БАҒдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұны бағдарламаның паспорты 3 АҒымдағы жағдайды талдау 10


Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау



бет9/18
Дата28.01.2018
өлшемі3,44 Mb.
#34804
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

2.2.4. Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау


Қазақстан Республикасы өңірлерінің аумақтық-кеңістіктік орналасуында оның одан әрі дамуын қиындататын бірқатар қалыптасқан сипаттамалар байқалады. Мұндай факторларға тұрғындар тығыздығының бір қалыпты болмауы, өнеркәсіптік-өндірістік әлеуеттің үйлеспеушілігі, тұрғын-үй және әлеуметтік инфрақұрылымның шектелуі, сондай-ақ инженерлік желілердің тозуы жатады. Тиісінше, тұрғындарды өмір сүру сапасын (деңгейін) көтеру проблемалы болмақ.

Қазақстан өңірлерінің аумақтық-кеңістіктік ұйымдастырылуының теңгерімсіздігі негізінен дәстүрлі кеңестік жоспарлау кезінде қалыптасты. КСРО кезінде өңірлердің дамуы негізінен аталған аумақтың салалық құрылымына тәуелді болды, нәтижесінде бұл бүкіл мемлекет өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық үйлеспеуіне әкеп соқтыратын. Үйлеспеушілікті түзеу және өңірлік дифференциацияны жетілдіру жөніндегі барлық шешімдер мен бастамалар жоспарлаудың орталықтандырылған сипатына байланысты болды. Аумақтық даму табысты бола қойған жоқ, өйткені мемлекетік жоспарлауда басты назар салалық жоспарлауға берілетін. Қазақстан өңірлерінің қазіргі заманғы аумақтық-кеңістіктік жағдайында да салалық маңыздылық сақталған.

Маңғыстау облысы кеңістікті дамытудың негізгі тірек қаңқасының құрылымында.

Геосаяси және геоэкономикалық факторларды есепке ала отырып, экономикалық және еңбек ресурстарын экономикалық перспективалы аудандарда және тыныс-тіршілік үшін қолайлы табиғи-климаттық және экологиялық аймақтарда шоғырландыру үдерістері елдің барлық аумақтық кеңістігін оңтайлы игерумен және жайластырумен ұштасуы қажет.

Елдің 2020 жылға дейін аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасына сәйкес, елдің әрбір өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру мейлінше маңызды міндет болып табылады.

Осы схемаға сәйкес, Қазақстан аумағы аумақтық дамудың үш стратегиялық осіне, яғни Солтүстікке, Орталыққа және Оңтүстікке бөлінген.

Маңғыстау облысы «өсу нүктесі» Ақтау қаласымен барлық осьтерді біріктіреді және Орта Азия мемлекеттерінің шекарасы бойындағы өңірлеріне шығуды қамтамасыз етеді.

Ақтау теңіз портын «ТРАСЕКА» және «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздерінің құрамында мультимодальды көлік торабы ретінде пайдалану және алдағы уақытта Ақтау қаласында ұлттық деңгейдегі ірі сауда-логистикалық орталығын қалыптастыру мүмкіндігі бар.

Осыған байланысты, Каспий макроөңіріндегі көлік тораптарына шығуды қамтамасыз ететін «Ақтөбе-Атырау-Ақтау», «Жезқазған-Ақтау», «Қызылорда-Ақтау» коммуникациялық учаскесін күшейту (көлік және темір жолдарының желілерін салу және жаңғырту) перспективалы міндет болып табылады.

Қазақстанда теміржол желілерінің тығыздығы шамалы, ол аумақтың 1000 шаршы километріне шамамен 5,43 километрді құрайды. Алайда, елде өңірлер бойынша көлік желілері орналасуының әркелкілігінің дәрежесі де жоғары. Маңғыстау облысында теміржол желілерінің тығыздығы 1000 шаршы километрге шамамен 4,73 километрді құрады (Қазақстан облыстарының арасында 10 орын).

Республика бойынша автомобиль жолдарының тығыздығы 1000 шаршы километрге 34,45 километрді құрайды, алайда автожолдардың көлік желісімен қамтамасыз етілуіндегі саралану да мейлінше айтарлықтай. Маңғыстау облысындағы тығыздық1000 шаршы километрге 14,63 километрді құрайды, бұл республика өңірлері арасындағы ең төмен көрсеткіш болып табылады.
2.2.4.1. Маңғыстау облысының шекара бойындағы аумақтары

Маңғыстау облысының Каспий өңірінің бес мемлекетімен шекарасы бар. Осы өңірлік аспект облыс үшін өзін халықаралық сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда бәсекеге қабілетті өңірлік көшбасшы ретінде көрсетеуге мүмкіндік береді.

Ынтымақтастық көптеген бағытта дамуда, оның ішінде Каспий аймағындағы ынтымақтастық аса стратегиялық маңызды. Себебі Каспий – барлық Каспий маңы мемлекеттердің біріккен жан-жақты жауапкершілігінің аймағы.

Жылдан жылға Ресей өңірлерінің Маңғыстау облысымен тауар айналымының көлемі артуда (Қазақстан мен Ресейдің шекара бойындағы өңірлері тауар айналымының шамамен 23%-ын қамтамасыз етеді). Сондай-ақ, Ресеймен тығыз экономикалық байланысқа бағдарланған үлкен болашақ кеме верфтері мен мұнай құю айлақтары бар Құрық теңіз портында да бар.

Жүк ағынының бұрыннан бар бағыттарын, көліктік инфрақұрылымның дамуын, инженерлік коммуникациялардың бар екенін есепке ала отырып «Бейнеу» шекара бойындағы халықаралық ынтымақтастық орталығын («Бейнеу» ШХЫО), оның ішінде Бейнеу ауылында көлік-логистикалық орталық (КЛО) пен Тәжен ауылында шекара бойындағы еркін сауда аймағын құрған орынды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1289 «Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы» қаулысын орындау үшін, Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (Бейнеу ауданының Тәжен, Сам және Ақжігіт, Қарақия ауданының Болашақ ауылдарының) әзірленді. Жоспар барлық мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Өңірлік даму министрлігімен келісіліп, облыс әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы №108 қаулысымен бекітілді.


2.2.4.2. Маңғыстау облысының ауылдық аумақтары

Ауылдың қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін, ауылдық елді мекендерді әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен нормативтік қамтамасыз етілуіне жету қажет. Онда ауылдық тұрғындар білім беру, денсаулық сақтау қызметтерімен, сапалы ауыз сумен, автомобиль жолдарымен, элекрмен жабдықтаумен, байланыс, теледидарлама қызметтерімен, интернет желісімен қамтамасыз етілуге тиіс.

Ауыл халқына 65 медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді.

Ауылдық жердегі жалпы білім беретін мекемелер желісі 45,5 мың оқушысы бар 76 мектепті және 7,1 мың бала бар 61 балабақшаны қамтиды. Ауыл мектептерінде 4,2 мың мұғалім жұмыс істейді. Мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту 100% құрайды.

Ауылдық жерде 50 кітапхана, 2 мұражай және «Отпан» атты 1 тарихи-мәдени кешен қызмет көрсетеді.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау 30 АЕМ-де жұмыс істейді. Тасымалданатын суды 4 АЕМ пайдаланады.

«Ақ бұлақ» салалық бағдарламасының іске асырылуы, жалпы саны 26 993 адам болатын Боранқұл, Аққұдық, Түйесу, Жетібай, Шайыр, Үштаған, Онды, Таушық сияқты 8 АЕМ-ді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Облыстың облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желісі 1553,2 километрді құрайды, оның ішінде: облыстық маңызы бар автожолдар – 1012 километрді және аудандық маңызы бар автожолдар – 541,2 километрді құрайды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автомобиль жолдары салынып, «Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жүргізілді.

Қазіргі кезде облыс бойынша телефон байланысы жоқ ауыл кездеспейді. Маңғыстау облыстық телекоммуникация дирекциясы, тұрғындар санына қарамастан барлық ауылдарды телефондандырды. Мұнайлы ауданының ауылдарынан басқа, тұрғындар саны 500 адамнан асатын барлық елді мекенде АТС орнатылған.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» атты 4-бағытының аясында облыстың ауылдық елді мекендерін жайластыруға 211,3 млн. теңге сомасында республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер бағытталып, 40 ауылдық елді мекенде 42 жоба іске асырылды (2012 жылы – 34,4 млн. теңгеге 15 жоба).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» аясында облыстың ауылдарын абаттандыруға 1611,3 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді. Осы қаражаттың есебінен даму әлеуеті жоғары және орташа 28 ауылдық елді мекенде 96 жоба іске асырылды (2012 жылы – 337,2 млн. теңгеге 15 жоба).

Ауылдағы бюджеттік саладағы білікті кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу мақсатында ауыл мектептері түлектерінің республика ЖОО-да оқу үшін облыс әкімінің гранттары бөлінуде, осы гранттардың есебінен оқып жатқандардың саны 2013 жылы 667 адамды құрады. Бұдан басқа, әлеуметтік сала мамандарын ауылдық жерге жұмыс істеуге тарту мақсатында 462 жас маманға көтерме жәрдемақы, 127 маманға тұрғын үйге арналған кредиттер берілді.

Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.05.2014 жылғы №125 қаулысымен және Маңғыстау облыстық маслихатының 27.05.2014 жылғы № 17/54 шешімімен Жаңаөзен қаласында Рахат ауылы құрылды. Қазіргі кезде Маңғыстау облысында 61 ауылдық елді мекен бар.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» атты 4-бағытының аясында облыстың ауылдық елді мекендерін жайластыруға жергілікті бюджеттің қаражатынан 654,4 млн. теңге бөлініп, 17 ауылдық елді мекенде 39 жоба іске асырылуда (2013 жылы – 211,3 млн. теңгеге 42 жоба).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» бірінші бағытының аясында облыстың ауылдарын абаттандыруға 1980,4 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді. Осы қаражаттың есебінен даму әлеуеті жоғары және орташа 34 ауылдық елді мекенде 157 жоба іске асырылды (2013 жылы – 1611,3 млн. теңгеге 96 жоба).

Ауылдағы бюджеттік саладағы білікті кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу және әлеуметтік сала мамандарын ауылдық жерге жұмыс істеуге тарту мақсатында 955 жас маманға 123,8 млн. теңге сомасына көтерме жәрдемақы, 127 маманға 600,2 млн. теңге сомасына тұрғын үйге арналған кредиттер берілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Тірек ауылдық елді мекендердің (Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Бейнеу ауданының Ақжігіт және Боранқұл, Маңғыстау ауданының Сайөтес және Жыңғылды, Қарақия ауданының Жетібай ауылдарының) және аудан орталықтарының (Бейнеу, Құрық, Маңғыстау, Шетпе ауылдарының) 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарлары әзірленді. Бұдан басқа, Ауылдық округтерді, ауылдарды және кенттерді дамыту жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары әзірленді.

Барлық Кешенді даму жоспарлары мен облыстық Іс-шаралар жоспары мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Өңірлік даму министрлігімен келісіліп, облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 27 мамырдағы №17/253 шешімімен бекітілді.



Ауылдық аумақтар бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

облыстың елді мекендерінің 100% газдандырылуы мен электрлендірілуі;

ауылдағы оң көші-қон сальдасы, облыс бойынша жалпы сандағы ауыл халқы үлесінің артуы (2009 жылғы 43,3%-дан 2013 жылы 50,1%-ға дейін).

Әлсіз тұстары:

15 ауылдық мектеп бейімделген орынжайларда орналасқан, 3 ауылдық мектепте оқу 3 ауысыммен жүргізілуде, 2 ауылдық мектеп авариялық болып табылады;

ауылдағы 17 денсаулық сақтау объектісі бейімделген орынжайларда орналасқан;

білім берудің, денсаулық сақтаудың, мәдениеттің және спорттың бюджеттік ұйымдарында мамандардың жетіспеушілігі;

аудандық және ауылішілік автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жай-күйі, жаңа жолдар салу қажеттілігі.

Мүмкіндіктер:

басым мемлекеттік-және салалық бағдарламалар аясында облыстың ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жақсарту;

ауылдағы экономикалық қызметтің жаңа түрлерін, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

ауылдық жердегі әлеуметтік сала ұйымдарын кредиттер мен гранттар беру есебінен білікті кадрлармен қамтамасыз ету.



Қатерлер:

облыстағы ауыз су көздерінің тапшылығы, облыс ауылдарының орталықтандырылған сумен жабдтықтаумен аз қамтамасыз етілуі;

өңірлік даму жөніндегі бағдарламалардың тиімсіз орындалуы.
2.2.4.3. Қоршаған ортаны қорғау

Облыстың түгелдей дерлік аумағы табиғи-климаттық жағдайы бойынша қолайсыз қуаңшылық аймаққа жатады. Қоршаған ортаның компоненттеріне жағымсыз әсер ететін климаттық жағдайлардың ерекшеліктері: жоғары күн радиациясы, шаңды дауылдар, жылдық және тәуліктік температуралардың тұрақсыздығы, жауын-шашынның аз мөлшері болып табылады.

Өңір аумақтарының ландшафты антропогендік ықпалға тұрақсыз шөлден және шөлейттен тұрады, сол себепті климаттық жағдай топырақ-өсімдік жабынының қалыптасына аз ықпал етеді.

Облыстағы өнеркәсіптік өндірістің қалыптасуы және дамуы бірыңғай көмірсутегі шикізатының қорына негізделген.

Өңір бұрынғыға қарағанда айтарлықтай өзгерген және қазіргі кезде мына себептер бойынша экологиялық жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етпейді:

бәрінен бұрын химиялық өндірістегі құрамында уран бар кендерді өндіру және өңдеу кезінде, экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің уақытылы және қанағаттандырарлықсыз шешілуі;

Каспий теңізіне іргелес жатқан аудандарда мұнай мен газ кен орындарын игеру кезінде экологиялық нормалар мен ережелердің бұзылуы;

өткен ғасырдың 60 жылдарының соңында ядролық сынақтардың жүргізілуі;

жер қорының ұтымсыз пайдаланылуы;

топырақ және өсімдіктер қорынығ жел және су эрозиясынан жеткіліксіз қорғалуы;

Өткен жылдардан қалған қоршаған ортаны ластаудың шешілмеген мәселелерімен бірге ластанудың жаңа түрлері де пайда болуда, экожүйенің нашарлауы жалғасуда, биотүрленудің бір мезгілде жұтаңдауынан құрлық пен теңіздің биологиялық ресурстар қорының азаюы.

Облыста қалыптасқан экологиялық жағдаймен бірге, сумен жабдықтаудың табиғи көздерінің болмауы себепті ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемалық мәселе болып қалуда.

Қарақия ауданының Сенек, Маңғыстау облысының Үштаған және Тұшықұдық елді мекендері, осы жерлерді ұтымды пайдаланбау (мөлшерден көп мал жаю, талдарды кесу және т.б.), құмды алаптарды су алу нәтижесінде жерасты суларының төмендеуінен пайда болған жылжымалы құмдардың басуына байланысты экологиялық қысымға ұшырауда. Кен орындарын пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар жерасты суларының пайдалану қорына қайта бағалау жүргізбейді; осылайша су алу кезінде осы аудандағы экологиялық жағымсыз салдар есепке алынбайды.

Ескі мұнай кен орындарымен бірге жаңа кен орындарын игеруге байланысты, Каспий айдыны экожүйесінің мұнаймен және мұнай қалдықтарымен ластануының алдын алу проблемасы өткір күйінде қалуда.

Қазіргі кезде суы таяз аймақтағы топырақтағы мұнай өнімдерінің мөлшері шекті ұйғарынды концентрациядан (ШҰК) 15-20 есе асып түседі. Қорықтық аймақтың ерекше мәртебесіне ие Солтүстік Каспий суының мұнай өнімдерімен ластану нормасының асып түсуі 10 есеге дейін құрайды. Фенолдың шоғырлануы нормадан жүз еседен астам асып түседі. Суда үнемі хлорорганикалық пестицидтер жүреді. Ихтиологиялық фауна ағзаларының шикі мұнаймен, ауыр металлдармен және өзге де заттармен ластануы орын алуда.

Маңғыстау облысының негізгі экологиялық проблемалары ретінде мыналар айқындалды:

уран өндіретін кәсіпорындардың, оның ішінде «Қошқар ата» қалдықтар қоймасында жинақталған радиоактивті қалдықтары, мұнда жиынтық белсенділігі 11,2 мың Кюри болатын 52 млн. тонна радиактивті қалдықтар көмілген;

көптеген елді мекендердің тазарту құрылыстарының болмауы;

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде кешенді мемлекеттік экологиялық мониторингтің болмауы;

Қарақия ауданының Сенек, Маңғыстау облысының Үштаған және Тұшықұдық елді мекендерін жылжымалы құмнан қорғау проблемалары, деградацияға ұшыраған жер учаскелерінің өсімдік жабынын қайта қалпына келтіру қажеттілігі;

үстірт арқары, қарақұйрық сияқты жануарлар, сондай-ақ сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өзге де жануар түрлері санының ондаған есе қысқаруы;

өңірдің сусыздығына байланысты көгалды алаптың аздығы;

облыс аумағындағы өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың бей-берекет тасталуы;

бұрынғы карьерлердің бұзылған жер учаскелерінің болуы.

Облыстық бюджетке түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдердің көлемі 2011 жылы – 1739,38 млн. теңгені, 2012 жылы – 4174,13 млн. теңгені, 2013 жылы – 11318,38 млн. теңгені, 2014 жылы – 2279,8 млн. теңгені құрады.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды іске асыру үшін облыстық бюджеттен 2011 жылы – 1961,1 млн. теңге немесе түскен эмиссия сомасына 112,7%, 2012 жылы – 2601,3 млн. теңге немесе 62,3%, 2013 жылы – 1989,8 млн. теңге немесе 17,6% бағытталды. Табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруға 2014 жылға 4065 млн. теңге немесе түскен эмиссия сомасына 178,3% жұмсалды

2011-2013 жылдардағы кезеңде облыстың барлық аудандары мен қалалары бойынша қоршаған ортаны қорғауға арналған ағымдағы шығындардың өсу қарқынының артқаны байқалады. Облыс бойынша – барлығы 17263,7 млн. теңге. Қоршаған ортаны қорғауға арналған ағымдағы шығындардың негізгі үлесі Ақтау қаласына (40,1%), Түпқараған ауданына (98,7%), Қарақия ауданының (5,8%) және Жаңаөзен қаласына (4,2%) келеді.

Жерлерді қалпына келтіруге арналған ағымдағы шығындар негізінен Ақтау қаласы (60,6%) мен Жаңаөзен қаласына (37,8%) келеді.

Қоршаған ортаны қорғауға арналған ең көп шығындар 2011-2013 жылдарда жерді қалдықтармен ластанудан қорғауға келеді – 11889,6 млн. теңге.

Маңғыстау облысында стационарлық көздерден ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуы 82,4 мың тоннаны құрап, олардың деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артты. Оның ішінде, тиісінше 92,2% және 93,5% тазартылмастан шығарылды.

Ластаушы заттарды тастаудың үлкен көлемі, негізінен ластаушы көздердің ауа тазарту құрылыстарымен жеткілікті дәрежеде жарақталмауына байланысты болып отыр.

Облыс бойынша мұнай өндіру қалдықтарын қайта өңдеудің және жоюдың олардың пайда болуына қатынасы туралы деректер келесі кестеде келтірілген:




Мұнай өндіру қалдықтары

Қайта өңдеудің пайда болуыға үлесі

Жылдар


Пайда болуы (мың тонна)

Жойылды/қайта өңделді (мың тонна)

%

2010

365,607

153,537

42 %

2011

493,214

110,779

22,4%

2012

478,67

206,48

43,1%

2013

470,744

200,209

42,5%

2014 жылдың

1 жартыжылдығы



163,72

61,67

37,7%

Облыстың басты экологиялық проблемаларының біреуі 105 млн. тоннадан астам улы, оның ішінде 52 млн. тонна радиоактивті қалдықтар көмілген «Қошқар ата» қалдықтар қоймасы болып табылады. Сұйық фазаның кебуіне байланысты жалаң учаскелердің тозаңдануы болып, аэрозольді бөлшектер атмосфераға таралады. Орналасқан қалдықтардың жалпы ауданы 66 шаршы километрді, жалаң жағажайдың ауданы шамамен 55 шаршы километрді құрап, сұйық фаза деңгейінің төмендеу үдерісі жалғасуда.

Осыған байланысты, жасанды көлдің сұйық фаза деңгейін тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қалдықтар қоймасына жыл сайын Ақтау қаласының 6,3 млн. текше метр тазартылған шаруашылық нысап суы айдалады.

Халықтың химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Қошқар ата» қалдықтар қоймасын қалпына келтірудің 2013 жылы ТЭН-і, 2014 жылы ЖСҚ-ы әзірленді.

Облыс әкімдігі Каспий теңізінің айдынын қорғау бойынша жұмыс жүргізуде. Облыс әкімдігінің қаулысымен Каспий теңізінің барлық жағалауындағы Түрікменстаннан бастап Атырау облысының шекарасына дейінгі қашықтығы 1399,5 км су қорғау аймақтары мен жолақтары белгіленді.

Жылжымалы құмдармен күресу проблемасы Қазақстанның көптеген құрғақ өңірлері,әсіресе Қарақия ауданының Түйесу, Маңғыстау ауданының Бостанқұм және Қызылқұм құмды алаптары жататын белсенді өзгеру аудандары үшін өзекті болып табылады.

Осыған байланысты, Сенек ауылының жанындағы Түйесу және Үштаған ауылының маңындағы Бостанқұм құмды алаптарының деградацияға ұшыраған өсімдік жабынын жыл сайын 200 га бойынша қайта қалпына келтіру бойынша жұмыс жалғасуда. 2011 жылдан бастап Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылындағы жыкөгалды алқаплжымалы құмдармен күрес бойынша жұмыс басталды. Қазіргі кезде елді мекендердің айналасындағы көгалды алқаптардың ауданы 2100 гектарды құрайды.

Бірегей табиғатты сақтау, экологиялық туризмді дамыту және жабайы жануарлардың санын арттыру мақсатында, облыс әкімдігінің қаулысымен 2012-2013 жылдары облыста жалпы ауданы 613 мың га болатын жергілікті маңызы бар төрт ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылды.



Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ). Облыс бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар шығарумен 2011-2013 жылдары ҚТҚ-ын 14 полигонға шығаратын облыстың қалалары мен аудандарының 20 кәсіпорны айналысады.

Маңғыстау облысында шығарылған қатты-тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемі 2011 жылда 150,8 мың тонна қалдықты, бұл жылына 311 кг/адамды құрайды. 2013 жылда 205,0 мың тонна қалдық шықты.

Маңғыстау облысының аудандары мен қалаларында қосымша шикізатты жинауға арналған контейнерлер жоқ.

Ақтау қаласында ҚТҚ-ды жинау және шығару бойынша қызметтерді көрсетумен «Каспий Оперейтинг» ЖШС айналысады, оның үлесіне 2013 жылы қызмет көрсетілетін барлық аумақтың 85%-ы келеді. Осы кәсіпорын қаланың барлық шағын аудандарындағы халықтан жиналатын ҚТҚ-ды жинау мен шығаруға жауап береді және 2000 жеке тұлғаның және 1525 заңды тұлғаның, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің ҚТҚ-ын шығару бойынша қызметтер көрсетеді. ҚТҚ шығарудың ай сайынғы орташа мөлшері 2012 жылы 8 450 текше метрді құрады.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін көлемі 0,753 болатын темір контейнерлер қолданылады (пластмасса контейнерлер өте аз кездеседі), олар тұратын тұрғындар санына байланысты және тәулігіне жиналатын болжамды қалдықты есепке ала отырып, шағын аудандардағы әрбір тұрғын үйдің немесе блоктың жанына қойылған. Ақтау қаласы бойынша контейнерлердің жалпы саны 1890 бірлікті құрайды және әртүрлі іс-шаралар өткізген жағдайда запаста 30 контейнер бар. Маңғыстау облысы бойынша ҚТҚ жинайтын 1820 орын бар.

Қалдықтар жинайтын автокөліктің көп бөлігін сыйымдылығы 8-113 болатын қоқыс тасымалдайтын көліктер құрайды. Қолда бар қоқыс тасымалдайтын көліктердің қызмет ету мерзімі орташа – 5-6 жыл.

Жер-топырақ ресурстарының жағдайын және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында, Ақтау қаласында, Бейнеу, Шетпе, Құрық, Жетібай және Баянды ауылдарында ҚТҚ полигондары салынды. Жаңаөзен қаласындағы қатты-тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, жою және көму зауыты 2014 жылы пайдалануға берілді. Еуропа қайта құру және даму банкімен бірге Ақтау қаласында қоқысты қайта өңдейтін зауыт салу мәселесі пысықталуда. 2014 жылдың өзінде 7 ауылдық елді мекен үшін ҚТҚ полигоннын салуға ЖСҚ және 3 елді мекен үшін ЖСҚ әзірленді.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

табиғат қорғау жобаларының іске асырылуы, қажетті зерттеулердің жүргізілуі және қоршаған орта жағдайы мен халықтың денсаулығына қолайсыз антропогендік әсердің төмендеуі;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған шығыстардың ұлғаюы;

жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтардың құрылуы;

жергілікті экологиялық проблемаларды жою жөніндегі шаралардың әзірленуі.

Әлсіз тұстары:

қоршаған ортаның ағымдағы және тарихи ластануы;

су ресурстарының, бірінші кезекте ауыз судың болмауы, су көздерінің ластануы, тазарту құрылыстарының нашар жағдайы;

өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, жою және көму бойынша өндірістік қуаттылықтардың болмауы.



Қатерлер:

атмосфераны, су қорын ластау көздері үшін тазарту құрылыстарын нашар жаңғыртқан жағдайда экологиялық ахуалдың шиеленісуі;

теңіздің жағалау аймағындағы су басқан мұнай ұңғымалары, сондай-ақ оффшорлық жұмыстарды жүргізу кезінде мұнай төгілуден болуы мүмкін апаттар Каспий теңізінің экожүйесіне жүктеме түсіреді және әлемде аналогы жоқ бірегей су қоймасының биологиялық әртүрлілігіне қауіп төндіреді;

Каспий маңы тау-кен металлургия комбинаты: химия тау-кен металлургия зауыты, күкірт қышқылы зауыты және азот-түк зауыты қызметінің нәтижесінде пайда болған, химия тау-кен металлургия өндірсінің пайдаланылмайтын қатты қалдықтарын қоймалау және сақтау ретінде қолданылған қалдықтар қоймасы экологиялық қауіп төндіреді.



Мүмкіндіктер:

туристік қызметтерге сұраныстың өсуі, курортты демалыстың, экологиялық туризмнің тартымдылығын арттыру, туристік саланың материалдық-техникалық базасын жетілдіру;

қоршаған ортаны ластағаны үшін жергілікті бюджетке түсетін төлемақылар мен табиғат қорғау шараларына жергілікті бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың үйлесімділігін қамтамасыз ету актуалды табиғат қорғау іс-шараларының: тазарту құрылыстарын жаңғыртудың, су қорғау аймақтарын, жолақтарын және олардың шаруашылық пайдалану тәртібін белгілеу бойынша іс-шаралар өткізудің, ұйымдастырылмаған қоқыс тастаумен ластанған, ауыл шаруашылығында және өзге мақсатта пайдалануға жарамды жерлерді қалпына келтірудің қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермек;

өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластау көлемдеріне бақылауды арттыру. Мониторингілік бақылаулар үшін стационарлық экологиялық алаңшалар санының артуы шаруашылық етуші субъектілердің техногендік қызметтеріне жедел ден қою есебінен қоршаған орта сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек;

облыстың қоршаған ортаны жақсартумен айналысатын мемлекеттік мекемелері мен ЖШС-терінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын нығайту;

Ақтау қаласында ҚТҚ-ды қайта өңдейтін зауыт және облыстың ірі елді мекендерінде ҚТҚ полигондарын салу.


2.2.4.4. Жер ресурстары

Маңғыстау облысының жалпы ауданы 16564,2 мың гектардың ішінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 5134,7 мың гектарды, елді мекендердің жерлері 993,7 мың гектарды, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, және өзге ауыл шаруашылғы мақсатындағы емес жерлер 276,0 мың гектарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және емдеу-сауықтыру мақсатындағы жерлер 223,7 мың гектарды, орман қорының жерлері 241,6 мың гектарды, босалқы жерлер 9727,7 мың гектарды құрайды.

Ақтау қаласы жерлерінің жалпы ауданы 29,8 мың гектарды, Жаңаөзен қаласы жерлерінің жалпы ауданы 51,6 мың гектарды, Мұнайлы ауданы жерлерінің жалпы ауданы 492,2 мың гектарды, Бейнеу ауданы жерлерінің жалпы ауданы 4052,0 мың гектарды, Қарақия ауданы жерлерінің жалпы ауданы 6483,6 мың гектарды, Маңғыстау ауданы жерлерінің жалпы ауданы 4602,2 мың гектарды, Түпқараған ауданы жерлерінің жалпы ауданы 29,8 мың гектарды құрайды.

Облыс аумағы пайдаланылатын алқаптар кесінінде негізінен жалпы ауданы 12652,3 мың гектарды, егістік  жер 0,5 мың гектарды, тыңайған жер 0,3 мың гектарды, пішендік жер 0,3 мың гектарды, көпжылдық екпе ағаштар 0,6 мың гектарды құрайтын жайылымдық алқаптарды қамтиды.

Тексеру мен түгендеу нәтижесінде 2011-2013 жылдары мемлекеттің меншігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы 3871,2 мың гектар жер, оның ішінде 2011 жылы 3 174 200 гектар, 2012 жылы 696 900 гектар және 2013 жылы 50 гектар жер қайтарылды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы айналымына 2012 жылы 50,0 мың гектар, 2012 жылы 105,9 мың гектар және 2012 жылы 28,5 мың гектар жер тартылды.

Осылайша, қазіргі кезде жалпы ауданы 184,4 мың гектар болатын жер 187 жер учаскесі айналымға тартылды. 2015 жылы ауыл шаруашылығы айналымына 25,0 мың гектар жерді тарту жоспарлануда..
Қайтарылған жерлердің жалпы ауданында ауыл шаруашылығы айналымына тартылғаны, мың гектармен

Облыс бойынша

Мемлекеттік меншікке қайтарылды

Ауыл шаруашылығы айналымына тартылды

Оның ішінде

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

3871,2

184,4

саны

ауданы

саны

ауданы

саны

ауданы

52

50,0

100

105,9

35

28,5


Жер ресурстары бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

босалқы жерлердің үлкен ауданы, 2014 жылы 9694,5 гектар, бұл – облыстың барлық аумағының жартысынан астамын құрайды (58%);

ауыл шаруашылығы саласындағы шағын және орта бизнесті дамыту үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігі;

мал шаруашылығын, әсіресе үйірлік ат шаруашылығы мен келелік түйе шаруашылығын дамытуға арналған жайылымдардың болуы;



Әлсіз тұстары:

ауыр табиғи-климаттық жағдайлар;

ашық су көздерінің жоқтығы;

суландыру көздерінің көпшілігінің (құдықтар, ұңғымалар) қанағаттанарлықсыз жағдайы.



Мүмкіндіктер:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аукциондар мен конкурстар, оның ішінде электрондыө конкурстар арқылы беру жолымен жер пайдаланушылардың санын арттыру;

жерасты суларының кен орындары бар аудандарда орналасқан жерлерде көкөніс шаруашылығын ішінара дамыту.

Қатерлер:

жауын-шашынның (қуаңшылық), топырақ жабынын мұз басуы (жұт), күшті аяздар сияқты табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділік.


2.2.4.5. Маңғыстау облысы халқының қазіргі қоныстануы

Маңғыстау облысы бойынша халықтың тығыздығы бір шаршы километрге 3,3 адамды құрайды. Аумақтың ерекшелігі, құрғақ шөл мен шөлейтті жерлердің үлкен кеңістігі елсіз болып келетін (Қарақия ауданы – 0,5 адам/шаршы км; Маңғыстау ауданы - 0,7 адам/шаршы км) ошақтық қоныстану болып табылады (Ақтау қаласында 592,2 адам/шаршы км, Жаңаөзен қаласында 198,2 адам/шаршы км).

Урбандалу деңгейі, яғни, облыстың барлық халқындағы қала халқының үлесі 50%-ға тең. Облыс аумағында 1 ірі қала (Ақтау), 1 орташа қала (Жаңаөзен), 1 шағын қала (Форт-Шевченко), 61 АЕМ бар. Урбандалу деңгейі 2005 жылдан бері 71,3-ден 50%-ға дейін төмендеді.

Халық тығыздығының үйлесуі, елді мекендердің орналасу сипаты, халықтың табиғи және механикалық қозғалысының арақатынасы (демография тармағында анықталған) бойынша Маңғыстау облысы халқының қоныстануының 3 түрге бөлген орынды, ол 3-кестеде көрсетілген.



Бірінші түрі. Ақтау қаласының ең жоғары демографиялық әлеуеті 2013 жылы облыс тұрғындарының 31,4%-ын құрады. Қала 2011-2013 жылдарда халықтың 2%-ға өсуімен сипатталады. Қала Ақтөбе-Атырау-Ақтау жергілікті осінің өсу дәлізі болып табылатын урбандалу аймағына жатады. Таяу келешекте аумақтық дамудың қосылған үш стратегиялық ось Ақтау қаласының теңіз қақпасы арқылы Еуропаға шығатын болады. Ақтау қаласының үдемелі демографиялық әлеуеті бар. Сондай-ақ, облыс бойынша жоғары демографиялық әлеует Жаңаөзен қаласында байқалады – облыс халқының 22,1%-ы Қала үшін халықтың 6,5%-ға өсімі тән болып келеді.

Екінші түрі. Біркелкі емес ауылдық қоныстанудан тұрады: Бейнеу ауданы – Бейнеу ауылы, Өтес ауылы (Опорный), Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы, Түпқараған ауданы – Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы. Халықтың табиғи өсімінің оң беталысы байқалады.

3-кесте


Маңғыстау облысы халқының қоныстану түрлері


Қоныстану түрлері

Сипаттама

Қалалар және аудандар

Халықтың тығыздығы

Орташа тығыздық

2011-2013 жылдардағы халықтың өсу қарқыны, %

1 түрі

Ақтөбе-Атырау-Ақтау жергілікті осінің өсу дәлізі болып табылатын урбандалу аймағы

Ақтау қаласы

5,9

3,9

2

Жаңаөзен қаласы

2,0

6,5

2 түрі

Біркелкі емес ауылдық қоныстану

Бейнеу ауданы

1,3

8,2

11,1

Мұнайлы ауданы

20,8

11,8

Түпқараған ауданы

2,7

10,6

3 түрі

Тығыздығы төмен біркелкі емес қоныстану

Қарақия ауданы

0,5

0,6

10,5

Маңғыстау ауданы

0,7

10,6


Үшінші түрі 1 шаршы километрге 1 адамнан аз келетін тығыздығы төмен халықтың біркелгік емес қоныстануынан тұрады – Маңғыстау ауданы, Қарақия ауданы. Сондай-ақ, табиғи өсімнің оң беталысы байқалады.

Облыстағы қоныстану ерекшеліктерін зерттеуді қорытындылай келе, былайша тұжырымдауға болады:



Халықтың орналасуын SWOT – талдау:

Мықты тұстары:

мұнай-газ саласының дамуының және тиімді геоэкономикалық орынның нәтижесінде өңіраралық және өңірлік оң көші-қонның болуы. Облыс бойынша 2013 жылдағы халықтың оң табиғи өсімі – 15,3%.



Әлсіз тұстары:

облыс бойынша халық тығыздығының төмендігі, бір шаршы километрге – 3,3 адам, облыс аумағы урбандалуының төмен деңгейі – 50%. Облыстың негізгі аумағын шөл және шөлейт алады.



Мүмкіндіктер:

облыс стратегиялық шекара бойындағы аумақта орналасқандықтан, оның аумақтық-кеңістіктік құрылымында оң әлеует бар. Облыс Қазақстанды басқа елдермен, сондай-ақ барлық үш стратегиялық даму осьтерін байланыстыратын транзит жолы бола алады. Өңірдің көліктік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін перспективалар бар.



Қатерлер:

Өңір үшін катерлердің бірі ТМД шеңберінде тұратын орынды ауыстыру және Ресейден азаматтық алудың жеңілдетілген тәртіптерінің қол жетімдігі өңірдің мейлінше білікті, жас және бейімделгіш халқын тартудың тұрақты орталығының болуын анықтайды. Сондай-ақ, ауыр өнеркәсіптің кез келген түрінде сөзсіз өнеркәсіптік қалдықтар шығатын болғандықтан, экологиялық сипаттағы мәселелер өткір күйінде тұр. Сол себепті, өнеркәсіптік кәсіпорындардың зиянды қалдықтарын шығаруды, жоюды және қайта өңдеуді ретттеу мәселелерін ойластыру қажет.


2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының штат саны 3106 бірлікті, оның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілер – 7 бірлікті, «А» корпуысының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері – 13 бірлікті құрайды. Мемлекеттік қызметші әйелдердің саны 1632 бірлікті немесе 53% құрайды.

Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 36,1 жылды, бұл ретте саяси мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 50,7 жылды құрайды. 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер саны – 961 (31%), 30-дан 39 жасқа дейінгілер – 897 (29%), 40-тан 49 жасқа дейінгілер – 488 (16%), 50 жастан үлкендері – 393 (13%) адамды құрайды.

Жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілер саны – 2358, орта кәсіптік білімі бар мемлекеттік қызметшілер саны – 374, орта білімі бар мемлекеттік қызметшілер саны – 7 адамды құрайды. Бірден көп жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілер 260 адамды құрайды.

Облыс бойынша барлығы 256, оның ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын – 164, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын – 92 мемлекеттік орган жұмыс істейді.

2014 жылы кадр резервіне 29 адам енгізіліп, жұмысқа орналасуына байланысты кадрлық резервтен 26 адам шығарылды. Кадр резервінде тұру мерзімінің өтуіне байланысты 9 адам шығарылды. 2014 жылғы 1 қаңтарға кадр резервінде 19 адам тұр.

Кейбір заңнамалық актілерге жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2013-2014 жылдарда облыстың жергілікті атқарушы органдарының құрылымына өзгерістер енгізу, штат санының лимитін бөлу бойынша жұмыс жүргізілді.

Алғаш рет 46 ауылдық округте әкімдердің сайлауы өткізілді. Сайлауға 94 кандидат қатысып, оның ішінде 46 әкім сайланды (1 әйел адам, 46 ер адам).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет