Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет334/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

294
10-ТАРАУ
медициналық-санитарлық көмек көрсетілетін елдерде және бірдей 
көрсеткіште темекі тартып, спирттік ішімдік ішетіндерді, семіздерді 
салыстырғанда да байқай аламыз (Banks et al., 2006). Мұндай айырма- 
шылықгар балалық шақтан басталады. Мысалы, Нью-Йорк қаласын- 
дағы жетімдер үйінде тәрбиеленетін балалардың 50 пайызы демікпе- 
мен ауырады, ал кедей отбасы балаларының 25 пайызы және жалпы 
қалада түратын балалардың 6 пайызы осы ауруға шалдыққан (Perez- 
Репа, 2004).
Тап пен ауру арасындағы себептік байланыс өте күрделі (Robert 
& House 2000; Marmot, 2004; Wilkinson, 2005). Олар көп жағдайда кедей 
адамдардың қымбат медициналық көмекке қол жеткізе алмауына 
байланысты. Сөйтсе де экологиялық, экономикалық және психо-әлеу- 
меттік факторлар нашар денсаулықтың кедейлер қатарында жиі бай- 
қалуына үлкен ықпал етеді. Табысы аз адамдар қауіпті және денсау- 
лыққа зиян, ауасы лас зауыттардың маңайында және сапасыз тұрғын 
үйлерде өмір сүреді. Олар тәуекел етіп, қауіпті жұмыстарға орналаса- 
ды, сапалы тамақтанбайды, көбірек күйзеліске ұшырайды және оның 
себептерін бақылай алмайды. Нәтижесінде, олар күйзеліс ауруларға 
душар болады. Табысы жақсы адамдар демалыс алып, үй шаруасына 
көмектесетін адам жалдап, күйзелісті айналып өтеді. Ал табысы тө- 
мен адамдарда ондай мүмкіндік жоқ. Сонымен қоса кейбір адамдар 
күйзелісті жеңемін деп темекі тартып, ішімдік ішіп және басқа ден- 
саулыққа зиянды әрекеттер жасайды.
Нәсіл және этнос
Табыс көлемінің ықпалы үлкен болғанмен (Weitz, 2012), нәсіл мен 
этникалық ерекшелік денсаулыққа ерекше және тәуелсіз түрде ық- 
пал етеді. Қытайдан, Жапониядан, Филлипин немесе Үнді елінен 
шыққан америкалық азиаттар әдетте орта тапқа енеді және ақ нә- 
сілді америкалықтар сияқты денсаулығының жақсы екені белгілі. 
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген кедей иммигрант топтар ту- 
ралы болжам белгісіз.
Керісінше, афроамерикалықтардың, латынамерикалықтардың 
және байырғы америкалықтардыц кедейлік әсерінен денсаулығы 
төмен. Кедейліктің кесірінен олар басқа америкалықтарға қараған-

Қазіргіарнайыкиімдертігетін 
I цехтарда жүмыс жағдайы өте 
нашар. Мысалы, Нью-Йорктегі қытай 
ауданында орналасқан осындай цехта 
жарақат алу және ауруға шалдығу қаупі 
жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет