Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет179/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР Ж 0НЕ ҰЙЫМДАР
155
айтарлықтай төмендегені байқалған. Сондықтан олар қоқыс тастаған, 
қоқан-лоққы көрсеткен немесе басқа да теріс жолға түскен жасөспірім- 
дерге ықпал ететін шаралар ұйымдастыруға өздерінің құқығы бар 
әрі міндеттіміз деп есептейді (Sampson & Raudenbush, 1999; Sampson, 
Morenoff & Earls, 1999; Sampson, Morenoff & Gannon- Rowley, 2002).
Компьютерлік тораптар мен қауымдастықтар
Интернетті пайдалану көрсеткішінің өсуі көптеген адамдардың он­
лайн тораптар мен қауымдастықтарға қосылуын жиілетті (DiMiaggio 
және т.б., 2001; Wellman, 1999; Wellman және т.б., 1996; Turkle, 2011). Ин- 
тернеттің қуатты және әлсіз байланыстарды дамытудағы әлеуетін 
Twitter мен Facebook секілді әлеуметтік тораптардың керемет кө- 
терілуінен көруге болады.
Оның үстіне онлайн пікірталас форумдары мен чаттар кез келген 
адамның қалаған пікірі мен сұрағын кең аудиторияға, түрлі адамдарға 
жылдам жіберуіне мүмкіндік береді. Интернет арқылы алған ақпарат 
пен ондағы байланыстың сапасы әркелкі болғанымен интернет көп 
адамның арасында әлсіз байланыс орнататын желі ұсына алады. Ға- 
ламтор болмаса олар өз бетінше оқшау қалар еді. Оның үстіне, белгілі 
бір пікір мен өтінішті қабылдаған адамдар оны басқаларға таратады
сөй гіп, әлсіз байланыстар желісі жылдам әрі кең ауқымда ұлғая береді.
Онша жиі кездеспегенімен кейде онлайн желілер де тығыз байланыс 
орнатып, қоғамның мүшесі сияқты сезіндіруі мүмкін. Тіпті кейбіреулер 
онлайн топтарға белгілі бір ақпаратты алу үшін ғана кіргенімен кейін- 
нен одан әлеуметтік қолдауды, бауырмалдықты көріп өзін сол қоғам- 
ның мүшесі ретінде сезіне бастайды да сонда қалып қояды (Turkle, 2011). 
Саяси көзқарастан бастап салмақ тастауға дейінгі әртүрлі проблема 
бойынша онлайн қауымдастық қүруға болады және эр топ алуан түрлі 
пікір білдіру қүра лы міндетін де атқарады. Ең әйгілі онлайн топтар ұқсас 
аурулармен ауыратын адамдардың басын қосады. Бұл топтарда адамдар 
қалай емделіп жатқанын ғана айтып қоймай, үрейлері мен қиындықта- 
рын, жеңістері мен жеңілістерін ортаға салып отырады.
Бір қызығы, адамдар тек жеке ойнайтындай болып көрінетін ком­
пьютер және видеоойындар да олардың әлеуметтік байланыстарын 
арттырады. Бұл тақырып «Медиа мен мәдениет: компьютерлік ойын- 
дар және әлеуметтік өмір» бөлімінде кеңінен қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет