Бағдарламасы аясында іске асырылды derek johnston a brief history of philosophy from socrates to derrida



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата08.11.2019
өлшемі6,72 Mb.
#51421
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

11.  Фридрих Ницше: 
Билікке ңұштарлық
Сіз қиындықтар мен бақытсыздықтарды өмірдің сыйы немесе жақсылығы деп 
мадақтау туралы бір сәт болса да ойландыңыз ба? Әлде өміріңіздің мақсаты -  
рационалды  ойлау,  сабырлылық,  оқшаулану,  мәселелер  туралы  пайымдау, 
ақылға  қонымды  шешімдерге  келу деп ойлағанды дұрыс көресіз бе? Филосо- 
фиялық  кітаптар даму үстіндегі  ойды  сипаттауы тиіс деп  ойлайсыз ба? Тағы 
да ойланыңыз!  Ницшенің еңбектері сізге ащы да  қатал  болып көрінуі мүмкін. 
Өзімен  келіспейтіндерді  «ақымақ»  деп  атай  салу  оған  қиын  емес  еді.  Ниц­
ше сіздің идеяларыңыздың астын үстіне келтіруге дайын,  бірақ ақылыңызды 
жаулап  алуға  жол  бермеңіз!  Оны  байыптылықпен,  бейтарап  және сыни тұр- 
ғыда бағалаңыз.
Өмірі
Фридрих Вильгельм Ницше 1844 жылы Саксонияда (Шығыс Германия) дүние- 
ге  келді.  Оның әкесі лютерандық  пастор  еді,  ол  кішкентай  Фридрих  5 жасқа 
толғанда дүние салды.  Болашақ философтың тәрбиесімен анасы, әжесі және 
немере әпкелері айналысты. Ол шаңырақта әрдайым діни көңіл күй салтанат 
құрды.
Жас  Ницше  1854  жылдан  1858  жылға  дейін  жергілікті  гимназияда,  яғни 
орта  мектепте,  кейінірек мектеп-интернатта оқыды.  Ол жастайынан  грек мә- 
дениетін сүйіп өсті;  сондай-ақ  музыкамен және поэзиямен әуестенді.
1864  жылы  Ницше  Бонн  университетіне  түсіп,  филологияны  игерді,  Ке- 
йінірек  Лейпциг  университетіне  ауысты.  Дәл  осы  уақытта  Шопенгауэрдің 
және  оның  атеизмінің  әсерімен  Ницше  өзін  христиан  деп  санауды  тоқтат- 
ты.  Докторлық  дәрежесінің  жоқтығына  қарамастан,  Базель  университетінің 
философия  профессоры  болып тағайындалды.  Бірінші дәрісін  ол  1869 жылы 
оқыды.  Келесі жылы Франция-Пруссия соғысы басталып, бұл уақытта  Ницше 
дала  госпиталінде санитар болып  қызмет етті.  Біраз уақыт ол  қатты  ауырып

148
жатты,  бірақ  кейін  Базельдегі  жұмысына  қайта  оралды.  Осы  кезеңде  Ницше 
композитор  Рихард  Вагнермен  жақындасып,  оның  Люцерн  көлі  аумағында 
орналасқан үйінің тұрақты  қонағына айналды.
Ницшенің  ертеректе  жазған  «Беймезгіл  ойлар»  сияқты  туындылары  пі- 
кірталас  тудырды  және  ғылыми  қауымдастық  оларды  қабылдамады.  Ницше 
мен  Вагнердің арасындағы достық біртіндеп салқындай түсті,  өйткені  Ницше 
Вагнердің шығармаларын  «тым христиандық» деп  санады.
Ницшенің философиялық  идеялары  ешқашан логикалық тұрғыда  жүйелі 
болған  емес:  алдыңғы  еңбектерінде  ол  Сократтың  рационалды  ойлау  әді- 
сін  сынға  алса,  кейінгілерінде  Сократтың  рационалды  дүниетанымын  және 
француз Ағарту дәуірі қоғамдық өмірге енгізген  идеяларын мадақтады.  Бірақ 
көптеген философтардың ойларына даму тән екенін атап өтпеуге болмайды. 
Ницше өз философиясын метафизиканы сынаудан және моральдың материа- 
листік  негізі  бар  екенін  тұжырымдаудан  бастады.  Ницшенің  пікірінше,  ізгілік 
пен  зұлымдық  -   әуел  бастан-ақ  адамның  белгілі  іс-әрекеттерінің  қоғамдық 
пайдасын немесе зиянын көрсететін тәсіл. Адамдар этикалық пайымдауларға 
қажетті  осындай  негіз  туралы  түсініктерінен  айырылып  қалды.  Осы  сәттен 
бастап  олар  ізгілік  пен  зұлымдық  туралы  абсолютті  ұғымдар  ретінде  ойлай 
бастады.
1879 жылы  қабылданған тәртіпті ұнатпаған, оның үстіне денсаулығын да 
нашарлатып алған  Ницше университет кафедрасынан  кетуге мәжбүр болды. 
Осы  сәттен  бастап  оның  өмірі,  дімкәс  денсаулығына  қолайлы  тұрғылықты 
жер  іздеу  мақсат еткен  көшпелі  тірлікке  айналды.  Ницшеге,  әсіресе,  таулар 
ұнайтын.  1882 жылы жарық  көрген «Көңілді  ғылым»  еңбегінде ол  христиан- 
дықты  «өмірдің  жауы»  деп  жариялады.  Кейінірек  Ницше  бүкіл  уақыттың 
дүркін-дүркін  қайталанатын  циклдерден түратыны  туралы  идеяны дамытты. 
Ол  бұрын  болғанның  бәрі  сөзсіз  қайталанады  деп  пайымдады.  Оның  бүкіл 
әлемге  арналған  жолдауы  сияқты  болған  бұл  идея  оған  аян  ретінде  келді 
және  «Заратустра  осылай  деген»  (Also sprach,  Zarathustra)  туындысында 
парсылық данышпан Заратустраның өсиеттері түрінде жазылды.  Циклдердің 
мәңгі  қайталанатыны, Асқақ адам  және  құндылықтарды  қайта  бағалау тура­
лы  идеялары  баяндалған  Ницшенің  ең  атақты  кітабы  дәл  осы  болса  керек. 
Бүл  еңбек -   Ницше  философиясының даму  кезеңдерінің  бірі  ғана.  Бүл  кітап 
декламациялық және  көріпкелдік  мәнерде жазылған.  1886 жылы  жариялан- 
ған  «Ізгілік  пен  зұлымдықтың  арғы  жағында»  кітабы  -   Ницше  ойларының 
байыптырақ үлгісі.

Фридрих Ницше

150
Өмір шежіресі
1844 жыл -  Фридрих  Вильгельм  Ницше дүниеге  келді
1848 жыл -  Еуропадағы төңкерістер тізбегі
1849 жыл -  Ницшенің әкесінің қайтыс болуы 
1854 жыл -  Ницше гимназияға түсті
1859 жыл -  Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» еңбегі
1864 жыл -  Ницше Бонн,  кейінірек Лейпциг университеттерінде оқыды
1869 жыл -  Ницше Базель университетінің философия  профессоры атанды,  Ваг- 
нермен достық
1870 жыл -  Ницше Франция -  Пруссия  соғысында
1871  жыл -  Бисмарк біріккен  Германияның канцлері атанды 
1873-1879 жылдар -  Ницшенің «Беймезгіл  ойлары»
1876  жыл -   Вагнермен  достығының соңы;  Байройт театры  Вагнердің  «Нибелунг 
сақинасы»  қойылымының тұсаукесерімен ашылды 
1882 жыл -  Ницшенің «Көңілді  ғылымы» жарияланды 
1883-1885 жылдар -  «Заратустра осылай деген»
1886 жыл -  «Ізгілік пен зұлымдықтың арғы жағында»
1888 жыл -  II  Вильгельм  Германия  кайзері  атанды
1889 жыл -  Ницше алжасу дертіне  шалдықты 
1900 жыл -  Ницше дүниеден өтті
Кейінірек Ницше өзінің бұрынғы досы Вагнерді өткір сынаған шығармала- 
рын жариялады.  Кейінгі еңбектері Ницшенің психикасында ауытқу бар екенін 
байқатты.  1889  жылы  ол  Базель  клиникасына  емдеуге  жатқызылды,  одан 
шыққан соң Веймарда әпкесімен бірге өмір сүрді. Ол  нағыз танымалдылыққа 
ие  болды,  бірақ  есалаң  деп  саналды.  Бәлкім,  оның  ақылынан  алжасуы  өзі 
емдеуді узақ уақыт кейінге ысыра берген науқасы -  мерездің салдары болар. 
Ницше  1900 жылы  қайтыс болды.  Ол ешқашан үйленген жоқ.
Ойлары
Ницшенің  көзқарастарын  көп  адам  «ақсүйектік анархизм» деп  атады.  Ол  екі 
түрлі  құндылықтар жүйесін ұстанған:  бір жағынан -  соғыс,  қатыгездік, адам- 
ның өзін дәріптеуі;  екінші жағынан -  философия,  поэзия және музыка.  Ол өз 
заманындағы қоғамның саясатына, адамгершілікті және әлеуметтік тіректері- 
не батыл  қарсы  шыққан философия  профессоры болды.
Ницше  ұстанымдары  этикалық  сипатта.  Ол  адамда  белгілі  бір  тұлғалық 
қасиеттердің  болғаны  дұрыс,  бірақ  оларға  аз  ғана  адам  ие  бола  алады  деп

Фридрих  Ницше:  Билікке құштарлың
151
санады.  Ницшенің пікірінше,  көпшіліктің негізгі  міндеті -  азшылықтың үстем- 
дік  құруына  қажетті  жағдай  жасау.  Адамдар,  оның  көзқарасына  сәйкес  ба- 
қытқа  немесе  жайлы  өмірге  ұмтылуды  көздемеуі  тиіс.  Нағыз  ізгілік  парасат 
та,  пайда да әкелмейді:  оны ұстанушылар басқалардан оқшауланып,  алшақ- 
тайды,  тәртіпке  қарсы  келеді  және  бағыныштыларға  зиянын  тигізеді.  Жоға- 
ры  деңгейлі  тіршілік  иелері  бағыныштыларға  қарсы  соғыс  жүргізуі  тиіс.  Ал 
демократиялық үрдістер -  дарынсыздықты  қолдау.
Дегенмен  Ницшенің  көзқарасы  жоғарыдағыларға  құмарлық  пен  аңсар- 
дың жетегінде  өмір  сүруге  болады  деген  тұжырым  емес.  Ол  спарталық тәр- 
тіпке  сенді  және  адам  өзгенің  жанын  қалай  ауыртса,  өзі  де  ауруға  солай 
төтеп беруі қажет деп пайымдады. Ницшенің пікірінше, жігердің қуаты -  асыл 
қасиет.  Қайғы-қасіретке  бой  алдыру -  әлсіздік.  Ол  мемлекетке емес,  қаһар- 
манға  сенді.
Ницше  әйелдерді  жек  көрді.  Бұл  көзқарас  оның  ақыл-ойынан  да,  өмір 
тәжірибесінен  де  туындамаған.  Ол  христиандық  әрқашан  «құлдық  сананы» 
қолдайды  деп тұжырымдай  отырып,  христиандыққа  қатысты дұшпандық кө- 
ңілін айқын  көрсетті.  Христиандықтың ақиқаттығы  немесе жалғандығы тура- 
лы пайымдауға ол ешбір қызығушылық танытқан жоқ. Ол оны жек көрді, өйт- 
кені  христиандық  адамдар  арасындағы  айқын  айырмашылықтардың болуын 
жоққа  шығарды.  Жаңа Өсиет,  Ницшенің сөзімен айтқанда -  «адамдардың ең 
төменгі  түрін»  идеалдандыру.  Христиандық,  философтың  түсінігінде,  адам- 
ның жүрегін баурап, рухын жаншып, қуатын сарқып және ең соңында билікке 
ұмтылысын жоймақ.  Мұның бәрі зиянды.
Ницше  болашақтың  адамы  -  бекзат  адам  -   қатыгез  және  рақымсыз  бо­
лады,  өз  бауырларын  құрбан  етуден  қорықпайды  деп  тұжырымдады.  Оның 
бүкіл өмірі қатаң ережелерге бағынады, зорлық-зомбылық жасап, қулық-сұм- 
дықты өмір мәні етеді. *
 •
«Заратустра осылай деген» (1885)
•  Өмір -  билікке  құштарлық.  Нағыз өмірді  танып-білуді  қалайтын  адам  қарапа- 
йым  пендеге  тән  наным-сенімдер  мен  моральдық  қағидаларды  жеңіп,  Асқақ 
Адам болуы тиіс.
•  Аяушылық  және  көнбістік  сияқты  хрисгиандық  ізгі  қасиеттер  адамдарды  аз- 
ғындатуға,  олардың жігер-күшін жойып, бағынышты  етуге мәжбүрлейді.
•  Өмір  сүруге  батылдығы  жеткіліксіз  адамдар  армандаудың,  тәннен  рухты  ас- 
қақтатудың,  соғыс жүргізудің орнына,  өмірден тыныштыққа ұмтыла  жүріп  қа- 
шуға тырысады.

152
•  Асқақ Адам -  ізгілікті, өйткені ол өзін Құдайға деген сенімнен құтқарады және 
о  дүниелік  елестерден  арылады.  Асқақ  Адам  қарапайым  адамдарды  жек  кө- 
реді  және  оларға  төзгісі  келмейді.  Ол  бақытты.  Жалған  үміттер  мен  жалған 
сенімдерге ілесіп өмір сүретін адамдар одан  қай жағынан алғанда да еш асып 
түсе алмайды.
•  Құдіретке табыну -  балалыққа оралу.
Ницшенің бетперделері
Ницшенің  философиялық  ойлары  бірнеше  «кезеңнен»  өтті.  Ерте  кезеңде 
олар  рационалды  және  сыни  сипатта  болды  (кейінірек  философ  ол  кезеңді 
«оғаш ұстаным»  ретінде,  өз болмысының ақиқат мәніне жету мүмкіндігін  пе­
лену үшін бас тарту қажет болған қадам деп сипаттады).  Ницше ол кезеңдер- 
ді өз ойын дамытып, өзіндік «Менін» айқындау үшін олардан бас тартуға тиіс 
болған  бетперде  ретінде  түсіндірді.  Әр  бетпердені  айналадағылардың  бәрі 
көрді.  Бетперденің  астында  керек  уақытта  сыртқа  шығатын  ақиқат  ойлары- 
ның дамуы жүріп жатты.
Соңғы  кезеңде  Ницше  өзін-өзі  тексергендей  болды:  өмірді  қабылдауға, 
оның  азаптар  мен  қиналыстарға  толы  әр  сәтіне  төтеп  беруге  жететін  күші 
болды  ма,  әлде  жоқ  па  -   осыны  білгісі  келді.  Оны  Асқақ  Адам  тұжырым- 
дамасына  -   жоғары  санаттағы  адамдарға  өз  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін 
дамытуға  көмектесуші  түсінікке әкелген  де  осы.  «Ақиқаттың  өлшемі -  билік 
сезімінің  нығаюы».  Ой  -   Ницшенің  пікірінше,  адамдардың  өз  мүмкіндіктерін 
жүзеге асыруына  көмектесетін  құрал.
Билікке қүштарлық
Билікке құштарлық -  дүниедегі бүкіл бар  нәрсенің және болуға тиістінің бас- 
тауы.  Әлсіз адамдар,  тобыр  мүшелері -  өмірді  танып-білуге  қабілетсіз.  Олар 
өздерінің  одан  әрі  қарай  да,  қаша  беруіне  мүмкіндік  жасайтын  моральдық 
қағидаларды  қалыптастырады.  Бұдан басқа,  мораль оларға билікті өз уыста- 
рынан  шығармауға  мүмкіндік  береді.  Олар  аяушылық,  ынтымақтастық  және 
т.б.  идеалдарды  ұстанған  кезде  өз  әлсіздіктерін  дәріптейді.  Олар  «ләззат- 
құмарлық,  билікқұмарлық  және  өзімшілдік»  заңдарына  сәйкес  өмір  сүруге 
қабілетсіз.  Олар  күштілерде  ғана  бар.  Әлсіз  адамдар  қатыгездікке  батылы 
барғандардан  зардап  шегеді.  Сондықтан  олар  бекзат  та  күшті  адамдарды 
түрлі тыйымдардың көмегімен бұғаулауға тырысады.
Егер  әлсіздер  өздерін  жоғарыда  тұрғандардың деңгейіне дейін  сүйреуге

Фридрих Ницше:  Билікке қуштарлың
153
күші жетпесе, онда олар, ең кем дегенде, соңғыларды өздерімен бірдей дең- 
гейге түсіруі  мүмкін.  Олардың  бойы  өшпенділікке -   қарапайым  пенделердің 
бекзат адамдарға деген өшпенділігіне толы.  Күштілердің қабілеттері  қарапа- 
йымдардың  әлсіздігін  ашып  көрсетеді,  сондықтан  олар  күштілерді  жаншып, 
масқаралауға  ұмтылады.  Коммунизм  қаупі  пайда  болғанда,  фашизм  ұсақ 
буржуазияның  арасында  оған  деген  жеккөрініштілікті  оятуға  барын  салды. 
Ницшенің айтуынша,  күшті жан өшпенділікті білмейді.  Ол өзінің билікке құш- 
тарлығын ашық жариялайды және осы  қадамын  мақтан тұтады.
Материализм  -  дүниеде  материядан  басқа  ештеңе  өмір  сүрмейді,  адам  ойла- 
рының,  сезімдерінің  немесе  жігерінің  бәрі  олардың  физикалық  нақты  дүниемен 
байланысы  түрғысынан  түсіндіріле  алады  деген  болжамға  негізделген  филосо- 
фиялық теория.
Инструменталдың -   қандай  да  бір  затты  оның  құндылығы  мен  сапасы  тұрғы- 
сынан емес, белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуде қолдану мүмкіндігі тұрғысынан 
ғана  қарастыру.
Абсолюттік -  кез келген шарттардан, шектеулерден немесе түсініктердін тәуел- 
сіз,  толыққанды,  өзіндік  билікке  ие  бола  отырып  өмір  суру,  бар  болу  дегенді 
білдіреді.
«Ізгілік пен зұлымдықтың арғы жағында»  (1886)
•  Өмірді сақтауға және адамның күшін арттыруға бағытталған  идеялар логиктер- 
дің  және  абсолютті  әлденені  ұғынуға  ұмтылатын  адамдардың ұстанатын  идея- 
ларынан әлдеқайда  маңызды.
•  Жігер еркіндігіне деген метафизикалық қызығушылықты алып тасгап, оны жігер 
күші ұғымымен ауыстыру қажет.
•  Адам  креативті  (бұл  термин  діни  метафизикада  ештеңеден  жарату  деген  ма- 
ғынаны  білдіреді  -   аудармашылар)  өмір  сүру  үшін  дәстүрлі  құндылықтардың 
астын  үстіне  шығарып,  төңкеріп  тастауы  тиіс.  Күштілерді  тізгіндеп  ұстау  үшін 
әлсіздер  қоғамдық құндылықтарды ойлап тапты.
•  Ғылыми  ойлар  шешім  қабылдап,  жаңа  пікірлер  ұсынбаса,  олар  -   әлсіз.  Адам 
жігерді терістегенде,  өмірді терістейді.
•  Өздерінің жігері  мен түйсігіне сәйкес әрекет етуші  адамдар  болғанда  ғана  өмір 
алға  қарай  қадам  жасайды.  Билікке  құштарлық  салтанат  құрғанда,  қарапайым 
құндылықтардың шеңберінен асқан жаңа  құндылықтар пайда  болады.
Бүкіл құндылықтарды қайта бағалау
Билікке  құштарлық  міндетті  түрде  «құндылықтарды  қайта  бағалауға»  әке- 
леді:  қолданыстағы  моральдық  қағидалар терістеліп,  тазартылады  және  қо-
11-263

154
ғамда  құндылықтардың  жаңа  жүйесі  қалыптасады.  Әлсіздер  өз  қулық-сұм- 
дықтары  арқылы  ғасырлар  бойы  тыйым  салғанның  бәрі  енді  асқақтатылып, 
ардақталады. Тіпті  біздің әрқайсысымыз  «сен  жасауға тиіссің» десек,  әрбірі- 
міз «мен жасаймын» деуіміз қажет.
Ницшенің  қаһарманы  -   өзін  басқалардан  өз  күшінің  көмегімен  жоғары 
көтеретін  адам.  Ол  өзінің  басымдығы  үшін  кешірім  сұраудан  бас  тартады; 
бірақ оны  өмірде батыл  көрсетеді.  Ізгі  қасиеттер аусар,  қатыгез және  қатаң 
қасиеттерге айналады  (оның  ілімінің  бұл  қырын  1930  жылдардағы  фашистік 
уйымдар жоғары бағалады).
Асқоқ Адом
Асқақ Адам  -  жердің мәні.
Адам -  хайуан мен Асқақ Адамның арасында тартылған  арқан.
Жалпы  алғанда,  он тоғызыншы  ғасырдың ойшылдары  Дарвиннің эволю- 
циялық теориясына  күмәнмен  қарады,  себебі  ол  адамның  ұлылығын  төмен- 
детті  деп  санады.  Ницше,  керісінше,  мұндай  дамудың  жағымды  жақтары  да 
бар деп  батыл мәлімдеді.
Ницше ешқашан  адамдардың бір топтарының басқалардан  биологиялық 
тұрғыдан  артықшылығы  туралы  жорамалдаған  емес  және  арий  нәсілін  ма- 
дақтамады  да  (шындығында  ол  немістерді  жек  көрді  деуге  болады).  Ол  Ас- 
қақ Адам  -  дүниеде  адам  өзінен-өзі  асып  түсуді  меңгергенде  пайда  болады 
деді. Асқақ Адам, Ницшенің пікірінше, өмірге мығымдыққа, орасан зор кушке, 
молшылыққа  ие,  өзін  көрсете алатын және осы  қасиеттердің бәрін  үйлесімді 
біріктіре алатын тұлға. Асқақ Адам өзіне сенімді, сақ, тәртіпті және күшті. Ол 
өзіне сүйсіну ғана  қолынан  келетін тобырдан  әлдеқайда асып түседі.
Асқақ Адамның осы  келбетін  сомдауда  Ницше өз ойларына  әдейі  әйелді 
жеккөрушілік астар береді.  Оның өз еңбектерін  баяндау тілі осындай.
Ницшенің ықпалы
Ницше  ықпалы  зор  болды,  бірақ  оның  ілімі  философтардан  гөрі  өнер  мен 
әдебиетке  қызығушылық танытқан  адамдарға  көбірек  эсер  етті.  Ол  ұлы  со- 
ғыстар дәуірінің басталуын болжады, бірақ дүниежүзілік соғыстан бұрын қай- 
тыс болып  кетті.  Ницшені  «күш»  культін  мадақтаған,  жоғары  нәсіл  мен  аза- 
маттық  қоғамның  барлық  саласына  килігіп  отыратын  тәртіпті  милитаризмді 
қолдады деп айыптайды.

Фридрих Ницше:  Билікке құштарлық
155
Фашизм
Көп  адам  Ницшені  фашизмге дем  берушілердің бірі  болды деп  есептейді.  Шынды-
ғында фашизм онсыз-ақ пайда болған шығар. Десек те фашистік теорияның маңыз-
ды  идеяларын атап өту қызықты:
•  Фашизм  ақыл-ойға  қайшы  еді:  жігер  мен  іс-әрекет  әрқашан  өздерін  өздері 
ақтап отырады.
•  Бағыну -  ең жоғары заң -  объективті жігер болды.
•  Парыз,  билік және тәртіп бақыт пен  еркіндікті алмастырды.
•  Мемлекет маңызды  мағынаға  ие болды,  ол экономикалық жүйені  басқарды.
•  Мемлекеттік  бірлікті  нығайту  мақсатында  барлық  экономикалық  таптар  ара- 
сын дағы  қайшылықтар бәсеңдетілді.
•  Адамдардың энергиясын  күшейтуге түрткі болатын эмоцияларға  шақырды.
•  Парламент пен сот жүйесі  нақты тәуелсіздікке ие болмады;  олардың қызмет- 
терін  атқарушы  билік иемденді.
•  Мемлекеттік ұйымның мінсіз түрі -  әскери тәртіп болды.
•  Халыққа  нағыз  көшбасшыны  таңдауға  және оның соңынан  еруге жол  ашатын 
табиғи түйсіктеріне сену тән деп есептелді.
•  Орталық саяси принцип -  «көшбасшы» болды, оның астында «тулғалардың өсе 
түсетін тобы» тұрды.
•  «Нәсіл тазалығы»  насихатталды.
Бұл тізімде Ницше ешқашан  келіспейтін  кейбір элементтер бар.  Мысалы, 
Ницшеде  неміс  халқына  деген  ешқандай  жақсы  көру  сезімі  болған  емес,  ал 
оның  тәртіп  пен  қатыгездік  жайлы  түсініктері  әлеуметтік  топқа  емес,  жеке 
тұлғаға  ғана  қатысты  болды.  Екінші жағынан алғанда,  фашистер  Ницше фи- 
лософиясынан  өздері  армандаған  көзқарастардың жаңғырығын  көрді.  Буған 
мысал  ретінде фашистер Ницшеге тән мағынада емес, өз түсініктері аясында 
қолданған Асқақ Адам  идеясын атауға болады.
Түйін
Ницшенің  ойлары  -   ол  оның  көмегімен  өзінің  қарапайым  адам  ретінде 
не  нәрсеге  қабілетті  екенін  түсінуге  тырысқан  құрал.  Оның  философиясы  -  
адам танымын  сынаушы  философия емес,  адам  санасын оятуға бағытталған 
шабыт, серпін беретін  «философия» деп атауға болады.
Ницшенің құмартқаны -  «басқаша ойлау» еді. Дайын шешімдер шығарып, 
жүйе  қалыптастыруға  оның  уақыты  болған  жоқ.  Ол  ойлаудың  жаңа  жолда-

156
рын ашуға батыл ұмтылып,  бұрыннан үстемдік құрып  келе жатқан ойлармен 
байланысын үзді.
Оның  «ақсүйектік»  құндылықтары,  жинақтала  келгенде,  саяси  теория 
емес,  жетілмеген  этика  еді.  Ол  мемлекетті  басқару теориясын  ұсынған  жоқ. 
«Ақсүйек» деп атауға болатын адам  Ницшені сүйсіндірді.  Бірақ Ницшенің ақ- 
сүйектері  түкке  жарамайтын  құр  көбеюші  топ  емес,  қабілеттерге,  жігер  мен 
іс-әрекеттерге  ие  ақсүйек  еді.  Оларда  аяушылық,  мейірімділік  пен  үрейден 
гөрі жігер күші, батылдық және билікқұмарлық көбірек болды.
Маркс  жеке  адаидардың  қалаулары  мен  әрекеттерін  топтың -   пролета- 
риаттың  мүдделеріне  бағындырған  философ  болса,  Ницше  күшті  тұлғаның 
қалауларын  қолдау үшін топтың түсініктерін  екінші  қатарға  ығыстырған  фи­
лософ еді.
Моралистердіц  көбі  аяушылықты  жақтап,  азап  шегуді  айыптайды  және 
дүниенің  жақсарғанын  қалайды.  Ницше  болса  аяушылықты  айыптап,  азап 
шегуді асқақтатты және өзгелердің үстінен билік жүргізетін адамдарға сүйсі- 
не қарады.
Ницше  философиясын  бағалай  отырып,  ол  таза  рационалды  құрылым 
болмағандықтан, таза  рационалдық жауап жоқ екенін айта аламыз.  Біз ұста- 
на  алатындай  ешқандай  объективті  құндылықтар  жүйесі,  ізгілік  пен  зұлым- 
дық туралы объективті жүйе жоқ.  Будда,  Иса  немесе Мухаммед сияқты адам- 
гершіліктің  ұлы  ұстаздарының  өсиеттерін  ұстануға  болады.  Немесе  Ницше 
философиясы  туралы  өз  эмоцияларымызбен  кеңесіп:  «Азап  шегуді  жақсы 
көрмеймін,  адамдарда  аяушылық  болғанын  қалаймын,  басқалардың  үстінен 
билік жүргізуден бас тартамын. Демек, Ницшені сүймеймін!» -  деуге де бола­
ды. Алайда  мұның бәрі -  оның идеяларын  рационалды теріске шығару емес, 
тек жеке қалаулар ғана.
Соңында  біз мына сұраққа жауап беруге тиіспіз:  Ницшенің ұстанымының 
қандай  оң си патта ры  бар?

12.  Людвиг Витгенштейн: 
тіл және нақты дүние
Витгенштейнді  көбіне «күрделі» философ деп айтады.  Ол -  бір емес,  екі фи- 
лософиялық  ілім  ұсынған  бірегей  ойшыл.  Оны,  негізінен,  логика  және  тіл 
мәселелері  қызықтырды.
Өмірі
Людвиг Витгенштейн  1889 жылы  Венада дүниеге  келген.  Әкесі  металлургия 
өнеркәсібі  саласында  қызмет етті,  отбасы  өте  ауқатты  тұрды.  Атасы -   про- 
тестанттықты  қабылдаған  еврей;  анасы  Людвигтің  өзі  сияқты  католик  еді. 
Витгенштейннің  отбасы  музыкаға  өте жақын  болды.  Бастауыш  білімді  Люд­
виг өз үйінде, жеке мұғалімдерден сабақ ала отырып игерді. Ол ескі бөлшек- 
терден  механизм  құрастырып,  ерекше дарынын  байқатты.
Витгенштейн  14  жасқа  толған  соң  ғана  мектепке  барды.  Онымен  бір- 
ге  Адольф  Гитлер  де  оқыған,  бірақ  бұл  жай  ғана  сәйкестік  еді.  Алғашында 
Витгенштейн  Берлинде  инженердің  оқуын  оқыды.  Кейінірек  ол  Манчестер- 
де аспирантураны  аяқтап,  онда  аэронавтиканы,  әсіресе жоғары  қысымдағы 
газдардың жану үдерісі  заңдылықтарын  зерттеді.  Бұл  оның  математика  не- 
гіздеріне ықыласын  оятты,  сол арқылы  философияға  келді.
Витгенштейн  математика  және логика  негіздері  туралы  кітап  жаза  бас- 
тады.  Сосын  бұл  кітапты  неміс  философы  және  математигі  Готлоб  Фрегеге 
көрсетті. Фреге Витгенштейнге Кембриджге аттанып, математиканы Бертран 
Расселдің ғылыми жетекшілігімен зерттеуге кеңес берді.  (Рассел ақсүйек те- 
гінен шыққан ағылшын болатын.  Математика туралы «Ргіпсіріа Mathematica» 
атты маңызды еңбек жазған.  Рассел -  сонымен қатар әлемге әйгілі философ- 
тардың бірі.) Екеуінің арасында достық қарым-қатынас орнады.  Бірде Рассел 
мен  Тринити-колледждің  тағы  бір  атақты  кембридждік  философы  Д.Э.  Мур 
жаңадан  келген  студенттерді  талқылап  отырып,  ақыры  Витгенштейнге  де 
жетеді.  «Түсіне  алар  емеспін,  -   дейді  бірі,  -   ол  өзі  данышпан  ба,  әлде  на-

158
құрыс  па?»  «Неге?»  деп  сұрайды  екіншісі.  «Өйткені  ол  менің  дәрістерімде 
үнемі ойға  шомып отырады».
Рассел  Витгенштейннің  данышпандығына  көз  жеткізіп,  оған  өзінің та- 
ным  теориясына  арналған,  әлі  аяқталмаған  жұмысының  мәтінін  көрсетті. 
Витгенштейннің  оны  қатал  сынағаны  соншалық,  Рассел  кейін  бұл  еңбегін 
қайта  қарау  үшін  Витгенштейнге  берді.  Витгенштейн  логика  мәселелерін 
шешуге  және  үстазының  қателіктерін  түзетуге  тырысып,  түні  бойы  Рас- 
селдің  пәтерінің  бір  бұрышынан  екінші  бұрышына  әрі-бері  теңселіп  жүре- 
тін.  Осы  түнгі  толғаныстар  шәкіртінің  денсаулығын  қүртатынын  сезінген 
сәтке дейін,  Рассел  Витгенштейнге уақыттың тым  кеш  болып  кеткенін  ес- 
кертіп,  үйден  кетуін  талап  етуге  де  қорықты.  Ақыры  Витгенштейн  гума- 
нитарлық  ғылымдар  бакалавры  дәрежесін  алмастан  Кембриджден  кетіп 
қалды.  Ол  Норвегияға  аттанып,  сол  жақта  логика туралы  пайымдауларын 
жалғастырды.
1914 жылы  соғыс  басталды,  Витгенштейн  өз еркімен  Австрия  әскері  қа- 
тарына  кірді.  Ол соғыстың барлық ауыртпалығын  басынан өткеріп, оның ка­
тал жағдайларын сезінді, бірақ шайқастарға көп қатысқан жоқ. Витгенштейн 
логика  теориясына  қатысты  жазбаларын  жалғастыра  берді.  Біртіндеп  бұл 
жазбалар жинақтала  келіп, түтас кітап  болды.  Кейінірек бұл кітап оның бас- 
ты  жұмысына  айналды.  Ол  «Логикалық-философиялық трактат» («Tractatus 
Logico-Philosophicus») деген  атауға  ие болды.  Философ  бұл  жазбаларын  со- 
ғыста жорық сөмкесінде арқалап жүрген деп те айтады.
Витгенштейн  соғыста  ержүрек,  батыл  болды  және  өзін  аса  қауіпті  ай- 
мақтарға  жіберуді  үнемі  талап  етті.  Ол  бірнеше  медаль  алды.  Әскери  өмір 
оның философиялық ойларының бағытына да ерекше эсер етті, ол логиканы 
ғана емес, этика  мәселелерін де  қарастыра  бастады.  Кембридж университе- 
тінің баспасы оның «Трактатын» жариялаудан бастартты.  Мұнымен қоймай, 
ешбір  еңбегін  баспай  қойды.  Витгенштейннің  еңбектері  Оксфордта  жарық 
көрді.  Оның  лингвистикалық  талдауға  баса  назар  аударған  философиясы 
Кембриджде дамығанымен,  көбіне Оксфорд философиясы деп аталды.
Витгенштейн философиясының бұл кезеңдегі басты бағыты - т іл  арқылы 
барынша  анық  әрі  дәл  баяндауға  болатынның  бәрін  бейнелеу  еді.  Бұл  фи­
лософия  адамның ойлау қабілетін тұйықтаған  барлық шекараларды жойды. 
Витгеншейтіннің басқа идеялары да талай маңызды сүрақ туындатады, бірақ 
бізге оларды  қарастырудың қажеті жоқ.
Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  Витгенштейн  Австрияға  оралды. 
Әкесі  1913  жылы  дүниеден  өтіп,  Людвиг  бай  мұраға  ие  болды.  Бірақ  оның 
көп  бөлігін  көмекке  мұқтаж суретшілерге таратып  берді.  Ол  философияның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет