БАҒдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұны 2 Өңірдің әлеуметтік саласын талдау 46


Денсаулық сақтауға арналған шығыстар



бет5/17
Дата01.02.2018
өлшемі3,34 Mb.
#37334
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар.

Тұтастай алғанда, 2012-2015 жылдарда облыстың денсаулық сақтауының бюджетінің 2012 жылғы 16393,7 млн. теңгеден 2015 жылы 18173,9 млн. теңгеге дейін өсу беталысы байқалады.

Халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында, 2012-2015 жылдары «350 дәрігерлік амбулатория фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана» бағдарламасы бойынша ауысымына 250 келушіге арналған 2 емхана, 18 дәрігерлік амбулатория (бұдан әрі – ДА) және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) салынып, пайдалануға берілді. Бұдан басқа, 1 ДА жер қойнауын пайдаланушылар қаражатының есебінен пайдалануға берілді.

Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогы мен Жаңаөзен қаласындағы 100 төсек-орындық перзентхана 2014 жылы пайдалануға берілді. Облыстың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылды.

Облыстың медициналық жедел жәрдем қызметі мен Маңғыстау облыстық ауруханасының санитарлық авиация бөлімшесі және Облыстық перинаталды орталық 2013 жылы 22 реаномобильмен және 15 бірлік санитарлық автокөлікпен жарақталды.

Жаңаөзен қалалық балалар емханасы үшін 2014 жылы Симуляциялық орталық ашуға рентген кешенінің жабдығы сатып алынды. Жас мамандарды тарту мақсатымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау облыстық ауруханасының шақырылған мамандарына 6 пәтер, Облыстық онкологиялық диспансердің шақырылған мамандарына 2 пәтер сатып алынды.

№1 Ақтау қалалық емханасы мен Жаңаөзен қалалық балалар емханасында сурдологиялық кабинеттер ашылды. Облыстық балалар ауруханасы үшін компютерлік томограф сатып алынды.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2015 жылы – 1,8 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 0,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,2 млрд. теңге көздестірілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджеттен 117,9 млн. теңге бөлінді.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы басталды. Жергілікті бюджет қаражатының есебінен 7 дәрігерлік амбулаторія пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала туудың, табиғи өсімнің артуы, жалпы өлім-жітімнің төмендеуі;

медициналық ұйымдар желісінің, оның ішінде жаңа объектілер салу есебінен кеңеюі;

әлеуметтік маңызды аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендеуі;

халықтың орта медициналық қызметкерлер құрамымен жеткілікті қамтамасыз етілу, облыста медициналық колледжердің болуы;

ауыл мектептерінің түлектерінің республиканың медициналық ЖОО-да оқуына әкім гранттарының берілуі;

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының іске асырылуы (көтерме жәрдемақылар, тұрғын үйге кредиттер беру).

Әлсіз тұстары:

дәрігер кадрлардың, арнаулы мамандардың, дәлірек айтқанда ауылда тапшылығы;

халық санының жылдам өсуіне байланысты, Ақтау қаласындағы БМСК ұйымдарының құрылыммен жеткілісіз қамтамасыз етілуі;

денсаулық сақтаудың жекеменшік секторы дамуының жеткіліксіз деңгейі (бәсекеге қабілетсіздік).



Қатерлер:

жас мамандарды тарту және орнықтыру үшін тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету проблемасы, стимулдардың жетіспеушілігі;

мұнай-газ және өзге де жоғары ақы төленетін салалармен салыстырғанда мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы жалақының біршама төмен деңгейі, білікті кадрлардың жекеменшік құрылымдарға кетуі;

өмір сүруге экологиялық қолайсыз аумақтардың бар болуы, ауыз судың жетіспеушілігі, қатаң континенталды климат.



Мүмкіндіктер:

елдің медициналық ЖОО-мен түлектерді тарту жөніндегі шарттарды белсенді жасасу;

аса тапшы мамандарды Қазақстан Республикасының өзге өңірлерінен тарту;

денсаулық сақтау объектілерін салуды бюджеттік және жеке қаржыландуры көлемін, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі пайдалану арқылы ұлғайту;

жұмыс істеп жатқан медициналық кадрларды қалдыру бойынша шаралар қабылдау, жас мамандарды, оның ішінде шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерге тарту (тұрғын үй, әлеуметтік пакеттер ұсыну, ведомстволық жатақханаларда орындар бөлу).
2.2.2.4. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау.
Жұмыспен қамту және халықтың табысы.

Облыстың экономикалық белсенді халқының саны 2014 жылы 271,7 мың адамға дейін немесе 17,2%-ға өсті (2012 жылы – 261,8 мың адам, 2013 жылы – 274,2 мың адам). Төмендеу статистикалық әдістеменің өзгеруіне байланысты (2014 жылғы қаңтардан бастап халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеме зерттеу деректері бойынша).

Экономикалық белсенді емес халықтың саны 2012 жылғы 106,8 мың адамнан 2014 жылы 137,8 мың адамға дейін немесе 28,9%-ға өсті (2012 жылы – 106,8 мың адам, 2013 жылы – 117,2 мың адам).

Экономикалық белсенді емес халықтың негізгі үлесін күндізгі оқу нысанында оқитындар (34%), зейнеткерлер (25,6%), үй шаруасындағылар (22,6%), денсаулығына қатысты еңбекке жарамсыздар (мүгедектер немесе жұмысқа қабілетсіз адамдар) (4,3%) құрайды.

Экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 2014 жылы 248,8 мың адамды құрады (2012 жылы – 256,3 мың адам, 2013 жылы – 259,1 мың адам). Облыста экономикалық белсенді халыққа қарағанда жұмыспен қамту деңгейі біршама жоғары – 92%.

Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі өнеркәсіпте (35%), дәлірек айтқанда кен өндіру өнеркәсібі кіші секторында (22,6%) шоғырланған. Экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында құрылыста – 6,0%-ы, көлік және қоймалауда – 8,1%-ы, ауыл шаруашылығында барлығы – 1,3%-ы жұмыспен қамтылған.

Бұдан басқа, жұмыспен қамтылған халықтың 24,1%-ы бюджеттік (мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау), сондай-ақ ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылықтары сияқты табысы төмен салаларда жұмыс істейді.

Облыста өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қатарында өнімді жұмыспен қамтылғандардың жоғары үлесі байқалады. Мәселен, осы үлес 2014 жылы 17,6% құрады (21 мың адамның барлығының ішінде 15,0 мың адам). Тиісінше, өнімсіз жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі азаюда.

Тұтастай алғанда, 2014 жылы облыста өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық үлесінің төменгі деңгейі байқалады (8,4%) (2012 жылы – 7,3%, 2013 жылы – 7,0%), бұл – орташа республикалық көрсеткіштен айтарлықтай төмен (28,2%). Бұл халықтың, оның ішінде ауылдық жердегі айтарлықтай бөлігінің жалақы деңгейі мейлінше жоғары және тартымды мұнай-газ өнеркәсібі мен ілеспе өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғанына байланысты (вахталық әдіспен жұмыс істейді).

Облыстағы орташа айлық жалақы 2012 жылғы 157,4 мың теңгеден 2014 жылы 221,7 мың теңгеге дейін немесе 40,8%-ға есе өсті (2012 жылы – 158,4 мың теңге, 2013 жылы – 183,0 мың теңге) және республика өңірлері арасында ең жоғарылардың бірі болып табылады (орташа республикалық деңгейден 1,7 есе асып түседі).

Сонымен бірге, жалақы деңгейі экономика секторларының кесінінде әр түрлі болып келеді. Ең жоғары деңгей өнеркәсіпте, кен өндіру өнеркәсібінде (542614 теңге) (орташа облыстық деңгейден 145%-ға жоғары), көлікте, қоймалауда және құрылыста - 397 045 теңге (орташа облыстық деңгейден 79%-ға жоғары) байқалады. Жалақының төменгі деңгейі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, білім беру, ауыл шаруашылығы, аң шаруашылығы мен орман өсіру (облыстағы орташа деңгейдің 34-58%-ы) секторларында сақталуда.

Халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын белсенді іске асыру жүргізілуде. Инфрақұрылымдық және индустриялывқ жобаларды іске асыруды есепке ала отырып, облыста 2012 жылы – 25540, 2013 жылы – 23403, 2014 жылы – 24306 жұмыс орны құрылды.

Нәтижесінде, тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 2012 жылғы 5,7%-дан 2013 жылы – 5,5%-ға және 2014 жылы 5,0%-ға дейін төмендеді (орташа республикалық деңгей – 5,0%).

2014 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысында «жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдардың санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі» көрсеткішіне қол жеткізілмегені анықталды – жоспар 70,8% болғанда, нақтысы 56,9% құрады. Негізгі себеп – жұмыспен қамту органдары ұсынатын бос жұмыс орындары санының төмендеуі, жұмыссыздар біліктілігінің қойылатын талаптарға сәйкессіздігі, жалақысы төмен жұмысқа орналасуды қаламау.

Осы себептер «Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі» көрсеткішіне қол жеткізбеуге әсер етіп, жоспар 7,3% болғанда нақтысы 8,4% құрады.

Облыс халқын жұмыспен қамтуды көтеру мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасының аясында, оның ішінде жұмыссыздарды мұнайға жатпайтын саланың мамандықтарына қайта бейімдеу, өңірдің перспективалы өсу нүктелеріндегі (Ақтау қаласы, Құрық ауылы, Форт-Шевченко қаласы) жаңа инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларға жұмысқа орналастыру арқылы еңбек ресурстарын одан әрі көшіру бойынша бірқатар шаралар қабылдануда.

Индустрияландыру картасының аясында екінші бесжылдықта жаңадан 6,2 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 21-ден аса жобаны, оның ішінде 2015 жылы 715 жұмыс орнын құрумен 12 жобаны іске асыру жоспарланған.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында шамамен 4,2 мың жұмыс орны құрылған 14 жобаны іске асыру жүргізілуде.



Халықты жұмыспен қамту және олардың табысы бойынша SWOT-талдау:

Тұтастай алғанда, облыстағы ашық еңбек рыногындағы жағдай экономикалық белсенді халық санының өсуіне, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне байланысты оң беталыстағы сипатқа ие. Бұған өңір экономикасын әртараптандыру бағдарламасын, индустриялық және инновациялық жобаларды іске асыру, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру ықпал етті.



Мықты тұстары:

халықты жұмыспен қамтуға, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында жәрдемдесудің белсенді шараларын пайдалану;

жаңа өндірістер ашу, өзін-өзі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай құралдарын белсенді пайдалану;

жұмыссыз халықты кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын жетілдіру;

облыста шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың арнайы бағдарламаларын іске асыру;

еңбек рыногының дамуына қосымша серпін беретін жоғары экономикалық әлеует, өңірдің тиімді орналасуы.



Әлсіз тұстары:

кәсіпорындардағы персоналдың жұмыстан босауы;

көлеңкелі жұмыспен қамтудың бар болуы;

кәсіптік даярлаудың еңбек рыногының сұраныстарына сай келмеуі;

кейбір кәсіптік топтар бойынша еңбек ресурстарының едәуiр көптiгi;

еңбек ресурстарының жеткілісіз біліктілігі;

жұмыс күшінің төмен жұмылдыруы;

еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз жұмыссыз азаматтар санатының айтарлықтай үлес салмағы;

экономиканың біліктілігі жоғары кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.

Қатерлер:

өндірістерді жаңғырту нәтижесінде қызметкерлердің жұмыстан босауы және жұмыс орындарының қысқаруы;

халықтың бәсекеге қабілетсіз топтарын жұмыспен қамту үшін мүмкіндіктердің азаюы;

жалақы төлеу бойынша ықтимал кешіктірулер.



Мүмкіндіктер:

экономикалық өсу қарқынын сақтаудың қолайлы перспективалары, кірістер мен жұмыспен қамтудың көтерілуі, еңбек рыногындағы әлеуметтік әріптестіктің дамуы;

жұмыс берушілер жауапкершілігінің деңгейін көтеру және әлеуметтік жауапкершілік өлшемдеріне сай келетін ұйымдар санын арттыру;

тартылатын білікті шетелдік жұмыс күшінің үлесін төмендету;

қосымша жұмыс орындарын, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды оқыту бағдарламаларын іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамту өнімділігін қамтамасыз ету;

халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын қолдану;

өз ісін ұйымдастыруы үшін шағын кредиттер беру арқылы жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.

Халықты әлеуметтік қорғау.

Табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен (салыстырмалы кедейлік деңгейі) халықтың үлесі 2012 жылы Қазақстан Республикасы бойынша орташа 3,8% болғанда, 3,3% құрады.

Халықтың әл-ауқатын көтеру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыру бойынша алынған шаралар нәтижесінде соңғы жылдары табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен халықтың үлесін 2013 жылы 2,6%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік болды (Қазақстан Республикасы бойынша – 2,9%).

Алайда, 2014 жылы облыс бойынша осы көрсеткіштің қайтадан 3%-ға өсуі байқалады (ҚР бойынша – 2,8%). Тиімділікті бағалау қорытындысында осы нысыналы индикаторға қол жеткізе алмау көрсетілген (жоспары – 2,5%).

Негізгі себеп өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін негізгі өткізу рыноктарынан алыс болуына, ауыр климаттық жағдайларға және судың жетіспеушілігіне байланысты ең төменгі күнкөріс мөлшерінің жоғары деңгейі болып табылады.

Бұдан басқа, себептердің бірі теңгенің құнсыздануы, инфляцияның өсуі болып табылады.

Халықтың кедейшілігін,әсіресе ауылдық жерде төмендету мақсатында, аз қамтылған отбасылардың мүшелерін жұмысқа орналастыру, әлеуметтік көмек төлеу, ауыл халқын кредиттеу және микрокредиттеу арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттыруға, азаматтардың табыстарын ұлғайтуға айырықша назар аударылуда.

Заңнамамен көздестірілген әлеуметтік төлемдерден басқа, жергілікті бюджет қаражаты мен бюджеттен тыс қаражат көздерінің есебінен аз қамтылған азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Статистикалық деректер бойынша, облыстағы халықтың орташа айлық атаулы табысы елдегі ең жоғарылардың бірі болып қалуда. 2012 жылыа – 72271, 2013 жылда – 84733 тенге, 2014 жылы – 106757 теңге, бұл – орташа республикалық деңгейден 1,7 есе асып түседі.

Бұл ретте, ауылдық тұрғындардың негізгі бөлігін жалақы құрайтын атаулы ақшалай табысы қала тұрғындарының табысына қарағанда 2-3 есе төмен.

Халықтың кедейшілігін, әсіресе ауылдық жерде төмендету мақсатында, аз қамтылған отбасылардың мүшелерін жұмысқа орналастыру, әлеуметтік көмек төлеу, ауыл халқын кредиттеу және микрокредиттеу арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттыруға, азаматтардың табыстарын ұлғайтуға айырықша назар аударылуда.

Заңнамамен көздестірілген әлеуметтік төлемдерден басқа, жергілікті бюджет қаражаты мен өзге де қаражат көздерінің есебінен аз қамтылған азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Тұтастай алғанда, 2012-2014 жылдарда аз қамтылған отбасылар санының біртіндеп төмендеп келе жатқаны байқалады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2012 жылғы 7890 адамнан 2014 жылы 4239 адамға дейін немесе 1,8 есе азайды (2012 жылы – 7890 адам, 2013 жылы – 3407 адам).

Ең төменгі күнкөріс мөлшерінің өсуіне байланысты, 2012 жылы – 1916,8 теңгені, 2013 жылы – 2117,9 теңгені, 2014 жылы – 2342 теңгені құраған атаулы әлеуметік көмектің орташа айлық мөлшері азайды.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар саны 2012 жылғы 4789 адамнан 2014 жылы 4266 адамға дейін немесе 11%-ға төмендегені байқалады (2012 жылы – 4789 адам, 2013 жылы – 4264 адам).

18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының орташа айлық мөлшері ұлғаюда, ол 2012 жылы – 830,0 теңгені, 2013 жылы – 869,4 теңгені, 2014 жылы – 931 теңгені құрады.

2012-2014 жылдарда 23009 аз қамтылған тұрғынға (2012 жылы – 7890, 2013 жылы – 3407, 2014 жылы – 4239) 598,7 млн. теңге жалпы сомасында атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ 18 жасқа толмаған 18165 балаға 184,0 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 29881 азаматқа 525,8 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

2015 жылдың 8 айында 3307 аз қамтылған тұрғынға 79,7 млн. теңге жалпы сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 3723 балаға 35,3 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 1098 азаматқа 33,5 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

Облыс бойынша 628 орындық 4 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. 40 орындық Тұрғылықты жері белгісіз адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы, 1388-ден астам қартайған жалғызілікті азаматтарға, мүгедектерге және мүгедектердің балаларына үйде қызмет көрсететін әлеуметтік көмек бөлімі.

Мүгедектер протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифло құралдарымен, техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдармен және арнайы қозғалту құралдарымен қамтамасыз етіліп, санаториялық-курорттық сауықтырумен қамтылған.



Халықты әлеуметтік қорғау бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

аз қамтылған азаматтар санының немесе МАӘК алушылар санының 1,8 есе төмендеуі және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар санының 1,2 есе төмендеуі;

халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктерді кеңейту.

Әлсіз тұстары:

табысы кедейлік шегінен және ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен адамдар санының облысқа көрші өңірлерден келушілердің есебінен толығуы;

өнімсіз жұмыспен қамтудың сақталуы;

еңбекақының жеткіліксіз деңгейі;

табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен және кедейлік шегінен төмен отбасылар санының өсуі.

Қатерлер:

аз қамтылған отбасылардың жеткіліксіз белсенділігі және арқа сүйеуге бейімдігі. масылдыққа бейімделуі.



Мүмкіндіктер:

халықтың нақты табысының өсуі;

үкіметтік емес ұйымдар қызметін жандандыру;

жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын қолдану



2.2.2.5. Мәдениет және тілдерді дамыту
Мәдениет. Облыста 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 118 мәдениет мекемесі жұмыс істейді (2012 жылы – 115 бірлік).

Облыстың мәдениет саласының жұмыс істеуіне 2012-2014 жылдарда бөлінген қаражаттың көлемі 5,6 млрд. теңгені құрайды.

2012 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғандағы кезеңде мәдениет мекемелерінің саны 4 бірлікке артты. Жаңаөзен қаласының Қызылсай және Теңге ауылдарында 300 орындық 2 мәдениет үйі, Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында мемориалдық мұражай және Бейнеу ауданының Тәжен ауылында кітапхана ашылды.

Түпқараған ауданының Таушық ауылында, Маңғыстау ауданының Шебір ауылында, Қарақия ауданының Аққұдық ауылында бұрыннан бар клубтық мекемелердің орнына 3 жаңа ғимарат салынды.

2012-2014 жылдарда облыстың Маңғыстау және Түпқараған аудандарында 8 тарихи-мәдени ескерткіш бойынша жұмыстар орындалды. Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия аудандарында тәрихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру, қайта жаңғырту және сақтау бойынша 13 тарихи-мәдени ескерткішке ЖСҚ әзірленді.

2015 жылдың басында өңірде 6 мұражай жұмыс істеп тұр (Ақтау қаласында, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған аудандарында).

Жұмыс істеп тұрған 6 мұражай бойынща келушілер саны 2014 жылы 54,0 мың адамды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда артуы 6,5 мың адамды құрады. Мұражай қоры 2012 жылмен салыстырғанда 1,0 мың бірлікке артып, 2014 жылы 73,0 мың бірлікті құрады.

Сонымен бірге, халық саны тиісінше 34,4 мың және 128,8 мың адам болатын Қарақия және Мұнайлы аудандарының аудандық орталықтарында мұражайлар жоқ.

Облыстағы клубтар саны 2012-2014 жылдардағы кезеңде 39 бірлікке дейін артып, клубтық құрамалар 2013 жылмен салыстырғанда 37 бірлікке кеңейді және 2014 жылы 336 бірлікті құрады. Ал 2015 жылмене салыстырғанда 49 бірлікке артты. Бұл ретте, халық 10 мың адам болатын және одан асатын 9 елді мекенде (Мұнайлы ауданының Атамекен, Бапсқұдық, Дәулет, Маңғыстау, Батыр ауылдары, Қарақия ауданының Құланды ауылы, Түпқараған ауданының Сайын, Баутин ауылдары, Жаңаөзен қаласының Рахат ауылы) клубтар жоқ.

Облыстағы кітапханалар саны 2012-2014 жылдардағы кезеңде 66 бірлікке артты.

Облыста 2 театр, Жантөрин атындағы музыкалық-дарама тератыры мен Ақтау қаласындағы облыстық қуыршақтар театры жұмыс істейді.

2014 жылы 54,6 мың көрерменге қызмет көрсетілді, бұл – 2012 жылға қарағанда 3,4 мың көрерменге артық. 1000 адамға шаққанда театрларға келушілердің орташа саны 2014 жылы 89 келуші құрады, бұл 2013 жылға қарағанда 5,9%-ға артық.

Ауылдық жерде, әсіресе 2007 жылы жаңадан құрылған, облыстың ауыл халқының 40,6%-ы тұратын Мұнайлы ауданында тұрғындардың мәдениет объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету проблемасы өткір күйінде қалуда. Бейнеу ауданындағы барлық елді мекендерде кітапханалар мен клубтық мекемелер бар болса, халық саны бойынша аудандардың барлығынан үлкен болып табылатын Мұнайлы ауданында, аудан орталығында (Маңғыстау ауылында) Мәдениет үйі, сондай-ақ белсенді дамып жатқан ауылдарда (Атамекен, Басқұдық, Дәулет) клубтық мекеме де, кітапхана да жоқ.

Бұдан басқа, бүгінге көбінесе бейімделген орынжайларға орналастырылып, залдары кіші болғандықтан қайтадан салынуға қажетті мәдениет объектілері жұмыс істеп тұр. Мысалға, Облыстық әмбебап кітапхананың үлгілік мамандандырылған ғимараты жоқ, ол бейімделген орынжайда, бұрынғы балабқшаның ғимаратында орналасқан.

Мәдени саланың жеткілікті дамымауы, материалдық-техникалық базасының деңгейінің төмендігінде, мәдени кәсіпорындар және мекемелеріндегі мамандардың тапшылығында байқалады (музыкалық аспаптардың, дыбыстық және жарық беру жабдықтарының, сахналық костюмдердің, қалпына келтіруші, каталог құрастырушы және бағдарлама жасаушы сияқты тар шеңберлі мамандықтардың жетіспеуі); мәдениет объектілерінің төмен деңгейде ақпараттандыруы (жылжымалы мәдениет мекемелерінің тапшылығы, ауыл кітапханаларының Интернет желісіне қосылмауы); материалдық-техникалық базасын нығайтуға және күрделі және ағымдағы жөндеу жасауға бюджеттен бөлінетін қаржыландырудың жеткіліксіздігі. 2014 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысында «1000 адамға шаққандағы кітапханаға келушілердің орташа саны» көрсеткішіне 2014 жылда қол жеткізілмеді: жоспар – 153, нақтысы – 146. Негізгі себеп – Ақтау қаласындағы қалалық кітапханаға күрделі жөндеу жүргізілуі. Сондай-ақ, облысқа оралмандар мен республиканың басқа өңірлері тұрғындарының келуі есебінен облыс халқы санының күрт өсуі. Облыс халық санының өсу қарқыны бойынша Астана қаласынан кейінгі екінші орынды алады.

Ағымдағы жылы Мұнайлы ауданында 2016 жылы аяқталатын кітапханалары бар клубтар салуға ЖСҚ әзірленді, бұл – кітапханалар пайдаланушылардың өсуіне әсер етеді.



Мәдениет бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

мәдениет саласындағы қызметтерге сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі байқалады;

облыстың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, дамыту және сақтап қалу жұмыстары бір жүйеге келтірілді.

Әлсіз тұстары:

мәдениет мекемелерi желiсiнiң дамуындағы үйлесiмдiлiктiң болмауына негiзделген облыс тұрғындарының мәдениет ұйымдары көрсететiн қызметтерге қолжетiмдiлiгiнiң теңсiздiгi ;

ауылдық мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасы деңгейінің әлсіздігі, мамандандырылған кадрлардың, әсіресе ауылдық жерде жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктер:

облыстың тарихи-мәдени мұрасын сақтап, дамыту;

салада тұрғындарға жаңа қазіргі заманға сай қызмет көрсету нысандарын енгізу.

Қатерлер:

тарихи-мәдени мұра объектiлерiне табиғи-климаттық жағдайдың терiс әсер етуi.


Тілдерді дамыту. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы №307 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарындағы іс жүргізуді мемлекеттік тілге ауыстыру туралы» қаулысына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2004 жылғы 30 қаңтардағы №3/39 «Маңғыстау облысындағы іс жүргізуді мемлекеттік тілге ауыстыру туралы» шешіміне сәйкес, облыстағы іс жүргізу 2004 жылдан бастап мемлекеттік тілге ауыстырылды.

Елді мекендердегі көрнекі ақпарат пен жарнамаларды Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының талаптарына сәйкестікке келтіру бойынша іс-шаралар қабылданды.

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №37 қаулысымен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Маңғыстау облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес 2014 жылы тілдерді дамытудың өзекті мәселелері, ҮЕҰ-ды тарту арқылы тіл ортасын, қазақ терминологиясын құру және ономастика мәселелері бойынша бірқатар ғылыми-теориялық семинар-кеңестер өткізілді.

Облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне ай сайын мониторинг жүргізілуде. Облыстық мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы үлес салмақ 2012 жылы – 97%, 2013 жылы – 98% құрап, 2014 жылы – 100%-ды құрады.

Облыстың мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету аясында, 3000-нан астам оқу-әдістемілік әдебиет кітаптары таратылды. Республикалық конкурстардың қатысушыларын дайындауда жан-жақты көмек көрсетілуде.

«Өңірлік тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» МКҚК-да мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау тек мелекеттік тілде жүргізледі. Облыста мемлекеттік тілген оқытатын 20 жекменшік орталықпен өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда. Облыстың 20 ұлттық-мәдени орталығында 3 жексенбілік мектеп жұмыс істейді (дағыстандық, армян,татар). Жексенбілік мектептермен шамамен 60 тыңдаушы қамтылған, олар өз ұлттарының тілдерін, мемлекеттік тілді, тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін оқып, зерттейді. Биыл жексенбілік мектеп арқылы өзге тілдің 180 адамына мемлекеттік тілді оқыту бойынша курстар ұйымдастырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет