Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет389/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Дін не үшін керек?
Дін барлық қоғамның іргелі сипаты болып табылады. 12.1-карта- 
да әлемде діндердің таралуы көрсетілген. Артта қалған немесе ин- 
дустриалды қоғам болсын, әр қоғамда діни қызмет пен діни мі- 
нез-құлықтың көріну ерекшеліктері болады.
Неге дін әмбебап? Бұл сұраққа жауап беру үшін- жеке бастан шы- 
ғатын оқиғалар мен тәжірибелердің анықтамасы мен мағынасын табу 
жолында әр адам мен әр қоғам ізденуі қажет. Кедей адам барлығы 
қолжетімді қоғамда жапа шеккенде: «Неге мен?» деп сүрайды. Бала- 
сы қайтыс болған әйел: «Неге менің балам?» дейді. Бір аймақ селден 
немесе торнадодан жапа шексе: «Неге біз?» - дейді. Осындай жеке сұ- 
рақтардан белек адамдарды неге күн сайын күн шығады, кемпірқосақ 
қайдан пайда болады және өлімнен кейін өмір бар ма деген сияқты 
сұрақтар мазалауы мүмкін.
Дін бізге бақылай алмайтын және түсінігімізге сыймайтын оқи- 
ғаларды түсініп, қабылдауға көмектеседі. Торнадо қурғақшылық
Дін дегеніміз - Құдайға 
сенетін адамдарды моральдық 
қауымдастыққа біріктіретін, 
тылсым да қасиетті дүниелермен 
байланысты нанымдар мен 
тәжірибе жүйесі.


348
12-ТАРАУ
12.1-КАРТА. Әлемдік діндердіңтаралуы
Христиан діні Америка, Еуропа және Австралияда басым, ал басқа аймақтарда басқа діндер таралған. 
ДЕРЕККӨЗ: From Warren Matthews, World of Religions, 3E, 1999 Wadsworth, a part of Cengagc Learning. Inc.
Ә лем дік ДІндердің 
таралуы
€ 3 Христиан діні

Ислам

Буддизм

қытайдағы дшдер 
t JСинтоизм жэне
буддизм 
Индуизм 
■ I Иудаизм

Дәстүрлідіндер

Дәстүрлі, христиандық 
жэне ислам
және жұт белгілі бір үлкен күшке жатқызылғанда маңыздырақ бола 
гүседі. Сенім мен рәсімдер осы үлкен күшті бақылай алатын немесе 
тыныштандыра алатын тәсіл ретінде дамиды, нәтижесінде белгісіз 
құбылысқа жауап ретіндегі әрекетке айналады. Жаңбыр биі жаңбыр- 
ды шақырмауы мүмкін, дұға бағыштасақ та егін жақсы шықпауы 
ықтимал, бірақ екеуі де түсініксіз және тылсым қүбылысқа қарсы 
тұратын адамдарға таныс әрі тыныштандыратын әрекет. Діни сенім 
мен рәсімдер дұрыс я бұрыс болсын адамдарға күтпеген жағдайларды 
өткеруге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет