Бағдарламасы аясында іске асырылды derek johnston a brief history of philosophy from socrates to derrida



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата08.11.2019
өлшемі6,72 Mb.
#51421
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

8. Дэвид Юм:
эмпирикалық растау
Жаңбыр жауып тұрғанын қайдан білесіз? Терезеге қарайсыз. Жұмысқа барар 
жолдағы қозғалыстың қиын екенін кімнен естідіңіз? Радиодағы хабарламадан 
құлағыңыз шалды. Ал олар қайдан біледі? Олардың ақпарат табатын арнайы 
адамдары  бар.  Өзгеріс  бола  қалса,  сізді  лезде  хабардар  етеді.  Ол  адамдар 
өзгерістерді  қайдан біледі? Олар бақылап отырады.
Ақылға  сала  келе сіз  қоршаған дүниені  ұғынудың  мұндай  жолы  ұзақ уа- 
қыт бойы танымның  қарапайым тәсілі  ретінде қарастырылды деп түйер еді- 
ңіз. Тіршілікте маңдайын тауға да, тасқа да соғып жүріп жол табатын адамды 
көбіне тұрпайы эмпирик деп атаған. Ал қазір танымның мұндай тәсілін білім- 
ге апаратын жалғыз жол  ретінде қарастырушылар аз емес.  Осындай әдіспен 
жиналған  мәліметтерді ғана білім деп атауға болады екен.  Сонда әу бастағы 
көзқарастар  қалайша  өзгеріп  кетті?  Бұл  үшін  біз Дэвид  Юмнің  атына  мадақ 
айтуға  (немесе айыптауға) тиіспіз.
Өмірі
Дэвид  Юм  Эдинбург  қаласында  дүниеге  келді,  өмірінің  көп  бөлігін де  сонда 
өткізді.  Алайда  ол  біраз  уақыт  шетелде,  негізінен,  Францияда  оқып,  жұмыс 
істеді және Француз Ағарту дәуірінің көптеген өкілдерімен танысты.
Отбасы  мүшелері  Юмді  заңгер  етуге  тырысты,  бірақ ол  әдебиетке,  сон- 
дай-ақ  «философияға  және  жалпы  ілімдерге»  көбірек  қызықты.  Әйтсе  де 
күн  көру  де  керек  еді,  сондықтан  ол  Бристоль  қаласында  кәсіпкерлікпен 
айналысты.  Юм  бұл  салада  онша  табысты  болмады,  сондықтан  ол  кәсібін 
тастап,  Францияға  кетті  де,  өмірін  әдебиетке  арнамақ  болды.  Ақшасы  бол- 
мағандықтан,  жұпыны  өмір  сүрді.  Сол  Францияда  1737  және  1743  жылдар 
арасында  Юм  өз  еңбектерінің  ішіндегі  ең  атақтысын  -   «Адам  табиғаты  ту- 
ралы  трактатты»  жазды.  Бірақ  бұл  еңбек  «баспадан  шыққан  сәттен-ақ  өлі 
туғандай»  еді,  тіпті  «өзін  жақтаушылардың  ортасында  тілге  тиек  етуге  де

Дэвид Юм: эмпирикалың растау
115
жарамады».  Жас  Юм  кітап  өз  сыншыларын  табады,  әсіресе  діни  консерва- 
торлар  үнсіз  қалмайды  деп  үміттенді.  Аяусыз  сынға  өткір  тойтарыс  беруді 
жоспарлап  қойған-ды,  бірақ оның жұмысын  ешкім де елең қылған жоқ.
1737 жылдан  1746 жылға дейін  Юм үйінде анасымен,  інісімен және әпке- 
сімен  бірге  тұрды.  Осы  уақыт  ішінде  ол  «Моральдық  және  саяси  очерктер» 
жазып,  жариялады.  Бұл  кітап  алдыңғысынан  табыстырақ  болды.  Осыдан 
әсерленіп,  шабыттанған  Юм бұрынғыға  қарағанда танымал бола түсер деген 
үмітпен  бірінші  кітабын  қайта жазып  шықты.
Юм Эдинбург университетінің этика профессору атағын алуға өтініш бер- 
ді,  шамасы,  атеистік  көзқарастары  үшін  болар,  оның  кандидатурасы  қабыл- 
данбады.  Ол жеке репетитор да болды,  кейін  шетелде жеке хатшы болып та 
жұмыс  істеді.  Оның  алғашқы  кітабы  қайта  жазылып,  «Адам  түсінігі  туралы 
зерттеулер» деген  басқа атаумен  (қазір де солай аталады) әр тарауы  бөлек 
жарияланды.  1751  жылы  «Мораль  принциптері туралы зерттеу»  жарық кор­
де  Шын  мәнінде,  бұл  кітап  «Адам  табиғаты  туралы  трактаттың»  қайтадан 
жазылған үшінші бөлімі  болатын.  Келесі жылы «Саяси әңгімелер» еңбегі жа- 
рыққа  шықты.  Юмнің беделі  қайтадан  қалпына  келді.
1752  жылы  Юм  Эдинбургтегі  Адвокаттар  факультетінің  кітапханашысы 
болды.  Әпкесі  екеуі  қалада  үй  тұрғызды.  Көп  ұзамай  Юм  Англия  тарихына 
арналған еңбегін жазуды бастады.  1763 жылдан  1766 жылға дейін Париждегі 
Британ  елшілігінің  хатшысы  қызметін  атқарды.  Мұнда  ол  энциклопедистер- 
мен  араласты.  Юм  Лондонға  әйгілі Жан-Жак  Руссомен  бірге оралды.  Алайда 
ол  Руссомен тіл табыса алмады, сөйтіп екеуінің татулығы ұзаққа барған жоқ. 
1767-1769 жылдар ішінде Юм Лондонда саясатқа да әжептәуір араласып кор­
де  Өмірінің  соңына  қарай,  ол  Эдинбургке  оралып,  1776  жылы  сонда  қайтыс 
болды.  «Табиғи дін туралы сұхбаттар» ол дүниеден өткен соң жарық көрді.
Өмірбаянында  Юм  өзін  «сабырлы,  өктем  мінезді,  ашық,  көпшіл,  көңілді, 
өзіне сенімді, дегенмен тез қылт ете қалатыны да бар және өз нәпсісін бұғау- 
лап ұстайтын» адам ретінде сипаттаған. Ол: «Бойымды билеген әдеби даңққа 
деген  құмарлық, сол жолда қанша сүрініп жатсам да,  мінезімді ешқашан бұза 
алмайды», -  деп жаздье  Юм толық, жуан адам  болған,  оны  «тасбақа жұтқан 
торе» деп те сипаттайдье Ол ағылшынша сөйлейтін, алайда өзіне тән ерекше 
шотланд мақамы  бар-ды.  Оның француз акценті де оғаштау естілетін.
Юмнің  кезінде  Эдинбург  Ренессанс  дәуіріне  қадам  бастье  Қала  тугел 
дерлік  қайта  салынды  деуге  боладье  Көшелері  көркем  де  кең  бола  түсті, 
келісті  ғимараттары  мұқият  қадағаланған  мінсіз  ретпен  орналастырылдье 
(Юмнің  кезіндегі  Эдинбургті  тамашалауға  сіздін  де  мүмкіндігіңіз  бар.  Бұл 
қала  бұрынғы  қалпынан  көп өзгермеген.)  Юм  ескі  қалада тұрды,  қазір оның

116
үйінің  жанында  орналасқан  мүсіні  маңайындағы  көшелерді  көзбен  шолып 
тұрғандай.
Юм -  Шотланд Ағарту дәуірінің басты қайраткерлерінің бірі болды. Оның 
есімі  он сегізінші  ғасырдағы  Шотландияның қайта  өркендеу,  рухани жаңару, 
ақыл-ойдың оянуы және білім  беруді дамыту кезеңімен үндес.
Ағартү дәуірі 
-  Еуропа тарихының бір кезеңі,  шамалап мөлшерлегенде, он сегі- 
зінші  ғасырды  қамтиды.  Бұл  кезеңде ескі  ықпалдардан  (мысалы,  шіркеуден) бас 
тарту,  еркіндікті  жоғары  құндылық  ретінде  жариялау  және  адамның  іс-әрекеті 
мен сенімдеріне қатысты мәселелерде ақыл-ой үстемдігіне жүгінуге шақыру үрді- 
сі жүрді.  Кейбір еуропалық елдерді оқыған деспоттар басқарды. Ағарту дәуірінің 
идеалдары АҚШ  Конституциясын жазуда  маңызды  рөл атқарды. 
Энциклопедистер 
-   Ағарту  дәуірінің  басты  қайраткерлеріне  айналған  француз 
ойшылдарының  тобы.  Олардың  мақсаты  -   көпшілік  оқырманға  түсінікті  мәнерде 
баяндалған рационалды білімдер жиынтығын қамтитын жинақ жасау болды. Олар- 
дың ортақ еңбегі «Энциклопедия немесе ғылым, өнер және кәсіп сөздігі» деп атал- 
ды.* Білімнің іс жүзінде қолданылуына ерекше назар аударылды.  Инженер, дәрігер 
сияқты  мамандар  көкейлеріндегі  сұрақтарға  жауап табу үшін  осы  жинақты  қолда- 
рына алатын. 
«Энциклопедия» 
35 томнан тұратын.  Оны әсіресе дінбасылар мен 
дворяндар  қабылдамады.  Кітап  саудагері  Ле  Бретонның  іскерлігі  мен  алғырлығы- 
ның және Дидроның қажыр-қайратының арқасында ғана жинақ табысты болды.
Ойлары
Юм өзінің эмпирикалық теориясын ақырына дейін жеткізді және Бертран Рас- 
селдің пікірі бойынша,  «ішкі үйлесімін сақтай  отырып, таиаша түзіп  шықты». 
Эмпирикалық  философия  біздің  қабылдауымызға,  біз түйсінетін  нәрселерге 
(яғни  біздің  сезім  мүшелеріміз  арқылы  қабылданатын  ақпаратқа)  назар  ау- 
дарады.
Ө м ір  ш еж іресі
1707 жыл -  Шотландияның Англиямен униясы туралы акт 
1711  жыл -  Дэвид Юм дүниеге келді
1727 жыл -  II  Георг Ұлыбритания  мен  Ирландияның королі  атанды
*  Encyclopdie,  on  Dictionnaire  raisonne  des  sciences,  des  arts  et  des  metiers  (Paris  le  Breton, 
1751-1776).

Дэвид Юм: эмпирикалық растау
117
1738-1740 жылдар  -  Юмнің «Адам табиғаты туралы трактаты» жарық көрді 
1741-1742 жылдар -  Юм «Моральдық және саяси очерктерін» жазып, жариялады 
1742 жыл -  Гендельдің «Мессиясы»
1751-1776 жылдар -  Дидроның (және т.б.) «Энциклопедиясы» жарық көрді
1751  жыл  -   «Адам  табиғаты  туралы  трактат»  «Адам түсінігі  туралы  зерттеулер- 
ге» айналды
1752 жыл -  Дэвид  Юмнің «Моральдық очерктері» жарияланды 
1756-1761 жылдар -  Юмнің «Англия тарихы» бөлім-бөлімімен жарияланды 
1760 жыл -  III  Георг таққа отырды
1763-1766 жылдар -  Юм  Париждегі  Британ елшілігінің хатшысы болып тағайын- 
далды
1767-1769  жылдар  -   Юм  Лондонда;  мемлекеттік  хатшының  көмекшісі  міндетін 
атқарды
1769 жыл -  Эдинбургке оралу 
1774 жыл -  XVI Людовик Франция  королі  болды 
1775-1783 жылдар -  АҚШ тәуелсіздігі үшін соғыс 
1776 жыл -  Юм дүниеден өтті
Ойлары
Юм  эмпирикалық әдісін этикалық және  гуманитарлық ғылымдар салаларын- 
да  қолдануға  тырысты.  Ол  осы  әдістің  көмегімен  математика,  физика  және 
гуманитарлық ғылымдардағы адам танымының шегін анықтау мүмкін болады 
деп  үміттенді.  Юм  адамның  ойлауына  қатысты  жалпы  заңдарды  аштым  деп 
пайымдады.
Әсерлер мен идеялар
Юм түйсінудің екі түрін анықтады:  әсерлер және идеялар.
• 
Әсерлер өте күшті және жарқын бояулы.
• 
Идеялар  -   осы  әсерлердің  ойлау  мен  түсінуде  бейнеленетін  әлсіз 
жаңғырығы ғана.
• 
Қарапайым  идеялар  қарапайым  әсерлерден туындайды  және оларға 
өте ұқсас болады.
• 
Күрделі  идеялардың әсерлерге ұқсауы міндетті емес.
Юмнің түсінігі бойынша, абстрактілі  немесе жалпы  идеялар -  шын мәнін- 
де, өздеріне неғұрлым ауқымды мән беретін белгілі бір ұғымға жататын жеке

118
идеялар. Абстрактілі  идеялар жеке идеялардан  басталады.  Біз әртүрлі тәсіл- 
дерді  қолдана  отырып  қарастырғанда  ғана  олар  жалпыға  айналады.  «Ит» 
деген  абстрактілі  немесе  жалпы  идеяны  біз  қалай  тұжырымдаймыз?  Ойлау 
үдерісін  қандай да бір  итті,  содан  соң келесі  есік алдындағы  итті,  көшені  ке- 
сіп өтіп бара жатқан итті көруден бастаймыз.  Нәтижесінде, ойлау үдерісімізді 
жалпы  «ит»  идеясымен  аяқтаймыз:  жеке  идеялар өздеріне ауқымдырақ  ма- 
ғына беретін  нақты  идеяға қосылады.
Еске түсіру  мен  елестетудің  көмегімен  идеяларды сақтаймыз және  ретке 
келтіреміз.  Елестетудің жұмысы  кездейсоқ емес.  Не нәрсені де біз белгілі бір 
ретпен  елестетеміз.  Өзіміз  қарастырып  отырған  идеялардың  ұқсас  (немесе 
әртүрлі)  екенін  түйсігімізбен  сезінгенде  өзімізге  сенімді  бола  түсеміз.  Соны- 
мен  қатар  бірқатар  интуициялық  ой-тұжырымдарды  біріктіру  кезінде  де  се- 
німге арқа сүйейміз.  Математикамен  шұғылданғанда біз сөйтеміз.
«Адам табиғаты туралы трактат» (1739)
-   Біздің біліміміз әсерлер мен идеялардан туындайды.  Әсерлер идеяларға кара- 
ранда айқын әрі күшті.  Біз идеяларды ес пен елестетудің көмегімен сақтаймыз 
және реттейміз.
-   Алғашында бізде тек жеке заттардың идеялары болады, оларды жалпы ұғым- 
дарды қолдана отырып жинақтап, қарастырамыз. Санамызда жалпы, абстрак- 
тілі  идеяларға  орын жоқ.
-   Біз  идеялар арасындағы  ұқсастықтар  мен айырмашылықтарды түйсік арқылы 
сезіне білу нәтижесінде сенімділікке ие боламыз.
-   Сонымен қатар бізге, математикадағы секілді, бірқатар интуициялық ой-тұжы- 
рымдарды түзіп  шығу тән.
-   Бақылаудың арқасында бізде оқиғалардың бірінен сон бірі жүретінін күту әде- 
ті  пайда  болады.  Бұл -  себеп-салдарлық байланыстар туралы  біліміміздің не- 
гізі,  бірақ  бақылау  барысында  біз тек  оқиғалардың  өзара  біріктірілгенін  ғана 
анықтай аламыз.  Біз олардың арасындағы болмай  қоймайтын байланыстарды 
көрмейміз.
-   Ақыл-ойдың  көмегімен  көкейге  түйгеніміз  бар,  сезіммен  қабылдау  негізінде 
ұғынғанымыз  бар,  сол  түйіндеріміздің  бәріне  де  біз  күмәншілдікпен  қарауы- 
мыз  керек.
Білім және ықтималдық
Юм ілімінің ең маңызды бөлігі білім мен  ықтималдықты қарасгыруға кіріскен- 
де, пайда болды.  Ықтималдық -  эмпирикалық ақпарат негізінде туындайтын, 
белгісіз,  тексерілмеген,  сенімсіз ойлар тізбегінің  көмегі  арқылы  пайда  бола-

Дэвид Юм: эмпирикалық растау
119
тын білім. Тікелей бақылау арқылы алынған мәліметтерден басқасының бәрі, 
логика  иен  математика осы  категорияға -  ықтималдылар  қатарына жатады. 
Юм  «ықтимал» білімге сенді.
Ол  философиялық  қатынастардың  жеті  түрі  бар  деп  есептеді.  Олардың 
кейбірі тек идеяларға  негізделген, демек, белгілі, дәл білім береді: ұқсастық, 
қайшылық,  қасиеттері әртүрлі дәрежелер,  сапалық  немесе  сандық қатынас- 
тар.  Кейбір  философиялық  қатынастар  тікелей  идеяларда  болатын  өзгеріс- 
терге қарамастан түрлене алады. Олар тек ықтимал білімдер ғана береді. Бұл 
топқа  тепе-теңдікке,  себептілікке  және  кеңістік  пен  уақытқа  қатысты  каты- 
наста рды жатқызу қажет.
Себептілік
Юм философиясының бүкіл мәнін және оның ішкі үйлесімділігіне сенудің неге 
қиын  болғанын оның себепке деген  көзқарасынан  көреміз.
Аристотельде,  схоластар  мен  Декартта  себеп  пен  салдар  арасындағы 
байланыс логикалық байланыс сияқты  қажетті,  міндетті деп  саналды.  Дэвид 
Юм  шын  мәнінде  себептілік  туралы  заманауи  түсініктердің  негізін  салушы 
болды.  Ол  себеп  пен  салдарды түсіну мен  пайымдаудың көмегімен емес, тек 
тәжірибе арқылы ғана біле аламыз деді.
Мысалы, сіз футбол ойнап жатқанда  қақпаға жетеді деген үмітпен допты 
тебесіз және сол арқылы оның белгілі бір қашықтыққа дейінгі қозғалысын ту- 
дырасыз.  Сіз өз аяғыңызды доптың мақсатқа  қарай  қозғалысының себебі ре- 
тінде  қарастырасыз ба?  Юм  бұл  сұраққа  «жоқ» деп  жауап  берер еді.  Демек, 
сіз  көріп  отырған  жайт  себептілік  емес.  Сіз  тек  екі  түрлі  нәрсені  ғана  көріп 
отырсыз.  Және де бірі екіншісінен туындайды:
1. Аяқ допты тебеді.
2. Доп  мақсатқа қарай ұшады.
Сіз  өзара  байланысты,  бірге  өмір  сүретін,  бірінен  екіншісі  туындайтын 
идеяларды ғана ұғынасыз. Сіз бұл жүйеде басқа да  нәрсе бар екенін сезесіз. 
Бірақ сол «нәрсені» қалай дәлелдейсіз? Қажетті байланысты сезінбесеңіз, сіз 
сол  себептің бар екеніне соншалықты  неге сенімдісіз?
Себеп  ұғымын  түйсікпен  қабылдауға  болмайды,  ол  айқын  емес.  Соны- 
мен  қатар себепті  нақты,  көрнекі түрде көрсете алмаймыз.  Оқиғалар туралы 
ойланғанда,  біз оларды  қандай да  бір  нәрсенің себебі  ретінде қарастырмай- 
мыз. Оқиғалар туралы оларды тудырған себептерді негізге ала отырып ойлау 
міндетті  емес.  Егер  біздің  санамызда  «оқиғалар  себепсіз  туындайды»  деген 
сенім берік қалыптасса,  іс жүзінде де солай болуы әбден мүмкін.

120
Неге  жеке  себептердің  жеке  салдарлары  бар?  Біздің  себептер  мен  сал- 
дарлар  арасындағы  байланыс  туралы  ойларымыз  сезім  мүшелерінің  көмегі- 
мен  алынған  әсерлерге  және  жадыға  негізделеді.  Біз  әлдеқандай  екі  оқиға 
бір-бірімен  белгісіз  себеппен  байланысып  тұр деп  жиі  ойлаймыз.  Юм  болса, 
«себепті»  ұғынғанда  оның  тек  бір  салдарын  ғана  қарастырып,  басқаларын 
ескермеу қисынсыз деген  қарсы  пікір айтады.
«Себепті»  анықтағанда  түйсіну  тәжірибесі  рөл  атқара  ма?  Егер  ақыл- 
ой  себепті  ұғуға тырысса,  біз  маңызды  принциптің -  табиғаттың  біркелкілігі 
принципінің  қызметі туралы  болжам  ұсынуға тиіспіз.  Табиғаттың біркелкілігі 
принципі  -   заманауи  ғылым  постулаттарының  бірі.  Бұл  принцип  әрқашан, 
барлық жағдайда, кез келген халде жүзеге асырылады деп саналады. Алайда 
Юм бұған ешқандай дәлел жоқ деген  болар еді!
Юм  біздің  ақыл-ойдың  көмегімен  алынған  тұжырымдарға  күмәнмен  қа- 
рауымыздың себебі бар деп түйді.
Түйсіну 
-   көру,  сипап  сезу,  иіс  сезу,  есту,  дәм  сезу  мүшелеріміздің  қызметінің 
арқасында туындайтын  сезіну әрекетін санамен ұғынуымыз.
Кумәншілдік  (скептицизм) 
-   өзінің  асқынған  түрінде  негізгі  мақсаты  «адам 
шүбәсіз  фактілерді  табуға  немесе  ақиқат  білімдерді  игеруге  қабілетті  емес»  де- 
генді  жүйелі  түрде  көрнекі  растауды  көздейтін  философиялық дүниетаным.  Кү- 
мәншілдікке  діни  ілімнен  таралатын  абсолютті  немесе  ақиқат  білімді  адамның 
игеру  мүмкіндігін  терістеу тән.  Бұл  ұғымды  Құдайдың  бар  екеніне  күмәнданған- 
дықтан дін ұстануды терістеумен  байланыстыратындар көп-ақ.
Метафизика 
-  болмысты бар болу түрғысынан зерттеу; бар нәрсенің мәні тура­
лы  пайымдаулар;  алғашқы себептер мен  принциптерді зерделеу;  бізді  қоршаған 
нақты  дүниені  рационалды  тану;  адамды  қоршаған  заттар,  олардың  тереңдігі 
мен  мәні туралы  рационалды білім.
Постулат 
-  ақыл-ойдың қызметіне қажетті элемент,  пікір немесе принцип;  іргелі 
элемент,  негізгі  принцип;  ешқандай  дәлелдемені  қажет  етпейтін  немесе  жалпы 
жұрт  мақұлдаған;  әлденені  дәлелдеу  үшін  керек  нәрсе.  Бұл  -   аксиома,  қажетті 
жағдай, алғышарт.
Өзіндік мен деген жоқ
Юм  «менде  өз  «менім»  туралы  ешқандай  да  эсер  болған  жоқ»  деп  тұжы- 
рымдады.  Юмнің  теориясы  бойынша  оның  санасында  өз  «мені»  идеясының 
болуы  мүмкін  емес-ті.  Оның  қандай  да  бір  объектілер  немесе  оқиғалардан 
хабардар болуы әсерлерден, демек,  идеялардан туындады.  Бірақ өзі туралы 
әсерді оған сәйкес идеясыз санада ұстап тұрмақ болған әр талпынысы сәтсіз

Дэвид Юм: эмпирикалық растау
121
аяқталып  отырды.  Ол  бірінен  соң бірі  белгілі  ретпен  қарқынды  туындайтын 
идеяларды ғана ұғына алды,  бірақ өз «мені» туралы әсерді ешқашан ала  ал- 
мады.  «Менді» түйсінуге,  сезінуге болмайды,  демек,  бізде  «мен»  идеясының 
болуы мүмкін емес. Бірақ бұл бізді адам «менінің» бар екенін жоққа шығаруға 
жетелемеуі тиіс.  Бұл тек біздің  «меннің» бар не жоқ екенін  біле алмайтыны- 
мызды ғана білдіреді. Юмнің идеялары метафизиканың бар екені туралы бол- 
жам адамның жаңылысуы,  иллюзия екенін дәлелдеу үшін жиі  қолданылады.
Юм  Батыс  философиясын  субстанцияның  соңғы  іздерінен  құтқарғандай 
болды.  Оған  дейін  де  өзге  философтар  бұл  ұғымға  өздерінің  қарсылығын 
білдіруге тырысты  (мысалы,  Беркли). Алайда тек  Юм ғана оны түпкілікті жоя 
алды.  Көп  адам  «мен» ұғымының болмауы теологиядағы жан ұғымының жо- 
ғалуына  әкеледі,  білімді  алу  барысын  зерттеу  жолында  субъект  пен  объект 
арасын  алшақтату тіпті де міндетті болмаса  керек деп есептеді.
Эмпиризм деген не?
Эмпиризм  -   кез  келген  дайын  априори  білімдерді  (міндетті  түрде дұрыс  не- 
месе  міндетті түрде  жалған  білімдерді)  қабылдаудан  бас тартатын  принцип. 
Эмпиризмге біз барлық білімді сезім  мүшелері (сипап сезу, дәм сезу,  иіс сезу, 
есту,  көру)  арқылы,  туйсіну  тәжірибесі  негізінде  қабылдаймыз деген  түсінік 
тән.
Қандай  да  бір  заттар  о  бастан  анық,  рас  болса,  онда  олар  ақиқат.  Бұл 
жағдай бізге өз бақылауларымыздан белгілі болуы тиіс.
Түйін
Юм  өзінің  философиялық  зерттеулерін  «ғылыми  әдіс  адамзатты  ақиқатқа 
алып  келеді»  деген  толық  сенімнен  соң  бастады.  Өзінің  философиялық  па- 
йымдауын ол:  «Білім -  қашанда рационалды емес, яғни тиімсіз, сондықтан біз 
ештеңе білмейміз», -  деп аяқтады.
Логикалың және ғылыми әдіс
Біз  бір  нәрсе  туралы  ойлағанда  және  білімді  игергенде,  турлі  логикалық  құрал- 
дар мен  принциптердің белгілі бір жиынтығын басшылыққа  аламыз.  Ең маңызды 
принциптер мен  құралдарға  қысқаша  шолу мынадай:

122
Ойлау заңдары. Ойлаудың уш заңы  бар:
-   тепе-теңдік заңы:  х дегеніміз х;
-   қайшылықсыздық заңы:  ештеңе бір  мезетте х және х емес бола алмайды;
-   үшіншісі жоқ заңы:  бәрі  не х,  не х емес болады.
Сіздің кез келген пікіріңіз бен ойыңыз осы үш заңға бағынуға тиіс.  Бұл заңдардың 
сипаты  айқын:  оларды  қолданбай  дұрыс  ойлау  мүмкін  емес.  Ойлау  үдерісінің 
кейбір кезеңдерінде бұл заңдар түсінуге күрделі түрге енетіні соншалықты, олар- 
дың ақиқаттығын тек сеніп  қана  қабылдауға  болады.
Дедукция  принциптері.  Нақты  жағдайлар  негізінде  қорытынды,  принциптер 
жасау.  Егер  пайымдау -   шынайы,  тұжырым  -   ұйғарымды  болса,  қорытындылар, 
сөзсіз,  ақиқат болуы тиіс.
Индукция  принципі.  Бұл -  ықтимал  ақпаратты  заңды да жүйелі  бақылау негі- 
зінде алу үдерісі.  (Юм  индукция  принципы жүзеге асыру мүмкіндігіне аса  күмән- 
мен  қарады).
Табиғаттың  біртектілігі  туралы  постулат.  Бұл  -   табиғаттың  барлық  эле- 
менттері  әлдебір жоғары заңдарға  бағынатындай әрекет етеді деген  болжам. 
Әмбебап себептілік туралы  постулат. «Әлемдегі барлық оқиғалардан бұрын 
ақыр  соңында  сол  оқиғалардың  алғышарты  боп  шығатын  белгілі  бір  жағдайлар 
болады» деген  Юмнің ерекше болжамы.
Ғылыми  түсініктемелерді  бағалау.  Белгілі  бір салада  жаңалық аштық деп  ой- 
лаған кезімізде, біз оны гипотеза, болжам ретінде тұжырымдаймыз. Бұл біздің жаңа 
білімдерді  тәжірибелік зерттеулер  негізінде  ақиқат деп  топшылайтынымызды  біл- 
діреді.  Олар бағалануы тиіс.  Біз жаңа білімді  мына өлшемдер арқылы бағалаймыз: 
Мәнділік (релеванттың).  Гипотеза дәл анықталған  фактіні  түсіндіруі тиіс. 
Наңты растау мүмкіндігі. Гипотезаның ақиқаттығын немесе жалғандығын рас- 
тайтын  нақты  бақылау,  эксперимент  жасау  мүмкіндігі  болуы  тиіс.  Эксперимент 
қайта жаңғыртуға  қабілетті  болуы  керек.
Үйлесімділік.  Гипотеза  басқа  дәлелденген  фактілермен  немесе  теориялармен 
үйлесуі тиіс.
Болжамдылық немесе түсіндіру ңабілеті.  Гипотеза бізге нақты бақылау кө- 
мегімен  анықтау  мүмкін  болатын  жағдайларды  алдын  ала  болжауға  мүмкіндік 
беруі  тиіс.  Екінші  жағынан,  гипотеза  бұрын  бізге  түсініксіз  боп  келген  жайтты 
түсіндіруі  қажет.
Қарапайымдық.  Мәселен,  екі  гипотеза  көрсетілген  өлшемдердің  бәріне  де 
жауап береді дейік. Онда олардың ең қарапайымы, сонымен қатар, әлбетте, бар- 
лык фактілерді  түсіндіре  алатыны  -  біз  қабылдауға  және ұстануға  тиісті  жалғыз 
гипотеза  болады.
Осы  шолуымыздан  шығатын  қорытынды:  жаңа  білім  үнемі  қисынды  логикалық 
ой-тұжырымдардан  пайда  бола  бермейді;  көбінесе  жаңа  білім  күмәнді,  ықтимал 
түжырымдардан  пайда  болады.  Оның  үстіне,  жаңа  білімге  қол  жеткізу  үшін  қа- 
жетті барлық принциптер мен логикалық қүралдардың басым көпшілігін біз абай- 
лап, сақтықпен  қолданамыз, бұл,  өз кезегінде, олардың күмәнділігін дәлелдейді.

Дэвид  Юм: эмпирикалыц растау
123
Алайда  Юмнің тым  күмәншілдігін  іштей  байламды  деп  қарастыруға  бол- 
майды.  Егер адам  бәріне  күмәнданатын  болса,  онда  ол  өзін  осы  қорытынды- 
ға -  қандай да бір білімнің жоқтығы туралы қорытындыға -  жетелеген өз дә- 
лелінің құндылығына да  күмәндануы тиіс. Демек, ол  «адам ештеңе білмейді» 
деген  қорытындыға сенуге болмайды.
Егер  индукция  принципі  дұрыс  болса,  әмбебап  себептіліктің  бар  екені 
және белгілі  бір  себептер  белгілі  бір  салдарлармен  тығыз  байланысты  екені 
туралы  айтқан  пікіріміз дұрыс болуы  мүмкін.  Егер  индукция  принципі  дұрыс 
болмаса,  онда біз өзіміздің барлық эмпирикалық білімдерімізге  күмәнмен  қа- 
рауға тиіспіз.
Неге? Өйткені  біз бір  нәрсе туралы айтсақ, дүниенің біркелкілігі  мен  бір- 
тектілігін  айғақтайтын  заттардың  арасындағы  ұқсастықтарды  айқындауға, 
модельдер мен үлгілер жасауға ұмтыламыз. Содан соң біз осы үлгілерге сүйе- 
не  отырып,  ықтимал  ой-тұжырымдарды  дәлелдейтін  дәйектер ұсына  алаты- 
нымызды атап көрсетеміз.  Бірақ біз индукция принципінің дурыстығын алдын 
ала  растамай  жатып,  оған  сенім  артамыз.  Осы  принциптің  ақиқаттығын  біз 
оның  өзін  қолданбай  дәлелдеуіміз  мүмкін  емес  сияқты.  Бұл  нұсқаулы  дәйек 
деп аталады.
Юм  индукция  принципы  жоққа  шығарды.  Бірақ бұл  принципсіз бүкіл за- 
манауи ғылымның болуы  мүмкін емес.
Юм  өзінің  көзқарастарын  тым  асыра  бағалаған  немесе  барлық білімдер- 
дің  шеңберін  тікелей  бақылаудың  көмегімен  алынғандарды  ғана  енгізумен 
тарылту арқылы тым шектеп жіберген сияқты.  Бұл оны біз өз ізденістерімізде 
әрдайым  қолданатын және жаңалықтар жасауға  мүмкіндік беретін құралдар- 
дан бас тартуға  мәжбүр етті.
Юмнің  эмпирикалық  философиясының  дұрыстығын  және  іске  асатынын 
анықтау үшін сіз мына бірқатар мәселелерді  қарастыруыңыз  қажет:
-   Адам  қандай біліиді тікелей бақылаудың көмегімен ала алады?
-   Қандай білімдер тікелей бақылаудан басқа да нәрселерді талап етеді?
-   Индуктивті ойлау қай салада пайдалы болар еді?
-   Дедукция  қаншалықты  маңызды?
-   Ұсынылған  гипотезаны  қарастырғанда  дедуктивті  дәлелдерді  қалай 
қолдануға  болады?
Юмнен  кейін  индуктивті  әдістің логикасын  және  ғылымның  философия- 
сын ақтап алу қажет болды.  Осы  мәселелерді шешудің жолдарын  көп ойшыл 
іздеді,  әйтсе де Дэвид  Юм ұсынған дәлелдер иланыңдырақ болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет