Жеңіл өнеркәсіп.
Өнім өндірудің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі болмашы ғана. Өңірде салада тұтынылатын тиісті шикізат жоқ. Оны өңірден тыс жерден әкелу шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетсіздігіне әкеледі. Өнім ішкі рыногқа жеткізіледі.
Облыстың жеңіл өнеркәсібі арнайы қорғауыш аяқ киім, күштік құрылымдар, мұнай-газ саласының кәсіпорындары үшін арнайы қорғауыш киім шығаратын «Жамал-ай» АҚ және «Жанарыс» ЖШС сияқты орта кәсіпорындардан тұрады.
Өндірісті қолдау мақсатында екі кәсіпорын да өз өнімін шығаруды мұнай-газ секторына қайта қайта бейімдеді, сондықтан халық тұтынатын өнім өндіру үлесі мен оның номенклатурасының көлемі аз ғана.
Сондай-ақ, «Жамал-ай» АҚ кәсіпорны аяқ-киім өндірумен айналысады. 2006 жылы фабрика аяқ-киім өндірісі үшін табанның тікелей көтерілуі бойынша жаңа желіні сатып алу және құрастыру жұмыстары туралы ҚХР өндірушілерімен келісімшартқа қол қойды. Бұл жабдық аяқ-киімді жасау бойынша ең жаңа технология болып табылады. Жаңа желі үшін жабдық орнатылып, өндіріс жүзеге асырылуда.
Кәсіпорын 2007 жылы Түркиядан әкелінген шикізат пен материалдардан жасалған 10 түрдегі әйелдер мен ерлер мокасиндерінің өндірісін енгізді.
«Жамал-ай» АҚ тігін өнеркәсібі кәсіпорнында компьютермен басқарылатын келесі жоғары технологиялық жабдықтар бар: Германияда жасалған F8 XXX fortron модельдегі кесте тігу автоматы, PLT 1250 модельдегі үтіктейтін пресс (Италия), PG 22-135 модельдегі табан құюға арналған машина (Италия), 4PR9 модельдегі аяқ-киімнің үш бөлігін тартып байлауға арнаған машина (Италия), CERIM модельдегі аяқ-киімнің өкше бөлігін тартып байлауға арнаған машина (Италия), IIS 520/2 модельдегі материалдар мен былғарыны бөлшектеп кесуге арналған пресс (Италия), PFFAF модельдегі жиек шетін кесетін, қайрайтын тігін машинасы (Германия), Juki бес жіпті оверлок тігін машинасы (Жапония).
Кәсіпорында 2012-2013 жылдары бекітудің құю тәсілімен офицерлердің қонышсыз бәтеңкесін даярлаудың жаңа технологиясы енгізілді (машинаны жинақтау Қытайда жүзеге асырылады, ақы төлеу – лизинг арқылы бөліктеп төлеу), 2014 жылы жеткізу және аяқтау жоспарлануда. Баламалы резеңке ұлтанды аяқ киім (аязға төзімді, ыстыққа төзімді, майға-бензинге төзімді, қышқылға төзімді, антистатикалық) өндірісі игеріліп, дайындама учаскесін кеңейту, тігін жабдығын сатып алу 30%-ға жүзеге асырылды.
Жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіру көлемі 2014 жылы – 2,535 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 94,9% құрады (2013 жылы – 93,4%, 2012 жылы – 126,3%, 2011 жылы – 83,8%).
Жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіру көлемі 2015 жылдың 8 айында – 1,28 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 75,3% құрады. Төмендеу, киім өндірісінің 29,9%-ға төмендеуімен байланысты болды. Сондай-ақ, өңірдің жеңіл өнеркәсібінің кәсіпорындары негізінен мұнай-газ саласының тапсырыстарын орындауға бағдарланған, есепті кезеңде дағдарысты жағдайларға байланысты аталған саланың кәсіпорындарының тарапынан тапсырыстар көлемі азайды.
Химия өнеркәсібі.
Химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 2014 жылы 15,04 млрд. теңгені немесе 2013 жылдың деңгейіне 154% құрды (2013 жылы – 15,7 млрд. теңге, 2012 жылы – 13,1 млрд. теңге, 2011 жылы – 15,1 млрд. теңге). Минералды тыңайтқыштарды экспорттау көлемі 26 млн. АҚШ доллары сомасына 109,9 мың тоннаны құрады (2013 жылы – 37,4 мың тонна, 2012 жылы – 18,0 мың тонна, 2011 жылы – 72,4 мың тонна).
Химия өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 2015 жылдың 8 айында 9,74 млрд. теңгені, НКИ – 106,2% құрады. Саланың негізгі кәсіпорны – «ҚазАзот» ЖШС.
Химия өнеркәсібінің өнімдерін шығару азотты минералды тыңайтқыштар өндіретін «ҚазАзот» ЖШС кәсіпорнынан тұрады. Тауарды өткізу рыногы – 80% ішкі рынок (ҚР ауыл шаруашылғы тауарларын өндірушілері, өнеркәсіптік кәсіпорындар), 20% экспортқа (ЕО, ТМД, Азия елдері) шығарылады.
«ҚазАзот» ЖШС 2012 жылы ҮИИДМБ аясында сұйық аммиак, әлсіз азот қышқылы және аммиак селитрасы өндірістерінде қайта құру және жаңарту жұмыстарын аяқтады. Кәсіпорынның басты мақсаты – табиғи және сапалық ескірген деп есептелген бірқатар жабдықты ауыстырғаннан кейін жобалық қуаттылыққа шығу және амииак селитрасы өндірісін жаңғырту.
ҮИИДМБ-ны жүзеге асыра отырып, кәсіпорын ескірген жабдықты мейлінше өнімді, энергияның жұмсалуы мейлінше төмен, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология талаптарына сай келетін жабдыққа ауыстырумен байланысты бірқатар іс-шаралар өткізді.
Реконструкциялау мен жаңғырту нәтижесінде сұйық аммиак өндірісі – тәулігіне 400 тоннаның орнына 600 тоннаға, аммиакты селитра өндірісі – тәулігіне 700 тоннаның орнына 1000 тоннаға жеткізіліп, өнімнің өзіндік құны 25%-ға төмендеді.
Өндірісті қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шараны орындау кезінде Данияның, Германияның, Чехияның және Ресейдің химиялық машина жасау өнеркәсібінің әлемдік лидерлері шақырылды.
Сондай-ақ, әлемдік тәжірибеде алғаш рет жылдамдықты гранулятор барабандарында аммиак селитрасын грануляциялаудың технологиялық желісі енгізілді.
Мұнай химиясы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Жарлығына сәйкес, жобалық қуаттылығы 420 мың жол битумы болатын Ақтау пластикалық массалар зауытының негізінде жол битумдерінің өндірісін салу жобасы 2013 жылғы желтоқсанда іске асырылды.
Жоба мақсаты – ауыр Қаражанбас мұнайын терең қайта өңдеу және Қазақстанның климаттық жағдайларына сәйкес келетін жол битумын өндіру.
«Кazakhstan Petrochemiсal Industries» АҚ «CITIC Group» қытай бірлестігімен (Бас мердігер) бірге, Жобаны басқару және іске асыру мақсатында 2009 жылдың қазан айында бірлескен кәсіпорын – «CASPI BITUM» БК ЖШС-ін (50% CITIC, 50% «KPI» АҚ) құрды.
Қаражанбас мұнайын қайта өңдеудің жоспарланатын көлемі жылына 1 млн. тоннаны құрайды. Мемлекет басшысының қатысуымен 2013 жылғы 20 желтоқсанда Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларының таныстырылымына арналған телекөпір болып өтті. Оның аясында ел экономикасының дамуында ерекше маңызы бар объектілер пайдалануға берілді. 20 желтоқсанда пайдалануға берілген жобалардың қатарында «Ақтау пластикалық массалар зауытындағы жол битумдарының өндірісі» (Ақтау битум зауыты) де бар. Зауыт жыл сайын шамамен 400 мың тонна тотыққан және 120 мың тонна түрлендірілген жол битумдарын шығармақ.
Ақтау битум зауытында жол битумын екі түрлі – Биг-беги (1000 кг.) және пластикалық капшықтарға (40 кг.) бір жолғы көліктік тараға өлшеп орау жөніндегі инновациялық технология алғаш рет көздестірілді. Өлшеніп оралған салқын битумды қолдану материалдың бастапқы физикалық-химиялық көрсеткіштерін сақтауға, әрі үлкен көлемдегі битум қоймаларында битумды еріген күйде сақтауға арналған шығыстарды қысқарту есебінен асфальт-бетон зауыттарында үнемдеуге мүмкіндік береді.
Өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру көлемінің үлесі 2014 жылдың қорытындысында – 19,7%, өндіру көлемі – 20,8 млрд. теңгені (2013 жылы – 10,7 млрд. теңге, 2012 жылы – 6,2 млрд. теңге, 2011 жылы 5,3 млрд. теңге), НКИ – 146,6% (2013 жылы – 146,6%, 2012 жылы – 104%, 2011 жылы – 99,9%) құрады. 2015 жылдың 8 айындағы үлес – 14,7%, өндіру көлемі – 8,08 млрд. теңге, НКИ – 93,4%.
Фармацевтика өнеркәсібі.
Бүгінге өңірдің фармацевтика өнеркәсібі халық үшін рецепттер бойынша және облыс ауруханалары үшін облыстық ауруханааралық дәріхананың дәрілік заттарын өндіруден тұрады. Шикізат қазақстандық жеткізушілерден алынады.
Осы өндіріс 2014 жылы 193,3 млн. теңге (2013 жылы – 115,2 млн. теңге, 2012 жылы – 161 млн. теңге, 2011 жылы 84 млн. теңге), 2015 жылдың 8 айында 57,1 млн. теңге сомасына фармацевтикалық препараттар шығарып, НКИ 103,7% құрады..
Саланы дамыту аясында «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында «Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС-нің өндірістік қуаттылығы жылына 20 млн. дана 50-500 мл көлемдегі инфузиялық дәрілік формалар болатын «Сұйық дәрілік формаларды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару бойынша фармацевтикалық кешен» инвестициялық жобасы іске асырылуда. Жоба құны – 1800 млн. теңге. Құрылатын жұмыс орындарының саны – 300 адам.
Қытайлық мамандар мен жұмысшылар үшін жаңа визалар ресімдеу қажеттілігіне байланысты, объектіні пайдалануға беру 2016 жылға ауыстырылды (ҚР заңнамасы бойынша визалар 2 ай мерзімге беріледі, ал фармацевтикалық кешеннің жабдығын жинақтаудың ұзақтығы 3 айды құрайды).
Өнеркәсіп бойынша SWOT-талдау:
Мықты тұстары:
геоэкономикалық жағдай, өндіру және мұнай химиясын дамыту үшін көмірсутегі шикізатының бай қорларының болуы;
соңғы жылдары Маңғыстау облысындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі;
металлургияны, машина жасауды, құрылыс материалдарының өндірісін дамыту үшін бай минералдық-шикізат негізінің болуы.
Әлсіз тұстары:
көмірсутегі шикізатына белгіленетін бағалардың әлемдік конъюктурасына өңір экономикасы дамуының аса тәуелділігі;
өнеркәсіптің жалпы үлесіндегі тау-кен өндіру өнеркәсібі үлесінің, дәлірек айтқанда отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірудің үлкен үлесі (шамамен 93%);
өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі – машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі кәсіпорындарының теңіз мұнай кен орындарын, оның ішінде Қашаған ірі кен орнын игеруді іске асыру мерзімдеріне тәуелділігі.
Қатерлер:
әлем экономикасына кірігуге байланысты өңір экономикасының бәсекеге қабілеттігінің төмендеуі;
облыстың мұнай-газ ресурстарының түгесілуі;
өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларын дамытуға шикізат базасының жетіспеушілігі.
Мүмкіндіктер:
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, даму институттары, «Ақтау теңіз порты» АЭА ішкі рыногтың нарықтық тауашаларына орнығу үшін индустриялық-инновациялық саясатты іске асыруға жәрдемдесуі қажет;
отандық тауарлар өндірушілерді сыртқы экономикалық тұрғыдан қолдау (кедендік жеңілдіктер);
экономиканың дамуының кластерлік моделі және шағын бизнес субъектілерінің кластерлік құрылымдардағы белсенді рөлі (дәлірек айтқанда 2015-2019 жылдарға арналған ИИД МБ аясында мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу, мұнай химия, мұнай-газ машинасын жасау бойынша кластер және Маңғыстау облысын қоса алғанда үш облыстың аумағында сервис құру жоспарлануда).
2.2.1.2. Инновациялар және инвестициялар.
Маңғыстау облысы инновациялық дамуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуетке ие: индустриялық-өнеркәсіптік өңір, бай минералдық-шикізат қоры.
Облыста соңғы жылдары инвестициялық белсенділіктің өсуі байқалады. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2011-2014 жылдарда 1,4 есе: 369,6 млрд. теңгеден 529 млрд. теңгеге дейін өсті. Негізгі капиталға инвестициялардың НКИ 2014 жылы 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 114% құрады (2013 жылы – 2012 жылға 105,8%).
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 жылдың қаңтар-тамызында 280,4 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 83,2% құрады.
Төмендеу негізінен кен өндіру өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың (дәлірек айтқанда, машиналар мен жабдыққа, барлауға және өндіруге арналған шығындардың) төмендеуімен байланысты
Негізгі капиталға инвестициялар бойынша облыстың үлесі 8% құрайды (2014 жылы – республика бойынша 3-орын). Халықтың жан басына шаққандағы инвестициялар көлемі бойынша (2014 жылда 872,1 мың теңге) облыс республика өңірлерінің арасында екінші орында тұр.
Негізгі капиталға инвестициялардың 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда ұлғаюы облыстың түгелге дерлік аудандары бойынша байқалды. Бұл ретте, салымдардың ең көп өсуі Қарақия ауданы мен Түпқараған ауданында байқалады (тиісінше 27,3% және 21,8%).
Инвестиция құрылымының негізгі көлемін өнеркәсіп (72%), оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі (66,2%), өңдеу өнеркәсібі (1,7%), көлік және қоймалау (14%), құрылыс (1,8%) алады.
Негізгі капиталға инвестициялардың айтарлықтай бөлігі жеке меншік нысанындағы кәсіпорындармен (62,5%), мемлекеттік меншік нысанымен (10,4%), сондай-ақ Маңғыстау облысында өз қызметін жүзеге асыратын басқа мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеміне (27,1%) игерілген.
2011 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғандағы кезеңде инвестициялар тартудың негізгі салалары өнеркәсіптік, мұнай сервистік, көлік-логистикалық, туристік және теңіз жобалары болды. Бұл салалар шетелдік, сонымен бірге отандық инвесторлар үшін де тартымды.
2014 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысында «негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетелдік инвестициялардың үлесі» көрсеткіші бойынша қол
жеткізе алмау айқалды, ол жоспар 31,6% болғанда іс жүзінде 30,8% құрады (97%-ға орындалды). Негізгі себеп – әлемдік экономикалық дағдарыстың басталуы, мұнайға арналған бағалардың құлдырауы, мұнай-газ саласындағы сервистік қызметтердің және тиісінше шетелдік компаниялардың тарапынан негізгі капиталға инвестициялардың төмендеуі.
Сондай-ақ, «инновациялық өнім көлемінің өсуі» көрсеткішіне қол жеткізе алмау байқалды, ол жоспар 127,1% болғанда іс жүзінде 110,8% құрады (87%-ға орындалды). Түптеп келгенде, жоспарланғанға қарағанда аз қарқынмен болса да осы көрсеткіштің өсімі қамтамасыз етілді. Мұнда да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын төмендетіп, теріс әсер етті.
Халықтың инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында, ағымдағы жылғы 21 маусымда Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Техникалық дамыту жөніндегі ұлттық орталық» АҚ өкілдерімен бірге, жыл сайынғы республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы өткізілді.
Байқау «Нұр Отан» ХДП МОФ-ның, жергілікті атқарушы органдар басшыларының, ғылыми және жоғары оқу орындарының ғылым қайраткерлерінің, аудандар мен қалалар әкімдіктер өкілдерінің, сондай-ақ инновациялық жобалардың жергілікті бастамашалырының қатысуымен өтті.
Өткізіліп жатқан байқауды қолдау және ол туралы халықтың хабардар ету мақсатында, жергілікті спортшылардың қатысуымен «Ақтау» қонақүйінен «Нұр Отан» ХДП МОФ-ның ғимаратына дейін Байқаудың логотиптері бар жалаушалармен веломарафон өткізілді, сондай-ақ «Жұлдыздар десанты» акциясының аясында шоу-бизнестің жергілікті өкілдерінің қатысуымен шағын концерт ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша обыстың атынан инновациялық жобалардың жергілікті бастамашыларынан 20 өтінім берілді.
Сонымен бірге «Алгоритм», «Алатау АТП» технопарктері өкілдерінің қатысуымен бірге облыстың инновациялық белсенді кәсіпорындарымен семинар кеңес өткізіліп тұрады. Семинарың мақсаты инноваторларға идеяларын іске асыруда қолдау көрсету бойынша сервистік және инфрақұрылымдық қызметтер кешені болып табылады, оның барысында инновациялық жобалардың бастамашыларына сервистік қолдау құралдарының кешенді жинағын: бухгалтерлік және заңгерлік сүйемелдеуді, жобаны жалпы және әкімшілік сүйемелдеуді, бизнес жоспар мен техникалық құжаттаманы әзірлеуді, инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді, өндірісті игеру үдерісінде параметрлерін айқындау үшін өнімдерге сынақтар мен апробациясы жүргізуді, патент алуға жәрдемдесуді және инновациялық жобаны жүзеге асыруға қажетті өзге қажетті қызметтерді болжайды.
Жергілікті атқарушы органдардың инновацияларды дамытудағы негізгі міндеттерінің бірі ретінде өңдеу салаларының дамуын, дайын өнімді жоғары қосылған құнмен сыртқы нарыққа экспорттауды, инновациялық кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандықтарын қалыптастыру көрсетілетін болады.
Осының барлығы Маңғыстау облысындағы инновациялық үдеріс жағдайына оң әсер етеді.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) іске асыру мақсатында, инвестициялық жобаларды іріктеу және Индистрияландыру картасына қосу үшін Үйлестіру кеңесі құрылды. Кеңестің құрамына мемлекеттік органдардың, компаниялардың, банктердің, облыстың ірі кәсіпорындарының өкілдері мен басқалар кірді.
Индустрияландыру картасының аясында 2010-2014 жылдардағы кезеңде 220 млрд. теңге жалпы сомасына 33 жоба іске асырылды. Жаңадан 3018 тұрақты жұмыс орны құрылды.
Индустрияландыру картасының пайдалануға берілген жобаларымен 2010-2014 жывлдарда 81,1 млрд. теңгеден астам сомаға өнім өндірілді.
Индустрияландыру картасын іске асырудың жарқын мысалдарының бірі «Caspi Bitum» БК-нің Ақтау пластикалық массалар зауытындағы жол битумдарын өндіретін зауыты болып табылады. Инвестициялар сомасы шамамане 45 млрд. теңгені құрады.
Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 40 және 1000 килограмнан брикеттелген битум түріндегі 406,5 мың тонна жоғары сапалы жол битумдары құрайды. Шикізат ретінде Маңғыстау облысының Қаражанбас кен орнынан алынатын мұнай пайдаланылады.
Индустрияландыру картасы қатысушылары жобаларының облыс өнеркәсібіндегі үлесі 2,4% (ҚР бойынша орташа – 7,7%), өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 52,4% (ҚР бойынша орташа – 13%) құрайды.
Индустрияландырудың екінші бесжылдығының аясында 162,9 млрд. теңге сомасына 6,2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын 21-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
2015 жылға 96,6 млрд. теңге жалпы сомасына шамамен 675 жұмыс орны құрылатын 12 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында 8,5 млрд. теңге жалпы сомасына, жаңадан 364 тұрақты жұмыс орны құрылған 6 жоба пайдалануға берілді:
1. «КУДУ Индастриз Қазақстан» ЖШС – толық жиынтықты бұрандалы сорғы жүйелерін шығаратын зауыт.
2. «Қарақұдықмұнай» ЖШС – газ жетегі бар блокты шоғырлы сорғы станциясы.
3. «Sofie Medgroup» көп бейінді клиникасы» ЖШС – «Sofie Medgroup» көп бейінді клиникасының құрылысы.
4. «Маерск Ойл Қазақстан Гмбх» КФ – теңіз суын жинау станциясы және теңіз суының құбыржолы.
5. «Берекет-Ф» ЖШС – нан, кондитер, макарон, шұжық өнімдерін, ет жартылай фабрикаттарын, ауыз су өндіретін «Ақ нан-Маңғыстау» зауыты.
6. «ТасболатОйлКорпорейшн» ЖШС – электрлік қуаттылығы 2х1819 кВт газ поршеньді электр станциясы.
Ағымдағы жылдың соңына дейін мына жобаларды іске асыру көздестірілген:
1. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ – «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолын реконструкциялау. Құны – 46,4 млрд. теңге, жұмыс орындары – 10.
2. «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС – Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске асыру. Құрғақ жүк тиеу айлақтары және инфрақұрылым объектілері. Құны – 37,5 млрд. теңге. Қуаттылығы – 2,5 млн. тонна құрғақ жүк, жұмыс орындары – 173.
3. «Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ – №31 топтық өлшеу қондырғысын салу. Құны – 2077 млн. теңге. Қуаттылығы – 2400 м3/тәулік, жұмыс орындары – 8.
4. «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС – азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалық орынжайлар құру. Құны – 1,5 млрд. теңге, жұмыс орындары – 40.
5. «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС – электр қалқан жабдығын өндіру және 6-10-35 кВ қуаттық трансформаторларын жөндеу. Құны – 600 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 1000 дана, жұмыс орындары – 60.
6. «Атамекен» ЖШС – әк ұнының өндірісі. Құны – 52 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 7,2 мың тонна, жұмыс орындары – 20.
Сондай-ақ, облыстың инвестициялық инфрақұрылымы белсенді дамуда. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы республика бойынша Астана АЭА-нан кейінгі екінші тиімді дамып келе жатқан АЭА болып табылады. «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның жалпы ауданы 2000 гектарды құрайды.
Бұл ретте, АЭА мақсаттарына арналған аумақта облыс аумағында орналасқан 7 жеке жер учаскесі (кіші аймақтар) бар (№ 1 кіші аймақ– 298,3 га, № 2 кіші аймақ – 490 га, № 3 кіші аймақ – 194,5 га, № 4 кіші аймақ – 147,7 га, № 5 кіші аймақ – 640,4 га, № 6 кіші аймақ – 39,6 га, жағалық кіші аймақ – 189,5 га).
Жалпы ауданнан (2000 га) инвестициялық жобаларға бөлініп берілген аумақ 671,4 гектарға тең, сонымен бірге әлеуетті қатысушылар үшін жалпы ауданы 358,3 га жер учаскесі қажет етіледі. АЭА негізінен жоғары қосылған құны бар экспортқа бағдарланған өндірістерге бағытталған.
АЭА аумағының инженерлік инфрақұрылымын салуға республикалық бюджеттен 2012-2014 жылдары 3,983 млрд. теңге бөлінді.
Құрылған сәттен бастап «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында шамамен 29 млрд. теңге тартылды, 222,9 млрд. теңгеге өнім шығарылды, бюджетке 19 млрд. теңгеден астам мөлшерде салықтар төленді. 1000-нан аса тұрақты жұмыс орындары құрылды.
Экономика салаларын, облыстың инфрақұрылымын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-мен іске асырылуда. «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің алдағы жылдарға арналған басым бағыттары айқындалды, олар: облыстың ауыл шаруашылығын дамыту; «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту және реконструкциялау; облыста көліктік-логистикалық орталықтар салу; жаңартылатын энергия көздерін дамыту.
Техникалық реттеу мен метрологияны дамыту. Кәсіпорындардың халықаралық сапа стандарттарына жеделдетіп өтуін қамтамасыз ету мақсатында, ИСО 9001, 14001, 22000, OHSAS 18001, SA 8000 халықаралық стандарттарына сәйкес келетін менеджмент жүйесін енгізу жөніндегі жоспар бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, Техникалық регламенттер мен стандарттар, оның ішінде Маңғыстау облысының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы менеджмент жүйесіне стандарттар енгізу жөніндегі 2013 жылға арналған өңірлік жоспар ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі келісіліп, бекітілді.
2015 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыстың 466 кәсіпорны халықаралық стандарттарға сәйкес келетін менеджмент жүйесін енгізіп, сертификаттады. Оның ішінде, ІSО 9001 сериясын енгізген – 442 кәсіпорын, ІSО 14001 енгізген – 262 кәсіпорын, OHSAS 18001 енгізген – 123 кәсіпорын, ІSО 22000 енгізген – 6 кәсіпорын.
Облыста менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған 10 экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді: «Емір-Ойл» ЖШС, «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» ЖШС, «Ақтау құйма зауыты» ЖШС, «Қазақ газ өңдеу зауыты» АҚ, «Arcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» АҚ-ның Ақтау қаласындағы филиалы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Арман» біріккен кәсіпорны» ЖШС, «ӨзенМұнайГаз» АҚ.
Ағымдағы жылғы ақпанда Маңғыстау облысы әкімінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы №3 од «Кеден одағының техникалық регламенттерінің жобаларын мүдделі ұйымдармен талқылау жөніндегі өңірлік штаб құру туралы» өкіміне өзгерістер енгізілді. Кеден одағының техникалық регламенттерінің өзекті мәселелерін қараумен, көрсетілген штабтың 5 отырысы өткізілді.
2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 2016-2017 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттару жоспарына енгізу үшін ұсыныс-өтінімдер мен ТЭН жолданды. Берілген өтінімдер мен ТЭН-і қарау Маңғыстау облысы Өңірлік штабының отырыстарында жүзеге асырылды.
Кәсіпорындарда ИСО сериясындағы сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі мәселелерді түсіндіру мақсатында, кәсіпорындарды, ұйымдарды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қатыстырумен дөңгелек үстелдерді, семинарлар мен кеңестерді тұрақты өткізу ұйымдастырылды.
Облыс әкімдігінің сайтының техникалық реттеу бөлімінде ДСҰ-ның саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі хабарламалар тізімі мен Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі хабарламалар және стандарттау мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілер тұрақты жарияланып тұрады.
Инновациялар мен инвестициялар бойынша SWOT-талдау:
Мықты тұстары:
инновациялық шағын және орташа бизнесті қолдау бөлігіндегі өңірлік даму институттары жұмыстарының жандануы.
Әлсіз тұстары:
негізгі қорлардың жоғары тозуы және тозған технологияларды пайдалану;
инновациялық жобаларды іске қосудың әлсіз динамикасы;
отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі.
Қатерлер:
өңдеу өнеркәсібінің дамуына шикізат базасының жетіспеушілігі;
салық және кеден заңнамаларындағы өңдеу өндірістерін дамыту үшін әлсіз стимулдар.
Мүмкіндіктер:
облыстың инвестициялық тартымдылығы («Ақтау теңіз порты» АЭА, пайдалы қазбалардың бар болуы);
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, даму институттары, «Ақтау теңіз порты» АЭА ішкі рыногтың нарықтық тауашаларына орнығу үшін индустриялық-инновациялық саясатты іске асыруға жәрдемдесуі қажет;
қолда бар инновациялық жобаларды іске асырған жағдайда өңірдегі инновациялық белсенділіктің өсуі.
2.2.1.2. Аграрлық-өнеркәсіптік кешен
Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, сондай-ақ өзге де басым мемлекеттік және стратегиялық бағдарламаларға сәйкес жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2012 жылғы 7822,5 млн. теңгеден 2014 жылы 8424,7 млн. теңгеге дейін артты. Сонымен бірге, жалпы өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) 2012 жылы – 99,6%, 2013 жылы – 96,6%, 2014 жылы – 95,7%, 2014 жылы – 95,7% құрады, бұл – бағалар индексінің өсуімен байланысты.
Ауыл шаруашылығының 2012-2014 жылдардағы жалпы өнім көлемінің динамикасы
Жылдар
|
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, млн. теңге
|
Нақты көлем индексі (НКИ),%
|
Барлығы
|
оның ішінде, мал шаруашылығы
|
оның ішінде, өсімдік шаруашылығы
|
Барлығы
|
оның ішінде, мал шаруашылы-ғы
|
оның ішінде, өсімдік шаруашылы-ғы
|
2012
|
7822,5
|
6525,4
|
1264,7
|
99,6
|
106,1
|
77,2
|
2013
|
8036,6
|
6925,9
|
1093,4
|
96,6
|
100,5
|
77,9
|
2014
|
8424,7
|
7637,0
|
1068,7
|
95,7
|
99,5
|
71,0
|
2014 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ-не қол жеткізілмегені анықталды – 95,7% (жоспар – 101%). Жоспарланған индикаторға қол жеткізе алмау мал шаруашылғындағы НКИ-нің 99,5%-ға және өсімдік шаруашылығындағы НКИ-нің 71%-ға төмендеуімен байланысты болды.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2015 жылдың қаңтар-тамызында 6203,2 млн. теңгені құрады. 2014 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 103,3%. 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда түйе басының – 3,2%-ға, қой мен ешкі басының – 0,5%-ға, жылқы басының – 0,1%-ға өскені байқалады. Ірі қара мал басы 14,8%-ға төмендеді.
Мал шаруашылығы.
Мал шаруашылығы өнімінің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2014 жылы 90,6% құрады. 2012-2014 жылдарда мал шаруашылығы жалпы өнімі НКИ-нің 106,1%-дан 99,5%-ға төмендегіні байқалады.
2014 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысында мал шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ-не қол жеткізілмегені анықталды – 99,5% (жоспар – 100%). Негізгі факторлардың бірі құрғақ жазға, шөп қалыңдығының төмендігіне, табиғи жем-шөптің жетіспеушілігіне байланысты мал басының азаюы болып табылады.
Қой мен ешкі басы 9,6%-ға азайып, 353937 басты құрады.
Қой басының – Жаңаөзен қаласы (70,4%-ға) мен Мұнайлы ауданында (36,6%-ға); шошқалар басының Ақтау қаласы (40,1%-ға) мен Мұнайлы ауданында (33,3%-ға), түйе басының – Ақтау қаласы (31,5-ға) мен Түпқараған ауданында (9,8%-ға); құстардың – Бейнеу ауданы (51,1%-ға) мен Қарақия ауданында (27,6%-ға) мейлінше төмендеуі байқалады.
Мал басының азаюының басқа себебі, істің нағыз мән-жайын көрсеткен өңірде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша жұмыстарды жүргізу болып табылады.
Жағдайды жақсарту мақсатында, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау бойынша шаралар қабылдануда. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қаржылай қолдауға (қойларды селекциялық және тұқымдық іріктеу жұмысын жүргізуге, шығынның 50%-ына дейін жабуға) жергілікті бюджеттен 2014 жылы 44,5 млн. теңге мөлшерінде субсидия (2012 жылы – 53,5 млн. теңге; 2013 жылы – 48,5 млн. теңге) бөлінді.
Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға бюджеттен 2014 жылы 36,9 млн. теңге (2012 жылы – 26,3 млн. теңге; 2013 жылы – 27,3 млн. теңге) бөлінді.
Өңір АӨК-нің дамуын қолдау үшін қаржы институттарымен 2014 жылда 227,6 млн. теңге сомасына кредиттер берілді (2014 жылы – 232,2 млн. теңге, 2012 жылы – 236,3 млн. теңге).
Асыл тұқымды мал өсіретін субъектілердің саны 2012 жылғы 17 бірліктен 2013 жылы 27 бірлікке дейін, оның шінде: қой өсіру бойынша – 4 субъектіге (2011 жылы – 5 субъект, 2012 жылы – 4 субъект); адай жылқысын өсіру бойынша – 15 субъектіге (2011 және 2012 жылдары 9-дан болды); түйе өсіру бойынша – 7 субъектіге (2011 және 2012 жылдары 4-тен болды); ірі қара мал бойынша – 1 субъектіге артты. Оларда 19782 қой басы, 3530 жылқы басы, 1595 түйе басы мен 36 бас ірі қара мал бар. Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы қой шаруашылығында – 4,2%, жылқы шаруашылығында – 5,6%, түйе шаруашылығында – 2,2% құрайды.
Союға өткізілген орташа тірі салмақ үш жыл ішінде тұрақты түрде қалды (шамамен 37-38 кг).
Жылдар
|
Тірі салмақта союға өткізілген мал мен құстардың барлық түрлері
|
Өткізілген шартты бас
|
Орташа тірі салмақ, кг
|
2012
|
10463,3
|
283630
|
36,9
|
2013
|
10655,2
|
278912
|
38,2
|
2014
|
10840,2
|
279540
|
39,0
|
Шаруашылықтарда мал басы мен құстардың барлық түрін тірі салмақта сою 2014 жылда 10840,2 тоннаны құрады, бұл – 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға артық. 2014 жылы ірі қара мал басының артуына байланысты, сиыр сүтін өндіру 6,3%-ға артып, 4295,2 тоннаны құрады (2013 жылы – 4039,9 тонна).
2014 жылы құс басының 15,4%-ға азаюына байланысты, тауық жұмыртқасы 6,1%-ға азайып, 544,4 мың дананы құрады (2012 жылы – 684,0 мың дана, 2013 жылы – 642,4 мың дана). 615,0 тонна қой жүні қырқылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6,1%-ға аз (2013 жылы – 661,5 тонна, 2012 жылы – 866,6 тонна).
Өсімдік шаруашылығы.
Облыстың жер алқаптарының жалпы ауданы 16,5 млн. гектарды, оның 12,7 млн. гектары ауыл шаруашылығы алқаптарын, оның ішінде игерілген суармалы жердің жалпы ауданы 1200 гектарды құрайды.
Төменде 2012-2014 жылдардағы өсімдік шаруашылығындағы өндіру көлемі мен НКИ келтірілген:
2014 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысында өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ-не қол жеткізілмегені анықталды – 71% (жоспар – 100,7%). Қол жеткізе алмау өңірдің табиғи-климаттық жағдайларымен – ауыз судың табиғи көздерінің жетіспеушілігімен, құрғақ жазғы кезеңмен, жауын-шашынның аз мөлшерімен байланысты.
Жағдайды жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен ашық топырақтағы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын және сапасын көтеруге берілетін субсидиялау нормативтері 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда орташа 40%-ға арттырылды.
Озық ылғал үнемдеу технологиясы – тамшылатып суаруды енгізу ауданы жыл сайын артуда, өнімді өңдеу бірте-бірте жолға қойылуда, көкөніс қоймалары мен жылыжай шаруашылығының желісі дамуда.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 2014 жылда 886,5 гектарды, оның ішінде тамшылатып суару енгзілген аудан 651,4 гектарды құрады (суарылатын ауданның 74%-ы), бұл – 2013 жылдың көрсеткішінен 168,4 гектарға жоғары.
Өңірде жалпы ауданы 5,2 га өнеркәсіптік үлгідегі 2 жылыжай және жалпы ауданы 3,2 га фермерлік үлгідегі 6 жылыжай жұмыс істейді. 2014 жылдың басынан бері жабық топырақта 1092 тонна көкөніс дақылдары өндіріліп, облыс халқына сатып өткізілді.
Өсімдік шаруашылығын қаржылай қолдауға бюджеттен 2014 жылы – 143,0 млн. теңге, 2015 жылы – 161,0 млн. теңге бөлінді.
Ветеринария.
Эпизоотияға қарсы шаралар өткізуге: энзоотиялық аурулардың алдын алу және диагностикалау бойынша ветеринарлық препараттар сатып алуға, серологиялық зерттеулер үшін қан сынамасын алу мен жеткізуге республикалық бюджеттен 2013 жылы – 152,5 млн. теңге; 2012 жылы – 167,9 млн. теңге; 2011 жылы – 107,6 млн. теңге бөлінді.
Эпизоотияға қарсы іс-шаралардың жылдық жоспары 100%-ға орындалып, өңір аумағы эпизоотиялық қолайлы болып табылады.
Ветеринарлық дәрі-дәрмектерді сақтауға және тасымалдауға республикалық бюджеттен 2014 жылға 1,9 млн. теңге бөлінді.
Бүгінгі күнге 14679 бас ірі қара мал, 370650 бас ұсақ мал, 30716 бас түйе, 3119 бас жылқы және 567 бас шошқа бірдейлендірілді.
Облыста 7 мал сою пункті, 5 мал көму орны, 5 ветеринарлық зертхана және 6 ветеринарлық станция жұмыс істейді. Оларда шамамамен 40 ветеринар маман жұмыс жасайды, тағы да 35-40 ветеринар қажет етіледі.
Қала базарларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мал шаруашылығының шикізаты мен дайын өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптауды жүзеге асыру, мал соятын бірнеше объектіде дезинфекциялық жұмыстар жүргізу үшін, облыста екі зертхана: «Маңғыстауветсервис» МКК мен «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК жұмыс істейді. «Маңғыстауветсервис» МКК-ның жарғылық капиталын толықтыруға (ветеринарлық зертхананың материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға) жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді.
Балық шаруашылығы.
Облыстың балық шаруашылығы екі саладан: жағадағы балық аулаудан және тауарлық балық өсіруден тұрады.
Каспий теңізі жағалауындағы облыс аумағы 6 балық шаруашылығы ауданы мен 30 балық шаруашылығы учаскесіне бөлінген және олар 20 табиғат пайдаланушыға 10 жыл мерзімге бекітіліп берілген. Маусымында балық кәсіпшілігіне 97 балық аулау браидасы құрамында шамамен 300 балықшы шығады.
2014 жылда 605,9 тонна балық ауланды, бұл – өткен жылдың көрсеткішінен 65,9 тоннаға көп.
Балық шаруашылығы саласын «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша субсидидялау 2016 жылдан басталады.
Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Азық-түлік тауарларына арналған тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың желтоқсан айында – 107,0%, республика бойынша – 107,4% деңгейінде қалыптасты.
Облыста ауыл шаруашылығы өнімдері үшін жабдықталған қоймалар жеткіліксіз. Қазіргі кезде Ақтау қаласында «Каспий-Берекет» ЖШС-нің сыйымдылығы 0,3 мың тонна болатын және «Асар-С» ЖШС-нің сыйымдылығы 2,0 мың тонна болатын көкөніс қоймалары жұмыс істейді.
Азық-түлік рыногындағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ауыл шаруашылығы облыстарынан негізгі азық-түлік өнімдерін сатып алу, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ бағдарламасы бойынша азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру, оларды «Каспий-Берекет» ЖШС-нің сауда нүктелері арқылы рыног бағасынан 15-20% төмен бағамен сату, жергілікті ауыл шаруашығы өнімдері мен тауарларын өндірушілердің жәрмеңкелерін өткізу практикасы қолданылуда.
Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2014 жылдың желтоқсанында 2013 жылдың желтоқсанына 107,2% (ҚР бойынша – 107,4%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 109,1% (ҚР бойынша – 108%), азық-түлік емес тауарларға – 108,5% (ҚР бойынша – 107,8%), ақылы қызметтерге – 103,6% (ҚР бойынша – 106,4%) құрады
Жергілікті тауар өндірушілер 2014 жылы 10288,3 тонна ұн, 263 тонна макарон өнімдерін, 4295,2 тонна сиыр сүтін, 642,4 мың дана жұмыртқа мен тірі салмақта 10840,2 тонна мал мен құс етін өндіріп, халыққа өткізді. Облыс халқын жергілікті жерде өндірілген етпен қамтамасыз ету деңгейі 43%, сүтпен қамтамасыз ету 30% құрайды.
Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен реттелетін қызметтерге арналған тарифтерге бағалардың өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жалғасуда.
Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджеттен 2014-2015 жылдарға 862 млн. теңге бөлінді.
Осы соманың шеңберінде «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ ҚР-ның ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерімен 313,2 млн. теңге жалпы сомасына, дәлірек айтқанда:
«Бейнеу астық терминалы» ЖШС-мен 81523,584 мың теңге
сомасына 1728 тонна көлемінде 1 сұрыпты ұн;
«Цесна-Мак» ЖШС-мен 32 256,0 мың теңге сомасына 288 тонна
көлемінде макарон өнімдерін;
Орта Азия қант корпорациясымен 79 969,2 мың теңге сомасына
476 тонна көлемінде «Ақ қант – құмшекер»;
ЕвразияФудсКорпорейшен» АҚ-мен 3 961,0 мың теңге сомасына
бір литрге 233 теңге бағамен 17 000 литр көлемінде «Күнбағыс майын»,
5) «Феликс» ШҚ-мен 19 625 мың теңге сомасына көлемінде көкөністер ассортиментін (асханалық сәбіз, асханалық қызылша, түйінді пияз) тікелей жеткізу шарттарын жасасты.
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ ірі сауда және логистика компанияларын тарту арқылы, өңірлік тұрақтандыру қорының жұмысын жетілдіру мәселесін қарауда. Ол үшін, азық-түлік тауарларын өткізуде және сақтауда жұмыс тәжірибесі бар Metro, Green, TG Trade сияқты компаниялармен және өзге компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.
Агроөнеркәсіптік кешен бойынша SWOT-талдау:
Мықты тұстары:
ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің жыл сайынғы жоғарылауы, мал шаруашылығындағы, әрі өсімдік шаруашылығындағы жалпы өнімінің өсу қарқынының оң динамикасы;
жергілікті бюджеттен қаржыланатын, шағын және орташа бизнестің дамуына мүмкіндік беретін, жаңа техника мен технологияны енгізетін АӨК тауарлық несиелеу және лизинг бойынша қаржы институтының болуы («Маңғыстауагросервис» МКК);
стратегиялық тұрғыдан маңызды қордың болуы – мал шаруашылығын, әсіресе үйірлік ат шаруашылығы мен келелік түйе шаруашылығын дамытуға арналған жайылымдар.
Әлсіз тұстары:
халықтың төменгі тығыздығы және өнім өндірушінің тұтынушыдан алыс болуы;
субъектілердің материалдық-техникалық базасының төмендігі;
АӨК инфрақұрылымының әлсіз дамуы;
өндірістің ұсақ тауарлар шығаруы;
аграрлық технологиялардың артта қалуы, өндірістің негізгі құралдарының физикалық және моральдық тозуы;
білікті мамандардың жетіспеушілігі;
мал шаруашылығының әлсіз азықтық қоры, аймақтың сумен төмен қамтамасыз етілуі;
АӨК өңдеу аясын дамыту үшін өзіндік шикізаттың болмауы;
АӨК әлсіз экономикалық жағдайы қажетті инвестицияларды тартуды қиындатады;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қаржы институттары қызметтерін қолдану мүмкіндіктерінің шектеулі болуы;
табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділігімен байланысты мал шаруашылығын жүргізудің жоғары тәуекелі;
балық аулау флотының болмауы;
балық аулауды қолдайтын жағалаулық инфрақұрылымның болмауы.
Мүмкіндіктер:
АӨК шаруашылық субъектілері санының артуы, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама аталған сектордың одан әрі дамуы мен нығайтуына қолайлы жағдай туғызуы мүмкін;
дәнді дақылдар мен көкөністерді қалпына келтіру бойынша қазіргі заман технологияларын енгізу есебінен облыс қалаларының айналасында азық-түліктік белдеудің қалыптасуы;
теңізде балық аулау және тауарлық балық өсірушілікті дамыту мүмкіндігі.
Қатерлер:
өндірісте қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын қолданатын кәсіпорындардың үлесінің төмендігі, бұл жалпы бүкіл саланың бәсекеге қабілеттігін төмендетеді де, оның ішкі нарықтағы жағдайын шектен тыс әлсіздендіреді;
өңделетін өнімдердің бәсекеге қабілеттігінің жеткіліксіз деңгейі және осының нәтижесі ретінде олардың кейбіреуі бойынша импорттың жоғары үлесі;
халықты өзінің жеке өндірісінің азық-түлігімен қамтамасыз етудің төмен деңгейіне байланысты өнімдік қауіпсіздіктің қатерлері. Бұл аймақты басқа аймақтар мен импортқа тәуелді етеді, ал ол өз қатарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларының өсуіне әкеледі.
2.2.1.3. Шағын және орта бизнес, сауда
Шағын және орта бизнес
Статистикалық деректерге сәйкес, 2015 жылдың басында облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің саны өткен жылдың осындай датасымен салыстырғанда 4,9%-ға артып, 35620 бірлікті құрады (2013 жылғы 1 қаңтарға – 28678 бірлік, 2014 жылғы 1 қаңтарға – 32835 бірлік).
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға артып, 96655 адамды құрады (2013 жылдың 1 қаңтарына – 74214 адам, 2014 жылдың 1 қаңтарына – 83016 адам).
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған экономикалық белсенді халықтың жалпы сомадағы үлесі 2015 жылдың 1 қаңтарына – 36,5% құрады (2014 жылдың 1 қаңтарына – 30,3%).
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2014 жылы 683 224 млн. теңге сомасына өнім (жұмыстар, тауарлар және қызметтер) шығарды, немесе 2013 жылмен салыстырғанда 9,0%-ға көп (2013 жылы – 325 497 млн. теңге, 2012 жылы – 321 354 млн. теңге).
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысы үшін 2014 жылға 1 085 млн. теңге жалпы сомасына қаражат бөлінді. Өңірлік Үйлестіру кеңестерінің отырыстарында 5 081,7 млн. теңге жалпы сомасына 58 жоба (2013 жылы – 41 жоба, 2012 жылы – 36 жоба), оның ішінде:
«Бизнес бастамаларды қолдау» атты бірінші бағыт аясында пайыздық ставканы субсидиялауға – 4 680,3 млн. теңге жалпы сомасына 34 жоба;
кредиттерді кепілдендіруге – 166,3 млн. теңге жалпы сомасына 14 жоба (оның ішінде мемлекеттік қолдау сомасы 33,3 млн. теңгені құрайды);
мемлекеттік гранттар беруге – 8,3 млн. теңге сомасына 3 жоба мақұлданды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында Маңғыстау облысы үшін 2014 жылы 58 жоба, оның шінде Ақтау қаласында – 35 жоба; Бейнеу ауданында – 3 жоба; Қарақия ауданында – 2 жоба; Түпқараған ауданында – 4 жоба; Маңғыстау ауданында – 7 жоба; Мұнайлы ауданында – 7 жоба мақұлданды.
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының» аясында облыс үшін кәсіпкерлікті дамытуға 2014 жылға 57,1 млн. теңге бөлінді. Пайыздық ставканы субсидиялау бойынша 1 276 млн. теңге жалпы сомасына 25 жоба, гранттық қаржыландыру бойынша 14,1 млн. теңге жалпы сомасына 5 жоба мақұлданып, 125,2 млн. теңге сомасына 43 микрокредит берілді. Технопарк үшін инфрақұрылым құру жұмыстары аяқталды.
«Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған арнайы жоспары» бағдарламасының аясында 2014 жылға 88,8 млн. теңге бөлініп, пайыздық ставканы субсидиялауға және кредиттерді кепілдендіруге 16 жоба мақұлданды.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 01.09.2015 жылға 48,0 мың бірлікті құрады немесе 2014 жылдың осындай датасымен салыстырғанда 8,4%-ға артты. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында, ӨҮК отырыстарында (15.09.2015 жылғы жағдай бойынша) 4,2 млрд. теңге жалпы сомасына 59 жоба мақұлданды
Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, облыс әкімі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі 2013 жылы Маңғыстау облысы бойынша рұқсат беру рәсімдері (құжаттары) мен мәлімдемелерді түгендеу бойынша жұмыс жүргізді.
Маңғыстау облысында 24 мемлекеттік органда, оның ішінде 7 қала мен аудан әкімдіктерінде; 9 облыстық басқармада; 8 аумақтық басқармада бекітілген ережелеріне сәйкес рұқсат беру құжаттары беріледі.
Көрсетілген жұмыс үдерісінде «А» бөлігіндегі рұқсат беру құжаттары (рәсімдері) паспорттарының 176 түрі, рұқсат беру құжаттарынның талаптары мен оларды беру шарттары, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген рұқсат беру құжаттарының 151 түрі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген рұқсат беру құжаттарының 115 түрі;
Маңғыстау облысы әкімдігінің және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қаулыларымен бекітілген рұқсат беру құжаттамаларының 8 түрі қаралды.
Жоғарыда санамаланған «А» бөлігіндегі рұқсат беру құжаттарының (рәсімдерінің) толтырылған паспорттары, рұқсат беру құжаттарынның талаптары мен оларды беру шарттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына жолданды.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылдағы қызметінің тиімділігін бағалау туралы қорытындыда бірінші бағыт бойынша «ЖӨӨ құрылымындағы шағын және орта бизнестің үлесін арттыру» НИ-не қол жеткізілмегені анықталды (жоспар 18,6% болғанда, нақтысы – 17,4%). Сонымен бірге, нақтыланған статистикалық деректер бойынша жоғарыда көрсетілген НИ 29,3% құрады (тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді шығарудың 2014 жылдағы көлемі – 666,7 млрд. теңге, 2014 жылдағы ЖӨӨ – 2 278,1 млрд. теңге). Осылайша НИ-ға қол жеткізілді.
Шағын және орта бизнес бойынша SWOT-талдау:
Тұтастай алғанда, облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуді көтеруге және кедейлік деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Алайда, әзірге облыстың шағын кәсіпкерлігінің әлсіз әртараптандырылғанын, инновациялық белсенділігі төмен инертті болып қалып отырғанын мойындау керек. Бұл – экономика құрылымында мұнай секторының басым болуына байланысты (90%-дан астам).
Мықты тұстары:
шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлік субъектілер, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының, шағын және орта бизнес өндіретін өнім көлемінің сандық тұрғыда артуы;
шағын кәсіпкерлікті дамытатын рыногтық инфрақұрылымның болуы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, МКҰ, кәсіпкерлер ассосациялары, ағымдағы жылы облыстың барлық қалалары мен аудандарында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен бизнес-инкубаторлар ашылды.
Әлсіз тұстары:
қаржылық проблемалар: кепілдік қамтамасыз етудің болмауына, сыйақының пайыздық ставканың жоғары болғандығына, кредиттік мекемелерде құжаттардың ұзақ мерзім қарастыратынына, салық салу саласында жеңілдіктердің жоқтығына, кредиттік қатынастар саласында жеңілдіктердің жоқтығына байланысты кредиттік ресурстарға қолжетімділіктің шектеулі;
кадрлық проблемалар: меншік иесі мен қызметкерлерде тәжірибенің жеткіліксіздігі, білікті кадрлардың тапшылығы;
шағын және орташа бизнеске қатысты НҚА-дің жетілмеуіне қатысты проблемалар; заңды көмектің болмауы немесе жеткіліксіздігі, кәсіпкерлердің өз ісін жете білмеушілігі;
шағын және орташа бизнестің салалық теңгерімсіздігі және оның әртараптандырылуының төмен деңгейі.
Мүмкіндіктер:
кластер қалыптастыру мен дамытуға шағын және орта кәсіпкерлікті тарту;
ірі және орта кәсіпорындармен франчайзинг және аутсорсинг қағидаттарымен өзара пайдалы кооперативтік байланыстарды жолға қою;
шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін әлеуеттің болуы;
рыногтағы сұраныс пен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат берушілер, дайын өнімді сату мүмкіндіктері және тендерлерге қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат банкін қалыптастыру;
шағын кәсіпкерліктің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін рыногтық инфрақұрылымды дамыту.
Қатерлер:
бірқатар шағын және орташа кәсіпорындардың банкрот болуына байланысты жұмыссыздықтың артуы, крминогенді жағдайдың жоғарылауы;
ішкі рыногтың импортқа тәуелділігінің артуы.
Сауда.
Облыс бойынша бөлшек сауданың көлемі 2012-2014 жылдарда 1,4 есе: 72 млрд. теңгеден 131,7 млрд. теңгеге дейін өсті. Бөлшек тауар айналымының көлемі НКИ 2013 жылы – 122,8%, 2014 жылы – 104,8% құрады. Бөлшек тауар айналымының көлемі 2015 жылдың қаңтар-тамызында 79,1 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 3,1%-ға көп.
2014 жылы сауда базарларының жалпы ауданы – 285,4 мың шаршы метрді (2013 жылы – 274,7 мың шаршы метр), сауда орындарының жалпы саны – 7373 орынды (2013 жылы – 6967) құрайды.
Жергілікті ауыл шаруашылығы өнімінің тауарларын өндірушілеріне базарлардың аумақтарында тегін және жеңілдікпен сауда орындары ұсынылуда, «жүріп сату» және жол бойында сату саудасы ұйымдастырылуда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жүйелі жәрмеңкелері өткізілуде.
Ағымдағы жылдың басынан бері облыстың аудандары мен қалаларында 95-тен аса жәрмеңке өткізіліп, оларда халық үшін әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері сатылды. Осы жәрмеңкелерде өнім рыногтық бағасынан 10-15% төмен бағалармен өткізіліп, өңірдік көтерме саудагерлері мен тауар өндірушілері қатысты.
Бұдан басқа, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның бастамасымен Ақтау қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, оған облыстың 46 ауыл шаруашылығы өндірушісі қатысты. Өнімдер (ет және сүт өнімі, бақша өнімдері, шұбат, балық және т.б.) рыногтық бағасынан төмен сатылды. Жәрмеңкеде аз қамтылған отбасылардың 15 мүгедек баласы үшін қайырымдылық акциясы өткізілді.
Аудандар мен қалалардың әкімдіктері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін сақтай отырып, ӘМАТ бағаларына күн сайынғы негізде мониторинг жүргізуде.
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына арналған шекті бағаларды асырмау мақсатында, ірі және ұсақ сауда кәсіпорындарының басшыларымен ӘМАТ-на арналған баға саясатын сақтау мәселесі жөніндегі кеңестер тұрақты негізде өткізілді.
Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2014 жылдың желтоқсанында 2013 жылдың желтоқсанына 106% (ҚР бойынша – 106,7%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 107,3% (ҚР бойынша – 106,6%), азық-түлік емес тауарларға – 107,2% (ҚР бойынша – 106,9%), ақылы қызметтерге – 103,5% (ҚР бойынша – 106,7%) құрады. Негізгі себеп – теңгені құнсыздануы, меншікті ауыл шаруашылыңы өндірісін дамытудың қиындықтары, сырттан әкелінетін азық-түлік өнімдерінің үлкен үлесі (80%).
Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі ағымдағы жылдың тамызында 2014 жылдың желтоқсанына 103,2% (ҚР бойынша – 101,8%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 100,7% (ҚР бойынша – 100,9%), азық-түлік емес тауарларға – 101,7% (ҚР бойынша – 101,4%), ақылы қызметтерге – 107,6% (ҚР бойынша – 103,3%) құрады. Инфляция өсуінің негізгі себебі – ақылы қызметтердің (тұрғын үйді жалға алуға арналған жалдау ақысының, көрсетілетін қызметтер саласындағы бағалардың) өсуі. Азық-түлік тауарлары бойынша бағалар тұрақты.
Өңірдегі бәсекелестікті дамыту.
Облыстағы бәсекелестікті дамыту облыстың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының бір бөлігі болып табылады, өйткені мұнда бәсекелестік орта қалыптастыру мәселелері базалық болып табылады.
Маңғыстау облысы экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып және нақты тауарлық рыногтардың әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, бәсекелестікті дамыту қажет бірнеше негізгі сала анықталған:
отын-энергетикалық кешен (мұнай өнімдері мен сұйылтылған газдың бөлшек саудасы);
агроөнеркәсіптік кешен.
Талдау жүргізу барысында тауарлық нарыққа кірудің кедергілері айқындалды:
экономикалық (оның ішінде салымдарды қайтарудың ұзақ мерзімдерінде маңызды алдын-ала капиталды салымдарды жүзеге асыру қажеттілігі, тауарлық рыногта бұрыннан бар рыног субъектілерімен салыстырғанда әлеуетті қатысушылар үшін қаржыландыруға тартудың біршама көп шығындары);
әкімшілік (лицензиялау шарттары, белгілі бір сұранысты міндетті қанағаттандыру талаптары, мобилизациялық қуаттарды қолдау, жұмыс орындары мен әлеуметтік инфрақұрылымдарды сақтау, жер учаскелерін бөлудегі, өндірістік және басқа орынжайларды берудегі кедергілер, мемлекеттік қажеттіліктер мен тағы басқа үшін тауарларды, қызметтерді жеткізушілердің конкурстық таңдалуының шарттары және т.б.).
Маңғыстау облысын сұйылтылған газбен қамтамасыз ету мәселесі бойынша «ҚазГӨЗ» ЖШС АГҚС үшін сұйылтылған газды ерікн таратып жатыр. Облыстың 1 айдағы қажеттілігі 10 500-11 000 тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге рыногтағы бағалар бір литрге 34-37 теңгені құрайды. Осы өнімге деген тапшылық байқалмайды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жұмыс тобы ай сайын облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша Аи-80, Аи-92/93 маркалы бензиндерінің және дизель отынының шекті бөлшек бағаларын, сондай-ақ жеткізу көлемін белгілейді.
Қазақстан Республикасының «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңына сәйкес, Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер мұнай өнімдерін өткізу кезінде бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге белгіленген шекті бағалардан аспауға міндетті.
АИ-80 бензиніне – 1 литрге 89 теңге, АИ-92,93 бензиніне – 1 литрге 115 теңге және дизель отынына – 1 литрге 107 теңге мөлшерінде шекті бағалар белгіленді.
Облыстағы ЖЖМ-на арналған бағаларды күн сайынғы мониторингілеу қорытындысында мұнай өнімдерінің орташа бағасы АИ-80 бензиніне – 1 литрге 89 теңге, АИ-92,93 бензиніне – 1 литрге 115 теңге және дизель отынына – 1 литрге 107 теңге мөлшеріндегі соманы құрайды. Тұтастай алғанда, белгілінген шекті баға тұрақты күйінде тұр.
Облыста 53 АЖҚС жұмыс істейді. Бүгінге «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС филиалының, «Гелиос» ЖШС-нің және «Синойл» «Гелиос» ЖШС-нің АЖҚС, сондай-ақ өзге де жекеменшік АЖҚС Аи-80, Аи-92/93 бензиндері мен дизель отынын кезексіз өткізуде. Сондай-ақ, ҚР Үкіметі «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-нің автомобильге жанармай құю станциялары үшін Аи-92/93 маркалы бензинін қосымша бөледі, бұл – осы өнімнің тапшылығына жол бермеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге облыста Аи-92 маркалы бензиннің тапшылығы байқалмайды.
Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау рыногындағы бәсекелестік деңгейін көтеру мақсатында, азық-түлік және жеміс-көкөніс рыногының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар шараларды іске асыру (көкөніс сақтау қоймаларын, жылыжайлар салу, логистика), оның ішінде «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Каспий-Берекет» ЖШС-нің сату-сатып алу ұйымдарын дамыту, Ақтау қаласында көкөніс сақтау («Каспий-А-Трейд» ЖШС) қоймасын салу, көкөніс сақтау қоймасын салу және қызметін көрсету мақсатында шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу жоспарлануда.
Сондай-ақ, шетелдік өндірушілермен, соның ішінде Иран Ислам Республикасымен азық-түлік тауарлары мен көкөніс өнімін жеткізу бойынша тікелей шарттар жасасу мәселелері шешіліп жатыр.
Қазіргі кезде көкөніс өнімін шығару кезінде тамшылатып суаруды қолданудың оң тәжірибесін ендіруді жалғастыру туралы мәселе зерттелуде.
Бәсекелестікті дамыту мақсатында ет өндіру және сату рыногында (қой еті, жылқы еті, түйе еті) қажет инфрақұрылым құру (мал сою пункттері мен бордақылау алаңдарын салу) көздестірілген.
Бейнеу астық терминалының негізінде жергілікті мал шаруашылығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін құрама жем өндіру жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, рыногтарға еркін шығу үшін бәсекелестік мүлдем жоқ салаларда шағын және орта кәсіпкерлікті кредиттеу бағдарламасын әзірлеу жоспарланған.
Рыногтарды талдау үдерісінде айқындалған проблемалар облыста қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастыру және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп құзыретті мемлекеттік органдардың қажет шараларын қолдану қажеттілігін көрсетті.
Бәсекелестікті дамыту шеңберінде Маңғыстау облысының негізгі тауар рыногтарында жаңа рыног субъектілерінің тауар рыногына кіруі үшін келесі қолайлы шарттар:
басым салалардағы облыстың тауар рыногтарында инфрақұрылымды дамыту;
бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік беретін және шағын және орта бизнестің белсенділігіне ықпал ететін бәсекелестік ортаға мемлекеттің қатысуын шектеу шараларын қолдану;
бизнеске түсетін әкімшілік қысымды барынша қысқарту және бизнес жүргізу рәсімдері бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру (олардың рыногтарға кіруі үшін әкімшілік кедергілерді еңсеруі жөніндегі шаралар мен іс-шараларды әзірлеу және іске асыру);
нормативтік құқықтық актілер әзірлеу кезінде бәсекелестікті шектеуі мүмкін нормаларды кіргізудің жіберілмеуін ескеру (бәсекелестікті шектейтін немесе тұтынушылардың құқықтарын бұзатын келісімдер бекіту және актілер қабылдау фактілерін жоққа шығару);
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, бірінші кезекте, дамымаған және әлсіз дамыған бәсекелестік салаларында мемлекеттік көмек көрсету;
Әлемдік экономикалық форумның (ӘЭФ) Жаһандық бәсекелестік индексін (ЖБИ) «жергілікті бәсекелестік қарқындылығы» субиндексінің жақсаруына ықпал ететін іс-шаралар (бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы шарттар жасау), оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (ӘКК) мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) арқылы әзірлеу және іске асыру көздестірілуде.
Бәсекелестіктің артықшылығын жалпыға түсіндіру мақсатында оны тиімді насихаттау қажет. Бәсекелестікті қорғау шеңберінде жаңа кәсіпкерлерді тарту үшін тауарлар мен қызметтер тұтынымдылығы, аймақтық нарық туралы ақпарат жинау, талдау және жариялауды ұйымдастыру жұмысы жүргізілмек.
Сауда және бәсекелестікті дамыту бойынша SWOT-талдау:
Мықты тұстары:
облыс аумағында жаңа кәсіпорындар құрудың оң динамикасы;
МКҰ және екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке кредиттер беру.
Әлсіз тұстары:
әр түрлі экономикалық және әкімшілік кедергілердің салдарынан тауарлық рыногтардың баяу дамуы.
Мүмкіндіктер:
мейлінше маңызды тауарлық рыногтар шоғырлануының төмендеуі;
әкімшілік және экономикалық кедергілердің төмендеуі және даму институттарының қаржылық қолдауы есебінен инновациялық белсенді кәсіпорындардың сапалық ұлғаюы.
Қатерлер:
облыста бәсекелестік ортаның нашарлауы.
2.2.1.4. Өңіраралық ынтымақтастық
Маңғыстау облысында ел өңірлері арасындағы республикаішілік кооперация өнеркәсіпте, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінде жолға қойылған.
Нан, нан-тоқаш және кондитер өнімдерін өндіретін кәсіпорындар қазақстандық өндірушілердің ұнын сатып алады. Мәселен, «Мағаш» ЖШС «Цесна» маркалы ұнын, «Волна» Ақтау кондитер фабрикасы» ЖШС «Ардагер» ЖШС-нен (Семей қаласы) сатып алады.
Жоғарыда көрсетілген салалардың кәсіпорындары, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар – «Ақтау-Сүт» ЖШС, «Гурман» ЖШС сары майды негізінен «Маслодел» фирмасынан (Алматы қаласы) сатып алады.
Өңірдің тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін қағаз буманы беруші Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын болып табылады.
«Маңғыстау шыны-талшықты құбырлар зауыты» ЖШС жиынтықтаушы бұйымдар – тот баспайтын қамыттарды «KSPSteel» ЖШС-нен (Павлодар қаласы), резеңке сақиналарды – «Восход» зауытында (Қарағанды қаласы), пластикалық тарақтарды, қорғауыш бұрандалы қалпақты «Проминвесткомплект» ЖШС-де (бұрынғы аты – «Кастинг» ЖШС, Алматы қаласы) сатып алады.
Ірі кәсіпорындардың сатып алуында Қазақстанды қамтуды көтеру арқылы тапсырыс беруші-Өнім беруші кооперациясының қарапайым нысанын дамыту «ҚазАзот» ЖШС-де жолға қойылған. Ол шығаратын аммиак селитрасы Қарағанды облысындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не, «Жәйрем ТКБК» АҚ-на, Жамбыл облысындағы «ҚазФосфат» ЖШС-не, Павлодар облысының «Алюминий Қазақстан» АҚ-на, «ЕЭК» АҚ-на жеткізіледі. Зауыттың аталған өнімін Қазақстанның 140-тан астам кәсіпорны, сондай-ақ елдің барлық өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері сатып алады.
Аммиак пен оны одан әрі қайта өңдеу өнімдерін және амииак селитрасын өндіру үшін негізгі шикізат табиғи газ болып табылады. «ҚазАзот» ЖШС табиғи газды Маңғыстау және Атырау облысының кен орындарынан алады.
Орама материалдарды Ақмола, Алматы облыстарының кәсіпорындары, дайын өнім үшін ыдысты (қапшықтарды) «Новопэк» ЖШС, гофрокартонды «Kagazyrecycling» ЖШС жеткізеді.
«Жанарыс» ЖШС шығаратын арнайы киімін Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның мұнайшыларына, «Ақтау шыны-талшықты құбырлар зауыты» ЖШС өз өнімін Қызылорда және Атырау облыстарының кен орындарына жеткізеді.
Машина жасау саласындағы кәсіпорын, мұнай, химия және энергетика өнеркәсіптері үшін қысымда жұмыс жасайтын түтікшелер, сыйымдылықтар, жылу алмастырғыштар, құбыржолдар, болат конструкциялар өндірумен айналысатын «ГММОС Қазақстан» ЖШС өндіріске арналған негізгі материалдар – құбырларды, бұрыштықтарды Алматы облысында орналасқан кәсіпорындардан («Сталь РК» ЖШС, «АйронКоммерс Компани» ЖШС, «Металлинвест-Казахстан» ЖШС, «Лидер-металл» ЖШС), сондай-ақ «Стальной двор» ЖШС-нен (Астана қаласы), «Агис Темір» ЖШС-нен (Ақтөбе қаласы) алады. Өзге де бірқатар жиынтықтаушы бұйымдарды жеткізуді Атырау облысының кәсіпорындары, түбін жеткізуді Алматы қаласының «Белкамит» АҚ жүзеге асырады.
Темір-бетон бұйымдарды шығаратын құрылыс индустриясының кәсіпорындары цементті қазақстандық өнім берушілерден сатып алады («Бұқтырма цемент компаниясы» (ШҚО) және т.б.).
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Бозашы Оперейтинг Лтд» КФ, «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Арман» БК» ЖШС, «Жалғызтөбемұнай» ЕЖШС «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ның өнімі – сыйымдылық жабдығының, мұнай қыздыру пешінің тұтынушылары болып табылады.
Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ «Ком-мұнай» ЖШС мен «Тасболат Ойл Сервис Компани» ЖШС-не өрт сөндіру машиналарын, «КенҚұрылысСервис» ЖШС-не, «ОйлСервисКомпани» ЖШС-не су тасығыштар, су тасымалдауға арналған сыйымдылықтар жеткізді.
Ақтау құбыр зауыты «АrcelorMittalTubularProductsAktau» АҚ мұнай мен газды, бу мен ыстық суды тасымалдауға арналған үлкен диаметрлі болат құбырлар (530 мм-ден 1420 мм-ге дейін) шығаратын Қазақстан Республикасындағы жалғыз өндіруші болып табылады, ол 2012-2013 жылдары үлкен мөлшердегі құбырлар жеткізу бойынша Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының «ЖЭО-Гагарин көшесі» жылу трассасын салуға, Алматы облысының «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырын салу жобасына қатысты.
Сондай-ақ, көрсетілген құбыр зауыты, құбырлардың ішіне және сыртына коррозияға қарсы жабын жағатын ҚР-дағы жалғыз зауыт ретінде «Арал-Сарыбұлақ» сутартқышын, «Алатау ауданының өнеркәсіптік аймағы» сутартқышын» салу жобаларына қатысты. Қазіргі замандағы зертханалық кешенге ие болғандықтан, «ТеңізШевройл» ЖШС мұнай құбырының қорғауыш жабынына сынақ жүргізді.
Осылайша, облыстың ел өңірлері арасындағы өнеркәсіптік кооперациясы тамақ, химия, жеңіл өнеркәсіптеріндегі, машина жасаудағы, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірудегі, металлургиядағы, мұнай-газ кешеніндегі жолға қойылған жолға қойылған байланыстарда көсетілген.
Ел ішінде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері:
Тауар өндірушілерді қолдау саласында:
1) облыстардың тауар өндірушілерінің тізілімін (каталогын) өнеркәсіп салаларының кесінінде қалыптастыру және ұсыну;
2) импорт алмастыратын инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарау үшін, облыстың жүйе құраушы кәсіпорындарының импорттайтын тауарлар туралы ақпарат ұсынуы;
3) іске асырлып жатқан инвестициялық жобалардың (Индустрияландыру картасының, АЭА-тың, өңірлік технопарктердің, МЖӘ-тің инвестициялық жобаларының) тізбесін қалыптастыру және ұсыну;
4) Индустрияландыру картасы жобаларының өнімдерін облыстардың әлеуетті тұтынушыларына басым түрде жеткізуді қарау;
5) «Arcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ-ның құбыр өнімдерін көмірсутегі шикізаты бойынша жер қойнауын пайдланушыларға, су құбырларын, мұнай-газ құбырларын салуға арналған құбыр өнімін мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерді жеңіп алған мердігерлік ұйымдарға өткізу бойынша жәрдем көрсету;
6) «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында жергілікті өндірістің құрылыс материалдарын басым түрде жеткізуді қарау.
Инновацияларды дамыту саласында:
1) Өңірлік инновациялық жүйелерді құру және дамыту бойынша бірыңғай тәсіл әзірлеу;
2) инновацияларды дамыту, оның ішінде жаңа технологиялар енгізу, қосылған құны жоғары жаңа өнім шығару мәселелері бойынша ЖОО, ҒЗИ, өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы кооперацияны дамыту;
3) ҒЗИ-ның, ЖОО-ның инновациялық әзірлемелерін облыстың кәсіпорындарында қолдануға жәрдемдесу.
Достарыңызбен бөлісу: |