Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет424/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   529
САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
381
АҚШ-тағы екі негізгі партия да центризмді, яғни «оңшыл» және 
«солшыл» бағыттағыларға оргақ көзқарас ұстануды көздегенімен, 
олардың философиялық көзқарастары өзгеше. Соңғы жүзжылдықта 
демократиялық партия либералдық көзқарас ұсганып, әлеуметтік 
кызметтерді және кедейлердің, жұмысшылар табы мен аз ұлт өкіл- 
дерінің мүддесін қорғады. Республикалық партия консервативті 
көзқараста болып, салықтарды азайтуға және өндірістің, байлардың 
мүддесін қорғауға күш салды (алайда оларға жүмысшы таптың өкіл- 
дері көп дауыс берді).
Ешбір партияны жақтамайтын, олардың көтеретін мәселелеріне 
қарай дауыс беретін сайлаушылар қатары да артып келеді. Алайда 
өздерін еркін санайтын сайлаушылардың он пайызы (немесе одан да 
көп) дауыс беруге барғанда, Демократиялық немесе Республикалық 
партияның үміткерлерін таңдайды.
Сайлаушылар неге аз?
АҚШ өзінің демократиялық дәстүрлерімен мақтанады. Бірақ АҚШ 
азаматтары батыстың басқа елдерімен салыстырғанда, сайлауға екі 
есе аз қатысады. Мұны қалай түсіндіреміз?
Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, саяси процестер түгел- 
дей жемқорлыққа толы деп ойлайтын америкалықтардың жылдан- 
жылға көбеюіне байланысты саяси белсенділік бәсеңдеп барады. Ал 
«демократтар» мен «республикашылардың» ұқсастығы соншалық- 
ты, оларды бір-бірінен ажырагудың өзі қиын. Осындай себептермен 
сайлауға қатысушылардың қатары сиреп барады (Southwell & Everest, 
1998). Енді бір түжырымға сүйенсек, дауыс беру көрсеткіштерінің 
төмен болу себебі - қазір басқа жақтармен салыстырғанда, АҚШ-та 
дауыс беру өте қиын (Piven & Cloward, 2000). 1993 жылы сайлаушылар- 
ды тіркеу туралы ұлттың заң қабылданғанға дейін көптеген штат- 
тарда сайлаушылар жылда тіркеуден өтіп, сауаттылығын анықтау 
үшін тест тапсырып, арнайы салықтар төлеп келді және белгілі бір 
уақыт аралығында ғана дауыс бере алатын еді. 2008 жылдан бастап 
штаттардың бірқатары алдын ала сайлау өткізу және сайлаушылар- 
ды тіркеу науқанын жүргізуді тоқтатты. Сайлауға қатысу үшін үкі- 
меттен берілген жеке куәлік (студенттерден басқасы) талап етілетін 
заңдар қабылданды. Аталған заңдарды қабылдаудағы м ақ сат-дауыс 
беру кезіндегі алаяқтықты азайту. Алайда ондай алаяқтық әрекет- 
тердің болғандығын дәлелдейтін мәліметтер өте аз. (Levitt, 2007; 
Lewis, 2011a). Бұл заңдар, ең алдымен, жастарға және аз ұлт өкілдері- 
не ықпал етеді (Lewis, 2011a).

Әлеуметтік және саяси қозғалыстар 
I (мысалы.азаматтыққуқықтар 
қозғалысы және Обама науқаны) 
афро-американдықтар мен басқа 
азшылықтардың арасында дауыс беру 
қарқыны көбейді, және олар өзгере 
алатындығына көз жеткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет