Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет391/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

350
12-ТАРАУ
және дәстүрлі құндылықтар мен тәжірибе орнына ғажайыпқа сенуді 
ұсыну жатады (Stark & Finke, 2000).
Дінге теориялық көзқарастар
Басқа әлеуметтік құрылымдардың зерттелуі сияқты дінге қатысты да 
түрлі әлеуметтанушылар әрқилы теориялық көзқарастар ұсынады. 
Бұл - келесі тараудың тақырыбы. Құрылымдық функцияшылдар діннің 
жеке адамдар мен қоғам үшін атқаратын қызметін зерттейді. Конфлик­
тология теорияшылары дінніц әлеуметтік шиеленісті тудыруын немесе 
тежеуін саралайды. Үшінші топтағылардың тұрғысы ата лмыш екі көзқа- 
расты Макс Вебердің (Max Weber) жұмысымен байланысты біріктіреді.
Қарабайыр (профан) дегеніміз - 
күнделікті өмірде өздігінен 
болатын және әдепкі әрекет 
ретінде көрінетін барлық 
нәрселер әдетте олар бізге таныс, 
біз оларды бақылап, оған айла- 
шарғыларымызды жасай аламыз.
Қасиетті, керісінше, біз бақылап, 
түсіне алмайтын, бізде қорқыныш 
пен табыну сезімін оятатын 
қүбылыстар мен нәрселерден 
түрады.
Дюркгейм: діннің құрылымдық-
функциялық теориясы
Дінді құрылымдық-функциялык; тұрғыдан зерттеу Эмиль Дюрк- 
геймнің (Emile Durkheim) еңбегінен бастау алады. Дюркгейм өзінің 
саралау жұмысын өзі діннің қарапайым түрлері деп атаған, барлық 
діндерді топтастыратын негізгі үш элементті анықтаудан бастады 
(Durkheim [1915], 1961).
Дінніңқарапайым түрлері
Біріншіден, діннің бәрі адам тәжірибесін қасиетті және қарабайыр 
(профан) деп екіге бөледі. Қарабайыр дегеніміз - күнделікті өмірде 
өздігінен болатын және әдепкі әрекет ретінде көрінетін барлық нәр- 
селер. Әдетте олар бізге таныс, біз оларды бақылап, оған айла-шарғы- 
ларымызды жасай аламыз. Қасиетті, керісінше, біз бақылап, түсіне 
алмайтын, қорқыныш пен табыну сезімін оятатын құбылыстар мен 
дүниелер.
Екіншіден, барлық діндер адамдарға туу, өлу, жарату, жетістік, 
сәтсіздік және дағдарыс тәрізді құбылыстарға байланысты құпиялар- 
ды түсінуге көмектесетін тылсым күштер туралы сенімдерді ұстана- 
ды. Бұл сенімдер ресми діни доктриналардың негізін қалайды.
Үшіншіден, барлық дінде рәсімдер бар. Қазіргі христиан дінінде 
дүниеге келу, өлу, үйлену, Исаның тууы және қайта тірілуі сияқты 
оқиғалар рәсімдермен өткізіледі. Бағзы замандарда көптеген хрис- 
тиандар егін егу және жинау кезінде діни рәсімдер жасайтын болған. 
Мұндай рәсімдер кейбір діндерде әлі де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет