9. Иммануил Кант: Аңылға сын
Он сегізінші ғасырдың жетекші философтары британдық эмпириктер Локк,
Беркли және Юм болды. Олар қоғамда өте танымал еді, олардың дүниета-
нымы кеңпейіл, мәрттігімен ерекшеленді. Дегенмен бұл ойшылдардың фи-
лософиялық идеялары көбіне субъективизм бағытында өрбіді. Дэвид Юмнің
агностикалық, тіпті скептикалық дүниетанымы Кантты «догмалық ұйқыдан»
оятты және таным үдерісіне байланысты барлық мәселелерді жаңа қырлары-
нан қарастыруға түрткі болды. Оның еңбектері рационалдық ойға баса кө-
ңіл бөлетін континенттік түсініктер мен сезімдік тәжірибеге назар аударатын
британдық философиялық көзқарас арасындағы қайшылықтар пайда болған
уақытта жазылды. Канттың туындылары түсінуге айтарлықтай күрделі; олар-
ды жүйелеу қиынға соғады. Оны қазіргі дәуірдің ұлы философы деп есептей-
тіндер көп. Неміс идеализмінің дүниежүзілік философияға едәуір маңызды
ықпал етуіне Иммануил Канттың қосқан үлесі мол болды.
Өмірі
Кант жарқын бояулары аз бірсарынды өмір сүрді. Ол 1724 жылы, әкесі ерші-
шебер болып жұмыс істеген Шығыс Пруссиядағы Кенигсбергте (қазіргі Кали-
нинградта) дүниеге келді. Кант лютерандықтың дәстүрлі негіздерін жаңарту
мақсатын көздейтін діни реформашыл қозғалыс - пиетизм рухында тәрбие-
ленді. Өмірінің соңында дінге құлай беріліп, дәстүрлі діни түсініктерді уста-
нута көшті.
Өзінің туған қаласында Кант орта және университеттік білім алды. Уни-
верситетте оған логиканың және метафизиканың оқытушысы зор ықпал етті.
Оның әсерінен Кант өз заманындағы ғылымға (яғни Ньютон теориясына не-
гізделген ғылымға) қызығушылық таныта бастады. Біраз уақыт бойы үй мұ-
ғалімі ретінде ақша тауып күн көрді, сонан соң докторлық ғылыми дәрежені
иеленіп, оқытушылыққа кірісті.
Кейінірек Кант өмірінің осы жылдарын «сынға дейінгі» кезең деп атады.
126
Бұл кезеңде түрлі пәндер бойынша, атап айтқанда: логикадан, физикадан,
метафизикадан, этикадан, математикадан, антропологиядан, педагогикадан,
географиядан және минералогиядан дәріс оқыды. Он бес жыл өткен соң,
1770 жылы, Кенигсбергте логиканың профессоры болып тағайындалды. Сол
кезеңдегі университеттік білім берудің стандарттық жүйесіне сәйкес профес
сор мен оның студенттері қандай да бір пәнді бірқатар оқулықтар негізінде
меңгеретін: ұстаз кітапты шәкірттердің пәнді игеру деңгейіне қарай түсіндіріп
отырды. Канттың дәрістері формасы жағынан әдеттегідей-тін, бірақ ол оқу-
лықтарды сынауға тырысты. Кант әзілге шорқақтау болды. Ол студенттерге
пән бойынша нақты білім берудің, сонымен қатар оларды өз бетімен ойлай
білуге үйретудің қажет екеніне сенді.
Кант өте аз саяхаттады, оның туған жерінен ұзап шыға қоюы өте сирек
еді. Алайда оның қызығушылықтары біршама кең болды; ол көпшілік ортада
болуды және шетел көрген адамдармен араласуды ұнататын. Көп адамдар
оны өмірі тым біркелкі, өте-мөте педант еді деп атап көрсетеді. Бізге оның
«сынға дейінгі» кезеңі дәл қашан аяқталғаны белгісіз. Философиялық шығар-
машылығының жаңа, «сыни» кезеңі оның профессор болып тағайындалуы-
мен байланысты. Соған қарамастан, оның негізгі «Таза ақылға сын» еңбегі
жоғарыда көрсетілген сәттен (1781 жылдан) бастап, тағы он бір жылға жуық
уақыт бойы жарияланған жоқ. Артынша басқа да жұмыстар жазылды. Ол,
баяғысынша, университетте түрлі пәндерден дәріс оқыды және көп жазды.
Өмірдің осындай аса күрделі ырғағына бейімделу үшін Кант уақытын ба-
рынша дәл есептеп, өзіне қатаң күн тәртібін жасап алды. Оның күн тәртібі
бесенеден (және осы кезге дейін) белгілі еді. Ол таңғы сағат бес болмай
ұйқыдан тұрып, бестен алтыға дейін таңғы шәйін ішіп, темекі шегетін және
алдағы күнді жоспарлайтын. Содан кейінгі бір сағат дәріс жоспарын дайын-
дауға арналады. Дәрістердің басталуы мен аяқталуы жағынан алғанда қысқы
және жазғы уақыттың кейбір ерекшеліктері болды. Қысқы уақытта дәріс сағат
жетіден тоғызға дейінгі аралықта жүріп отырды, ал жазғы уақытта - сегізден
онға дейін. Сосын екі сағат бойы жазумен айналысатын. Ол айналасындағы-
лармен рақаттана әңгімелесе отырып көппен бірге тамақтанғанды ұнататын.
Түскі ас көбіне екі сағатқа созылатын да, содан соң серуендеп, түнгі сағат
онға дейін оқып, ұйқыға жататын.
Пруссия императоры бірде Канттың Қасиетті Жазбалар мен христиандық
сенімдер туралы пікіріне ренішін білдірді. Кант өз көзқарасынан толығымен
бас тартпайтынын мәлімдеді, бірақ шығармаларында немесе дәрістерінде
бұл көзқарастарын қайталамауға уәде берді. Император дүние салғаннан ке-
йін Кант өзін уәдеден боспын деп санап, інжілдік сенім мен сыни зерденің
Иммануил Кант: Аңылға сын
127
арасындағы қайшылықтар туралы пайымдаулары баяндалған «Факультеттер
жанжалы» еңбегін жариялады.
Кант нағыз дос ретінде есте қалды, ол қаржысын ұқыпты жұмсайтын
үнемшіл адам болғанына қарамастан, мұқтаждарға жомарт еді. Өзіне жүк-
телген міндеттерге асқан жауапкершілікпен қарады. Ол Қудайға сенді, бі-
рақ шіркеудің тұрақты мүшесі болған жоқ. Оның діни танымы практикалық
сипатта болды және моральдық жауапкершілік ұғымының төңірегінде шо-
ғырланды. Ол моральдық кеңпейілдіктің, яғни ізгі қасиеттердің дамуы дұ-
ғадан бас тартумен тікелей байланысты екенін атап көрсетті. Оған америка
және француз революцияларының да (кем дегенде, террор кезеңіне дейінгі)
идеалдары ұнады. Ол ешқашан үйленген жоқ, 1804 жылы қайтыс болды.
Ө м ір ш еж іресі
1721 жыл - 1 Петр Ресей императоры атанды; Монтескьенің «Парсы хаттары»
1724 жыл - Иммануил Кант дүниеге келді
1739 жыл - Дэвид Юмнің «Адам табиғаты туралы трактаты»
1740 жыл - Кант Кенигсберг университетіне түсті
1751 жыл - Дидро «Энциклопедиясының» бірінші томы
1755 жыл - Кант Кенигсбергте дәріс оқыды (оның «сынға дейінгі кезеңі»)
1762 жыл - Руссоның «Эмилі» және «Қоғамдық келісімшарты»
1770 жыл - Кантты Кенигсберг профессоры лауазымына тағайындады
1775 жыл - АҚШ тәуелсіздігі үшін соғыс басталды
1781 жыл - Канттың «Таза ақылға сыны» жарияланды
1785 жыл - Канттың «Адамгершілік метафизикасының негіздері»
1788 жыл - Кант «Тәжірибелік ақылға сынды» жариялады
1789 жыл - Кант «Факультеттер жанжалын» жариялады; Адам мен азамат құ-
қықтары декларациясы жасалды жэне ¥лы француз революциясы басталды
1790 жыл - Канттың «Пайымдау қабілетіне сыны»
1804 жыл - Кант дуние салды; Наполеон Францияның императоры атанды
Ойлары
Идеализм
- болмысты ойлауға тәуелді деп санайтын философиялық дүниета-
ным. Он сегізінші жэне он тоғызыншы ғасырлардағы неміс идеализмі «роман
тизм» қозғалысына жақын болды. Идеалистер білімді сынауды философиялық
түйіндерді
баяндау құралы деп санады. Олар
ақыл-ойды, яғни зердені
емес,
материяны қолдады жэне утилитаризм этикасын қабылдамады.
128
Романтизм
- интеллектуалдық, көркемдік, музыкалық және поэтикалық
негіздер-
ді бойына сыйғызған
он сегізінші ғасырдың соңы және он тоғызыншы ғасырдың
басындағы еуропалық дүниетаным. Адамның сезімі -
зердеден,
ал адамның қия-
лы - тәжірибеге негізделген классикалық тусініктерден әлдеқайда маңызды болды.
Утилитаризм
- барлық жеке тұлғалар мен жалпы қоғамның іс-әрекеттері қо-
ғамға пайдалылық принципіне бағынады деген идеяға негізделген философия-
лык теория (бұл принцип
мейлінше
көп адамға
барынша мол
бақыт әкелетін
нәрсенің
бәрін мақұлдайды).
Конттың таным теориясы
«Таза ақылға сын» еңбегінде Кант, бір жағынан, біздегі білімнің бәрі бірдей
тәжірибеден туындамайтынын көрсеткісі келді. Оған қоса, тіпті белгілі бір
білім адам ақылының өзіндік ерекшелігіне байланысты априори берілген деп
тұжырымдады. Априори - адамға әу бастан, өмірлік тәжірибе жинақтау үде-
рісі басталғанға дейін берілген деген сөз.
Пайымдаудың екі түрі бар.
Аналитикалық пайымдаулар - предикаттың мағынасы ішінара субъектінің
де мағынасы бола алатын пайымдаулар: «Су - ылғал». Мұндағы суға осы
қасиетті беріп тұрған ұғым - су ұғымы анықтамасының ажырамас бөлігі: «ыл-
ғал» предикаты «су» субъектісімен тығыз байланысты.
Тәжірибе априори пайымдауларды нығайтуы мүмкін, бірақ олар жалпы
қабылданған мағынадағы тәжірибеге негізделмейді.
Синтездік пайымдаулар - біз мәнін тәжірибе арқылы анықтайтын тұжы-
рымдар. «Араның шағуы мен үшін сонаның шағуынан ауырырақ болды». Эм-
пирикалық пайымдаулар бізге осындай сезімдік тәжірибеден белгілі.
Дэвид Юм себептілік заңы синтездік екенін көрсетті. Кант мұнымен келіс-
ті, бірақ бұл фактінің априори белгілі екенін атап өтті. Канттың негізгі мақса-
ты - синтездік априори пайымдаулардың болу мүмкіндігін растау.
«Таза аңылға сын» (1781)
Бұл еңбектің мәні - метафизиканы ғылым ретінде тану мақсатында синтездік ап
риори ақиқаттардың болу мүмкіндігін көрсету. Синтездік априори пайымдаулар
кез келген жағдайда сөзсіз ақиқат болады (бұл априоридің өз мағынасынан туын-
дайды). Бірақ әр жағдайда біз олардың сөзсіз ақиқаттығын олардың мәндерін
білдіретін тұжырымдардың мағынасын қарапайым зерттеуден басқа, қандай да
бір өзге тәсілді қолдану арқылы растауымыз қажет (синтезділіктің мағынасы осы).
Иммануил Кант: Ақылға сын
129
• Интуиция және логикалық пайым - білімнің екі бастауы.
• Кеңістік пен уақыт - интуицияның априори формалары. Не нәрсені де кеңістік
пен уақыт ұғымдарына көшірмейінше, біз оны түсіне алмаймыз.
• Түсіну категориялары - түсінудің априори шарттары.
• Сан категориялары: бірлік, көптік, тұтастық.
• Сапа категориялары: шындық, терістеу, шектеу.
• Қатынас категориялары: субстанция және қатыстылық, себеп және салдар,
объект пен субъект арасындағы өзара байланыс.
• Модальдылық категориялары: мүмкін және мүмкін емес, бар болу және бар болмау,
алдын ала айқындық және кездейсоқтық.
• Интуицияның априори формаларын пайым категорияларымен біріктірген кез-
де біз білім көздеріне қалай жетуге болатынын саналы түрде ұғынамыз. Ғылы-
ми жорамалдар - синтездік және априори.
• Теология саласында, егер бізде эмпирикалық дәлелдеме болмаса, Құдайдың
бар екенін растайтын сенімді дәлел ұсына алмаймыз.
Ғылым постулаттары
Ғылыми жорамалдар синтездік және априори ма? Біз Дэвид Юм филосо-
фиясын зерттеген кезде ғылыми білімді алуға қажетті әртүрлі принцип-
тер мен құралдардың өте сақ және байқап қолданылуы тиіс екенін дәлел-
дейтін ғылым постулаттарының тұтас бір тізімін қарастырдық (8-бөлімнің
153-154-беттерін қараңыз). Канттың ғылыми болжамдарды синтездік және
априори деп тұжырымдайтын көзқарасы бізге пайдалы ма? Ғылыми білімді
ұғыну жолымыздың - әдістемеміздің тәжірибемізге негізделмейтіні, бірақ
білімді ойлау ерекшеліктерімізге, санамыздың құрылымына байланысты
алатынымыз рас па?
Канттың уақыт және кеңістік теориясы
Кант уақыт пен кеңістікті - біз тәжірибелік жолмен зерттейтін барлық объ-
ектілерді ойша сыйғызуымыз қажет әлдебір формалар ретінде қарастырды.
Алайда Канттың пікірі бойынша, тәжірибенің өзі біздің кеңістік туралы түсіні-
гіміздің бастауы емес; кеңістіктің бар екенін біз қоршаған дүниедегі, яғни са-
намыздан тысқары объектілерді зердемізбен ұғынған сайын сезінеміз. Кеңіс-
тік шегінің болмауын ұғыну біз үшін тіпті мүмкін еместей. Бұл жай абстрактілі
идея ғана емес. Тек бір ғана тұтас кеңістік бар. Барлық басқа «кеңістіктер»
сол тұтас кеңістіктің бөлшегі саналады, ешқандай да жеке кеңістік жоқ.
9-263
130
Кант Евклид геометриясы априори белгілі болды, бірақ оны тек қана логика-
лык жолмен ұғыну мүмкін еиес деп ойлады (демек, ол синтездік жэне априори).
Уақыт туралы бұлай пайымдауға болмайтынын себеп етіп, бұған қарсы-
лық білдіретіндер көп-ақ. Субъективті және объективті уақыт тепе-тең.
Постулат
- ақыл-ойдың қызметі үшін, ойлау үдерісін іске асыру үшін қажетті
элемент, пікір немесе принцип. Бұл сөз көбіне іргелі элемент, немесе негіз, ба-
залық принцип мағынасында қолданылады. Постулат деп ешқандай дәлелдемені
қажет етпейтін немесе жалпы жүрт мақұлдаған жайтты, сонымен қатар әлденені
дәлелдеу үшін керекті нәрсені айтады. Бұл - аксиома, қажетті жағдай, алғышарт.
Метафизика
- дүниеде бар болу ретіндегі болмыс туралы ілім; болмыстың мәні
туралы толғамдар; нақты дүние негізделетін алғашқы себептер мен принциптер
туралы ілім; бізді қоршаған дүниені рационалды тану; адамның айналасындағы
заттар, олардың тереңдігі мен мәні туралы рационалды білім.
Категориялың
(кесімді, үзілді-кесілді деген мағынада - аудармашылар) - же-
келеген ерекшеліктер мен ескертпелер қолдану мүмкін емес, абсолютті, анық
нәрсені білдіреді.
Метафизиканың соңы ма?
Пайым категорияларын біз интуиция жолымен ұғынуға болатын нәрселер-
мен салыстыруымыз керек. Біз бұл категорияларды «өзіндік зат» деп атала-
тын нәрсеге қолдана алмаймыз. Мысалы, «субстанция» категориясын өзін-
дік затқа қолдану ол нәрселер туралы ешқандай білім бермейді. Біз Құдай
сияқты сезімнен жоғары мәннің бар екені туралы қорытынды жасауға пайым
принциптерін қолдана алмаймыз. Демек, метафизика пайдасыз. Бірақ Кант
метафизикаға деген ұмтылысты адам зердесінің тұрақты, өзгермейтін ниеті
ретінде қарастырған сияқты.
Ноуменді және феноменді - Кант философиясымен берік байланысқан
қос термин. Сезім арқылы емес, ақыл-ойдың арқасында мәлім болғанның
бәрі - ноумен. Өзіндік заттар - ноумен. Біз бұл заттардың бар екенін түй-
сік арқылы қабылдаймыз дей алмаймыз. Алайда бұл заттардың дүниеде бар
екенін және олар біз сезім мүшелерінің көмегімен ұғынатын феномендердің
болуын түсіндіретінін айта кетуіміз керек.
Философиядағы коперниктік төңкеріс
Кант: «Синтездік пайымдаулар ненің арқасында мүмкін болады?» - деген
сұраққа жауап беруге тырысты. Ол - «Барлық білімде қандай да бір априори
Иммануил Кант: Аңылға сын
131
құрамдас бөлік бар» деген көзқарасты ұстанды. Бұл құрамдас бөлікті білім-
ге адамның зердесі енгізеді. Осы априори құрамдас бөліксіз ешқандай білім
мүмкін емес.
Кантқа дейінгі рационалист философтар барлық білім аналитикалық
және априори болады деп түсінді. Олар білім бақылау, зерттеу, эксперимент
нәтижесінде алынатын фактілерге байланысты емес деп тұжырымдады. Эм-
пириктер білім - синтездік және апостериори деген пікірді ұстанды. Кант
екі көзқарастан да бас тартты. Оның ілімі білім атаулы кеңістіктік-уақыттық
формаларға еніп, өзара себеп-салдар байланыстары арқылы шырмалғанда
ғана адам оларды игере алады деп болжамдады. Осының бәрі -танып-білуші
ақылдың қызметі. Демек, қандай да бір заттар біздің танымымыздың ныса-
нына айналу үшін әуелі танып-білуші ақылдың құрылымына сәйкес келуі тиіс.
Тәжірибелік ақыл
«Тәжірибелік ақылға сын» кітабында Кант ақылды іс жүзінде қолдану туралы
ойларын дамытты. Бұл еңбектің өзекті ұғымы адамгершілік заңының әділдік-
ке мұқтаждығында: бақыт - ізгілік пен адамгершілікке тікелей байланысты.
Мұны тек құдіретті тылсым күш қана қамтамасыз ете алады. Бірақ құдіретті
күш бұ дүниеде адамгершіліктің болуына кепілдік берген жоқ. Демек, Құдай
да, өмірден кейінгі өмір де болуы тиіс. Еркіндік те болуы тиіс, себебі онсыз
ізгіліктің болуы мүмкін емес.
«Тәжірибелік аңылға сын» (1788)
• Егер адамгершілік таза ақылға негізделсе, оны объективті және әмбебап деп
айта аламыз.
• Адамгершілік заңдары мазмұны бойынша емес, өздері енетін формаларға бай
ланысты әмбебап және кесімді.
• Тәжірибелік таза ақылдың негізгі заңы - «Өзіңізге қалай жасағанын қаласа-
ңыз, өзгелерге солай жасауға тиіссіз». Бұл әмбебап заңға айналып, оны барлық
адамдар барлық жағдайларда үстануы керек.
• Егер бізде моральдық заңдар жоқ болса, біз өз еркіндігіміз туралы ешқашан
біле алмаймыз. Кез келген адам үшін «сіз... тиістісіз» деген сөз «сіз... істей ала-
сыз» дегенді білдіреді.
• Тәжірибелік ақылдың рационалды постулаттары:
Адам еркін.
Жан ажалсыз.
Құдай бар.
132
Канттың дін туралы байламдары
Кант Құдайға сенетінін ашып көрсетеді. Дегенмен өзінің «Тәжірибелік ақылға
сынында» ол Құдайдың бар екенінің дәстүрлі дәлелдемелерін жоққа шығара-
ды. Осындай (теистік дәйектер ретінде белгілі) дәстүрлі дәлелдемелер Кен-
терберилік Ансельмнің онтологиялық дәлелін және Акуинолық Томастың бес
жолын қамтиды (4-тараудың 89-90-беттерін қараңыз). Кант белгілі бір дәре-
жеде формалды дәйектер ұсынуға негізделген мұндай тәсілдердің қауқарсыз-
дығын көрсетеді. Ол Құдайдың бар екенінің барша дәлелдемелері онтология-
лык дәйекті қайталаумен ғана шектелді дейді. Оның пікірінше, онтологиялық
дәйектің қиындығы - «бар болудың» предикат ретінде қарастырылуында.
Бар болу, мәселен, биіктік, байлық, мейірімділік сияқты қасиеттер тұр-
ғысынан қарастырылуы тиіс. Кант ойдағы жүз талер (монета) дәл нақты жүз
талерге тән қасиеттерге ие дейді. Қарастырылып жатқан мәселені түсінді-
рудің басқаша тәсілі аясында «Кейбір бойы ұзын адамдар жақсы киініпті»
деуге болады. Бірақ «Кейбір бойы ұзын адамдар өмірде жоқ» деу мүлдем
мәнсіз. Олай болса, «бар болу» деген «жақсы киінген» дегенді білдірмейді.
Бар болу - предикат емес. Демек, онтологиялық дәлел қате.
Құдайдың бар екенін кездейсоқтық (космологиялық дәлел) арқылы дә-
лелдеуді қарастырғанда Кант оны: «Бір нәрсе бар болса, онда Абсолют Мән
сөзсіз болуы тиіс. Мен бармын, демек, Құдай бар» деген тұжырымға негіз-
делетінін айтады. Осы онтологиялық дәйек Канттың есіне қалғандарын да
түсіріп, сол себепті ол мұны қабылдамау керек дейді.
Кант мақсатты себеп арқылы дәлелдемеге (психотеологиялық дәлелде-
ме) зор құрметпен қарайды, бірақ ол ең жоғары жаратушының бар екенін
ғана дәлелдейді және Құдайды бұрыс түсінуге негізделгендіктен, қате деп
тұжырымдайды.
Кант дәстүрлі дәлелдемелерді, олар бұрыс онтологиялық дәйекке негіз-
делген немесе біздің Құдай туралы түсінігімізге қайшы келетін ұғымдардың
айналасына құрылған деп жоққа шығарады. Бұрынғы дәлелдемелердің ор-
нына Кант Құдайдың бар екенін растауға сеп болатын өз моральдық дәле-
лін ұсынады. Таза ақыл бізді үш негізгі идеяға итермелейді: Құдай, еркін-
дік және ажалсыздық. Ақыл-ой осы идеялардың қалыптасуына ықпал етеді,
бірақ оларды дәлелдемейді. Тәжірибелік ақыл бізге моральдық заңдардың
әділдікке муқтаж екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді: бақыт адамгершілікпен
мөлшерлес. Бұл өмірде адамгершілік пен бақыт өз бетімен бола салмайды,
оған тек құдірет (Құдай) ғана кепіл бола алады. Сондықтан егер Құдай, ер-
кіндік және ажалсыздық жоқ болса, адамгершілік пен ізгілік те болмақ емес.
Иммануил Кант: Аңылға сын
133
Канттың мораль туралы байламдары
Кант теология мен физикаға тәуелсіз мораль теориясын құрғысы келді.
Мораль туралы барлық түсініктер адамның зердесінен бастау алады,
олар априори. Моральдық құндылық, Канттың ойынша, адамның парыз се-
зіміне сәйкес әрекет ететін өмірінің өн бойында қалыптасады. Жай ғана ізгі
ниетті болу, өзгелердің мүддесін құрметтеу немесе игі іс жасау жеткіліксіз,
өйткені адам жақсылыққа табиғатынан бейім. Барлық табиғи әрекеттер заң-
ға сай келеді. Моральдың өзегі - адамгершілік заңдары ұсынғандай әрекет
жасау қабілеті. Бұл - адамның еркін мәжбүрлейтін объективті заң. Кант оны
императив деп атады. Гипотетикалық императив: «Егер у-ке тап болғыңыз
келмесе, сіз х-ті істеуге тиіссіз» - деп тұжырымдайды. Канттың бұлжымайтын
императиві: «Сіз х-ті істеуге тиіссіз, бірақ сіз қалағаныңызға жете алмасаңыз,
бұл тек сіздің міндетіңіз, сіздің парызыңыз ғана», - дейді.
Бір ғана бұлжымайтын императив бар: «Сіздің әрекетіңіз принципке бір
ғана жағдайда, егер сіз бұл принциптің әмбебап заңға айналуын қаласаңыз
ғана сәйкес келеді». Кант бұлжымайтын императив синтездік және априори
болуы тиіс деген пікірді үстанды. Өз императивінің мәнін Кант заң тужырым-
дамасынан туындатты.
Түйін
Канттың синтездік априори пайымдаулар туралы көзқарастары әлі де тал-
қыланып жүр. Логика ережелері, геометрия және арифметикалық заңдар
синтездік және априори деп тұжырымдайтындар көп-ақ. Басқалары бұған
қарамастан барлық априори пайымдаулар аналитикалық деп есептейді, ал
анықтамаларды нақтылау - кез келген терминнің мағынасында қамтылған бі-
лімді тек айқын ете түспек. Бұл мәлімдемелер таза геометрия априори болуы
мүмкін, бірақ синтездік емес дегенге қарсы шығады. Эмпирикалық геометрия
(физиканың құрамдас бөлігі) - синтездік, бірақ априори емес.
Априори пайымдаулардың қысқа тізімін жасауға тырысыңыз (айталық,
бесеуін атаңыз). Сіз бұл априори пайымдауларды қалай алдыңыз? Енді син-
тездік пайымдаулардың қысқаша тізімін жасап көріңіз. Сіз осы синтездік па
йымдауларды қайдан таптыңыз? Бұл жағдайда мына сұраққа жауап беріңіз:
априори синтездік пайымдаулар қандай болуы тиіс?
Канттың категорияларды түсінуі, сондай-ақ оларға кеңістік пен уақыт
үғымдарын жатқызу туралы оның көзқарастары антимониялардың (қайшы-
134
лықтардың) пайда болуына әкелді. Антимонияларды қарастыру жәнезерттеу
оларды өзінің диалектикасында қолданған Гегельге елеулі әсерін тигізді.
Кант адамның зердесін таза интеллектуалдық тұрғыда қолдану қателік-
терге әкеледі деп санады; ақыл-ой моральдық мақсаттарға бағытталғанда
ғана дұрыс қолданылады. Канттың адамгершілік теориясын жетілмеген деп
санайтындар көп-ақ. Ол тек парыз немесе заң ұғымына ғана негізделген.
Онда адам амалдарының құрамындағы моральдық мән, иоральдық іс-әрекет-
тердің жасырын мағынасы, іс-әрекеттердің ниеті, мақсаттары, олардың түрлі
жағдайларда туындайтын салдарлары сияқты қубылыстар талқыланбайды.
Сіз үшін бұлжымайтын императив қаншалықты нанымды?
Кей адамдар Канттың уақыт және кеңістік туралы теориясын артық субъ
ективизм! үшін әшкерелеп, сынады. Олар мынадай сұрақ қойды: «Мен кө-
ріп, естіп, сезініп отырған заттарды өзім дәл осылай жасаған түрде саналы
ұғынуға мені не мәжбүрлейді?» Осыған орай, Кант сезім арқылы алынған
ақпараттың бүкіл бастапқы көлемін зерденің реттейтінін айтты. Сонда белгілі
бір жолдармен алынған ақпаратты мен жинақтамаймын, ол менің санамда,
жоғарыда айтылғандай, өзінен-өзі жинақталатын болғаны ма?
Бұдан басқа, Эйнштейн теориясы уақыттың баяулауы және жеделдеуі
мүмкін екенін болжады. Эйнштейн жылдамдық ұлғайған кезде, дененің сал-
мағы да өсе түседі деп мәлімдеді. Демек, уақыт пен кеңістіктің абсолютті бо-
луы мүмкін емес. Жоғарыда келтірілгеннің бәрі кеңістік пен уақыттың ақыл-
-ойдан ажыратылмайтын категориялар екені туралы Канттың түсініктеріне
қаншалықты эсер ете алады?
|