ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР
433
Қ о ғ а м қ а л а й ө з г е р е д і ?
Соңғы онжылдықта дүниежүзі бойынша қоғамда зор өзгерістер бол-
ды. АҚШ-та алғаш рет афроамерикалық президент сайланды; эконо
мика құлдыраған
кезде iPad сатылымы жоғарылады; ал климаттын,
өзгеруінен теңіз деңгейінің көтерілуі Алясканың бірқатар ауылын
бұзып кетуі мүмкін.
Сонымен қатар Шығыс Еуропа, Африка және Ла-
тын Америка елдері жаңа экономикалық және саяси басқару түрлерін
енгізгісі келеді, бірақ мемлекеттердің бәрі халықаралық саяси және
экономикалық жүйеге тәуелді болып отыр.
Осындай оң және теріс өзгерістердің барлығы әлеуметтік өзгеріс
деп аталады. Әлеуметтік өзгеріс - әлеуметтік қүрылымдардың не-
месе институттардың уақыт өте келе айтарлықтай түрленуі не
қай-
та құрылымдануы сияқты процесс. Бүл тарауда әлеуметтік өзгерістің
әлеуетті үш көзі - ұжымдық мінез-құлық, әлеуметтік қозғалыс және
технологиялар сарапталады.
Достарыңызбен бөлісу: