Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет76/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Мәдениетке кіріспе
1-тарауда әлеуметтану адам мінез-құлқының контексін талдайтынын 
және сол контекстердің біздің мінез-құлқымызға қалай эсер ететінін 
айтқанбыз. Осы контекстің маңызды қырларының бірі - мәдениет. Мәде- 
ниет - қогамдастық м үшелерінің ортақ өмір сүруінің жалпы тәсілі.
Кей жерлерде мәдениет мемлекеттік шекаралар мен қоғамдардың 
аумағынан асып кетеді. Мысалы, канадалық француздар мәдениеті Ка­
нада мен Жаңа Англияда кездеседі. Енді бір жерлерде бір елдің аумағын- 
да екі түрлі мәдениет үйлесіп жатуы мүмкін, мысалы, Канадада француз 
және ағылшын мәдениеті қатар жүреді.
Мәдениет, негізінен, тіл, құндылықтар және символикалық 
мәндер сияқты нысандардан тұрады, сонымен қатар технологиялық 
және материалдық нысандарды да қамтиды. Мәдениеттің жалпы 
бейнесі - күнделікті өмірдің жалпы проблемаларымен айналысуға 
қажетті физикалық, эмоциялық және философиялық «жабдықты» 
қамтамасыз ететін аспап (Swidler, 2001; Vaisey, 2009). Мәдениеттің та- 
мақтану ерекшеліктерін қалай қалыптастыратынын қарастырайық. 
АҚШ тұрғындары тоңазытқыш, пеш, ұялы телефон, компьютер сияқ- 
ты ортақ құралдар мен технологияларды пайдаланады. Олардың 
көбінің беріле жұмыс істеп, артынан кофе не сыра ішіп серпілудегі 
құндылықтары да ұқсас. Олар таңдаған сусындар мен сол сусындар- 
дың мән-матынасы - Америка мәдениетінің негізгі бөлігі. Дегенмен 
бір ортақ мәдениет туралы айтқанда оның ішіндегі қайшылықтар- 
ды да ескеруіміз керек. Мәселен, АҚШ халқы ұстанатын мәдениеттің 
біраз қырлары мормондар мен америкалық мұсылмандарға да ортақ 
болғанымен мормондар кофе ішпейді, сонымен бірге бұл екі топтың 
өкілдері де алкогольді ішімдік ішпейді.
Мәдениеттің «материалдық» және «материалдық емес» екі формасы 
болады. Материалдық емес мәдениетке қоғам мүшелеріне ортақ тіл, құн- 
дылықтар, ережелер, білім және мән-мағыналар жатады. Материалдық 
мәдениег қоғамда өндірілетін физикалық нысандарды - құралдар, кө- 
шелер, мүсіндер, ойыншықтар сияқты көптеген заттарды қамтиды. Бұл 
материалдық нысандар материалдық емес мәдениетке тәуелді. Мысалы, 
«Барби» қуыршағы мен ежелгі тас құдайдың мүсіндерінің кейбір жалпы 
физикалық тұрпаттары бірдей болғанымен, олардың мән-мағыналары 
мүлде бөлек әрі олар материалдық емес мәдениетке тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет