Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет380/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Конфликт теориясы: білім және
теңсіздіктің таралуы
Конфликтология теорияшылары құрылымдық-функцоналистердің 
білім саласы мәдениетті қалыптастырады, студенттерді сұрыптайды 
және жастарды әлеуметтендіреді деген пікірімен келіседі, бірақ бұл 
функцияларды жан-жақгы қарастырады. Конфликтология теорияшы­
лары мектептің қалыптасқан жағдайды нығайтып, теңсіздікті сақтап 
қалатынына мән береді.
22-251


338
12-ТАРАУ
Астыртын оқу жоспары жастарды 
мойынсұнушылық пен сәйкестікте 
әлеуметтендіреді.
Б іл ім - ка п и та л и зм қу р а л ы
Кейбір конфликтология теорияшыларының тұжырымы бойынша 
мемлекеттік мектептердің негізгі көздегені - басқарушы таптың 
пайдасы. Бұл теорияшылар мектепте оқытылатын мәдени ойдың 
негізінде ж атқан асты рты н бағдарлам а бар деп санайды. Мем- 
лекеттік мектептердегі мұндай багдарламаға өз кезегін күтуді, 
ережелерді сақтауды, ұқыпты болуды, сыйластық көрсетуді және 
артық сұрақ қоймауды үйрету жатады. Бүл дағдылардың барлы- 
ғы балаларды жұмысшы табының өкілі болуға даярлайды (Gatto, 
2002). Ал таңдаулы жеке мектептегі оқу бағдарламасы балаларды 
шығармашылыққа және сыни ойлауға, сол сияқты олардың артық- 
шылыққа лайық екендігіне үйретеді. Конфликтология теорияшы- 
лары жеке және мемлекеттік мектептер дифференциалды жетістік 
негізінде жастарды әртүрлі марапат күтуге, яғни осылайша - жас­
тарды теңсіздікті қалыпты деп қабылдауға үйретеді деп есептейді 
(Kozol, 2005).
Б іл ім - м ә д е н и е т қу р а л ы
Конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша, оқу және 
жазу дағдыларымен қатар, балалар басым мәдениеттің ықпалы- 
мен сол көзқарасқа негізделген тарихты және мәдениетті оқиды 
(Spring, 2004). Мысалы, АҚШ тарихында «Үнді соғысы» сипаттала- 
ды, бірақ байырғы америкалықтардың соғыстары жайлы аз айты- 
лады. Сол сияқты XIX ғасырдың аяғында АҚШ-та қытайларға қарсы 
зорлық көрсетілгені және II Дүниежүзілік соғыс кезінде америка- 
лықтардың жапондықтарды лагерьге айдағаны туралы еш жерде 
жазылмайды. Тіпті өнер мен музыка сабақтарында Латын Амери- 
касы мен Азия мәдениеті еленбейді және афроамерикалықтардың 
мәдениетті дамыту үшін қосқан үлесі туралы айтылмайды.
Б іл ім - а д а м н ы ң м ә р т е б е с ін а й қ ы н д а у ш ы
Халыққа тегін білім берудегі мақсаттың бірі - адамдардың габысты 
болуына жағдай жасау. Кез келген адам еңбекқорлығы мен қабілеті- 
нің арқасында биік шыңға көтеріле алады. Себебі жұмыс беруші, ең 
алдымен, ата-анаңыздың кім екенін сұрамайды, оларға керегі - қай 
оқу орнын аяқтағаныңыз. Ал колледж қызметкерлері біліктілік- 
ті арттыру (Advanced Placement) курсынан қанша марте өткеніңізді 
және халықаралық бакалавриат деңгейіндегі жоғары біліміңіз бар- 
жоғын сұрайды (Sacks, 2007). (Егер кедей отбасыдан шығып, кедей- 
лерге арналған жоғарғы мектепке барсаңыз, мұндай бағдарламалар 
жайлы естімеуіңіз де мүмкін). Алайда конфликтология теорияшы- 
ларының тұжырымдауынша, адамдарды алған біліміне қарай баға- 
лау, ата-анасына қарап бағалаудан эгалитарлы (теңдік) емес (Beaver, 
2009). Бақуатты отбасыдан шыққан адамдар жақсы білім ала алады. 
Мысалы, қаржылай көмек үшін өтініш жазған Гарвард студентінің 
отбасылық оргаша табысы 150 000 $ шамасында (Leonhardt, 2004). Ал 
білім алушылардың жеке мәліметтеріне мән беру «жағымсыз» сту- 
денттерден сақтану үшін қажет.
Конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша, білім 
туралы куәлікті көзбояушылық деуге болады. Қызметке орналасып, 
еңбекте жетістікке жетуге негіз болатын куәлік, шын мәнісінде, нэ- 
сілдік, жыныстық және қай әлеуметтік таптан шыққанына байла- 
нысты дискриминациядан қорғай алмайды (Brown, 2001). Нәсілге 
негізделген теріс түсінікке қатысты «нәсілшілдік» термині қолда-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет