Бағдарламасы аясында іске асырылды derek johnston a brief history of philosophy from socrates to derrida



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата08.11.2019
өлшемі6,72 Mb.
#51421
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

178
рып саяды.  Кез келген философтың міндеті, Хайдеггердің пікірінше, осы сөзді 
есту және түсіну қажеттілігінде.
Әйтсе  де  Хайдеггерді  арканумды  жасаушы  деп  санайды.  Осыған  байла- 
нысты оны  философия әлемі әбден  иысқылдады.
Арканум 
-  айналадағыларға жұмбақ та түсініксіздеу білімге ие адамдардың ша- 
ғын тобы.
Хайдеггер қатты сыналды. Шынында да, ол философиялық ойлау әдістері- 
мен және философиялық көзқарастарымен осы сынға лайық еді. Философия- 
лык дәстүрді айқын баяндауға ұмтылғанына және ұмтылатынына қараиастан, 
ол  өз еңбектерін  саналы  түрде  бұлдыр да  түсініксіз тілде жазды.  Ректорлық 
қызметтен кеткен соң, Хайдеггер философиямен, негізінен, өз пікірлестерінің 
шағын тобында айналысты. Бірақ, жалпы алғанда, философияның өзі де қалың 
бұқараға арналмаған  емес пе еді?
Хайдеггердің нацистер режимімен байланыстары әлі де әрқалай айтылып 
келеді.  1933 жылы университетте маңызды лауазымға ие болды. Осы қызмет- 
те жүрген  кезінде өзінің студенттері  мен әріптестеріне нацистік идеологияны 
ашық  мадақтап,  оны  «неміс  шындығының  бүгіні  мен  болашағы,  сондай-ақ 
жоғары  заңы»  деп  жариялады.  Өзінің  философиялық  идеяларын  нацистік 
идеологиямен  біріктіре  отырып,  біз  әлгінде  атап  өткендей,  жақсы  мансапқа 
қол жеткізе алған болар еді. Алайда бәрі басқаша болды. Хайдеггер филосо- 
фиясын  қандай да  бір  идеологияға  көгендеу  қиын;  оның ойларында  ешқан- 
дай эпистемологиялық,  саяси  немесе моральдық өзек жоқ.
Сәл  жұмсақтық танытқан  сыншылар  Хайдеггердің  өз  қызметін  он  айдан 
кейін-ақ  тастағанын,  сондықтан  нацистердің  айуандықтарына  белсене  ара- 
ласпағанын  алға  тартады.  Бірақ  Хайдеггер  нацистік  режимді  бір  де  бір  рет 
айыптамады. Ол өзінің бұрынғы сөздеріне кешірім де сұраған жоқ. Хайдеггер 
жай  ғана,  бұдан  былай  нацизмге  байланысты  ештеңе  жазбайтынын,  өзінің 
өткендегі  істерін -   1934 жылғы  қылықтарын  қайталамайтынын  айтты.  Соған 
қарамастан,  қатыгез  сыншылар  оны  адамзатқа  қарсы  жасалған  қылмысқа 
белсене және қасақана  қатысты деп айыптайды.

14.  Жан-Поль Сартр:
экзистенциалистің азабы
Метафизиканың әйгілі  формасы  -  экзистенциализм  Жан-Поль  Сартрдың ар- 
қасында кең таралды. Сартр «экзистенциализмнің ақсақалы» ретінде белгілі. 
Ол  бүкіл  философияға  аса  қатты  ықпал  етті  және  ізбасарлары  өте  көп  бол- 
ды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экзистенциализмнің ғылым саласынан 
гөрі рухани атмосфераға, көңіл күйге айналғанын атап көрсеткендер аз емес. 
Ол  академиялық  ортада  емес,  Сен-Жермен-де-Пре  жертөлелерінде  көбірек 
талқыланды.  Шындығында  «экзистенциалист»  сөзі  біраз  жыл  бойына  соң- 
ғы  музыкалық жаңалықтардан  бастап,  киім  саласындағы  сән  үрдістеріне де- 
йінгінің бәрін дерлік бейнелеу үшін  қолданылатын.  Сартрдың «Болмыс және 
ештеңе»,  «Диалектикалық  ақылға  сын»  сияқты  философиялық  шығармала- 
ры  арнайы терминдерге толы,  қарапайым оқырманның түсінуіне өте күрделі 
(«Диалектикалық  ақылға  сын»  «оқылмайтын  құбыжық»  деп  те  сипатталған 
болатын).  Сартр,  сонымен  қатар,  экзистенциалистердің ойларын  қарапайым 
оқырманның  түсінуіне  көмектескен  бірнеше  роман  («Жиіркеніш»  және  «Ер- 
кіндік жолы»)  мен  пьесалар («Шыбындар» және  «Жабық есік жағдайында») 
жариялады.  Көпшілік оны тамаша драмалардың авторы деп санады.
Өмірі
Сартр  1905  жылы  Парижде  дүниеге  келді.  Оның  әкесі  ерте  қайтыс  бол­
тан.  Жан-Польді  анасы  мен  оның  Эльзастан  келген  нағашылары  тәрбиеле- 
ді.  Сартрдың  атасы  тіл  мектебін  басқарды  және  Альберт  Швейцермен  алыс 
туыстық байланысы болды.
Сартр  1924  жылдан  бастап  1928  жылға  дейін  Ecole  normale  superieure 
жоғары  мектебінде оқыды.  Мұнда  ол  өзінің өмір бойғы адал  серігіне,  көмек- 
шісіне  және  «рухани  досына»  (олардың  өздері  мұндай  анықтаманы  ешқа- 
шан  қолданбас  еді)  айналған  Симона  де  Бовуарды  кездестірді.  Бовуар  бізге 
Сартр екеуінің agregation (элиталық конкурстық емтихан)  кезінде танысқаны

Жан-Поль Сартр

Жан-Поль Сартр: экзистенциалистің азабы
181
туралы  жазбалар  қалдырды.  Қолдарында  термостары  мен  печеньелері  бар 
студенттер  залға  лық  толды.  Емтихан  қабылдаушы  арнайы  қорапқа  қолын 
салып,  бүктелген  қағаз суырды да,  емтихан тақырыбын  жариялады:  «Еркін- 
дік және кездейсоқтық». Тапсырманы орындауға тура келді, басқа амал жоқ. 
Емтихан бес сағатқа дейін созыла беретін. Agreges (agregation тапсыра алған 
студенттер) лицейде немесе университетте қызметке орналасу құқына ие бо- 
латын.  Олар аздап қана сабақ беріп,  негізінен, ғылыми зерттеулер жүргізетін 
және еңбек жазумен айналысатын.
Agregation  аяқталған  соң  Сартр  Гавр  мен  Лионда  сабақ  берді.  Кейінірек 
оны  Парижге ауыстырды.  Сартр студент кезінде,  1933 жылдан  1935 жылға де- 
йін,  Германияда  тағылымдамадан  өтті.  Сосын  Парижге,  Кондорсе  лицейіндегі 
оқытушылық жұмысына оралды. Соғыс кезінде ол француз армиясында метео­
ролог болып  қызмет етті.  Сартр  1940 жылы, одақтық күштердің шегінуі кезінде 
тутқынға түсіп,  1941 жылы босатылды. Көп узамай Сартр оқытушылықты қайта 
қолға  алды және Франциядағы  Қарсылық қозғалысының қүрамына енді.  Әріп- 
тестерімен бірге ол фашизмге деген жеккөрінішін осылай білдірген еді.
Соғыстан  кейін  ол  социализм  мен  экзистенциализм  мәселелеріне арнал- 
ған,  ай  сайын  шығатын  «Les  Temps  moderns»  журналының  негізін  қалауда 
және  басқаруда  шешуші  рөл  атқарды  (журнал  әлі  күнге дейін  шығады).  Ол 
коммунизм  туралы  жақсы  пікірде  болды,  алайда  ешқашан  Коммунисток  пар­
тия  қатарына  кірген  жоқ.  Сартр  коммунизм  мен  экзистенциализмді  біріктіру 
талпыныстарынан  бас тартты.  Ол  ақылға сыйымсыз еді.  Сартрдың ештеңеге 
тәуелді еместігін және біржақтылықтан ада екенін аңғартқан оның адам нан- 
ғысыз тосын  іс-әрекеті -   1964 жылы  өзіне әдебиет саласындағы  жетістіктері 
үшін  берілген  Нобель  сыйлығынан  бас  тартуы  болды.  Оның  дүниетанымын 
французша  gauchisme  (гошизм,  французша  gauche -   «солшыл»)  деп  атауға 
болады.  Бұл  дүниетаным  -   одан  сайын  радикалды  бола  түсуге  ұмтылатын 
көзқарастардың жиынтығы.  Gauchisme мемлекетті басқарудың қандай да бір 
қисынды  бағдарламасын  ұсынбайды,  ол  жүйеге  қарсы  болумен  ғана  шекте- 
леді. Жан-Поль Сартр Сорбоннаның 1968 жылғы студенттер көтерілісі талқы- 
ланған  үлкен  дәріс  залында  сөйлеген  атақты  «теориялық»  дәрісімен  әйгілі. 
Де  Голль  Сартрдың  өте  танымал  екенін  түсінді.  Азаматтық  мойынсұнбауды 
насихаттағаны  үшін  Сартрды  тұтқындамақ  болған  министріне  ол  табалай: 
«On n'arrete pas Voltaire» немесе «Сіз Вольтерді тұтқындамайсыз ғой», -  деді.
Сартр  мен  Симона де  Бовуар ашық өмір сүрді.  Яғни  олар өздерінің арна­
йы,  ойдан  шығарылған  және  өмірбаяндық  еңбектерінде  өз  өмірлерінің  бар- 
лык  қырларын  сипаттап,  түсіндірме  беріп  отырды.  Сартрдың  саяси  қызметі 
мен  мақсаттарының жүзеге аспауы оны  қатты  қапаландырды.  Өмірінің соңы-

182
на  қарай  философтың  көру  қабілеті  тым  нашарлады.  Ол  1980  жылы  дүние- 
ден өтті.  Оған жасының ұлғаюы себеп  болған  шығар,  бірақ дәрі-дәрмектерді 
дұрыс қолданбауы да оның өлімін жеделдетті. Сартр ешқашан университетте 
қызмет еткен емес және ешқашан үйленбеді.  Ол бірде Симонаға  некеге тұру 
туралы  ұсыныс жасады,  бірақ  Бовуар ханым  некені  орта тапқа тән  институт 
деп есептегендіктен,  ашулана бас тартқан  көрінеді.
Өмір  шежіресі
1905 жыл -  Жан-Поль Сартр дүниеге келді
1910 жыл -  Бертран  Рассел  мен А.Н.  Уайтхедтің «Математика  негіздемелері» 
1914-1918 жылдар -  Бірінші дүниежүзілік соғыс 
1917 жыл -  Ресейдегі  революция
1920 -  Турдағы  Конгресс және Француз коммунистік партиясы  құрылды
1924  жыл  -   Сартр  Ecole  normale  superieure-де  оқыды;  Симона  де  Бовуармен
танысты
1928 жыл -  Жан-Поль Сартр agregation алды және оқытушылық қызметін бастады 
1933-1935 жылдар -  Сартр Германияда студенттік сынақ ісінен өтті
1936-  1939 жылдар -  Испаниядағы Азаматтық соғыс
1937-  1938 жылдар -  Ресейдегі  сталиндік қуғын-сүргін
1938 жыл -  Сартрдың «Жиіркеніш» деп аталатын бірінші  романы жарияланды
1939 жыл -  «Le  Mur»  шағын әңгімелер жинағы жарияланды
1939 жыл -  Сартр француз әскеріне  шақырылды
1940 жыл -  Францияның тізе бүгуі; Сартр соғыс түтқынына айналды
1941  ж ы л-  Сартрды  босатты;  оқытушылық  қызметті  жалғастыру;  Француз  Қар- 
сылық қозғалысына  қосылу
1943 жыл -  «Болмыс және ештеңе» («L'Etre et le neant») жарияланды; «Шыбындар» 
пьесасы сахналанды
1944  жыл  -   «Жабық  есік  жағдайында»  пьесасы  қойылды  (жауһар  туынды 
саналады)
1945  жыл  -   Сартр  «Les  Temps  moderns»  журналының  редакторы  болып  жүмыс 
істеді;  өз  уақытын  кітап  жазуға  толығымен  арнау  үшін  оқытушылық  қызметін 
тоқтатты
1947-1949 жылдар -  «Жағдаяттар», үш томдық очерктері
1948 жыл -  «Әдебиет деген  не?»  атты еңбегі  жарияланды
1958 жыл -  Алжир дағдарысы;  Де Голль билікке оралды
1960 жыл -  «Диалектикалық ақылға сын» жарияланды
1964 жыл -  «Сөз» атты  өмірбаяндық туындысы жарияланды
1968  жыл  -   Франциядағы  студенток толқулар;  Сартр  өмірін  радикалды  саясат-
пен  байланыстырды
1980 жыл -  Жан-Поль Сартр дүниеден өтті

Жан-Поль Сартр: экзистенциалистің азабы
183
Феноменді 
-  бұл  ұғыммен  философияда  адамдар  сезім  мүшелерінің  көмегімен 
қабылдайтын заттар  мен  оқиғалар белгіленеді.
Ракурс 
-   объектілер  мен  тақырыптарды  олардың  қырларының  өзара  байланы- 
сын  негізге ала отырып  қарастыру.
Кездейсоқ 
-  шарттар мен оқиғаларға тәуелді,  міндетті емес дегенді білдіреді. 
Метафизика 
-  болмысты бар болу тұрғысынан зерттеу;  бар нәрсенің мәні тура- 
лы  пайымдаулар;  алғашқы себептер мен  принциптерді зерделеу;  бізді  қоршаған 
нақты  дүниені  рационалды  тану;  адамды  қоршаған  заттар,  олардың  тереңдігі 
мен  мәні туралы  рационалды  білім.
Ойлары
Экзистенциализм деген не?
Экзистенциализм  -  философиядағы  шектен тыс жүйелеуге  қайта-қайта  қар- 
сы  шығып  отыратын  бүлікшілдік  қозғалысы.  Экзистенциализм  дат  ойшылы 
Кьеркегордың  көзқарасынан  бастау алады.  Бұдан  әрі  экзистенциализм  Ниц- 
шенің  (Кьеркегор туралы  ешқашан  естімеген),  Ясперстің және  Хайдеггердің 
(өзінің  экзистенциалистердің  қатарына  қатыстылығын  ашулана  жоққа  шы- 
ғарған) еңбектерінде дамыды.
Экзистенциализм  -   тіршілік  ету  (экзистенция  -   аудармашылар)  мәннің 
(эссенция -  аудармашылар)  алдында дейтін дүниетаным.  Мұны  көрнекі түр- 
де  бейнелеу  үшін  Сартр  бізге  қарапайым,  қағаз  қиятын  пышаққа  назар  ау- 
даруды  ұсынады.  Ол  -   шебердің  қызметінің  жемісі.  Бастапқыда,  пышақты 
жасағанға  дейін,  шеберде  осы  нәрсе  туралы  идея  болды.  Ол  бұл  затты  не 
үшін жасағысы  келгенін де,  оны  нақты  қалай  пайдаланарын да  білді.  Шебер 
пышақты жасау тәсілін ойлап тапты.  Мұндай жағдайда пышақтың мәні неме- 
се  мағынасы  (пышақты  не  үшін  пайдаланатыны,  қандай  пішінде  болатыны 
және  қалай  жасалатынына  қатысты  идеялар)  пышақтың  жасалу  үдерісінен 
бұрын  пайда болды. Осы көзқарасқа сәйкес, эссенция экзистенциядан бұрын 
тұрады,  оның алдында болады.
Адам тұлғасы туралы ойласақ және Құдай туралы түсінігіміз болса, бұл -  
Құдай; Ол жарату үдерісінде Өзі  нені жарататынын дәл біледі.  Идея -  ең жо- 
ғары ой-жоспар -  әуелі Құдайдың ақыл-ойында пайда болды:  мән (эссенция) 
өмір сүруден  (экзистенциядан)  бұрын тұр.
Тіпті  он  тоғызыншы  ғасырдың  атеизмін  қарастыру  кезінде  біз  Ағарту 
дәуірінің  қайраткерлері  жай  ғана  Құдай  идеясынан  алыстап,  адам  табиғаты

184
идеясына  тоқталғанын  байқай  аламыз:  әр  адам  -   адамдардың  мәндік  негізін 
бейнелейтін әлемдік ой-ниеттің жеке үлгісі. Эссенция әлі де экзистенциядан бу­
рый тұр.  Бірақ Сартр Құдай да жоқ, ешқандай әлемдік ой-ниет те жоқ деп жар 
салды.  Ол  өмір  сүрудің  бастауы  сол  бар  болудың  мағынасынан  бұрын  пайда 
болатын тек бір ғана жаратылыс бар екенін  мәлімдеді. Ол жаратылыс -  адам.
Сартрдың пікірінше, экзистенция эссенциядан бұрын  басталды.  Әлемдегі 
барлық  мақұлықтардың  арасынан  адам  бірінші  пайда  болады,  өзін  кездесті- 
реді,  жарқ  етіп  жанады,  сонан  соң  өзін  анықтайды.  Адамдар  әзірге  ештеңе 
емес, олар өздерін кейін жасайды, өздерін қандай етіп жасаса, сондай болып 
шығады.  Бұл  біздің  нені  және  қалай  танып-біле  алатынымызды  сынау  емес. 
Бұл  -   адам  болу  дегеннің  не  екені  туралы  қатаң  көзқарас  және  адам  нені 
істеуі тиіс,  нені істеуіне болады және кейін не болып  шығады деген  сұрақтар 
қояды.  Бұл -  «Біз қайдан білеміз?» -  деген сұраққа назар аударатын филосо- 
фиялық дүниетанымның бөлігі емес.
«Болмыс және ештеңе»  (1943)
•  Болмыс қандай да  бір феноменді тұрғыдан ешқашан сарқылмайды:  бізге өмір 
сүрудің нағыз,  шынайы  бейнесін ашып беретін  ракурс жоқ.
•  Өзіндік-болмыс  (en-soi)  өзгеріссіз,  адамға  әрқашан  толығымен  ашық,  мүлде 
кездейсоқ; оның болмысына негіз болатын ешбір себеп жоқ.  Ол объектілердің 
самарқау, енжар дүниесімен азды-көпті  салыстырмалы.
•  Өзі-үшін-болмыс  (pour-soi)  аяқталмаған,  айқын  емес,  құбылмалы.  Бұл -  адам 
санасының болмысы.
•  Өзіндік-болмыс өзі-үшін-болмыстың алдында.  Өзі-үшін-болмыстың пайда болуы 
өзіндік-болмысқа  тәуелді.  Өзі-үшін-болмыс  өзіндік-болмыстан  аннигиляция  кө- 
мегімен туындайды.
•  Еркіндік  -   адамның  жүрегі;  үрейді  сезінгенде,  адамдар  еркіндіктің  не  екенін 
түсінеді,  өз  болмысы  үшін  жауапкершілікті  сезінеді,  өзіндік-болмыспен  болуы 
мүмкін емес бірігуге үмтылады; олар торыққанда қоғамда қалыптасқан теңсіз- 
дікті түсінеді.  Олар үнемі  өздеріне көз тастауымен-ақ қауіп төндіріп, объектіге 
айналдыруы  мүмкін  «Өзгелермен»  мәңгілік қайшылықта болады.
Атеизм және құндылықтар
Сартрдың  экзистенциализмі  бір  бастапқы  алғышартқа  негізделген.  Бұл  бас- 
тапқы  алғышартты  ол  өзінен-өзі  берілген,  даусыз  алғышарт  ретінде  қарас- 
тырады:  Құдай  жоқ.  Адамдардың болуы  Құдайдың болуын жоққа  шығарады. 
Адам  табиғатының  сол  адамның  болмысының  басталуынан  бұрын  болуы  де-

Жан-Поль Сартр: экзистенциалистің азабы
185
ген  құбылыс жоқ.  Адам -  адамдардың болашағы;  олар -  өздері  өздерінен  не 
жасап  шығарса,  кім  болып  шықса  -  сол.  Осылайша  экзистенциализм  дегені- 
міз -  гуманизм.
Сартр  гуманиспк  құндылықтарды  қорғаудың  барлық  талпынысын  мыс- 
қылдайды, себебі олар адамның мәні адамның болмысынан бұрын басталады 
деген сенімге негізделеді.  Бірақ адамдарда жауапкершілік бар.  Құдды оларға 
еркін  болуға  үкім  шығарылғандай.  Біз  адамның  кім  екені  туралы  абстрактілі 
ойлай  алмаймыз.  Біз  өз  болмысымызды  нақты  жағдайларға  сүйене  отырып 
жасауға,  тануға  тиіспіз.  Өзіміз  осы  жағдайлардың  қатысушыларына  айнала- 
мыз  және  қатысудан  бас  тартуға  біздің  күшіміз  жетпейді.  Бұл  бізді  таңдау 
жасауға  міндеттейді, дәл осы жерде біздің еркіндігіміздің негізі  көрінеді.
Жұмысшы  материалды  алып,  оған  форма  береді.  Адамдар да  өздері тап 
болған  шындыққа  дәл  осылайша  форма  береді.  Адамдар  өздері  тап  болған 
жағдай үшін жауапкершілікті  мойындарына алып, осы жағдайларды  шешуге 
бағытталған  іс-әрекеттер жасаған  кезде төлнұсқалық әрекет жүзеге  асады. 
Тек біздің іс-әрекеттеріміз ғана  қандай да бір құндылыққа ие.  Қалай болған- 
да да  біз сабырсыздыққа ұрынамыз:  бұл  әрекет -  біздің айыбымыз, онда  игі 
ниеттерге  орын  жоқ.  Біз  өзіміз туралы,  өзіміздің  не  екеніміз,  ұқсастығымыз 
туралы  өз түсініктерімізге сүйене алмаймыз.  Ондай талпыныстар,  Сартрдың 
пікірінше, жақсы  емес.
Сартр  философиясы  әрекетке,  адамның  іс-қимылына  негізделген.  Біздің 
өз  мәнімізді  ұғынуымыз  бар  болудың абсурдтығына  сүйенеді.  Біз бұл дүние- 
де  кездейсоқ  мәндерміз;  біздің  болмысымызды  туындатқан  себеп  жоқ.  Біз 
батыл түрде төлнұсқа  әрекет жасауға  ұмтыламыз,  бірақ  біз  өз таңдауымыз- 
ды  не нәрсеге  негіздейміз?  Бұл төлнұсқалық шынайы  іс-әрекеттердің өлшемі 
қандай? Ол  жоқ.  Сартр дәстүрлі  құндылықтарды  жоққа  шығарып,  ізгілік  пен 
зұлымдық туралы түсінікті  абсолютті  шама  ретінде терістеді  (бар  болу -   ма- 
ғынадан бұрын).
Мен  қол  жеткізуге тиісті  нәрсенің  бәрі  -   менің еркіндігім.  Алайда  шешім 
қабылдаған  бойда-ақ  менің  шешімім  басқа  адамдарға  кедергі  жасайды,  мен 
олардың еркіндігін шектеймін. Құндылықтарға негізделмеген әрекеттің сөзсіз 
соқтығысуы және менің еркіндігім басқалардың еркіндігін міндетті түрде шек- 
тейтін  азап тудырады.  «Адам дегеніміз -  пайдасыз құмарлық».
«Адамға еркін болуға үкім шығарылған»
Сартрдың  «Шыбындар»  пьесасында  Оресттің  хикаясы  қайта  баяндалады. 
Трояға  қарсы  соғыстан  жеңіспен  оралған  Агамемнонды  өзінің әйелі  Клитем-

186
нестра  өлтірді.  Оның  көңілдесі  Эгисф  жаңа  патша  атанды.  Клитемнестра 
мен  Агамемнонның  балалары  -   Электра  мен  Орест  -   аналарын  өлтіріп, 
әкелерінің  кегін  қайтаруға,  сол  арқылы  қаланы  шыбындардың  шапқын- 
шылығынан  құтқаруға  тиіс  еді.  Электра  Орестті  іске  кірісудің  қажеттігіне 
сендірді.
Сартр  үшін  Оресттің  әрекеті  адам  еркіндігінің  Құдайдың  бар  болуымен 
сыйыспайтын  символы  болды.  Бұл  еркіндік төлнұсқалық  әрекетте -   Орест- 
T in  
өзі  тап  болған  жағдай  үшін  жауапкершілікті  қабылдауында  -   ізгілік  пен 
зұлымдық  туралы  дәстүрлі  түсініктермен  қабыспайтын  әрекетінде  көрініс 
табады.  Фуриялар,  кек қайтарудың әйел-құдайлары,  спектакль бойы Орест- 
ті  бақылайды.  Бірақ  неге  ол  жеңімпаз  болып  шықпады?  Пьеса  барысында, 
автордың  ойы  бойынша,  Юпитер  Эгисфке  «еркіндік  адам  жанының  ішінде» 
орналасқанын айтады. Тіпті  Құдайлар да адамға түк істей алмайды. Адамдар 
еркін, тек кейде олар мұның парқына жете бермейді.
Қойылымның  тұсаукесері  Францияны  нацистер  басып  алған  кезеңде 
болды.  Ол  нацистік  цензураны  жеңе  білді,  өйткені  нацистер  оны  ескі  грек 
аңызының  жай  қайта  өңделген  нұсқасы  деп  қарастырды.  Ал  көрермендер 
болса,  бұл  пьесадан  сол  кездегі саяси  ахуалға  (Францияның тәуелсіздігінен 
айырылуы) байланысты жалынды сөздерді естіді.
Сартрдың этикасы
Сартр  философиялық  лексикаға  толы  абстрактілі  кітаптар  («оқылмайтын 
құбыжықтар»)  жазудан  басқа,  философиялық  мәселелер  мен  дилеммалар 
қамтылған  хикаялар  мен  пьесалар  жазды  және  өте  жақсы  жазды.  Сондық- 
тан  Сартрдың  этикалық  теориясын  қарастырудың  орнына,  біз  оның  күрделі 
этикалық  мәселелерді  сипаттау  үшін  баяндаған  бір  хикаясына  көз  салайық 
(естеріңізге  сала  кетейік,  этика  -  адам  өміріндегі  дұрыс  және  бурые туралы 
түсінікке негізделетін принциптер туралы ілім. Этика «ізгілік», «міндет» және 
«парыз» сияқты ұғымдармен  байланысты).  Хикая  мынадай.
Бұл  оқиға  Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Францияны  нацистер басып 
алған  кезде  болды.  Бір  жас  жігіт  өзінің  қалай  әрекет  жасауы  қажет  екені 
туралы  Сартрдың  кеңесіне  жүгінді.  Оның  ағасы  шайқаста  қаза  тапқан,  ал 
анасымен қарым-қатынасы нашар болған әкесі кез келген ыңгайлы жағдайда 
басқыншылармен  тіл  табысуға  тырысты.  Жас  жігіт  «Шайқасушы  Франция» 
қозғалысына  қосылуға  Англияға  аттанғысы  келеді.  Ол  үшін  шешесін  тастап 
кетуі тиіс.  Бұл жағдайда анасы сатқын  күйеуінің ісіне күйінген халде жалғыз, 
қорғансыз қалар еді. Кіші ұлы оны тастап кетсе, анасының қасіреті анағұрлым

Жан-Поль Сартр: экзистенциалистің азабы
187
ауырлай  түспек,  себебі  оның  жалғыз  моральдық  және  материалдық  тірегі 
осы ұлы еді.
Оның  қайткені  дұрыс?  Оның  таңдау  жасауына  не  көмектесер  еді? Хрис­
тиан діні: жақыныңды сүй, ең күрделі жолды таңда дейді.  Бірақ христиандық 
сол  ең  күрделі жолдың  қайда  екенін және  қандай  жақынды сүю керегін айт- 
пайды -  өз тәуелсіздігі үшін  шетелде  күресіп  жатқан адамдарды  ма,  әлде өз 
анасын ба?
Құндылықтар  көмескі.  Жас  жігіт  өз  түйсігіне  ғана  сеніп,  сезімдері  мен 
интуициясына  ғана сүйене алатын.  Ол тек бір жолды таңдай  алады.  Егер ол 
шешесін  шексіз сүйсе,  онда ол үшін бәрін  істеуі тиіс.  Егер сүйіспеншілігі жет- 
кіліксіз болса,  басқа жолды таңдауы  қажет еді.
Бұл  әңгіменің  кейіпкері  еркіндікке  ие,  өзіне адал.  Сартр  моральдық заң- 
дардың  болуының  өзін  жоққа  шығарады.  Ол  махаббат,  сүйіспеншілік  сияқ- 
ты  принциптер бізге  шешім  қабылдауда  көмектесе алмайды деп  ойлады.  Әр 
моральдық  шешімді  оған тікелей  қатысты  адам  ғана  қабылдай алады,  басқа 
ешкім емес.  Мәселе мынада: басқа адамдарға тигізер салдарларына қарамас- 
тан,  мұндай  дүниетаным  кез  келген  әрекетті  ақтай  алады.  Бұл  -   еркіндікті 
ғана емес,  азапты да  көрсетеді.
«Тозоқ -  басқа адамдар»
«Жабық  есік  жағдайында»  пьесасы  бізге  Сартрдың  адам  қоғамына  және 
онда  өмір  сүру  жағдайларына  қалай  қарағанын  анықтауға  мүикіндік  бере- 
ді.  Пьесада  Сартр  тозақ  түралы  айтқан  кезде  оны  күнә  үшін  мәңгілік  жаза 
жүзеге асырылатын  қандай да  бір теологиялық орын деп  қарастырмайтыны 
көрініп тұр:  Құдай жоқ. Тозақ та, жұмақ та жоқ. Дүниедегі тозақ -  айналада- 
ғылардың көз алдындағы  өмір:  басқа  адамдардың айыптаулары,  өзгелердің 
пікірлері  мен тілектерін ескеру  қажеттігі.
Гарсэн  (өзін  батыр санайтын  қорқақ), Эстель  (бала  өлтіруші,  сүйіктісінің 
өлімі  үшін  де  жауапты)  және  Инес  (адамдарды  жек  көреді,  және  олардың 
азаптанғанын  кермесе,  өмір  сүре  алмайды)  қайтыс  болды  және  жабық  бір 
бөлмеге бірге қамалған болып  шықты.  Бастапқыда  олар өздері туралы  шын- 
дықты  айтпай,  өздерін  ең жақсы  адам  етіп  көрсете бастайды.  Бірақ  көп уза- 
май  олардың  өтірігі  ашылып,  ақыры  бір-бірінің  жандарын  жаралайды.  Олар 
ешқашан  өздерімен-өздері  оңаша  қала  алмайды.  Олар әрқашан басқа  адам- 
дардың  көзқарастары  мен  қалауларын  ескеруге  мәжбүр  болады.  «Тозақ  -  
басқа адамдар!»

188
Экзистенциализм және әдебиет
Сартр  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  кезеңде  қоғамға  айрықша  эсер 
еткен  мықты  тұлға  болды.  Кейде  оның  беллетристикалық  және  драмалық 
шығармаларының  қайсысы  философиялық  пайымдаулар,  қайсысы  сыртқы 
ықпал  (Сартр  заманауи  америкалық  романдарға  ерекше  сүйсінетін),  ал  қай 
жерінде  оның  жеке  сенімдері  көрініс  бергенін  түсіну  оңай  емес.  Сартрдың 
философиялық  ойлары  оның  әдеби  шығармаларын  оқыған  кезде  барынша 
түсінікті  бола  түседі  және  оның  философиялық  идеялары  бұл  еңбектердің 
маңызын  арттырып,  жандандырып  тұр.  Өз заманының әлеуметтік  мәселеле- 
рімен және өмірмен тікелей байланыстығы оларды  нығайта түседі.
Сартрдың  өз  идеяларын  мысалдармен  көмкеру үшін  басқа  авторлардың 
туындыларын  қолданғанын  да  атап  өткен  жөн.  Шын  мәнінде,  ол  өткір  әде- 
би  сыншы  болды  және  әртүрлі  жазушылардың  шығармашылығын  зерттеген 
еңбектерін  жариялады.  Оның  Шарль  Бодлер  шығармашылығы  туралы  зерт- 
теуі -   1947 жылы,  Жан Жене жайында жазғаны -   1952 жылы, Огюст Флобер 
жөніндегісі  1971-1972 жылдары  жарық  көрді.  «Әдебиет деген  не?»  (1948) -  
ол дайындаған  маңызды әдеби түсіндірмелердің тамаша жинағы.
Сартр және оның уақыты
Жасы  ұлғайғанда  Сартр  әдебиеттің  күшіне  күмәнмен  қарай  бастады.  Алай- 
да  ол  бұрынғыша философиялық ағымдардың дамуын бақылап,  олардың әр- 
қайсысын біліп отырды.  Ол экзистенциализмдегі  шамадан тыс субъективтікке 
қарсы  бағытталған  сынға  назар  аудармады.  Өмірінің  соңғы  жылдарын  ради- 
калды  саяси  қызметке  қатысуға  арнады.  Сартр  «La  cause  du  peuple»  және 
«Liberation»  секілді  солшыл  газеттер  мен  журналдардың  редакторы  болды. 
Билікке қарсы шығатын барлық идеялар мен талпыныстарды қолдады.  Цензу­
ра «La cause du peuple» басылымын басуға тыйым салғанда, Сартр наразылық 
белгісі ретінде газетті Париж көшелерінде өзі сата бастады. Коммунистер узақ 
уақыт  бойы  Сартрдың  идеологиялық  жауы  болды,  жазушы-философ  оларға 
қарсы тұруын ешқашан тоқтатпады.  Қалай  болғанда да,  оның барлық іс-әре- 
кеті бүкіл әлемдегі адам  құқықтарына  қолдау білдіруге байланысты болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет