылға дейін аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасына сәйкес, елдің әрбір өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру мейлінше маңызды міндет болып табылады.

Осы схемаға сәйкес, Қазақстан аумағы аумақтық дамудың үш стратегиялық осіне, яғни Солтүстікке, Орталыққа және Оңтүстікке бөлінген.

Маңғыстау облысы «өсу нүктесі» Ақтау қаласымен барлық осьтерді біріктіреді және Орта Азия мемлекеттерінің шекарасы бойындағы өңірлеріне шығуды қамтамасыз етеді.

Ақтау теңіз портын «ТРАСЕКА» және «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздерінің құрамында мультимодальды көлік торабы ретінде пайдалану және алдағы уақытта Ақтау қаласында ұлттық деңгейдегі ірі сауда-логистикалық орталығын қалыптастыру мүмкіндігі бар.

Осыған байланысты, Каспий макроөңіріндегі көлік тораптарына шығуды қамтамасыз ететін «Ақтөбе-Атырау-Ақтау», «Жезқазған-Ақтау», «Қызылорда-Ақтау» коммуникациялық учаскесін күшейту (көлік және темір жолдарының желілерін салу және жаңғырту) перспективалы міндет болып табылады.

Қазақстанда теміржол желілерінің тығыздығы шамалы, ол аумақтың 1000 шаршы километріне шамамен 5,43 километрді құрайды. Алайда, елде өңірлер бойынша көлік желілері орналасуының әркелкілігінің дәрежесі де жоғары. Маңғыстау облысында теміржол желілерінің тығыздығы 1000 шаршы километрге шамамен 4,73 километрді құрады (Қазақстан облыстарының арасында 10 орын).

Республика бойынша автомобиль жолдарының тығыздығы 1000 шаршы километрге 34,45 километрді құрайды, алайда автожолдардың көлік желісімен қамтамасыз етілуіндегі саралану да мейлінше айтарлықтай. Маңғыстау облысындағы тығыздық1000 шаршы километрге 14,63 километрді құрайды, бұл республика өңірлері арасындағы ең төмен көрсеткіш болып табылады.
2.2.4.1. Маңғыстау облысының шекара бойындағы аумақтары

Маңғыстау облысының Каспий өңірінің бес мемлекетімен шекарасы бар. Осы өңірлік аспект облыс үшін өзін халықаралық сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда бәсекеге қабілетті өңірлік көшбасшы ретінде көрсетеуге мүмкіндік береді.

Ынтымақтастық көптеген бағытта дамуда, оның ішінде Каспий аймағындағы ынтымақтастық аса стратегиялық маңызды. Себебі Каспий – барлық Каспий маңы мемлекеттердің біріккен жан-жақты жауапкершілігінің аймағы.

Жылдан жылға Ресей өңірлерінің Маңғыстау облысымен тауар айналымының көлемі артуда (Қазақстан мен Ресейдің шекара бойындағы өңірлері тауар айналымының шамамен 23%-ын қамтамасыз етеді). Сондай-ақ, Ресеймен тығыз экономикалық байланысқа бағдарланған үлкен болашақ кеме верфтері мен мұнай құю айлақтары бар Құрық теңіз портында да бар.

Жүк ағынының бұрыннан бар бағыттарын, көліктік инфрақұрылымның дамуын, инженерлік коммуникациялардың бар екенін есепке ала отырып «Бейнеу» шекара бойындағы халықаралық ынтымақтастық орталығын («Бейнеу» ШХЫО), оның ішінде Бейнеу ауылында көлік-логистикалық орталық (КЛО) пен Тәжен ауылында шекара бойындағы еркін сауда аймағын құрған орынды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1289 «Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы» қаулысын орындау үшін, Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (Бейнеу ауданының Тәжен, Сам және Ақжігіт, Қарақия ауданының Болашақ ауылдарының) әзірленді. Жоспар барлық мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Өңірлік даму министрлігімен келісіліп, облыс әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы №108 қаулысымен бекітілді.

Шекара маңындағы аудандарды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға 2014 жылы 1,1 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 0,8 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,3 млрд. теңге бағытталды. Көрсетілген қаражат көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, шекара маңындағы сауда-саттықты дамыту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша іс-шараларды, табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруға және трансшекаралық өзендерді пайдалануға, халықты жұмыспен қамтудың өсуіне жәрдемдесуге бағытталды.

Шекара маңындағы аудандарды дамыту бойынша көрсеітлген шараларды іскесу, шекара маңындағы тірек АЕМ хақының санын 2819 адамға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Бекітілген 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджеттің аясында, 2014 жылдан бастап 850,3 млн. теңге жалпы сомасына «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолын салу жобасын іске асыру жүргізілуде.
2.2.4.2. Маңғыстау облысының ауылдық аумақтары

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Маңғыстау облысында 327,8 мың адам тұратын 61 ауылдық елді мекен (бұдан әрі – АЕМ) бар. Бұл ретте, ауыл халқының 97%-ы саны 1000 адамнан асатын АЕМ-де тұрады. Соңғы үш жылда (2012-2014) ауыл халықының саны 5,1%-ға өсті.

АЕМ-дің жалпы санында даму әлеуеті жоғары 5 ауыл, даму әлеуеті орташа 47 ауыл, даму әлеуеті төмен 2 ауыл және халқы жоқ 1 ауыл бар. 2013 жылмен салыстырғанда даму әлеуеті жоғары АЕМ-дің динамикасы өскен жоқ, сондай-ақ даму әлеуеті АЕМ азаймады. Бұл ретте, даму әлеуеті жоғары 5 ауыл аудан орталықтары болып табылады. Даму әлеуеті төмен АЕМ-дің көпшілігі Маңғыстау ауданында байқалады (5 бірлік).

Ауылдың қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін, ауылдық елді мекендерді әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен нормативтік қамтамасыз етілуіне жету қажет. Онда ауылдық тұрғындар білім беру, денсаулық сақтау қызметтерімен, сапалы ауыз сумен, автомобиль жолдарымен, элекрмен жабдықтаумен, байланыс, теледидарлама қызметтерімен, интернет желісімен қамтамасыз етілуге тиіс.

Тұтастай алғанда, бүгінге ауылдық елді мекендер қолданыстағы нормативтерге сәйкес білім беру және денсаулық сақтау объектілерімен қамтамасыз етілген. Мәселен, ауылдардың жалпы санындағы 81%-ы білім беру объектілерімен және 90% денсаулық сақтау объектілерімен қамтамасыз етілген.

Ауылдық жердегі жалпы білім беретін мекемелер желісі 50,7 мың оқушысы бар 86 мектепті және 9,7 мың бала бар 99 балабақшаны қамтиды (2012 жылы ауылдық жерде 45,5 мың оқушысы бар 76 мектеп пен 8,2 мың бала бар 86 балабақша болды). Мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту 100% құрайды.

Ауыл халқына 73 медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді 2012 жылы – 65 медициналық ұйым).

Ауылдық жерде 50 кітапхана, 2 мұражай және «Отпан» атты 1 тарихи-мәдени кешен қызмет көрсетеді.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау 21 АЕМ-де жұмыс істейді. Тасымалданатын суды 5 АЕМ пайдаланады (шалғайлығына және адам санының аздығына байланысты, бұл ауылдарғасу құбырларын салу экономикалық тиімсіз). Қалған АЕМ-де – орталықтандырылмыған сумен жабдықтау.

«Ақ бұлақ» салалық бағдарламасының іске асырылуы, жалпы саны 27 мың адам болатын Боранқұл, Аққұдық, Түйесу, Жетібай, Шайыр, Үштаған, Онды, Таушық сияқты 8 АЕМ-ді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

АЕМ-дің жалпы санында 84%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Бұл ретте, Бейнеу, Мұнайлы және Түпқараған аудандарындағы ауылдардың газбен толық қамтамасыз етілгенін атап өткен жөн.

Облыстың облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желісі 1553,2 километрді құрайды, оның ішінде: облыстық маңызы бар автожолдар – 1012 километрді және аудандық маңызы бар автожолдар – 541,2 километрді құрайды. Соңғы үш жылда республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автомобиль жолдары салынып, «Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жүргізілді.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс бойынша стационарлық пошта байланысымен қамтамасыз етілу АЕМ-дің жалпы санында 69% құрайды, бұл ретте ең төменгі қамтамасыз етілу Маңғыстау және Қарақия аудандарында байқалады (50%). АЕМ-дің электрлендірумен және телефон байланысымен толық қамтамасыз етілуі оң көрсеткіш болып табылады.

Маңғыстау облыстық телекоммуникация дирекциясы, тұрғындар санына қарамастан барлық ауылдарды телефондандырды. Мұнайлы ауданының ауылдарынан басқа, тұрғындар саны 500 адамнан асатын барлық елді мекенде АТС орнатылған.

Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.05.2014 жылғы №125 қаулысымен және Маңғыстау облыстық маслихатының 27.05.2014 жылғы №17/54 шешімімен Жаңаөзен қаласында Рахат ауылы құрылды. Қазіргі кезде Маңғыстау облысында 61 ауылдық елді мекен бар.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» атты 4-бағытының аясында облыстың ауылдық елді мекендерін жайластыруға жергілікті бюджеттің қаражатынан 2014 жылы 654,4 млн. теңге бөлініп, 17 ауылдық елді мекенде 40 жоба іске асырылды (2012 жылы – 34,4 млн. теңгеге 15 жоба, 2013 жылы – 211,3 млн. теңгеге 42 жоба).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» бірінші бағытының аясында облыстың ауылдарын абаттандыруға 2014 жылы 1968,3 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді. Осы қаражаттың есебінен даму әлеуеті жоғары және орташа 32 ауылдық елді мекенде 157 жоба іске асырылды (2012 жылы – 337,2 млн. теңгеге 15 жоба, 2013 жылы – 1611,3 млн. теңгеге 96 жоба).

Ауылдағы бюджеттік саладағы білікті кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу және әлеуметтік сала мамандарын ауылдық жерге жұмыс істеуге тарту мақсатында 1018 жас маманға 131,9 млн. теңге сомасына көтерме жәрдемақы, 222 маманға 607,8 млн. теңге сомасына тұрғын үйге арналған кредиттер берілді (2013 жылы – 462 жас маманға көтерме жәрдемақы, 127 маманға тұрғын үйге арналған кредит).

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Тірек ауылдық елді мекендердің (Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Бейнеу ауданының Ақжігіт және Боранқұл, Маңғыстау ауданының Сайөтес және Жыңғылды, Қарақия ауданының Жетібай ауылдарының) және аудан орталықтарының (Бейнеу, Құрық, Маңғыстау, Шетпе ауылдарының) 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарлары әзірленді. Бұдан басқа, Ауылдық округтерді, ауылдарды және кенттерді дамыту жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары әзірленді.

Барлық Кешенді даму жоспарлары мен облыстық Іс-шаралар жоспары мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Өңірлік даму министрлігімен келісіліп, облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 27 мамырдағы №17/253 шешімімен бекітілді.



Ауылдық аумақтар бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

облыстың елді мекендерінің 100% газдандырылуы мен электрлендірілуі;

ауылдағы оң көші-қон сальдасы, облыс бойынша жалпы сандағы ауыл халқы үлесінің артуы (2012 жылғы 49,3%-дан 2013 жылы 51%-ға дейін).

Әлсіз тұстары:

9 АЕМ-де (18%) білім беру объектілері бейімделген орынжайларда орналасқан;

денсаулық сақтау объектісімен қамтамасыз етілген АЕМ-нің жалпы санында 12%-ы бейімделген орынжайларда орналасқан;

білім берудің, денсаулық сақтаудың, мәдениеттің және спорттың бюджеттік ұйымдарында мамандардың жетіспеушілігі;

аудандық және ауылішілік автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жай-күйі, жаңа жолдар салу қажеттілігі.

Мүмкіндіктер:

басым мемлекеттік-және салалық бағдарламалар аясында облыстың ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жақсарту;

ауылдағы экономикалық қызметтің жаңа түрлерін, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

ауылдық жердегі әлеуметтік сала ұйымдарын кредиттер мен гранттар беру есебінен білікті кадрлармен қамтамасыз ету.



Қатерлер:

облыстағы ауыз су көздерінің тапшылығы, облыс ауылдарының орталықтандырылған сумен жабдтықтаумен аз қамтамасыз етілуі;

өңірлік даму жөніндегі бағдарламалардың тиімсіз орындалуы.
2.2.4.3. Қоршаған ортаны қорғау

Облыстың түгелдей дерлік аумағы табиғи-климаттық жағдайы бойынша қолайсыз қуаңшылық аймаққа жатады. Қоршаған ортаның компоненттеріне жағымсыз әсер ететін климаттық жағдайлардың ерекшеліктері: жоғары күн радиациясы, шаңды дауылдар, жылдық және тәуліктік температуралардың тұрақсыздығы, жауын-шашынның аз мөлшері болып табылады.

Өңір аумақтарының ландшафты антропогендік ықпалға тұрақсыз шөлден және шөлейттен тұрады, сол себепті климаттық жағдай топырақ-өсімдік жабынының қалыптасына аз ықпал етеді.

Облыстағы өнеркәсіптік өндірістің қалыптасуы және дамуы бірыңғай көмірсутегі шикізатының қорына негізделген.

Өңір бұрынғыға қарағанда айтарлықтай өзгерген және қазіргі кезде мына себептер бойынша экологиялық жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етпейді:

бәрінен бұрын химиялық өндірістегі құрамында уран бар кендерді өндіру және өңдеу кезінде, экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің уақытылы және қанағаттандырарлықсыз шешілуі;

Каспий теңізіне іргелес жатқан аудандарда мұнай мен газ кен орындарын игеру кезінде экологиялық нормалар мен ережелердің бұзылуы;

жер қорының ұтымсыз пайдаланылуы;

топырақ және өсімдіктер қорының жел және су эрозиясынан жеткіліксіз қорғалуы.

Өткен жылдардан қалған қоршаған ортаны ластаудың шешілмеген мәселелерімен бірге ластанудың жаңа түрлері де пайда болуда, экожүйенің нашарлауы жалғасуда, биотүрленудің бір мезгілде жұтаңдауынан құрлық пен теңіздің биологиялық ресурстар қоры азаюда. Егер өткен ғасырдың 80 жылдарының аяғында Маңғыстау теңіз секторында 29 мың тонна ұсақ балықтар ауланса, 2013 жылы барлығы 579 тонна балық ауланды. Каспий теңізінің проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институты болмағандықтан, республиканың теңііз биологиясы туралы ғылыми негізделген деректері жоқ.

Облыста қалыптасқан экологиялық жағдаймен бірге, сумен жабдықтаудың табиғи көздерінің болмауы себепті ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемалық мәселе болып қалуда.

Қарақия ауданының Сенек, Маңғыстау облысының Үштаған және Тұшықұдық елді мекендері, осы жерлерді ұтымды пайдаланбау (мөлшерден көп мал жаю, талдарды кесу және т.б.), құмды алаптарды су алу нәтижесінде жерасты суларының төмендеуінен пайда болған жылжымалы құмдардың басуына байланысты экологиялық қысымға ұшырауда. Кен орындарын пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар жерасты суларының пайдалану қорына қайта бағалау жүргізбейді; осылайша су алу кезінде осы аудандағы экологиялық жағымсыз салдар есепке алынбайды.

Ескі мұнай кен орындарымен бірге жаңа кен орындарын игеруге байланысты, Каспий айдыны экожүйесінің мұнаймен және мұнай қалдықтарымен ластануының алдын алу проблемасы өткір күйінде қалуда.

Қазіргі кезде суы таяз аймақтағы топырақтағы мұнай өнімдерінің мөлшері шекті ұйғарынды концентрациядан (ШҰК) 15-20 есе асып түседі. Қорықтық аймақтың ерекше мәртебесіне ие Солтүстік Каспий суының мұнай өнімдерімен ластану нормасының асып түсуі 10 есеге дейін құрайды. Фенолдың шоғырлануы нормадан жүз еседен астам асып түседі. Суда үнемі хлорорганикалық пестицидтер жүреді. Ихтиологиялық фауна ағзаларының шикі мұнаймен, ауыр металлдармен және өзге де заттармен ластануы орын алуда.

Маңғыстау облысының негізгі экологиялық проблемалары ретінде мыналар айқындалды:

уран өндіретін кәсіпорындардың, оның ішінде «Қошқар ата» қалдықтар қоймасында жинақталған радиоактивті қалдықтары, мұнда жиынтық белсенділігі 11,2 мың Кюри болатын 52 млн. тонна радиактивті қалдықтар көмілген;

көптеген елді мекендердің тазарту құрылыстарының болмауы;

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде кешенді мемлекеттік экологиялық мониторингтің болмауы;

Қарақия ауданының Сенек, Маңғыстау облысының Үштаған және Тұшықұдық елді мекендерін жылжымалы құмнан қорғау проблемалары, деградацияға ұшыраған жер учаскелерінің өсімдік жабынын қайта қалпына келтіру қажеттілігі;

үстірт арқары, қарақұйрық сияқты жануарлар, сондай-ақ сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өзге де жануар түрлері санының ондаған есе қысқаруы;

өңірдің сусыздығына байланысты көгалды алаптың аздығы;

облыс аумағындағы өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың бей-берекет тасталуы;

бұрынғы карьерлердің бұзылған жер учаскелерінің болуы.

Облыстық бюджетке түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдердің көлемі 2011 жылы – 17390,38 млн. теңгені, 2012 жылы – 4174,13 млн. теңгені, 2013 жылы – 11318,38 млн. теңгені, 2014 жылы – 2279,8 млн. теңгені құрады.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды іске асыру үшін облыстық бюджеттен 2011 жылы – 1961,1 млн. теңге немесе түскен эмиссия сомасына 112,7%, 2012 жылы – 2601,3 млн. теңге немесе 62,3%, 2013 жылы – 1989,8 млн. теңге немесе 17,6% бағытталды. Табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруға 2014 жылға 4065 млн. теңге немесе түскен эмиссия сомасына 178,3% жұмсалды

2011-2014 жылдардағы кезеңде облыстың барлық аудандары мен қалалары бойынша қоршаған ортаны қорғауға арналған ағымдағы шығындардың өсу қарқынының артқаны байқалады. Облыс бойынша – барлығы 31915,1117 млн. теңге.

Соңғы 3 жылда атмосфераға әсер ететін өнеркәсіптік кәсіпорындар санының өскені байқалады. 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы тіркелген кәсіпорындардың саны 446-дан 466-ға дейін, яғни 0,2%-ға артты.

Кәсіпорындардың көпшілігі Ақтау қаласында (163 кәсіпорые\н) және Түпқараған ауданында (66 кәсіпорын) шоғырланған – бұл – облыстың барлық кәсіпорындарының 49,1%-ын құрайды.

Маңғыстау облысы кәсіпорындарының жалпы шығаруы 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 28%-ға – 68,6 мың тоннадан 88,2 мың тоннаға дейін өсті.

Маңғыстау облысының атмосфералық ауысының ластануына облыс орталығы Ақтау қаласының (шығарулардың жалпы санының 20%-ы), Жаңаөзен қаласының (17%), Бейнеу ауданының (17%) өнеркәсіптік кәсіпорындары барынша жоғары үлес қосады.

Ластаушы заттарды тастаудың үлкен көлемі, негізінен ластаушы көздердің ауа тазарту құрылыстарымен жеткілікті дәрежеде жарақталмауына байланысты болып отыр.

«Маңғыстау облысының статистика департаменті» ММ-нің деректері бойынша 2014 жылда облыста 163,723 мың тонна өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинақталды. 2013 жылы 470,744 тонна жинақталды.

Ластаушы заттарды тастаудың үлкен көлемі, негізінен ластаушы көздердің ауа тазарту құрылыстарымен жеткілікті дәрежеде жарақталмауына байланысты болып отыр.

Облыс бойынша мұнай өндіру қалдықтарын қайта өңдеудің және жоюдың олардың пайда болуына қатынасы туралы деректер келесі кестеде келтірілген:




Мұнай өндіру қалдықтары

Қайта өңдеудің пайда болуыға үлесі

Жылдар


Пайда болуы (мың тонна)

Жойылды/қайта өңделді (мың тонна)

%

2010

365,607

153,537

42 %

2011

493,214

110,779

22,4%

2012

478,67

206,48

43,1%

2013

470,744

200,209

42,5%

2014

163,72

61,67

37,7%

Облыстың басты экологиялық проблемаларының біреуі 105 млн. тоннадан астам улы, оның ішінде 52 млн. тонна радиоактивті қалдықтар көмілген «Қошқар ата» қалдықтар қоймасы болып табылады. Сұйық фазаның кебуіне байланысты жалаң учаскелердің тозаңдануы болып, аэрозольді бөлшектер атмосфераға таралады. Орналасқан қалдықтардың жалпы ауданы 66 шаршы километрді, жалаң жағажайдың ауданы шамамен 55 шаршы километрді құрап, сұйық фаза деңгейінің төмендеу үдерісі жалғасуда.

Осыған байланысты, жасанды көлдің сұйық фаза деңгейін тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қалдықтар қоймасына жыл сайын Ақтау қаласының 6,3 млн. текше метр тазартылған шаруашылық нысап суы айдалады.

Халықтың химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Қошқар ата» қалдықтар қоймасын қалпына келтірудің 2013 жылы ТЭН-і, 2014 жылы ЖСҚ-ы әзірленді.

Облыс әкімдігі Каспий теңізінің айдынын қорғау бойынша жұмыс жүргізуде. Облыс әкімдігінің қаулысымен Каспий теңізінің барлық жағалауындағы Түрікменстаннан бастап Атырау облысының шекарасына дейінгі қашықтығы 1399,5 км су қорғау аймақтары мен жолақтары белгіленді.

Жылжымалы құмдармен күресу проблемасы Қазақстанның көптеген құрғақ өңірлері,әсіресе Қарақия ауданының Түйесу, Маңғыстау ауданының Бостанқұм және Қызылқұм құмды алаптары жататын белсенді өзгеру аудандары үшін өзекті болып табылады.

Осыған байланысты, Сенек ауылының жанындағы Түйесу және Үштаған ауылының маңындағы Бостанқұм құмды алаптарының деградацияға ұшыраған өсімдік жабынын жыл сайын 200 га бойынша қайта қалпына келтіру бойынша жұмыс жалғасуда. 2011 жылдан бастап Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылындағы жыкөгалды алқаплжымалы құмдармен күрес бойынша жұмыс басталды. Қазіргі кезде елді мекендердің айналасындағы көгалды алқаптардың ауданы 2100 гектарды құрайды.

Бірегей табиғатты сақтау, экологиялық туризмді дамыту және жабайы жануарлардың санын арттыру мақсатында, облыс әкімдігінің қаулысымен 2012-2013 жылдары облыста жалпы ауданы 613 мың га болатын жергілікті маңызы бар төрт ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылды.



Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ).

Облыс бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар шығарумен 2011-2014 жылдары ҚТҚ-ын 14 полигонға шығаратын облыстың қалалары мен аудандарының 20 кәсіпорны айналысады.

Маңғыстау облысында шығарылған қатты-тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемі 2011 жылда 150,8 мың тонна қалдықты, бұл жылына 311 кг/адамды құрайды. 2013 жылда 470,744 мың тонна қалдық шығып, 2014 жылы облыста 163,723 мың тонна өнеркәсіптік және тұрмыстық алдықтар жинақталды.

Маңғыстау облысының аудандары мен қалаларында қосымша шикізатты жинауға арналған контейнерлер жоқ.

Ақтау қаласында ҚТҚ-ды жинау және шығару бойынша қызметтерді көрсетумен «Каспий Оперейтинг» ЖШС айналысады, оның үлесіне 2013 жылы қызмет көрсетілетін барлық аумақтың 85%-ы келеді. Осы кәсіпорын қаланың барлық шағын аудандарындағы халықтан жиналатын ҚТҚ-ды жинау мен шығаруға жауап береді және 2000 жеке тұлғаның және 1525 заңды тұлғаның, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің ҚТҚ-ын шығару бойынша қызметтер көрсетеді. ҚТҚ шығарудың ай сайынғы орташа мөлшері 2013 жылы 8 450 текше метрді құрады.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін көлемі 0,753 болатын темір контейнерлер қолданылады (пластмасса контейнерлер өте аз кездеседі), олар тұратын тұрғындар санына байланысты және тәулігіне жиналатын болжамды қалдықты есепке ала отырып, шағын аудандардағы әрбір тұрғын үйдің немесе блоктың жанына қойылған. Ақтау қаласы бойынша контейнерлердің жалпы саны 1890 бірлікті құрайды және әртүрлі іс-шаралар өткізген жағдайда запаста 30 контейнер бар. Маңғыстау облысы бойынша ҚТҚ жинайтын 1820 орын бар.

Қалдықтар жинайтын автокөліктің көп бөлігін сыйымдылығы 8-113 болатын қоқыс тасымалдайтын көліктер құрайды. Қолда бар қоқыс тасымалдайтын көліктердің қызмет ету мерзімі орташа – 5-6 жыл.

Жер-топырақ ресурстарының жағдайын және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында, Ақтау қаласында, Бейнеу, Шетпе, Құрық, Жетібай және Баянды ауылдарында ҚТҚ полигондары салынды. Жаңаөзен қаласындағы қатты-тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, жою және көму зауыты 2014 жылы пайдалануға берілді. Еуропа қайта құру және даму банкімен бірге Ақтау қаласында қоқысты қайта өңдейтін зауыт салу мәселесі пысықталуда. 2014 жылдың өзінде 7 ауылдық елді мекен үшін ҚТҚ полигоннын салуға ЖСҚ және 3 елді мекен үшін ЖСҚ әзірленді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет