БАҒдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұны бағдарламаның паспорты 3 АҒымдағы жағдайды талдау 10


Әлеуметтік маңызды аурулар бойынша



бет6/18
Дата28.01.2018
өлшемі3,44 Mb.
#34804
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Әлеуметтік маңызды аурулар бойынша да оң динамика байқалуда.Туберкулезбен күрес саласында жүйелі шаралар қабылдануда.

Туберкулездің нысанына қарай стационарлардағы науқастардың орны бөлінді, көптеген дәріге көнбейтін науқастарды емдеу үшін төсек-орындар саны артты, сондай-ақ аурудың суперрезистентті нысанына шалдыққан науқастар үшін бөлімшелер құрылды. Бұдан басқа, торакалдық хирургия бөлімшесі ашылды.

Санитарлық эпидемия қызметі инфекция ошақтарында адамдардың, бірінші кезекте балалардың екінші қайтара ауруына жол бермеу жұмысын жақсартты. Фтизиатриялық қызметтің жұмысын мониторингілеу жолға қойылды. Туберкулезді ерте анықтауда және емдеудің сақтап тұру сатысында емдеу жүргізудегі бастапқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі өсті.

Ауруларды еріксіз емдеу және мультирезистік түрмен емдеу жолға қойылды. 2009 жылдан бастап туберкулезбен ауыратындардың 2 қатарын препараттармен 100%қамту қамтамасыз етілді.

Туберкулезден өлім-жітімді төмендету мақсатында, науқастарды мәжбүрлеп емдеуге уақытылы жолдау, резервтік реттегі тиімді препараттарды тағайындау бойынша шаралар қабылданды. Бұдан басқа, аз қамтылған отбасылардан шыққан туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек көрсетуге 46 млн. теңге бөлінді.

Жүргізілген туберкулезге қарсы іс-шаралардың нәтижесінде облыста соңғы 4 жыл ішінде туберкулезбен ауыру деңгейін 25,1%-ға төмендетуге қол жеткізілді (2011 жылы – 100 мың халыққа шаққанда – 84,9; 2012 жылы – 81,2; 2013 жылы – 76,9; 2014 жылдың 11 айында – 63,6 (ҚР бойынша – 61,5).

15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралуы нысаналы индикатор 0,05-тің орнына 0,001% шегінде сақталуда.

Облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты күйінде қалып, аса қауіпті инфекциялардың вакцинамен басқарылатын және әкелінген жағдайлары анықталған жоқ. Осылайша, Мемлекеттік бағдарламаның негізгі нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізілді.



Қан айналымы жүйесінің ауруларымен сырқаттану 2013 жылдың қорытындысында 2011 жылғы 1867,5-тің орнына 100 мың адамға шаққанда 1455,6-ны құрады немесе 22%-ға төмендеді. Соңғы 3 жылда қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім-жітімді 47,1%-ға, 100 мың адамға шаққанда 2011 жылғы 163-тен 2013 жылы 86-2-ге дейін төмендетуге қол жеткізілді.

2014 жылдың қаңтар-қазанында 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда қан айналымы жүйесінің ауруларымен сырқаттанушылықты 5,9%-ға (100 мың халыққа шаққанда 1021,8-ге дейін) және өлім-жітімді 28%-ға (100 мың халыққа шаққанда 46,1) төмендетуге қол жеткізілді.



Қатерлі ісікпен сырқаттанушылық 100 мың адамға шаққанда 2011 жылғы 106-ның орнына 2013 жылы 123,6-ны құрады (16,6%-ға өсті). Сырқаттанушылық көрсеткішінің өсуін, бірінші кезекте скринингтік тексерулер кезінде ерте анықтауға байланысты диагностика динамикасының жақсаруымен түсіндіруге болады. Екіншіден, БМСК ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен кадрлық қамтамасыз етілуі жақсарды. 2012 жылы 9 онкокабинет, 2013 жылы 3 онкологиялық және 3 маммологиялық кабинет ашылды. 2013 жылы 7 онколог пен 3 маммолог қосымша қайта даярлау курстарынан өтті.

Онкологиялық бағдарламаның шеңберінде 2013 жылы Маңғыстау облыстық ауруханасы үшін жуғышы бар колоноскоп сатып алынды. Жаңаөзен қалалық емханасы автоматты жуғышы бар гастроскоппен жарақталды. Облыстық онкодиспансер үшін 2014 жылы жуғыштары бар гастроскоп, бронкоскоп, сондай-ақ простатаны көп нүктелі пункциялауға арналған пичтолет сатып алынды. «Терагам» гамма-терапевтік аппаратының иондаушы сәулелендіру көзін 113 млн. теңге сомасына ауыстыру үдерісі жүруде.



Қатерлі ісіктен өлім-жітім 100 мың адамға шаққанда 2011 жылғы 56,6-ның орнына 2013 жылда 62,5-ті құрады (2012 жылы – 62,9). Онкопатологиядан өлім-жітім 100 мың адамға шаққанда 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 10,4%-ға артты. Облыс бойынша өлім-жітімнің құрылымында қатерлі ісіктердің ең агрессиялық нысандары болып табылатын өңеш обырынан (облыс бойынша – 15%, ҚР бойынша – 5,9%) және бауыр обырынан (5,8%) болатын өлім-жітім басым болып келеді. Осы нозологиялар бойынша Ұлттық скринингтің аясында скринигтік зерттеулер жүргізу біздің облыс бойынша тек 2015 жылдан бастап көздестірілген. Онкологиялық науқастарды электронды тіркеу енгізілгеннен бастап статистикалық есептіліктің дәйектілігі жақсарды.

Жол-көлік оқиғаларынан өлім-жітімді төмендету мақсатында, Бейнеу аудандық орталық арууханасы мен Жетібай аудандық ауруханасының негізінде 10 төсек-орындық ауданаралық травматологиялық бөлімшелер құрылды. Астана қаласындағы ғылыми рейрохирургиялық орталықта 7 маман, оның ішінде 3 дәрігер, 3 медбике және 1 фельдшер оқытылды.

Денсаулық сақтау басқармасы «Жүрек» орталығын құру арқылы, облыстық аурухананың кардиологиялық қызметін қайта құрылымдауды жүргізді. Оның құрылымында кардиология, жіті коронарлық патология, ревматология, кардиохирургия және кардиореанимация бөлімшелері ашылды. Бұдан басқа, облыстық аурухананың неврологиялық бөлімшесінің негізінде жіті терапия, раенимация блогы, мультитәртіптік бригадасы бар ерте бейімдеу бөлімшесі бар 25 төсек-орындық инсульт орталығы құрылды. Ангиографикалық қондырғының жұмысы тәулік бойы режиміне көшіріліп, кардиологиялық мектептер ашылды.

Ересек тұрғындар арасында 8 нозологияны ерте анықтау жөніндегі Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді. 2011-2012 жылдары 325317 адам скринингтен өтуге тиіс болатын, 320 969 адам қаралды (98,6%), 8716 науқас анықталды (2,7%), 6977 науқас еске қойылды (80,1%). 2013 жылдың қорытындысында 347048 адам скринингтен өтуге тиіс болатын, 318574 адам қаралды (91,8%), 22115 науқас анықталды (6,9%). 2014 жылғы 11 айдың қорытындысында Ұлттық скринингтік бағдарламаның аясында 335 220 адам тексеріліп (83%), 21 941 науқас анықталды (6,5%).

Бұдан басқа, жылжымалы медициналық кешендердің мамандары облыстың ауылдық елді мекендеріне 99 рет шығып, 28670 ауыл тұрғынын қарады, 6524 зертханалық және 8212 аспаптық зерттеу жүргізді, бейінді мамандар 27883 адамға консультация берді, 9562 науқас анықтады, оларды сауықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, ауыл халқына консультациялық-диагностикалық көмектің қолжетімділігі жақсартылды.

Сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шаралар күшейтілді. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында 7 жастар орталығы жұмыс істейді. Орталықтар жарақтандырылған, штаттар толықтырылған, психологтар, социологтар және заңгерлер жұмыс жасайды. Бекітілген кесте бойынша гинеколог, уролог, нарколог, психиатр сияқты мамандар консультация береді. Облыстың БМСК ұйымдарының жанында 8 табакка қарсы орталық жұмыс істейді, 16 онколог кабинеті ашылды.

БМСК ұйымдарының деңгейінде 203 «Денсаулық» мектебінің, оның ішінде 42 кардиология мектебінің, отбасыны жоспарлау жөніндегі 17 «Дені сау бала» мектебінің қызметі жандандырылды.

Әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу мәселелері жөнінде халықтың хабардар болуын көтеру мақсатында, 2014 жылдың қаңтар-қарашасында бұқаралық ақпарат құралдарында 463 мақала жарияланып (2011 жылы – 482, 2012 жылы – 482, 2013 жылы – 545), «Қазақстан Ақтау» теледидарламасының 5 бағдарламасы бойынша медициналық мәселелер жөнінде 250 телебағдарлама көрсетілді (2011 жылы – 271, 2012 жылы – 482, 2013 жылы – 366).

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Облыс тарихында алғаш рет жоғары технологиялық көмек түрлері көрсетіліп басталды (эндопротездеу, нейрохирургиялық, эндоурологиялық операциялар және гинекологиядағы бейнеэндоскопиялық операциялар және т.б.). Облыстық аурухананың клиникалық практикасына 2010 жылғы қарашада кең диагнстикалық мүмкіндіктері бар жаңа, жоғары деңгейлі магнитті-резонансты томограф сатып алынды.

Бүгінде бастапқы буын деңгейінде әлеуметтік-психологиялық көмек қызметі құрылды, онда 25 психолог пен 51 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды.

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар Тұтастай алғанда, 2011-2013 жылдарда облыстың денсаулық сақтауының бюджеті өсу беталысына ие: шығыстар 2011 жылы – 9549,7 млн. теңгені; 2012 жылы – 11528 млн. теңгені; 2013 жылы – 12726,3 млн. теңгені, 2014 жылы – 15828,4 млн. теңгені құрады.

Халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында, «350 дәрігерлік амбулатория фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана» бағдарламасы бойынша ауысымына 250 келушіге арналған 2 емхана, 13 дәрігерлік амбулатория (бұдан әрі – ДА) және жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен 1 ДА салынды. Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогы мен Жаңаөзен қаласындағы 100 төсек-орындық перзентхана 2014 жылы пайдалануға берілді.

Облыстың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы 2011 жылы – 1153 млн. теңге, 2012 жылы – 599,9 млн. теңге, 2013 жылы – 940,6 млн. теңге, 2014 жылы – 228,1 млн. теңге сомасына нығайтылды.

Облыстың барлық амбулаторлық-емханалық ұйымдары 2011 жылы қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін айқындайтын жедел талдауыштармен, жүрек пен қан тамырларының раталогиясын диагностикалауға арналған УДЗ аппараттарымен, тредмил жүйелермен, Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы компьютерлік томографпен жарақталды. №2 Ақтау қалалық емханасы үшін 2011 жылы ретиналды томограф, 2012 жылы маммограф сатып алынды.

Кардиологиялық қызметті дамыту мақсатында, 2012 жылы ангиограф, 2013 жылы Маңғыстау облыстық ауруханасы үшін жасанды қан айналдыру аппараты мен өзге де құрал-жабдықтар сатып алынды.

Облыстың медициналық жедел жәрдем қызметі мен Маңғыстау облыстық ауруханасының санитарлық авиация бөлімшесі және Облыстық перинаталды орталық 2013 жылы 22 реаномобильмен және 15 санитарлық автокөлікпен жарақталды.

Жаңаөзен қалалық балалар емханасы үшін 2014 жылы Симуляциялық орталық ашуға рентген кешенінің жабдығы сатып алынды. Жас мамандарды тарту мақсатымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау облыстық ауруханасының шақырылған мамандарына 6 пәтер, Облыстық онкологиялық диспансердің шақырылған мамандарына 2 пәтер сатып алынды.

№1 Ақтау қалалық емханасы мен Жаңаөзен қалалық балалар емханасында сурдологиялық кабинеттер ашылды. Облыстық балалар ауруханасы үшін компютерлік томограф сатып алынды.



Денсаулық сақтау бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала туудың, табиғи өсімнің артуы, жалпы өлім-жітімнің төмендеуі;

медициналық ұйымдар желісінің, оның ішінде жаңа объектілер салу есебінен кеңеюі;

әлеуметтік маңызды аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендеуі;

халықтың орта медициналық қызметкерлер құрамымен жеткілікті қамтамасыз етілу, облыста медициналық колледжердің болуы;

ауыл мектептерінің түлектерінің республиканың медициналық ЖОО-да оқуына әкім гранттарының берілуі;

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының іске асырылуы (көтерме жәрдемақылар, тұрғын үйге кредиттер беру).

Әлсіз тұстары:

дәрігер кадрлардың, арнаулы мамандардың, дәлірек айтқанда ауылда тапшылығы;

халық санының жылдам өсуіне байланысты, Ақтау қаласындағы БМСК ұйымдарының құрылыммен жеткілісіз қамтамасыз етілуі;

денсаулық сақтаудың жекеменшік секторы дамуының жеткіліксіз деңгейі (бәсекеге қабілетсіздік).



Қатерлер:

жас мамандарды тарту және орнықтыру үшін тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету проблемасы, стимулдардың жетіспеушілігі;

мұнай-газ және өзге де жоғары ақы төленетін салалармен салыстырғанда мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы жалақының біршама төмен деңгейі, білікті кадрлардың жекеменшік құрылымдарға кетуі;

өмір сүруге экологиялық қолайсыз аумақтардың бар болуы, ауыз судың жетіспеушілігі, қатаң континенталды климат.



Мүмкіндіктер:

елдің медициналық ЖОО-мен түлектерді тарту жөніндегі шарттарды белсенді жасасу;

аса тапшы мамандарды Қазақстан Республикасының өзге өңірлерінен тарту;

денсаулық сақтау объектілерін салуды бюджеттік және жеке қаржыландуры көлемін, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі пайдалану арқылы ұлғайту;

жұмыс істеп жатқан медициналық кадрларды қалдыру бойынша шаралар қабылдау, жас мамандарды, оның ішінде шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерге тарту (тұрғын үй, әлеуметтік пакеттер ұсыну, ведомстволық жатақханаларда орындар бөлу).

2.2.2.4. . Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау.
Жұмыспен қамту және халықтың табысы. Облыстың экономикалық белсенді халқының саны 2011 жылғы 241,9 мыңнан 2014 жылдың 3 тоқсанында 283,4 мың адамға дейін немесе 17,2%-ға өсті (2012 жылы – 271,7 мың адам, 2013 жылы – 274,2 мың адам). Экономикалық белсенді емес халық саны зерттелген кезеңде 94,9 мыңнан 116,5 мың адамға дейін немесе 22,7%-ға өсті (2012 жылы – 106,8 мың адам).

Экономикалық белсенді емес халықтың негізгі үлесін күндізгі оқу нысанында оқитындар (47%), зейнеткерлер (28,3%), үй шаруасындағылар (14,3%), денсаулығына қатысты еңбекке жарамсыздар (мүгедектер немесе жұмысқа қабілетсіз адамдар) (0,4%) құрайды.

Экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 2011 жылғы 227,8 мың адамнан 2014 жылғы 3 тоқсанда дейін 268,6 мың адамға дейін немесе 13,8%-ға өсті (2012 жылы – 256,3 мың адам, 2013 жылы – 259,1 мың адам). Облыста экономикалық белсенді халыққа қарағанда жұмыспен қамту деңгейі біршама жоғары – 94,8%.

Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі өнеркәсіпте (33,2%), дәлірек айтқанда тау-кен өндіру өнеркәсібі кіші секторында (18,8%) шоғырланған. Экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында құрылыста – 9,4%-ы, көлік және байланыста – 7,6%-ы, ауыл шаруашылығында барлығы – 1,3%-ы жұмыспен қамтылған.

Жұмыспен қамтылған халықтың 23,6%-ы бюджеттік (мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау), сондай-ақ ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы сияқты табысы төмен салаларда жұмыс істейді.

Жұмыспен қамтылған халық санының орташа жылдық қарқыны облыс бойынша 2011-2013 жылдары 123,5% құрады. Мейлінше жоғары өсу қарқыны «Өнеркәсіп» (131,9%) және «Тау-кен өндіру өнеркәсібі» (134%) секторларында байқалады.

Облыста өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық үлесінің төменгі деңгейі байқалады,2014 жылдың 3-тоқсанында – 7,3% немесе 19,7 мың адам (2011 жылда – 9,1% немесе 22,1 мың адам), (2012 жылда – 6,9% немесе 18,9 мың адам), (2013 жылда – 7,0% немесе 18,2 мың адам), бұл – орташа республикалық көрсеткіштерден айтарлықтай төмен (30%). Бұл халықтың, оның ішінде ауылдық жердегі айтарлықтай бөлігінің жалақы деңгейі мейлінше жоғары және тартымды мұнай-газ өнеркәсібі мен ілеспе өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғанына байланысты (вахталық әдіспен жұмыс істейді).

Облыстағы орташа айлық жалақы республика өңірлері арасында ең жоғарылардың бірі болып табылады (орташа республикалық деңгейден 1,7 есе асып түседі) және 2011 жылғы 151,0 мың теңгеден 2014 жылдың қаңтар-қарашасында 211,3 мың теңгеге дейін немесе 1,4 есе өсті (2012 жылы – 158,4 мың теңге, 2013 жылы – 183,0 мың теңге).

Бір қызметкердің атаулы орташа айлық жалақысы (2014 жылдың қаңтар-қарашасында – 211,3 мың теңге) 9,4 ең төменгі күнкөріс мөлшерін (2014 жылдың қаңтар-қарашасында – 22521 теңге) қамтамасыз етеді. Осы кезеңде нақты жалақы 11,9%-ға ұлғайды.

Сонымен бірге, жалақы деңгейі экономика секторларының кесінінде әр түрлі болып келеді. Ең жоғары деңгей өнеркәсіпте, тау-кен өндіру өнеркәсібінде (орташа облыстық деңгейден 65%-ға жоғары), көлікте, қоймалауда және құрылыста (орташа облыстық деңгейден 43%-ға жоғары) байқалады. Жалақының төменгі деңгейі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, білім беру, ауыл шаруашылығы, аң шаруашылығы мен орман өсіру (26-37%) секторларында сақталуда.

Халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын белсенді іске асыру жүргізілуде. Инфрақұрылымдық және индустриялывқ жобаларды іске асыруды есепке ала отырып, облыста 2011 жылы – 25364 жұмыс орны, 2012 жылы – 25540 жұмыс орны, 2013 жылы – 23403 жұмыс орны құрылды. 2014 жылғы 1 желтоқсанға 23481 жұмыс орны құрылды.

Нәтижесінде, тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 2011 жылғы 5,8%-дан 2012 жылы – 5,7%-ға, 2013 жылы – 5,5%-ға және 2014 жылдың 3 тоқсанында 5,3%-ға (14,9 мың адам) дейін төмендеді.

Сонымен бірге, облыстағы жалпы жұмыссыздық деңгейі орташа республикалық деңгейден асып түседі (5,%), бұл – жұмысқа орналастыру үшін тиісті білімі мен біліктілік деңгейі жоө оралмандардың облысқа көптеп келуімен байланысты болып отыр.

Халықты жұмыспен қамту және олардың табысы бойынша SWOT-талдау:

Тұтастай алғанда, облыстағы ашық еңбек рыногындағы жағдай экономикалық белсенді халық санының өсуіне, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне байланысты оң беталыстағы сипатқа ие. Бұған өңір экономикасын әртараптандыру бағдарламасын, индустриялық және инновациялық жобаларды іске асыру, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру ықпал етті.



Мықты тұстары:

халықты жұмыспен қамтуға, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында жәрдемдесудің белсенді шараларын пайдалану;

жаңа өндірістер ашу, өзін-өзі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай құралдарын белсенді пайдалану;

жұмыссыз халықты кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын жетілдіру;

облыста шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың арнайы бағдарламаларын іске асыру;

еңбек рыногының дамуына қосымша серпін беретін жоғары экономикалық әлеует, өңірдің тиімді орналасуы.



Әлсіз тұстары:

кәсіпорындардағы персоналдың жұмыстан босауы;

көлеңкелі жұмыспен қамтудың бар болуы;

кәсіптік даярлаудың еңбек рыногының сұраныстарына сай келмеуі;

кейбір кәсіптік топтар бойынша еңбек ресурстарының едәуiр көптiгi;

еңбек ресурстарының жеткілісіз біліктілігі;

жұмыс күшінің төмен жұмылдыруы;

еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз жұмыссыз азаматтар санатының айтарлықтай үлес салмағы;

экономиканың біліктілігі жоғары кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.

Қатерлер:

өндірістерді жаңғырту нәтижесінде қызметкерлердің жұмыстан босауы және жұмыс орындарының қысқаруы;

халықтың бәсекеге қабілетсіз топтарын жұмыспен қамту үшін мүмкіндіктердің азаюы;

жалақы төлеу бойынша ықтимал кешіктірулер.



Мүмкіндіктер:

экономикалық өсу қарқынын сақтаудың қолайлы перспективалары, кірістер мен жұмыспен қамтудың көтерілуі, еңбек рыногындағы әлеуметтік әріптестіктің дамуы;

жұмыс берушілер жауапкершілігінің деңгейін көтеру және әлеуметтік жауапкершілік өлшемдеріне сай келетін ұйымдар санын арттыру;

тартылатын білікті шетелдік жұмыс күшінің үлесін төмендету;

қосымша жұмыс орындарын, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды оқыту бағдарламаларын іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамту өнімділігін қамтамасыз ету;

халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын қолдану;

өз ісін ұйымдастыруы үшін шағын кредиттер беру арқылы жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.

Халықты әлеуметтік қорғау. Табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен (салыстырмалы кедейлік деңгейі) халықтың үлесі 2011 жылы Қазақстан Республикасы бойынша орташа 5,3% болғанда, республикадағы ең жоғарылардың бірі болды (10,4%).

Негізгі себебі – өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін негізгі өткізу рыноктарынан алыс болуына, ауыр климаттық жағдайларға және судың жетіспеушілігіне байланысты ең төменгі күнкөріс мөлшерінің жоғары деңгейі болды.

Бұдан басқа, кедейшіліктің жоғары деңгейіне облысқа 2007-2011 жылдары көп балалы және аз қамтылған отбасылардың (оралмандардың және көрші өңірлер мен ТМД елдерінен өзге де мигранттардың) көшіп келуі ықпал етті.

Халықтың әл-ауқатын көтеру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыру бойынша алынған шаралар нәтижесінде соңғы жылдары табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен халықтың үлесін 2012 жылы 3,3%-ға (ҚР бойынша – 2,9%), 2013 жылы 3,3%-ға (ҚР бойынша – 2,3%) және 2014 жылдың 2 тоқсанында 3,4%-ға (ҚР бойынша – 2,9%) дейін төмендетуге мүмкіндік болды.

Сонымен бірге, ауылдық жердегі кедейшілік деңгейі орташа облыстық көрсеткіштен жоғары болып тұр (2011 жылы – 8,9%, 2012 жылы – 5,5%, 2013 жылы – 6,1%, 2014 жылдың 2 тоқсанында – 6,2%).

Статистикалық деректер бойынша, облыстағы халықтың орташа айлық атаулы табысы елдегі ең жоғарылардың бірі болып қалуда. 2011 жылда – 69811, 2012 жылда – 72271, 2013 жылда – 84733 тенге, бұл – орташа республикалық деңгейден 1,5 есе асып түседі. Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 2013 жылда 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,3%-ға ұлғайды.

Бұл ретте, ауылдық тұрғындардың негізгі бөлігін жалақы құрайтын атаулы ақшалай табысы қала тұрғындарының табысына қарағанда 2-3 есе төмен.

Халықтың кедейшілігін,әсіресе ауылдық жерде төмендету мақсатында, аз қамтылған отбасылардың мүшелерін жұмысқа орналастыру, әлеуметтік көмек төлеу, ауыл халқын кредиттеу және микрокредиттеу арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттыруға, азаматтардың табыстарын ұлғайтуға айырықша назар аударылуда.

Заңнамамен көздестірілген әлеуметтік төлемдерден басқа, жергілікті бюджет қаражаты мен өзге де қаражат көздерінің есебінен аз қамтылған азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Тұтастай алғанда, 2011-2013 жылдарда аз қамтылған отбасылар санының біртіндеп төмендеп келе жатқаны байқалады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2011 жылғы 7473 адамнан 2014 жылғы 1 желтоқсанға 4061 адамға дейін немесе 1,8 есе азайды (2012 жылы – 7890 адам, 2013 жылы – 3407 адам).

Ең төменгі күнкөріс мөлшерінің өсуіне байланысты, атаулы әлеуметік көмектің орташа айлық мөлшері 2011 жылы – 2347 теңгені, 2012 жылы – 1916,8 теңгені, 2013 жылы – 2117,9 теңгені, 2014 жылдың 1 желтоқсанына – 2236 теңгені құрады.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтар саны 2011 жылғы 4846 адамнан 2014 жылғы 1 желтоқсанға 4114 адамға дейін немесе 1,2 есе төмендегені байқалады (2012 жылы – 4789 адам, 2013 жылы – 4264 адам).

18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының орташа айлық мөлшері ұлғаюда, ол 2011 жылы – 805,9 теңгені, 2012 жылы – 830,0 теңгені, 2013 жылы – 869,4 теңгені, 2014 жылғы 1 желтоқсанға – 927 теңгені құрады.

2011 жылы 7473 аз қамтылған тұрғынға 210,5 млн. теңге жалпы сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 4846 балаға 46,9 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 9154 азаматқа 137,5 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

2012 жылы 7890 аз қамтылған тұрғынға 181,5 млн. теңге жалпы сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 4789 балаға 44,9 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 8953 азаматқа 158,8 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

2013 жылы 3407 аз қамтылған тұрғынға 86,6 млн. теңге жалпы сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 4264 балаға 44,5 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 10825 азаматқа 210,0 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

2014 жылғы 1 желтоқсанға 4061 аз қамтылған тұрғынға 99,9 млн. теңге жалпы сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 4114 балаға 42,0 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 949 азаматқа 19,5 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

Облыс бойынша 628 орындық 4 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. 40 орындық Тұрғылықты жері белгісіз адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы, 1388-ден астам қартайған жалғызілікті азаматтарға, мүгедектерге және мүгедектердің балаларына үйде қызмет көрсететін әлеуметтік көмек бөлімі.

Мүгедектер протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифло құралдарымен, техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдармен және арнайы қозғалту құралдарымен қамтамасыз етіліп, санаториялық-курорттық сауықтырумен қамтылған.

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

аз қамтылған азаматтар санының немесе МАӘК алушылар санының 1,8 есе төмендеуі және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар санының 1,2 есе төмендеуі;

халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктерді кеңейту.


Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет