ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
271
Бұл гендерлік айырмашылықтар күнделікті сөйлесу сәттерінен
де байқалады және алшақ тарта түседі (Таппеп, 2001).
Ерлер көбірек
сөйлейді; әйелдердің сөзін жиі үзеді және, ең бастысы, өзіне қолайлы
түста үзеді. Сонымен қатар ерлерге қарағанда әйелдер әңгімелескенде
жиі сыпайы сөйлеп, жөнсіз қасарыспайды. Әйелдер өздерінің пікірін
сүрақпен жеткізеді («Сіз көгілдір түстен қызыл түс жақсы деп ойлай-
сыз ба?»). Осындай сөйлеу мәнері жиналыстар мен іскерлік кездесулер-
де де болады. Бұл - іскер әйелдердің, ерлерге
қарағанда өз идеяларына
сенімінің аз болуы себебінен (Таппеп, 2001).
Зертханалық және басқа зерттеулер көрсеткендей, ерлер мен әйел-
дер арасындағы айырмашылықтар көбінесе олардың мәртебесінің айыр-
машылықтарына негізделеді (Kollock, Blumstein & Schwartz 1985; Ridgeway
& Smith-Lovin 1999; Tannen 2001). Әйелдердің
мәртебесі ep адамдікінен
жоғары болса, мысалы, әйел профессор студент жігітпен сөйлескенде сту-
денттің мәртебесінің төмендігіне ерекше көңіл аудармайды.
Достарыңызбен бөлісу: