Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет388/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

БІЛІМ ЖӘНЕ ДІН
347
нуге бейімдейді. Нәтижесінде, колледж түлектерінің өзіне сенімділігі 
артады және жақсы жұмысқа тез орналасады. Америкалық мәдениет 
түсінігі бойынша колледж түлегі басқаларға қарағанда беделді және 
жоғары табысты жұмысқа қажетті дағдыларға ие, олардың қабілетте- 
рі, шын мәнінде, жоғары болмаса да сондай пікір қалыптастыра ал- 
ғандықтан, жақсы жұмысқа орналасу мүмкіндігі бәрібір артық бола- 
ды (Brown 2001).
Дінді түсіну
Егер біз білім алуға заң жүзінде міндетті болсақ, діни ұйымдарға мүше 
болу әркімнің өз еркінде. Сөйтсе де АҚШ-та көптеген адам қандай да бір 
дінді ұстанады және діндарлар - қоғамның маңызды қүрамдас бөлігі. 
Дін саясатпен және мәдениетпен біте қайнап, ықпалдастықтармен (ин­
теграция), шиеленістермен (конфликт) тығыз байланыста болады.
Дін деген не?
Буддалық монахтың медитациясын, қазіргі елуліктердің сөйлеу тілін, 
тұрғылықты америкалықтың шіркеуде пейотты қолдануын және ка­
толик шіркеулеріндегі ресми салттарды біріктіріп, дін деген түсінікке 
анықтама бере аламыз ба? Әлеуметтанушылардыңтұжырымы бойын­
ша, дін дегеніміз - құдайға сенетін адамдарды моральдық қауымдас- 
тыққа біріктіретін, тылсым да қасиетті дүниелермен байланысты 
нанымдар мен тәжірибе жүйесі (Durkheim [1915], 1961: 62). Дін әлемде 
болып жатқан оқиғаларды тылсым күштерден деп түсіндіретін сенім 
жүйесінен (тұрғылықты африкалықтардың діні сияқтылар) тұрады. 
Бірақ тылсым мен қасиетті дегендерді қарастырмайтын марксизм мен 
ғылым сияқты сенім жүйесі бұған кірмейді.
Дінді зерттейтін әлеуметтанушылар оған құндылықтар жиынты- 
ғы ретінде қарайды. Бірақ ол Құдай бар ма, жаныңды құтқаруға бола 
ма және хақ дін қайсы деген сияқты түсініктердің шынайы не жалған- 
дығына жауап іздемейді. Әлеуметтанушылар дінге мәдениеттің, қоғам- 
ның және өзге де әлеуметтік күштердің эсер ету жолдарын, сондай-ақ 
діннің адамдар мен әлеуметтік құрылымдарға ықпалын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет