Белқарағай ауылдық округі әкімінің 2016 жылда атқарған жұмыстары туралы есептік баяндамасы



Дата31.01.2018
өлшемі68,19 Kb.
Белқарағай ауылдық округі әкімінің 2016 жылда атқарған жұмыстары туралы есептік баяндамасы
Белқарағай ауылдық округі құрамына Белқарағай, Топқайың, Өрнек, Согорное ауылдары кіреді. Қазіргі уақытқа округ аумағындағы тұрғындар саны 2017 жылдың 1 қаңтарына 1505 адамды құрайды.

15 - тен 29 –ға дейінгі жастар саны 338 адам (барлық тұрғындар санының - 22,4 % құрайды).

Экономикалық белсенді топқа жататындар - 757адам, оның 349 адамы тұрақты жұмысшылар, 404 - жеке қосалқы шаруашылықпен, 20 адам шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар. Зейнеткерлер—232, мүгедектер-64, Ауған соғысының ардагерлері-4, көп балалы аналар-82, оның ішінде «Батыр аналар»-35, «Алтын алқа»-54, «Күміс алқа»-21.

ҚР Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару және Катонқарағай аудандық маслихатының шешіміне сәйкес, округ аумағындағы тұрғындардың жалпы санынан 43 адам жергілікті қоғамдастық мүшелері құрылды.

Осы адамдар арасынан жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген қаражатты және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға мониторинг жүргізу мақсатында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылар арасынан 7 адамнан тұратын комиссия мүшелерін сайлап алды. Комиссия мүшелерінің құрамына Жастар ұйымынан, Ақсақалдар алқасы, шаруа қожалығы басшысы, мектеп мұғалімі және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар енгізілді.

Өздеріңіз білетіндей жергілікті салықтардың 4 түрінен /көлік, мүлік, жер, төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығы /подоходный / 3 200 мың теңге салық түседі деп жоспарланған. Жыл соңында 3 млн 542 мың 728 теңге салық жиналды, оның ішінде жер салығы 148,5 пайызға, мүлік салығы- 168 пайызға, көлік салығы 112,2 пайызға, төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығы 126,8 пайызға орындалып отыр. Биылғы жылы аудан әкімінің қолдауымен барлық округтерге аудандық бюджеттен «Парус» бағдарламасы орнатылды. Осы бағдарлама арқасында түскен салық мөлшерін көріп отыруға толық мүмкіншілік алдық. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергіліктіі өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалану туралы ақпаратты жинақтау, жүйелендіру, талдау және қорытындылау мақсатында мониторинг жүргізілді.

2016 жылғы 16 мамыр күнгі өткізілген баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысының нәтижесінде /ЖШС Б-Нарымская АТП/ Белқарағай ауылының Жүнісов атындағы көшесіне 1млн. 800 мың теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қаржы толықтай игерілді.

Қалған 980 мың теңге қаражат Топқайың ауылының Самархан көшесіне 12 жарықшамдарын орнатуға жұмсалды. Басқарудағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түскен қаражаттың 10 мың теңгесі 1 маусым - Дүниежүзілік Балалар күнін, 16 желтоқсан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын, Жаңа жыл мерекесін өткізуге марапаттау қағаздары мен сыйлықтар сатып алуға 150 мың теңге жұмсалды.

Аудандық бюджеттен Белқарағай ауылына/жеке кәсіпкер Айдабуллин/ көпір жөндеуге -1 256 мың теңге, жол шұңқырларын жөндеуге /2км/ 941 мың теңге, көше жарықтандыруға және шамдарды ауыстыруға 1 млн 475 мың теңге, қысқы мезгілде жолды ұстап тұруға, тазалауға 585 мың теңге, көң-қоқыстарды тазалауға 264 мың теңге, Өрнек, Сөгір ауылдарының су насосын жөндеуге, су ұңғымаларының маңайын қоршап, жөндеуге 644 мың теңгенің қаражаты игерілді, бірақ Өрнек ауылында су насосы су деңгейінің ауытқып тұруына байланысты істемей тұр.

Сонымен қатар биылғы жылы Топқайың ауылындағы су мұнарасын қалпына келтіруге және орнынан көшіруге, 4-су насостарын қоюға 10 млн теңге қаражат бөлініп игерілді.



Мал шаруашылығы

2017 жылы округтегі ірі-қара мал басы -3504 құрады, қой мен ешкі- 6204, жылқы 310 басқа өсіп, 4486 басты құрады, шошқа 12 бас, марал- 285 бас, құс -3780 бас, ара шелектері саны - 482.

Ауыл шаруашылығының өндірілген өнімі ет 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға өсіп, 1250,9 тн құрады. Сүт 21,6 пайызға өсіп, 3062,4 тн, жұмыртқа 375,8 мың дананы құрады.

Негізгі капиталға инвестиция тартып, мал тұқымын асылдандыру жұмыстары бойынша 2016 жылы «Құлан» бағдарламасы бойынша 7 млн 400 мың тенге, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша-2 млн 525 мың, өсімдік шаруашылығының негізгі құралдарына 950 мың тенге қаражаттарына асыл тұқымды 7 бас бұқа, 3 бас қошқар алынып, Казагрофинанстан ауылшаруашылық техникалары мен тракторды 14 млн 130 мың тенгеге алып тіркетті.

Округте мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды орындауда мемлекеттің қолдауымен округтің 22 шаруа қожалықтары қымыз өндіруге 56 млн теңге субсидиясын алды.

Көктемгі дала-егістік жұмыстары бойынша, дәнді дақылдар 671 гектарға себіліп, гектарынан 15,4цн өнім алынды. Сүрлем/силос/-130гектардан-6500 цн, көпжылдық шөп- 2128 гектарға , біржылдық шөп-200 гектардан барлығы 39710 цн өнім және 11мың тн. шөп жиналып, мал басын толығымен сақтап, қыстан шығаруға жеткілікті азық дайындалды. Картопты 88 гектарға салынып, 18460 цн өнім, көкөніс 2 гектардан-590 цн өнім алынды.

Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 2016 жылы 219,8 мың тенге 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы 7 отбасына төленді.

Тұрғынүй көмегін 35,1 теңге көмекті 2 отбасы алды.



Шағын және орта кәсіпкерлік. Ауылдық округ аумағында 14 жеке кәсіпкер,187 шаруа қожалықтары, 2-заңды тұлға қызмет етеді. Осы салада 285 адам жұмыспен қамтылған. Ауылдарда 6- дүкен, 2-мейманхана, дәмхана, 1 наубайхана қызмет жасап тұр. Инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Апта сайын негізгі азық-түлік тауарларының тұтыну бағаларына мониторинг динамикасы жүргізіледі. Округ бойынша барлық дүкендердің жылдық тауар айналымы 15 млн 852 мың тенгені құрады. Биылғы жылы 23 шаруашылық 342 тн қымыз өндірді.

Туризмді дамытуға және өркендетуге, оның белсенділігін арттыруға барлық жағдайлар жасалынуда. Осы бағытта Топқайың ауылындағы «Екі Дос» ЖШС демалыс кешені бірнеше ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, осы жылы 2100 турист қабылдап, жылдық табысы 14 млн 500 тенгені құрады. Қазірде, Белқарағай ауылының жанында Уәлханов А, Уәлханов Д., өз қаражаттары есебінен, 10 үйден тұратын сауықтыру туристік кешенінің құрылысы аяқталды.

Бүгінгі күні атқарушы биліктің басты назары мектептегі білім берудің қолда бар әлеуетін сақтауға, білім беру мекемелеріндегі материалдық - техникалық базаны нығайтуға, сапалы білім алу үшін Республика мен ауданның болашағын дамытуда негізгі қозғаушы күшін тәрбиелеу үшін барлық қолда бар жағдайларды құруға бағытталған. Округ бойынша бүгінгі күні 3 жалпы білім беретін мектепте 171 оқушы білім алуда, қазіргі уақытта 54 мұғалім қызмет етіп, шағын орталықта-45бала, мектепалды даярлық тобында-18 бала тәрбиеленуде. Оқушыларды Өрнек және Согорное ауылының мектебінің жабылуына байланысты яғни, 17 баланы Белқарағай орта мектебіне Уаз автокөліктерімен мемлекеттік қызмет көрсету аясында тегін тасымалдау қамтамасыз етілген. Мектептердегі білім сапасы аудан бойынша алдыңғы үштікте. О. Бөкей атындағы орта мектепті бітірген 5 оқушылардың 2-уі ҰБТ тапсырып ортақ балы-84 балды құрады. 2 жоғары оқу орындарына түссе қалғандары колледждерге орналасты. Барлық мектептер жылу беру жүйесінің қазандықтары электр жүйесіне ауыстырылған.

Дене шынықтыру және спорттық шараларға ауыл тұрғындары салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосып, ауыл жастары, МҰТП қызметкерлері және ардагерлер волейбол тобы, тоғыз құмалақ ойындарынан ауданаралық жарыстарға Катон ауылына, Үлкен-Нарын ауылында, Зырян ауданының Бұқтарма кентінде өткен спорттың әртүріне белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Орта мектеп спортзалдары кестеге сай ашылып, волейбол, баскетбол, мини-футбол, қазақша күрес секциялары бойынша дайындықтар өткізіледі және жұмыс істейді. Жыл көлемінде ауылдық округте мәдени және спорттық іс- шаралар тұрақты өткізіліп тұрды.

Округ аумағында медициналық қызмет көрсететін 4 фельдшерлік пункт бар. Онда 6 медицина қызметкері қызмет жасайды. Биылғы жылы Топқайың ауылының фельдшерлік пунктін мердігер «Исатай» ЖШС 7млн. 231мың тенгеге, Белқарағай ауылындағы фельдшерлік пунктті 6 млн. 60 мың тенгеге толық жөндеуден өткізді

Округте ерте диагностикалау (туа біткен патологияларды анықтау скринингтері) өткізу қалыпты деңгейде жүргізіліп келеді. Халықтың уақытында кешенді тексеруден өтуін, жаңа туған сәбилердің уақытында алатын екпелерін үнемі қатаң бақылауда ұстап отырады. Демографиялық жағдай жыл қорытынды бойынша дүниеге 13 сәби келіп, 9 адам қайтыс болды. Мониторинг қорытындысы бойынша ана өлімі тіркелмеген.



Мәдениет саласы бойынша ауылдық округте 1 ауылдық клуб 1-кітапхана бар. Барлық мәдени шаралар, мерекелік күндерге арналған концерттік бағдарламалар жоспарлы түрде ауылдық клубтың ұйымдастыруымен өтеді. Биылғы жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай айтулы іс-шара өткізілді. Белқарағай ауылындағы клубты мердігер «Тұлпар» ЖШС Түменбаев Аслан 2015 жылы -2 млн 676 мың теңге, 2016 жылы 4 млн 948 мың теңге барлығы 7 млн 624 мың тенге аудандық бюджет арқылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Қосымша 22 наурыз мерекесі қарсаңында 422 мың 900 теңгеге музыкалық аппаратура табыс етілді.Ауылдық клубта -5 адам қызмет жасайды. Кітапханада 1 –кітапханашы жұмыс істейді. 4500 дана кітап қоры және 328 оқырман бар.

Ауылдық округте қоғамдық тәртіптің сақталуына, маскүнемдікпен күрестің нәтижелі болуына учаскелік полиция қызметкерінің және сарбаздар тобының арқасында қол жеткізіліп отыр. ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңына сәйкес, ҚР Әкімшілік Кодексінің 165,300,311,387 баптары бойынша «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 147 бабына байланысты 85 хаттама толтырылып, азаматтарға ескерту және 17 азаматқа әртүрлі мөлшерде 342 615 теңгенің айыппұлы салынды. Округ бойынша барлық тіркелген қылмыстар 4, оның екеуі ашылған. 2-уі ашылмаған.

Ауылдық округ жанынан құрылған қоғамдық ұйымдар - Ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, сарбаздар тобымен байланыс орнықты және жүйелі түрде жұмыс істейді. Отбасылық мәселелер, ұсақ тәртіп бұзушылықтар және жағдайы төмен отбасылармен жұмысты осы қоғамдық ұйымдар арқылы қаралып отырылады.



Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын насихаттау үшін округте 4 ақпараттық-үгіт насихат тобы жұмыс істейді. Сонымен қатар, Жастар арасында дін мәселелері жөніндегі ақпараттық- насихат тобы құрылып, дін саласында түсіндіру жұмыстарын видео материалдар мен әдістемелік нұсқаулар қолдана отырып түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу