М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Тарих және құқық факультетінің деканы
________ Д. Б. Әбілқасова
«–––»–––––––––––– 2011 ж.
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған
«Дін әлеуметтануы»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – 2
Семестр - 4
Кредит саны -3
Дәріс – 30 сағат
Тәжірибелік сабақтар – 15 сағат
ОқСӨЖ – 45 сағат
СӨЖ– 45 сағат
Емтихан – 4-ші семестрде
Барлығы – 135 сағат
Орал
2011 ж.
1. ӘЛЕУМЕТТАНУ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КУРСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
2010-2011 оқу жылы 4 семестр 3-кредит
2 курс студенттері үшін кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Дін әлеуметтануы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен шетел және отандық оқу-әдістемелік материалдар негізінде құрастырылды.
Құрастырған: аға оқытушы Шайхиев Т.Т.
Негізге алынған типтік оқу бағдарламасы: 1. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор К. У. Биекенов, оқытушы Н. Т. Айекешов «Шетел әлеуметтануының тарихы» Астана 2005 ж.
2. Әлеуметтану ғылымының докторы К. У. Биекенов, әлеуметтану ғылымының кандидаты Ж. А. Нұрбекова «Отандық әлеуметтану тарихы» Астана 2005 ж.
3. Философия ғылымының докторы Р. Б. Әбсаттаров, тарих ғылымының кандидаты С. Қ. Өтешов «Этноәлеуметтану» Астана 2005 ж.
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси кафедрасының отырысында бекітілді.
“____” ________________200__ ж. № ___хаттама.
Кафедра
меңгерушісі___________ Науанова Қ. М.
(қолы) (аты-жөні)
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
№ __ хаттама “___” _____________ 200__ ж.
Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы __________
(қолы)
(аты-жөні)
2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
2.1 Оқытушы туралы мәлімет
Шайхиев Тұрар Төлегенұлы
Жұмыс телефоны 51-20-39
№3 оқу ғимараты, 304 – бөлме, 8.00 – 14.00 сағат.
Жоғарғы оқу орны студенттері даярлануы үшін берілген авторлық оқу құралдары:
1. Шынтемірова Б.Г., Шайхиев Т.Т. Әлеуметтану. Оқу-әдістемелік құрал.
Орал 2005 ж.
2. Шынтемірова Б.Г., Шайхиев Т.Т. Социология Электронды оқу құралы.
Орал 2006 ж
2.2 Пән туралы мәлімет
Пән: «Дін әлеуметтануы» курсы, 3 – кредит сағат
Өтетін орны: кесте бойынша № 3 оқу ғимаратында.
Сабақ кестесі:
Семестр 15 оқу аптадан және 1 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 3 кредит сағат саны болу тиісті, әр аптадағы кредит – сағат саны үш байланыс сағаттан (дәріс, семинар) және үш сағат СӨЖ мен үш сағат ОқСӨЖ тұрады.
Сабақ
|
Өткізу уақыты
|
Сабақ
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты
1,2 ( дәріс)
|
50+50 мин.
|
СӨЖ 2,3 (тәжірибелік сабақ)
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты
1 (семинар)
|
50 мин.
|
ОқСӨЖ 1 (тәжірибелік сабақ)
|
50 мин.
|
СӨЖ 1 (тәжірибелік сабақ)
|
50 мин.
|
ОқСӨЖ 2,3 (тәжірибелік сабақ)
|
50+50 мин.
|
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинарлар
|
ОқСӨЖ
|
СӨЖ
|
Бақылау түрі
|
Барлығы
|
4
|
8
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
Емтихан
|
135
|
2.3 Кіріспе
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Курс мақсаты:
Курс мақсаты : Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде «Бүгінгі күнгі жекелеген елдердегі діни сана - сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттық және мәдени біртектілікті сақтаудың негізіне айналып отыр» - дейді. Бізде негізгі екі дін бар. Қазақстан халқының 70пайызға жуығы ислам дінін ұстанады, 29 пайызы христиан дінінде. Діни бірлік дегеніміз – мұсылмандардың бірігуі, христиандардың бірігуі және осы дін өкілдерінің өкілдерінің бір – бірімен жақсы қарым – қатынаста болуы. Қазақстан жас тәуелсіз мемлекет, бірнеше ғасырлар бойы өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалған халқымызға ХХ – шы ғасырдың соңғы он жылында азат еткен, еркін тәуелсіз мемлекет болу нәсіп болды. Бодан болған жылдары біз ұлттық мемлекетті қалыптастыратын дәстүрлерден айырылып қалдық. Яғни, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мемлекеттік дәстүрлер әлсіреді. Оның ішінде дін институты да бар. Бір сыпыра азаматтар дәстүрлі дініміз – Ислам дінін тастап басқа сенімдерді қабылдады. Осының бәрі айналып келгенде, ұзақ мерзімді Қазақстанның мемлекет ретінде дамуына қауіп тигізуі мүмкін. Курс мақсаты студенттерге жан-жақты, ғылыми негізделген діни түсініктер беру.
Курс міндеті: Қазақ халқы бауыр еті баласын шыр етіп жарық дүние есігін ашқаннан бастап адалдық пен адамгершілік, қанағатшылдық пен қайырымдылық сынды асыл қасиеттерге баулап, періште көңілге ізгілік нұрын құйып өсірген. әже әлдиі, ата ертегісі өмірлік мұраттарына жөн сілтеп, баланы сара жолға салып отырғандығы таным – түсінігі тазалықпен таразыланған аға буын өкілдерінен айқын көруге болады. Бүгінгі таңда баланың өзіндік көзқарасын қалыптастырып, ой - өрісін өсіретін күнделікті болып жатқан жаңалықтарды ой елегінен өткізіп, санасына имандылық жөнінде бағыт беретін жұмыстар жүргізуіміз қажет. Курстың басты міндеттері осылар.
Курс мазмұны:
1. Қазақ халқы әлеуметтік ынтымақтастығының мәдени негіздері.
2. Діннің ғылыми негіздемесі.
3. Будда дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.
4. Христиан дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.
5. Ислам дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.
6. Ислам дінінің дінтану ғылымында зерттелуі және оның қазақ даласында таралуы.
7. Ислам – адамгершілік пен ізгіліктің уағыздаушысы.
8. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы діннің орны.
9. Діннің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы ролі.
10. Діни төзімділік пен ұлттық келісім – мемлекет тұрақтылығының негізі.
11. Дәстүрлі емес діни секталар және олардың жаңа мүшелер тарту әдістері.
12. Қазақстандағы діни секталардың алдын алу және жастарды оған қарсы тұруға тәрбиелеу.
13. Қазақстандағы ислам атын жамылған діни секталардың алдын алу және жастарды оған қарсы тұруға тәрбиелеу.
14. Салафиттік (ваххабиттік) діни ағымының тарихи және қазіргі заманғы аспектілері.
15. «Хизб – ут – Тахрир» діни ағымының ісләмнан алыстап, діни лаңкестікке бет бұруы.
Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Оқыту әдістемесі:
Оқылу негізінен негізгі оқу материадары түсіндірілетін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын дәріс және тәжірибелік сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша коллоквиум және жазбаша бақылау жұмыстары, жеке семестрлік тапсырмалар және үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Студент білуі тиіс:
- Қазақ халқы әлеуметтік ынтымақтастығының мәдени негіздерін.
- Діннің ғылыми негіздемесі;.
- Будда дінінің дінтану ғылымында зерттелуін;
- Христиан дінінің дінтану ғылымында зерттелуін;
- Ислам дінінің дінтану ғылымында зерттелуін;
- Ислам дінінің дінтану ғылымында зерттелуі және оның қазақ даласында таралуын;
- Ислам – адамгершілік пен ізгіліктің уағыздаушысы екенін;
- Қазіргі қазақстандық қоғамдағы діннің орны;
- Діннің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы ролі;
- Діни төзімділік пен ұлттық келісім – мемлекет тұрақтылығының негізін;
- Дәстүрлі емес діни секталар және олардың жаңа мүшелер тарту әдістерін;
- Қазақстандағы діни секталардың алдын алу және жастарды оған қарсы тұруға тәрбиелеу негіздерін;
- Қазақстандағы ислам атын жамылған діни секталардың алдын алу және жастарды оған қарсы тұруға тәрбиелеу шараларын;
- Салафиттік (ваххабиттік) діни ағымының тарихи және қазіргі заманғы аспектілерін;
- «Хизб – ут – Тахрир» діни ағымының ісләмнан алыстап, діни лаңкестікке бет бұруын;
Сабаққа қатысу:
Сабаққа міндетті түрде қатысу керек. Босатылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген сабақтың толық көлемінде қосымша жұмыспен өтеді.
Аудиториядағы тәртіп :
Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:
Ұялы телефонмен сөйлесуге;
Сабақтан сұрануға;
Бос әңгіме құруға;
Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.
Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:
1.Өз пікірін дәлелдесе;
2.Сабаққа белсенді қатысса;
3.Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.
Достарыңызбен бөлісу: |