Тақырыбы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы- келісім мен ізгіліктің символы» Мақсаты



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі47,03 Kb.
#121359
  1   2   3   4
Байланысты:
0000c2e4-a2dcb172
9-10-11 Абайтану, Pravila pretendenta

Тақырыбы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы-
келісім мен ізгіліктің символы»


Мақсаты:

  • Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі - еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі екенін түсіндіру;

  • Қазақстан,оның елордасы Астана - достық пен бірліктің, көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының,бейбітшіліктің символы екендігі жайында білімдерін кеңейту;

  • Оқушыларды ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға

тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Слайд,нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер.




1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!
2-жүргізуші: Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы-келісім мен ізгіліктің символы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
1-оқушы: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
2-оқушы: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.
3-оқушы: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет