Тарих және құқық факультетінің деканы



бет5/10
Дата22.06.2017
өлшемі1,71 Mb.
#19482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дәріс мазмұны:

1. Ваххабиттік ағымның ісләм дінінде пайда болуы мен дамуының тарихи аспектісі.

2. Ваххабиттік ағымның таралуындағы діни білім алу факторы.

Мақсаты: Ваххабиттік ағымның ісләм дінінде пайда болуы мен дамуының тарихи аспектісін түсіндіру. Ваххабиттік ағымның таралуындағы діни білім алу факторының ролін көрсету.

1. Ваххабиттік ағымның ісләм дінінде пайда болуы мен дамуының тарихи аспектісі.

Ваххабиттік ағымның ісләм дінінде пайда болуы мен дамуының тарихи аспектісі көптеген қарама – қайшылыққа толы. Қазақстан территориясында таралған уахабшылар ағымы «араб уахабшыларынан» мүлдем бөлек. Сауд Аравиясында ваххабизм ағымы дәстүрлі діни ағым болып саналса, біздің елімізде уахабшылар, осыдан келіп шығатын барлық қорытындыларымен сектанттық діни ағым қатарына жатқызылады.

Ваххабизм ағымы ісләм дінін кейінгі «жалған жаңалықтардан» тазалап, оны қасиетті Құранда шақырылған бастапқы күйіне қайтаруға шақырған Мұхаммед Абд әл-Ваххаб (1691 – 1786 жж.) есімімен байланысты.

2. Ваххабиттік ағымның таралуындағы діни білім алу факторы.

Уахабшылар діндарлар мен Алла Тағала арасындағы делдал ретіндегі әулиелер мен ата – баба аруағына (соның ішінде, қазақтарға тән Қожа Ахмет Иассауи, Арыстан баба, Бекет ата және тағы басқа да мұсылман әулиелері) сиынуды жоққа шығарады. Діни білім алу факторы да өз ролін ойнады. Соның ішінде, ханбалық мазхабына қатысты араб орталықтарында діни білім ал, біздің еліміз үшін дәстүрлі емес ісләм ағымдарының таралуына әсер етіп отыр. Салафизмнің тағы бір тартымды жағы, оның рухани эгаметаризмді шақыруы.



Әдебиет: 1. Волков Е. Н. Методы вербовки и контроля сознания в деструктивных сектах // Журнал практического психолога. М.: Фолиум. 1996.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

3. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

4. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.


15. «Хизб – ут – Тахрир» діни ағымының ісләмнан алыстап, діни лаңкестікке бет бұруы.

Дәріс мазмұны:

1. «Хизб – ут – Тахрир» діни ағымының пайда болуы мен дамуы.

2. «Хизб – ут – Тахрир» діни ағымының негізгі қағидалары.

Мақсаты: «Хизб – ут – Тахрир» діни ағымының пайда болуы мен дамуын түсіндіру. «Хизб – ут – Тахрир» діни ағымының негізгі қағидаларын ұғындыру.

1. «Хизб – ут – Тахрир» діни ағымының пайда болуы мен дамуы.

Өзін «Хизб – ут – Тахрир» партиясы деп атайтын сектаны Палестинада дүниеге келген Такиу – д – Дин Набхани (1908 – 1977 жылдары) құрды. Партияның құжаттарында 1950 жылы жарық көрген «Арабтар миссиясы» кітабында айтылған ұлтшылдық идеялар пайдаланылған. Бұл идеялар ислам мемлекетін бірінші кезекте араб елдерінде, сонан соң бақа елдерде құру қағидатына ықпал етті.

Хизб – ут – Тахрир үгітінің басты мақсаты Халифатты қалпына келтіру болып табылады. Бұл мақсатқа қағидаларының барлығы тіпті діни сенімнен (Ақида) да бағындырылған.

2. «Хизб – ут – Тахрир» діни ағымының негізгі қағидалары.

Хизб – ут – Тахрир (азат ету партиясы) мұсылмандар арасында өз идеяларын насихаттауға бағытталған идеологиялық бағдарламасын, өз әдебиеттерін, кітаптарын, журналдарын, үндеу қағаздарын әзірледі. Экстремизм идеологтары өз саяси ойдан шығарғандарына шыншылдық реңк беру үшін белгілі бір аяттарды үзіп алып, қасиетті мәтіндердің төл мағыналарын қасақана бұрмалап өз түсініктерін таңып, пайдаланады. Мұсылман дін ілімінің өкілі бұл хадиске сенеді. Исламда біртұтас ұлттардың қауымдастығы (умма) идеясы және болашақта біртұтас басқару нысанының қажеттігі расталады, ал халифат – бірігудің дәлелденген тарихи тәжірибесі.



Әдебиет: 1. Волков Е. Н. Методы вербовки и контроля сознания в деструктивных сектах // Журнал практического психолога. М.: Фолиум. 1996.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

3. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

4. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.



6. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

Үй тапсырмасы:

Үй жұмысының орындалуы міндетті және оқытушы белгіленген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған бес үй жұмысыңыздан Сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.



Жеке семестрлік тапсырмалар:

Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті орындалуы тиіс. Семестрлік жұмыстар дұрыс орындалғанда, студент ол жұмысты қорғауы тиіс. Жұмыста қателер табылған жағдайда, ол студентке қайта қарауға қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.



Тәжірибелік жұмыс:

Сабақта орындалып, сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан соң қабылданбайды және бағаланбайды.



Коллоквиум:

Коллоквиум топқа жеке қойылған кесте бойынша тапсырылады. Қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.






Тақырыбы

Семинар сабағының мазмұны

Жұма

Әдебиеттер

1

Қазақ халқы әлеуметтік ынтымақтастығының мәдени негіздері.

1. Бүгінгі дүние дидарынан қазақ ұлтының өзіндік орнын сезіну ахуалы таза эклектикалық қалпымен көзге ұрады.

2. Қауымның ынтымақтастықтың айқын көрінісіне номадтық қауымдасу жатады.



1

1. Лункевич. В. Герои и подвижники науки. М., 1961.

  1. «О религии» Хрестоматия. М., 1963.

3. «О Эразма Роттердамского до Бертрана Рассела» Сб. М., 1969.

4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. І – т. П., 2002.



2

Діннің ғылыми негіздемесі.

1. Дін – адам санасының табиғи дамуының жемісі.

2. Дін – азаматтың бейбітшілік өмірінің арқауы.



2

1. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.

2. Ғ. Есім, А. Артемьев, С. Қанаев, Г. Біләлова. Дінтану негіздері. Алматы «Білім» 2003 ж.



3

Будда дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.

1. Будда діні ең көне дүниежүзілік дін.

2. Будда дінінің пайда болуын барлық жазба ескерткіштер Будда туралы аңызбен байланыстырады.



3

1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Кочетов Л. Буддизм. М., 1968


4

Христиан дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.

1. Христиан дінінің шығу тарихы.

2. Христиан дінінің негізгі қағидалары.



4

1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Ковалев. С. И. Основные вопросы происхождения христианства. М., 1964.


5

Ислам дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.

1.Ислам дінінің шығу тарихы.

2. Ислам дінінің негізгі қағидалары.



5

1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Климович Л. Ислам. М., 1965.


6

Ислам дінінің дінтану ғылымында зерттелуі және оның қазақ даласында таралуы.

1. Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін.

2. Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қасиетті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілген.



6

1. Гольдциер И. Культ святых в исламе. М., 1938.

2. Климович Л. Обряды, праздники и культ святых в исламе. Грозный. 1958.

3. Мавлютов Р. Ислам. М., 1969


7

Ислам – адамгершілік пен ізгіліктің уағыздаушысы.

1. Қазақ халқының дінін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі – тәрбиелік қасиеті.

2. Дін – күрделі рухани құбылыс.



7

. Гольдциер И. Культ святых в исламе. М., 1938.

2. Климович Л. Обряды, праздники и культ святых в исламе. Грозный. 1958.

3. Мавлютов Р. Ислам. М., 1969


8

Қазіргі қазақстандық қоғамдағы діннің орны.

1. Қазақ жерінде Ислам дінінің нығайуы.

2. Батыс Қазақстан облысы аумағында діни ахуал.



8

1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.


9

Діннің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы ролі.

1. Дін және саясат.

2. Діннің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы ролі.



9

1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.


10

Діни төзімділік пен ұлттық келісім – мемлекет тұрақтылығының негізі.

1. Діни төзімділік пен ұлттық келісім мәселелері.

2. Қазақстанның геосаяси жағдайына діннің әсері.



10

1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.


11

Дәстүрлі емес діни секталар және олардың жаңа мүшелер тарту әдістері.

1. Дәстүрлі емес діни секталар.

2. Олардың жаңа мүшелер тарту әдістері.



11

1. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

2. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.



12

Қазақстандағы діни секталардың алдын алу және жастарды оған қарсы тұруға тәрбиелеу.

1. Қазақстандағы діни секталардың алдын алу мәселелері.

2. Жастарды діни секталарға қарсы тұруға тәрбиелеу.



12

1. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

2. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.



13

Қазақстандағы ислам атын жамылған діни секталардың алдын алу және жастарды оған қарсы тұруға тәрбиелеу.

1. Қазақстандағы ислам атын жамылған діни секталардың алдын алу мәселелері.

2. Жастарды ислам атын жамылған діни секталарға қарсы тұруға тәрбиелеу.




13

1. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

2. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.



14

Салафиттік (ваххабиттік) діни ағымының тарихи және қазіргі заманғы аспектілері.

1. Ваххабиттік ағымның ісләм дінінде пайда болуы мен дамуының тарихи аспектісі.

2. Ваххабиттік ағымның таралуындағы діни білім алу факторы.



14

1. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

2. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.



15

«Хизб – ут – Тахрир» діни ағымының ісләмнан алыстап, діни лаңкестікке бет бұруы.

1. «Хизб – ут – Тахрир» діни ағымының пайда болуы мен дамуы.

2. «Хизб – ут – Тахрир» діни ағымының негізгі қағидалары.




15

1. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

2. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.




7. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.

СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОқСӨЖ) аудиториядан тыс сабақтардан тұрады.


1. Қазақ халқы әлеуметтік ынтымақтастығының мәдени негіздері.

Мақсаты: Номадтық қауымдық тұтастықтың адамгершілік қатынастарға негізделгенін, әртүрлі «центризмдер» ықпалынан жоғары тұратынын зерттеушілер атап өту. Ежелгі ынтымақтастық идеясында ата – бабалар культі ерекше орын алған. Ата – баба аруағы культі көшпелілік мәдениеттің басты тірек- қазығының бірі болғандығын көрсету.

Өткізу нысаны: Жеке баяндамалар.

Қарастырылатын мәселелер: К.Поппер қоғамда адам мен әлеуметтік ұжымның арасындағы қарым – қатынастарды белгілі дайын өлшемдермен өзгертуге болмайтындығы туралы. Ф. Хайектің «адамдық ынтымақтастықтың кеңейтілген тәртібі» жөніндегі тұжырымдамасы. Жеті ата институты қазақ халқының өткеннен болашаққа деген сенімін мың сан ұрпақтар арқылысабақтастырып отыратын тетік ретінде.

Номадтық қауымдық тұтастықтың адамгершілік қатынастарға негізделгенін, әртүрлі «центризмдер» ықпалынан жоғары тұратынын зерттеушілер атап өтеді. Ежелгі ынтымақтастық идеясында ата – бабалар культі ерекше орын алған. Ата – баба аруағы культі көшпелілік мәдениеттің басты тірек- қазығының бірі болды.



Әдебиеттер: 1. Лункевич. В. Герои и подвижники науки. М., 1961.

  1. «О религии» Хрестоматия. М., 1963.

3. «О Эразма Роттердамского до Бертрана Рассела» Сб. М., 1969.

4. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. І – т. П., 2002.

5. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. А., 1998.

6. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.



Тесті сұрақтарын шешуге тапсырма:

1. Әлеуметтану пәні нені зерттейді ?

a) әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институт

б) адамныњ ішкі дүниесі мен ойы

в) қоғам

г) қоғамның бұрынғы өмірі

2. Әлеуметтанудың негізін қалаған кімдер ?

a). О.Конт, Г.Спенсер

б) К.Маркс, Ф. Энгельс

в). Платон, Аристотель

г). Т.Гоббс, Дж.Локк

3. Мемлекеттік құрылым жетік қызмет атқаруы үшін "орта топ" маңызын тұңғыш ашқан ойшыл кім ?

a) Аристотель

б) Демокрит

в) Платон

г) Дж. Локк

4. К. Маркстің пікірінше тарихтың қозғаушы күші болып табылатын фактор ?

a). таптық күрес

б). пассинарлық /белсенділік жоқтығы/

в). этно-ұлттық жанжал

г) өркениеттер бәсекесі
2. Діннің ғылыми негіздемесі.

Мақсаты: Дін – адам санасының табиғи дамуының жемісі екендігін көрсету. Дін – азаматтың бейбітшілік өмірінің арқауы екендігін көрсету.

Өткізу нысаны: Дөңгелек үстел.

Қарастырылатын мәселелер: Егер діннің негізгі белгісі табиғаттан тыс бір күшке – Тәңір, Құдай, Алла т.б. сеніп, соларға табыну. Дін жақсы – жаманды сырттан емес адамның өз бойындағы қасиеттерден табады. Ол көрінген тіршілік иесіне тән биологиялық заңды - әркімнің өз өмірі үшін бәрімен күресуін тежейді, инстинктивті іс - әрекеттен сақтандырып, рухани жан ретінде ақыл – ойға жүгінуге, қоғам мүддесін ескеруге жетелейді.

Дін адамзат санасының табиғи дамуының жемісі ретінде әрбір халықтың ұлттық сенімдерінде көрініс табады. Бүгінгі глобализм, кешегі космополитизм мен интернационализм өз бастауын осы әлемдік діндерден алады. Тәуелсіздік алған Қазақстанда діни еркіндік дәстүрі қайта жаңғырып, ұлттық ерекшелігіміздің бір көрінісін айқындай түсті. Ғылыммен бекітілген Дін ғана бүкіл адамзатты біріктіре алады. Діннің тарихи жетілуі объективті заңдылық, оның ғылыммен үйлесімділік дәрежеге жетуі бүгінгі заманның аса қажетті шарты.



Әдебиеттер: 1. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.

2. Ғ. Есім, А. Артемьев, С. Қанаев, Г. Біләлова. Дінтану негіздері. Алматы «Білім» 2003 ж.

3. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

4. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.



Тесті сұрақтарын шешуге тапсырма:

1. Әлеуметтік өзара байланыс қандай деңгейлерде зерттеледі ?

a). жоғары және төмен деңгейде

б) жоғары деңгейде

в) төмен деңгейде

г) жеке даралықтар арасында

2. Берілген тұжырым жеке даралықтар өзара байланыстары теорияларыныњ қайсысына тән "Адамдар бір-бірімен пікір алмасу үрдісі кезінде бір-бірін қалай түсінуіне сәйкес өзара байланысқа түседі"

a). символикалық интеракционизм

б) айырбас теориясы

в) этнометодология

г) әсерлерді басқару теориясы

3. Қай теорияға сәйкес, ауытқушылық себебі капиталистік қоғам ежелеріне қарсы тұру болып түсіндіріледі ?

a). радикальды криминология

б) аномия

в) биологиялық

г) стигматизация теориясы

4. Әлеуметтік стратификация теориясы негізінде кімдердің идеясы жатыр ?

a). М.Вебер, П.Сорокин, Т.Парсонс, Р.Мертон, К.Дэвис

б) Сократ, Демокрит, Цицерон

в) К.Маркс, Ф. Энгельс

г) Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш-Л Монтескье
3. Будда дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.

Мақсаты: Будда діні ең көне дүниежүзілік дін екендігін түсіндіру. Будда дінінің пайда болуын барлық жазба ескерткіштер Будда туралы аңызбен байланыстыратындығын көрсету.

Өткізу нысаны: Реферат.

Қарастырылатын мәселелер: Оның қалыптасқан кезі б.д.д. VI ғасыр мен б.д. VIІІ ғасыр аралығы. Алғашқы рет будда діні Үнді елінің солтүстігінде пайда болды. Будда дінің тууы және Ганг алқабында ірі мемлекеттердің пайда болуы қатар келді. Будда діні көп ізбасарларын қалалық тұрғындардың арасынан тапты.

Будда ақиқаттары көптеген ғасырлар бойы ауызша айтылып отырады тек қана біздің э.д. және б.э. аралығында Цейлонда алғашқы рет 29 томдық / 10 мың бетке жуық/ кітапқа жазылады. Ол кітапты «трипитака» /үш кәрзеңке ілім/ деп атайды. Бұл кітап үш бөлімнен тұрады. Виная – питака, Сутта – питака, және Абхитхамма – питака. Будда дінінің ағымдары мен секталарының кәделері мен монастырлық құрылысы әр түрлі болады. Соңғы онжылдықта Батыста необуддизм және метабуддизм пайда болды. Қазіргі кезде бірнеше дүниежүзілік буддистік қоғамдар құрылған. Азия елдерінде буддистік қоғамдар әртүрлі роль атқарады.



Әдебиеттер: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Кочетов Л. Буддизм. М., 1968

Тесті сұрақтарын шешуге тапсырма:

1. Әлеуметтік өзара байланыс қандай деңгейлерде зерттеледі ?

a). жоғары және төмен деңгейде

б) жоғары деңгейде

в) төмен деңгейде

г) жеке даралықтар арасында

2. Берілген тұжырым жеке даралықтар өзара байланыстары теорияларыныњ қайсысына тән "Адамдар бір-бірімен пікір алмасу үрдісі кезінде бір-бірін қалай түсінуіне сәйкес өзара байланысқа түседі"

a). символикалық интеракционизм

б) айырбас теориясы

в) этнометодология

г) әсерлерді басқару теориясы

3. Қай теорияға сәйкес, ауытқушылық себебі капиталистік қоғам ежелеріне қарсы тұру болып түсіндіріледі ?

a). радикальды криминология

б) аномия

в) биологиялық

г) стигматизация теориясы

4. Әлеуметтік стратификация теориясы негізінде кімдердің идеясы жатыр ?

a). М.Вебер, П.Сорокин, Т.Парсонс, Р.Мертон, К.Дэвис

б) Сократ, Демокрит, Цицерон

в) К.Маркс, Ф. Энгельс

г) Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш-Л Монтескье
4. Христиан дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.

Мақсаты: Христиан дінінің шығу тарихын көрсету. Христиан дінінің негізгі қағидаларын түсіндіру.

Өткізу нысаны: Жеке баяндамалар

Қарастырылатын мәселелер: Христиан діні біздің заманымыздың бірінші ғасырында құл иеленуші Рим империясында пайда болды. Оның шығу тегін білу үшін христиан дінінің пайда болуы және дамуы кезіндегі Рим империясының экономикалық саяси және идеологиялық жағдайына талдау жасау керек.

Христиан дінінің тез етек алуына кейбір культтік /культ – латынша культус – табыну/ жаңалықтардың енгізілуі де себеп болды. Христиан дінідегі көптеген табыну түрлерінің ішінде иконаға сиыну кең тараған.

Христиан дінінің орнығуына әсірессе ертедегі Грецияның реакцияшыл философы Платонның жолын қуған, бірінші ғасырдың басында өмір сүрген Филос Александрийдің және Рим стоиктерінің, оның ішінде Сенеканың «ілімдері» елеулі орын алды. Рим империясының құлауы христиан дініне әсерін тигізбей қалған жоқ: ол екіге бөлініп, батыстағысы католик шіркеуі, шығыстағы православие шіркеуі деген атқа ие болды. Бұл бөліну ІҮ ғасырда басталып 1054 жылы толық аяқталды.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет