Тарих және құқық факультетінің деканы


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



бет4/10
Дата22.06.2017
өлшемі1,71 Mb.
#19482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ.

1. Қазақ халқы әлеуметтік ынтымақтастығының мәдени негіздері.

Дәріс мазмұны:

1. Бүгінгі дүние дидарынан қазақ ұлтының өзіндік орнын сезіну ахуалы таза эклектикалық қалпымен көзге ұрады.

2. Қауымның ынтымақтастықтың айқын көрінісіне номадтық қауымдасу жатады.

Мақсаты: Номадтық қауымдық тұтастықтың адамгершілік қатынастарға негізделгенін, әртүрлі «центризмдер» ықпалынан жоғары тұратынын зерттеушілер атап өту. Ежелгі ынтымақтастық идеясында ата – бабалар культі ерекше орын алған. Ата – баба аруағы культі көшпелілік мәдениеттің басты тірек- қазығының бірі болғандығын көрсету.

1. Бүгінгі дүние дидарынан қазақ ұлтының өзіндік орнын сезіну ахуалы таза эклектикалық қалпымен көзге ұрады.

К.Поппер қоғамда адам мен әлеуметтік ұжымның арасындағы қарым – қатынастарды белгілі дайын өлшемдермен өзгертуге болмайтындығы туралы. Ф. Хайектің «адамдық ынтымақтастықтың кеңейтілген тәртібі» жөніндегі тұжырымдамасы. Жеті ата институты қазақ халқының өткеннен болашаққа деген сенімін мың сан ұрпақтар арқылысабақтастырып отыратын тетік ретінде.



2. Қауымның ынтымақтастықтың айқын көрінісіне номадтық қауымдасу жатады.

Номадтық қауымдық тұтастықтың адамгершілік қатынастарға негізделгенін, әртүрлі «центризмдер» ықпалынан жоғары тұратынын зерттеушілер атап өтеді. Ежелгі ынтымақтастық идеясында ата – бабалар культі ерекше орын алған. Ата – баба аруағы культі көшпелілік мәдениеттің басты тірек- қазығының бірі болды.



Әдебиет: 1. Лункевич. В. Герои и подвижники науки. М., 1961.

  1. «О религии» Хрестоматия. М., 1963.

3. «О Эразма Роттердамского до Бертрана Рассела» Сб. М., 1969.

4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. І – т. П., 2002.

5. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. А., 1998.

6. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.



2. Діннің ғылыми негіздемесі.

Дәріс мазмұны:

1. Дін – адам санасының табиғи дамуының жемісі.

2. Дін – азаматтың бейбітшілік өмірінің арқауы.

Мақсаты: Дін – адам санасының табиғи дамуының жемісі екендігін көрсету. Дін – азаматтың бейбітшілік өмірінің арқауы екендігін көрсету.

1. Дін – адам санасының табиғи дамуының жемісі.

Егер діннің негізгі белгісі табиғаттан тыс бір күшке – Тәңір, Құдай, Алла т.б. сеніп, соларға табыну. Дін жақсы – жаманды сырттан емес адамның өз бойындағы қасиеттерден табады. Ол көрінген тіршілік иесіне тән биологиялық заңды - әркімнің өз өмірі үшін бәрімен күресуін тежейді, инстинктивті іс - әрекеттен сақтандырып, рухани жан ретінде ақыл – ойға жүгінуге, қоғам мүддесін ескеруге жетелейді.



2. Дін – азаматтың бейбітшілік өмірінің арқауы.

Дін адамзат санасының табиғи дамуының жемісі ретінде әрбір халықтың ұлттық сенімдерінде көрініс табады. Бүгінгі глобализм, кешегі космополитизм мен интернационализм өз бастауын осы әлемдік діндерден алады. Тәуелсіздік алған Қазақстанда діни еркіндік дәстүрі қайта жаңғырып, ұлттық ерекшелігіміздің бір көрінісін айқындай түсті. Ғылыммен бекітілген Дін ғана бүкіл адамзатты біріктіре алады. Діннің тарихи жетілуі объективті заңдылық, оның ғылыммен үйлесімділік дәрежеге жетуі бүгінгі заманның аса қажетті шарты.


Әдебиет: 1. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.

2. Ғ. Есім, А. Артемьев, С. Қанаев, Г. Біләлова. Дінтану негіздері. Алматы «Білім» 2003 ж.

3. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

4. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.


3. Будда дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.

Дәріс мазмұны:

1. Будда діні ең көне дүниежүзілік дін.

2. Будда дінінің пайда болуын барлық жазба ескерткіштер Будда туралы аңызбен байланыстырады.

Мақсаты: Будда діні ең көне дүниежүзілік дін екендігін түсіндіру. Будда дінінің пайда болуын барлық жазба ескерткіштер Будда туралы аңызбен байланыстыратындығын көрсету.

1. Будда діні ең көне дүниежүзілік дін.

Оның қалыптасқан кезі б.д.д. VI ғасыр мен б.д. VIІІ ғасыр аралығы. Алғашқы рет будда діні Үнді елінің солтүстігінде пайда болды. Будда дінің тууы және Ганг алқабында ірі мемлекеттердің пайда болуы қатар келді. Будда діні көп ізбасарларын қалалық тұрғындардың арасынан тапты.



2. Будда дінінің пайда болуын барлық жазба ескерткіштер Будда туралы аңызбен байланыстырады.

Будда ақиқаттары көптеген ғасырлар бойы ауызша айтылып отырады тек қана біздің э.д. және б.э. аралығында Цейлонда алғашқы рет 29 томдық / 10 мың бетке жуық/ кітапқа жазылады. Ол кітапты «трипитака» /үш кәрзеңке ілім/ деп атайды. Бұл кітап үш бөлімнен тұрады. Виная – питака, Сутта – питака, және Абхитхамма – питака. Будда дінінің ағымдары мен секталарының кәделері мен монастырлық құрылысы әр түрлі болады. Соңғы онжылдықта Батыста необуддизм және метабуддизм пайда болды. Қазіргі кезде бірнеше дүниежүзілік буддистік қоғамдар құрылған. Азия елдерінде буддистік қоғамдар әртүрлі роль атқарады.



Әдебиет: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Кочетов Л. Буддизм. М., 1968
4. Христиан дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.

Дәріс мазмұны:

1. Христиан дінінің шығу тарихы.

2. Христиан дінінің негізгі қағидалары.

Мақсаты: Христиан дінінің шығу тарихын көрсету. Христиан дінінің негізгі қағидаларын түсіндіру.
1. Христиан дінінің шығу тарихы.

Христиан діні біздің заманымыздың бірінші ғасырында құл иеленуші Рим империясында пайда болды. Оның шығу тегін білу үшін христиан дінінің пайда болуы және дамуы кезіндегі Рим империясының экономикалық саяси және идеологиялық жағдайына талдау жасау керек.

Христиан дінінің тез етек алуына кейбір культтік /культ – латынша культус – табыну/ жаңалықтардың енгізілуі де себеп болды. Христиан дінідегі көптеген табыну түрлерінің ішінде иконаға сиыну кең тараған.

2. Христиан дінінің негізгі қағидалары.

Христиан дінінің орнығуына әсірессе ертедегі Грецияның реакцияшыл философы Платонның жолын қуған, бірінші ғасырдың басында өмір сүрген Филос Александрийдің және Рим стоиктерінің, оның ішінде Сенеканың «ілімдері» елеулі орын алды. Рим империясының құлауы христиан дініне әсерін тигізбей қалған жоқ: ол екіге бөлініп, батыстағысы католик шіркеуі, шығыстағы православие шіркеуі деген атқа ие болды. Бұл бөліну ІҮ ғасырда басталып 1054 жылы толық аяқталды.



Әдебиет: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Ковалев. С. И. Основные вопросы происхождения христианства. М., 1964.
5. Ислам дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.

Дәріс мазмұны:

1.Ислам дінінің шығу тарихы.

2. Ислам дінінің негізгі қағидалары.

Мақсаты: Ислам дінінің шығу тарихын көрсету. Ислам дінінің негізгі қағидаларын түсіндіру.

1.Ислам дінінің шығу тарихы.

Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Мекке ерте уақыттан бастап – ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су көзі, оның жанындағы «Әулиелі қаратас» Қааба храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды.

Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін – ханаффизм – бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген топтардың идеологиясы түрінде шықты. Ханифтер сол уақытқа дейінгі үстем болып келген политеизмге /көп құдайлық/ путқа табынушылыққа қарсы күресті.

2. Ислам дінінің негізгі қағидалары.

Ханафизм Ислам дінінің идеологиялық алғы шарты болды. Қазіргі уақытта Ислам діні Араб елдерінде, Албанияда, Болгарияда, Үндістанда, Түркияда, Югославияда, Африкадағы Мавританның, Тунис, Марокко, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир, т.б. елдерінде орын алады. Біздің елімізде Ислам діні Орта Азия республикаларында, Қазақстанда, Азербайджанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикаларында орын алады. Ислам дінінің екі бағыты: сүннеттер мен шииттер.



Әдебиет: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Климович Л. Ислам. М., 1965.
6. Ислам дінінің дінтану ғылымында зерттелуі және оның қазақ даласында таралуы.

Дәріс мазмұны:

1. Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін.

2. Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қасиетті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілген.

Мақсаты: Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін екендігін көрсету. Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қасиетті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілгендігін түсіндіру.

1. Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін.

Ол біздің заманымыздың ҮІІ ғасырында Арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде дүниеге келді.

Ислам дінінің бірнеше мейрамдары бар. Олардың барлығы дерлік, оның әдет – ғұрыптары мен догмаларымен тығыз байланысты. Сопылық /дәруіштік/ - Ислам дінің алғашқы жылдары пайда болған аскеттік ағым ретінде ІХ ғасырда пайда болды.

2. Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қасиетті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілген.

Ол уағыздар Мұхаммедтің аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді. Ислам дінінің алғашқы көріністері Қазақстан территориясында ІХ ғасырдың бас кезінде тарай бастағанын білдіретін мәліметтер бар. Ислам діні Қазақстан жеріне оңтүстіктен және солтүстік батыстан келді. Оңтүстіктен Иран мен Орта Азия қалаларында оқыған қожа – молдалар келді. Кама өзені бойындағы Бұлғар хандығы, одан соң Алтын орданың батыс бөлігі Ислам дінін Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс облыстарын мекендеген тайпалардан бұрын қабылдаған болатын.



Әдебиет: 1. Гольдциер И. Культ святых в исламе. М., 1938.

2. Климович Л. Обряды, праздники и культ святых в исламе. Грозный. 1958.

3. Мавлютов Р. Ислам. М., 1969
7. Ислам – адамгершілік пен ізгіліктің уағыздаушысы.

Дәріс мазмұны:

1. Қазақ халқының дінін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі – тәрбиелік қасиеті.

2. Дін – күрделі рухани құбылыс.

Мақсаты: Қазақ халқының дінін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі – тәрбиелік қасиеті екендігін көрсету. Дін – күрделі рухани құбылыс екендігін түсіндіру.

1. Қазақ халқының дінін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі – тәрбиелік қасиеті.

Қазақ халқының дінін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі – тәрбиелік қасиеті. Имандылық тәжірибелерін жинақтай білгенде ғана ол жаңа бір сапалық деңгейге көтеріле алады.

Дін мен білім әр уақытта бірін – бірі қолдай отыра дамиды. Ал адамның рухани жағынан дамуына және санасын, мәдени деңгейін көтеруде ғылыми біліммен терең сусындауы қажет.

2. Дін – күрделі рухани құбылыс.

Дін – күрделі рухани құбылыс. Оның бір көрінісін немесе бір конфессиялық (бағыттық) түрін, немесе жеке қағидаларын әр жерден естіген әңгімелер негізінде талдаудан дінді танимын деу – ағаттық. Дін – адамзат тарихының ерекше саласы. Діннің тарихтағы орнын дұрыс анықтап, сыйлай білуіміз халықтық, ұлттық мәдениетімізді жетілдіруге көмектесетіні сөзсіз.



Әдебиет: 1. Гольдциер И. Культ святых в исламе. М., 1938.

2. Климович Л. Обряды, праздники и культ святых в исламе. Грозный. 1958.

3. Мавлютов Р. Ислам. М., 1969
8. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы діннің орны.

Дәріс мазмұны:

1. Қазақ жерінде Ислам дінінің нығайуы.

2. Батыс Қазақстан облысы аумағында діни ахуал.

Мақсаты: Қазақ жерінде Ислам дінінің нығайуын түсіндіру. Батыс Қазақстан облысы аумағында діни ахуалға шолу жасау.

1. Қазақ жерінде Ислам дінінің нығайуы.

Қазақ жерінде Ислам дінінің нығайуы – Алтын Орда ханы Өзбектің тұсында, 1315 жылы Алтын Ордада мемлекеттік дін болып жарияланды. «Қанафиттер мазғабы» дегеніміз – ата – бабаларының ғасырлар бойы ұстанып келген дүние танымына сай, көшпенділер рухымен үндес ислам дінінің бағыты.

Діннің мемлекет саясатына араласпауы заңды. Ал, мемлекеттің дін ісіне белгілі бір дәрежеде бақылау жасап, шек қоюы керек.

2. Батыс Қазақстан облысы аумағында діни ахуал.

Батыс Қазақстан облысы аумағында діни ахуал тарапынан ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық бірлікті бұзатындай жағдайлар болған жоқ. Негізінен діни бірлестіктердің іс - әрекеттері заңды түрде атқарылуда.

Бүгінгі таңда ішкі саясат департаментінің ұйымдастыру қызметі діни радикализм мен экстремизмнің алдын – алу және ескерту, конфессия арасындағы қарым – қатынасты зерттеу, миссионерлердің қызметі мен олардың басқа дін өкілдерімен байланысын байқауға бағытталған. Батыс Қазақстан облысында діни экстремизмнің алдын алудың профилактикалық – ұйымдастыру шараларының 2007 – 2008 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіліп, орындалу үстінде. Біздің алдымызда жиһандану атты «ұлы» дәуірдің күтіп тұрғаны белгілі. Жиһандану – баяғыша жеке – дара оқшау, оңаша өмір сүрудің дәурені басталды деген сөз. Әрине, әлемде болып жатқан мұндай өзгерістерден табиғи байлығы мол Қазақстан шет қалуы мүмкін емес.

Әдебиет: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.
9. Діннің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы ролі.

Дәріс мазмұны:

1. Дін және саясат.

2. Діннің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы ролі.

Мақсаты: Дін және саясат байланыстарын түсіндіру. Діннің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы ролін көрсету.

1. Дін және саясат.

Дін және саясат. Дін және әлемдегі ахуал. Өркениетті және текетірес. Өркениеттің ар жағында «діндер арасындағы бақталастық» деген тарихи проблема жатқаны тағы рас. Өркениет дегеніміз – бергі дәуірдің түсінігі.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезін Жаратушының дәргейіндегі діни – рухани жетістік қана емес – саяси акция есебінде бағамдаушылар да бар.

2. Діннің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы ролі.

Он бір миллион мұсылман тұратын бүгінгі Қазақстанда сансыз ислам бірлестіктері, екі жүз православиелік, жетпіс үш католик, жиырма иудей, тоғыз жүз қырық тоғыз протестанттық бірлестіктер бар. Мемлекет тарапынан діни, ұлттық татулыққа жан – жақты қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан халықтарының Кіші және Үлкен Ассамлеялары құрылып, онда этностар мен түрлі діннің өкілдері бас қосып, ортақ мәселелерді бірлесе шешеді. Мемлекеттің тірегі – ұлт десек, оның теологиялық анықтамасының орнықтығының, тұтастығының бәрінен де бұрын саяси мәні болмақ.



Әдебиет: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.
10. Діни төзімділік пен ұлттық келісім – мемлекет тұрақтылығының негізі.

Дәріс мазмұны:

1. Діни төзімділік пен ұлттық келісім мәселелері.

2. Қазақстанның геосаяси жағдайына діннің әсері.

Мақсаты: Діни төзімділік пен ұлттық келісім мәселелерін түсіндіру. Қазақстанның геосаяси жағдайына діннің әсерін көрсету.

1. Діни төзімділік пен ұлттық келісім мәселелері.

Қазақстан Республикасының демократиялық дамуының маңызды жетістіктерінің бірі діни төзімділік пен ұлттық келісім негізінде саяси тұрақтылықты сақтау болып отыр.

Қоғамда жүріп жатқан рухани-адамгершілік жаңару үрдісі белгілі бір деңгейде діни өсиеттерге негізделген. Егемендік алған соң, дін Қазақстан қоғамының әлеуметтік-рухани өмірінде белсенді рол атқара бастады.

2. Қазақстанның геосаяси жағдайына діннің әсері.

Қазақстанның геосаяси жағдайы өте күрделі. Біздің еліміз әлемдік үш діни-мәдени өркениеттің қиылысында тұр. Бұлар мұсылман, христиан және буддистік-конфуциандық діни-мәдени өркениеттер. Қазақстанның өзі де көпконфессиялы мемлекет болғандықтан, бұл діни-мәдени өркениеттердің игі әсерлерін де, және теріс ықпалдарын да жоққа шығаруға болмайды. Мемлекеттік билік институттарының негізгі міндеттерінің бірі - әлеуметтік тартыстың ұлтаралық егеске айналып кетуін жібермеу. Діни татулық пен ұларалық келісім мәселері қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды да күрделі болып табылады.



Әдебиет: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.
11. Дәстүрлі емес діни секталар және олардың жаңа мүшелер тарту әдістері.

Дәріс мазмұны:

1. Дәстүрлі емес діни секталар.

2. Олардың жаңа мүшелер тарту әдістері.

Мақсаты: Дәстүрлі емес діни секталар туралы және олардың жаңа мүшелер тарту әдістері туралы түсініктер беру.

1. Дәстүрлі емес діни секталар.

Қазіргі таңда, өте көптеген ірі діни секталар бар. Олардың барлығының орталықтары шет мемлекеттерде болса да, көпшілігінің Қазақстанда, сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында да орталықтары бар.

Барлық секталардың мақсаты біреу ғана, өз «тулары» астына қалай болса да көптеген азаматтар тарту. Діни алдау – арбаудың мазмұны өмірді бақытты қылуға үйіп-төгіп уәде беру болып қалады.

2. Олардың жаңа мүшелер тарту әдістері.

Ең алдымен жаңа ұйығанды өз беттерімен басылған әртүрлі әдебиеттермен көміп тастайды. Қызығушы адам муниттер жиналысына келгенде, оның қандай әдемі, қызықты, үйірімді, ерекше көшбасшы және тағы басқа да адамның өзін бір керім ретінде санай бастайтындай сөздер айтылады. Әрі қарай, өңдеудің келесі баспалдағы, бұл адамды ойлау қабілетінен айыру. Бұл үшін, қайта-қайта үздіксіз қайталанатын бір текті, жылдам жатталатын, ешқандай терең мағынасыз сөздер тіркесі, оларды мантра деп атайды. Сектаның әсер ету құралдары мен тәсілдері сырттан қарағанда қарапайым әрі мағынасыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ, комплексті түрде және көпшілік бұқара жиналған жерде өте эффективті әсер етеді.



Әдебиет: 1. Волков Е. Н. Методы вербовки и контроля сознания в деструктивных сектах // Журнал практического психолога. М.: Фолиум. 1996.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

3. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

4. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.


12. Қазақстандағы діни секталардың алдын алу және жастарды оған қарсы тұруға тәрбиелеу.

Дәріс мазмұны:

1. Қазақстандағы діни секталардың алдын алу мәселелері.

2. Жастарды діни секталарға қарсы тұруға тәрбиелеу.

Мақсаты: Қазақстандағы діни секталардың алдын алу мәселелері туралы түсіндіру. Жастарды діни секталарға қарсы тұруға тәрбиелеу жолдарын түсіндіру.

1. Қазақстандағы діни секталардың алдын алу мәселелері.

Секта – бұл белгілі бір сенмнен бөлініп шығып, сол сенімнің қағидаларына жатпайтын теріс іс - әрекеттер жасайтын топ. Біріншіден – шартты секталар. Бұл дінге күмәнмен қарайды. Қауіптілігі жөнінен үшінші орында.

Біз бірінші кезекте діни бірлікті өте мықты ұстануымыз шарт, өйткені діни бірлік болмайынша, ұлттық бірлік болмайды. Ал секталардың екінші түрі – христиандық секталар, қауіптігі жағынан оларды орта дәрежелі секталар деп те атайды. Бұл секталар адамды өз «дінінің» өзге діндерден жоғарғы тұрғандығына сендіруге көздейді.

2. Жастарды діни секталарға қарсы тұруға тәрбиелеу.

ХХІ ғасырда әр елдің дінбасыларына өз халқының рухани, мәдени құндылықтары, жан – дүниесінің тазалығы одан әрі арттыра түсуде деген үлкен жауапкершілік жіктеледі. Экстремизм, фанатизм және дін құндылықтарын бұрмалаушылық – бұлар нағыз құдай сөзінен және діннен мүлдем алшақ жатқан ұғымдар. Үшінші түрі – миссионерлік секта.(негізгі әрекеті – адамды ұйқыдан айыру арқылы үгіт – насихаттарына сендіру). Бұл секталар көбіне жасөспірімдерді арбайды.



Әдебиет: 1. Волков Е. Н. Методы вербовки и контроля сознания в деструктивных сектах // Журнал практического психолога. М.: Фолиум. 1996.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

3. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

4. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.


13. Қазақстандағы ислам атын жамылған діни секталардың алдын алу және жастарды оған қарсы тұруға тәрбиелеу.

Дәріс мазмұны:

1. Қазақстандағы ислам атын жамылған діни секталардың алдын алу мәселелері.

2. Жастарды ислам атын жамылған діни секталарға қарсы тұруға тәрбиелеу.

Мақсаты: Қазақстандағы ислам атын жамылған діни секталардың алдын алу мәселелерін қамту. Жастарды ислам атын жамылған діни секталарға қарсы тұруға тәрбиелеу шараларын түсіндіру.

1. Қазақстандағы ислам атын жамылған діни секталардың алдын алу мәселелері.

Қазақстан жас тәуелсіз мемлекет, бірнеше ғасырлар бойы өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалған халқымызға ХХ – шы ғасырдың соңғы он жылында азат еткен, еркін тәуелсіз мемлекет болу нәсіп болды.

Дәл бүгінгі күні бәріміздің басымызды біріктіретін ортақ идея аз. Бұл өте алаңдатарлық нәрсе, себебі, мемлекет бар кезде ғана біз бармыз. Әсірессе қазақ ұлты тұрғысынан алғанд, біздің ұлт ретінде сақталып қалуымыздың басты қозғаушысы, оның кепілі мемлекетіміз.

2. Жастарды ислам атын жамылған діни секталарға қарсы тұруға тәрбиелеу.

Бізде негізгі екі дін бар. Қазақстан халқының 70пайызға жуығы ислам дінін ұстанады, 29 пайызы христиан дінінде. Ислам – ең алдымен бір кездері мүлде ұмыт болуға айналған, біздің бабаларымыздың рухы мен аса бай мұсылман мәдениетінде лайықты бағасын беруге мүмкіндік тудыратын, біздің дүние танымымызды анықтап беруші билік идеал мен фактор былайша айтқанда Символ. Ел ішінде діни экстремизмнің айтарлықтай бұқаралық сипат алуына саяси ерік – жігер ережелерді ғана тосқауыл емес, сонымен бірге ең алдымен, Қазақстанның тұрғылықты этносының табиғатындағы конфессиялық діни кемшілігінің себептері зор.



Әдебиет: 1. Волков Е. Н. Методы вербовки и контроля сознания в деструктивных сектах // Журнал практического психолога. М.: Фолиум. 1996.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

3. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

4. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.


14. Салафиттік (ваххабиттік) діни ағымының тарихи және қазіргі заманғы аспектілері.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет