Өмірі
Мартин Хайдеггер Германияның Баден өңіріндегі Шварцвальд ауданында,
діндар католиктер отбасында 1889 жылдың 26 қыркүйегінде дүниеге келді.
Ол философияны Фрайбургте оқыды. Оқытушыларының бірі - Эдмунд Гус
серль болды. Кейінірек Хайдеггер сол университетте, одан кейін Марбург
университетінде сабақ берді, ал 1933 жылы Фрайбург университетінің ректо
ры болып тағайындалды.
Жоғары лауазымға тағайындалуына байланысты Хайдеггер нацистік
идеологияны белсенді түрде қолдай бастады. Ол нацизмнің Германия үшін
жаңа леп әкелетініне сенімді болды, оны «жаңа арай» деп жариялады. Он
айдан кейін қатесін түсініп, ректорлық қызметтен бас тартты және саясаттан
кетті. Ол Шварцвальдта жалғыз және қарапайым өмір кешті. Философ 1976
жылы, өмірінің соңғы отыз жылында бұрынғы ұстанымы үшін қатты сынға
ұшырай жүріп қайтыс болды.
Бір сұхбатында нацизмді жақтаған ескі көзқарасына Хайдеггер ішінара
Мартин Хайдеггер: біз болмысты ұмыттық
169
түсіндірме жасады, бірақ өзі қайтыс болғанға дейін оны жариялауға тыйым
салды. Көптеген ойшылдар Хайдеггердің өзінің бұрынғы көзқарастары үшін
ешқашан кешірім сұрамағанын көрсете отырып, оның кінәсін шын жүректен
және шынайы мойындағанына сенген жоқ. Енді біреулер Хайдеггердің бар-
лык еңбектерінен нацистік идеологиямен байланысын тауып, оларды кітап-
ханалар мен кітап дүкендерінен алып тастауды талап етуге дейін барды.
Хайдеггер еңбектерін өзіне тән, түсінуге өте қиын тілде жазды. Оның ең-
бектерінде терминдер мағыналарын жиі ауыстырады; көбіне сөздерді ескір-
ген мағынасында қолданды. Ол тіпті құрамы күрделі жаңа сөздер де жасады.
Хайдеггер заманауи арнайы терминдерді өте кең және жалпы мағынада қол-
данды; сөздерді ойнату және бір сөзге әртүрлі мағына беру талпыныстары
жиі кездеседі. Хайдеггер логика, метафизика, ғылым тарихы және филосо-
фиясы, тіл, поэзия, технология, грек ойы, математикаға қатысты тақырып-
тарды қарастырады. Біздің өркениет, Хайдеггердің пікірінше, «болмыстан
шығып» қалғандай. Біз болмысты ұмыттық. Хайдеггер біздің өміріміз күрде-
лі жұмбақтың, болмыс құпиясының алдында өтіп жатқанын үнемі ескертіп
отырды. Бұл құпияны түсіндіру мүмкін емес, бірақ біз ұзақ және ерінбей-жа-
лықпай пайымдайтын болсақ, оны ұға аламыз.
Өмір шежіресі
1889 жыл - Мартин Хайдеггер Баденде, Германияда дүниеге келді
1913 жыл - М. Прусттың «Жоғалған уақытты іздеуінің» бірінші томы шықты
1914- 1918 жылдар - Бірінші дүниежүзілік соғыс; Хайдеггер Фрайбург универси-
тетінде докторлық диссертация қорғады
1915- 1923 жылдар - Фрайбург және Марбург университеттерінде дәріс оқыды
1917 жыл - Ресейдегі революция
1921 жыл - Витгенштейннің «Логикалық-философиялық трактат» еңбегі жарияланды
1927 жыл - Хайдеггердің «Болмыс және уақыт» еңбегі жарық көрді
1933 жыл - Гитлер Германияның канцлері болды
1933 жыл - Хайдеггер Фрайбург университетінің ректорлығына тағайындалды
және өмірін нацистік идеологиямен байланыстырды
1934 жыл - Хайдеггер ректорлық қызметтен кетіп, жалғыз өмір сүрді
1936-1939 жылдар - Испаниядағы азаматтық соғыс
1939-1945 жылдар - Екінші дүниежүзілік соғыс
1947 жыл - Маршалл жоспары (соғыстан зардап шеккен Еуропа елдеріне амери-
калық көмек)
1961 жыл - Дж. Ф. Кеннеди АҚШ президенті болды
1962-1965 жылдар - Екінші Ватикан Кеңесі
1976 жыл - Хайдеггер дүниеден өтті
12-263
170
Ойлары
Феноменология
Хайдеггер бастапқыда ұстазы Эдмунд Гуссерльдің (1859-1938) көзқарасын
ұстанды. Гуссерльдің түсінігінде, адам санасының шоғырлана және тазара
алатыны соншалық, ол заттарды шын мәнінде қандай болса сондай етіп, яғни
түсіндірмелермен немесе тіл қызметімен бұрмаланбаған күйінде қабылдауға
мүмкіндік берді. Осы шоғырлану мен айқындалу үдерісін іске асыру үшін Гус
серль феноменологияны немесе сананы дерексіз, абстрактілі талдауды - фе-
номенологиялық анализді ойлап тапты. Хайдеггер осы идеяларды дамытты.
Феноменология ойлау теориясын ұсынды. Хайдеггер одан әрі барып,
болмыс теориясын жасады. Феноменология адам санасының ішкі мазмұнын
сипаттады. Хайдеггер болса, өмір сүрудің мазмұнын сипаттамақ боп шеш-
ті: ол болмыстың адамнан мұқият жасырылған құпия үдерістерінің тереңіне
бойлады.
Хайдеггер еңбектерінің мәтінін оқу мүмкін емес. Көп адамның тіпті кәсі-
би философтардың да ойынша, Хайдеггер өз философиясының сырын ұққан
таңдаулы аз адамнан тысқары шыққанын қаламаған мақсатпен әдейі түсінік-
сіз түрде жазған жоқ па деген сұрақ түындайды. Алайда Хайдеггер өзіне де-
йінгі барлық басқа еуропалық дәстүрде ой толғаған философтардан біршама
өзгеше пайымдады. Ойлаудың өзіндік жаңа тәсілін білдіру үшін оған жаңа тіл
қажет болды, себебі ғылыми ойдың толықтығын білдіру үшін қазіргі заманғы
ғалымдар үнемі арнайы жаңа ұғымдар ойлап тауып отырады. Бұл - кәсіби
философтарға арналған тіл.
Болмыс
Ежелгі заман философтары болмыс дегеннің не екені туралы сұраққа жауап
іздеді. Біз қазір оған қалай жауап береміз? Хайдеггердің айтуынша, біздің
оған жауап бере алмайтынымыз былай тұрсын, ең қиыны, біз тіпті ондай су-
рақты қоя алмаймыз, өйткені оның не екенін түсінбейміз де.
Ең алдымен, мына сұраққа жауап берейік: болмыс пен бар болу ара-
сындағы айырмашылықтар қандай? Дүниеде өмір сүретін барлық нәрсе бар:
кітап, от, қазір мен отырған орындық, алдымдағы маған қарама-қарсы жазу
үстелі, көшедегі жел және, әрине, менің өзім. Енді осы бар объектілер мен
олардың не істейтінінің арасындағы айырмашылықтарды анықтаймыз: олар
жай ғана... өмір сүріп, бар болып отыр. Бүкіл «бардың» (бар нәрсенің) мұ-
Мартин Хайдеггер: біз болмысты ұмыттық
171
нысы әрекет болып көрінеді, бірақ ол соншалық эрекет те емес немесе хал
секілді сезіледі, бірақ толық мағынасында хал деп атауға да болмайды. Бұл -
жоғарыда сипатталғандардың бәрінен маңыздырақ, негіздірек бірдеңе. Бұл -
болмыс. Болмыс - бар нәрсенің жай ғана бар болуы емес. Болмыс - заттар-
дың өмір сүріп отырғанының дерегі; олардың бар екенін негіздейтін нәрсе.
Бірақ біз баз баяғыша болмыстың не екенін білмейміз. Ол: «Чек кітап-
шамда чек қалған жоқ, бірақ кереуетімнің жанындағы үстелімнің үстінде ақша
бар», - деген сөйлемдегі «жоқ» және «бар» сөздерінің мәнінен тереңірек
және негіздірек әлдене. Дүние қандай болса, оны сондай деп ойлаңыз, сосын
оны Эйфель мұнарасынсыз елестетіңіз. (Бұл оңай!) Дүниені сәулетті ғимарат-
тарсыз, иттерсіз елестетуге тырысыңыз. Осылайша әр қадам жасаған сайын
біз Ештеңеге - аясында ешбір зат атаулы, тіпті кеңістік пен уақыт та жоқ халге
жақындай түсеміз. Ештеңені ешкім елестете алмайды. Дәл осылайша біз өз
қиялымызды болмыс идеясын - айналадағы барлық объектілер мен құбылыс-
тардын өмір сүруін мүмкін ететін нәрсені ұғынуға дайындауымыз қажет.
Хайдеггер бізді болмысты - дүниедегі бар нәрсенің алғышартын - барын-
ша мұқият қарастыруға жетелейді. «Болмыс» дегенде, Хайдеггер сиқырлы
таяқшасын сілтеп қалып бәрін бірден қалыпқа келтіретін қарабайыр Құдай
ұғымын меңземейді. Хайдеггер бізді болмыстың, айталық, бөтелкенің, дауыл-
дың немесе паспорттың (және есіңізде болсын, паспорт шындығында жай
ресми құжаттан әлдеқайда ауқымды нәрсе - ол белгілі бір қызметтер атқара-
ды, мүмкіндіктер береді, адамның іс-әрекетін шектейді және тұлғаның жеке
басын куәландырады) мәнінен едәуір ерекшеленетін мағынасын түсінуге апа-
ратын өз жолымызды анықтауға шақырады. Біз, қоршаған дүниенің объекті-
лері, бар құбылыс ретінде болмыспен өзара байланыстымыз, оны зерттеу -
өзіміз үшін аса қажет.
Адамдар болмысты ұмытты. Олар болмыс туралы сұрақ қоюды ұмытты.
Біз ғылымға тым қатты беріліп кеттік; біз бар дүниені зерттеуге назар ауда-
ратын ғылымды дамытумен әуреміз.
Dasein
*
Dasein - біздің «қамаудағы халіміз». Хайдеггердің айтуынша, біздің әр-
қайсысымыз әлеуметтік ортаға қамалғанбыз. Әлеуметтік орта - үстімізге кигі-
* Аудармашылардан ескерту: «Dasein» - Мартин Хайдеггердің өзге тілдерге аударылмайды
деп саналатын термині. «Дазайн» деп оқылады және «болмыс», «осында-болмыс» мағынасын-
да қолданылады.
172
зілген тыныштандырғыш жейдеге ұқсайды. Біздің ортамыз жастарды белгілі
бір дайын үлгілер бойынша әрекет етуге, рұқсат етілген шеңберден шықпау-
ға тәрбиелейді. Ол ақыр соңында Dasein болып шығады. Dasein өмір сүруі-
нің әр тәсілі «дүниедегі-болмыс» деп аталады. Dasein - адам мен болмысты
біртұтас етіп біріктіретін байланыстардың құрылымдық құрылысы. Негізгі
экзистенциалдық құрылымдар - уақыт, ажал және үрей.
Dasein енжар болмыс ретінде (кітаптар, үстелдер, құралдар сияқты) өмір
сүрмейді. Dasein-ның негізгі қасиеті «болмыстың бар болуының» өзінде жа-
тыр. Екінші жағынан, Dasein дегеніміз - «болмыстың болуын қажет ететін
бар дүние». Dasein әлеуетті мүмкіндіктерге ие емес (оқуға немесе ашылған
есікті тіреп қоюға болатын кітап сияқты, әлде үстінде түскі ас ішетін, са-
бақ оқитын, дастарқанды салбырата жаю арқылы астына балалар ойнайтын
орын жасауға болатын үстел сияқты). Dasein - осының бәрінің мүмкіндігі.
Айырмашылықтары: үстелді қолданудың әр нақты жағдайы даяшының, оқу-
шының немесе баланың шешіміне байланысты. Үстелдің өзі ештеңе шеш-
пейді. Хайдеггердің пікірі бойынша, өзінің не болатынын, қандай нәрсеге
арналатынын әр Dasein өзі шешеді: әкем сияқты кеңседе жұмыс істеймін бе,
әлде тәуекелге бел буып, өз мүмкіндіктерімді пайдаланып, ӨЗІМ болам ба?
Ештеңе де алдын ала анық емес. Dasein алдын ала берілген нақты мәнмен
тұйықталмаған. Бардың Dasein формасы болмысқа жол ашады. Dasein өзінің
мәнін өзі жасайды.
Dasein - болмысқа апаратын жол. Мұнымен бірге, Dasein - бүкіл бар нәр-
се сияқты, материалдық дүниенің нақты өмір сүріп отырған элемент! Dasein
болмысты зерделей және түсіне алады. Бірақ Dasein бар дүниемен - адам
тұлғасымен - ол теориялар құру немесе қандай да бір нәрсе туралы па-
йымдау қабілетіне ие болғанға дейін берік байланыс орнатады. Біз зерттеп,
зерделеуге тиісті бірінші нәрсе - біздің дүниедегі болмысымыз.
Өмір сүруден тысқарылық
Біздің «дүниедегі болмысымыз» жай енжар ғана емес (яғни, белсенді емес).
Бұл дүние бізді өзіне икемдейді және біз оған бейімделеміз. «Exist», Хай-
деггердің айтуынша, «ех-ist» - яғни сыртта болу, іс жүзінде өз санасынан
тысқарыда қалу дегенді білдіреді. Dasein - «өзгелермен болмыс» деген сөз.
Хайдеггер: «Адамның дүниеде болуы өзге де нақты нәрселердің болжалды
бар болуымен бір мезгілде жүзеге асырылады», - дейді.
Күйбең тірліктің турлі көріністерімен бетпе-бет келгенде біз қауіпке тап
Мартин Хайдеггер: біз болмысты ұмыттық
173
боламыз. Бұл қауіп - өмірімізде күн сайын болып жататын қат-қабат шаруа
мен усақ-түйектің тасасында жұтылып, өзімізді жоғалтып алу қаупі. Біздің
болуымызға, яғни бардың болмысына қарапайым керек-жарақтың болмысы-
на ұқсап кету қатері төніп тұр. Құралдар мен керек-жарақтарды адам тұты-
нушылықпен пайдаланса ғана олардың мәні бар. Күйбең тірлік - оқиғаларға
жабылған жасанды жамылғы, біздің болмысқа ашықтығымызды әлсіретіп,
шекарамызды тарылтатын, мүмкіндіктерімізді азайтып, бізді керек-жарақпен
теңестіруге ұмтылатын мата сияқты. Бардың болмысы жай ғана тірі болу
мәртебесінде қалып, өміріміздің мәні жоғалады.
Dasein өз мүмкіндіктерін толық ашып көрсеткенде ғана нағыз өзі бола
алады. Мәселен, менің өмір сүру салтым толығымен бейқам болуы мүмкін:
мен өзімнің кім екенім немесе не істеп жүргенім туралы тіпті ойланбаймын
да. Екінші жағынан, мен саналы түрде өзім үшін шешімдердің бәрін басқа
адамдарға қабылдауға мүмкіндік беретін өмір салтын таңдай аламын, өз өмі-
ріме өзім жауапты болатын тіршілік салтын да таңдауым мүмкін.
«Болмыс және уаңыт» (1927)
• Дүние - адами қам-қарекеттер өрісі. Біздің әрқайсысымыз - жеке «дүниедегі-
болмыспыз». Біз дүниеде бірдеңе жасағанда, оның объектілерін қозғағанда,
әлемнің өзі адамның ажырамас бөлігіне айналады.
• Біздің болмысымыз әлеуметтік ортада өтеді, біз бұл дүниені басқа адамдармен
бөлісеміз.
• Біз - қам-қарекеттен жаралғанбыз: қам-қарекет бізді қоршаған ортамен берік
байланысқан кезде жүзеге асады. Біз өмір сүретін қоғамға қатысты болғанда ол
жеке қам-қарекетке айналады.
Адамның үш негізгі сипаттамасы бар:
1. Деректілік: біз бүл дүниеге осында бар болуымызбен байланғанбыз.
2. Экзистенциалдық: бізде ниет пен мүмкіндік бар; бүл біздің қандай болғаны-
мызға және бола алатынымызға тікелей қатысты.
3. Торығушылық: біз жай дүниеде бар объектілер ғана болу қаупінің алдында
түрмыз. Бұл қауіп біздің өз мүмкіндіктеріміздің барлығын іске асыруға үмтыл-
мауымызға байланысты.
• Үрейдің кесірінен біз мағынасыздыққа тап болып, тіршілігіміздің соңы бар
екенін, өлімнің сөзсіз келетінін ұғынамыз. Уақыт өте келе біз қорытындылар
жасаймыз, өзімізді бағалаймыз, болмысымыздың бірлігін, біртектілігін қалап,
төлнұсқаға, ақиқат тіршілікке ұмтыламыз.
174
Уақыт және төлнұсқалық
«Бізді әрқашан бір нәрсе алаңдатады; бізде тіпті ойлануға бір минут та
жоқ. Сірә, осының бәрі өзімізге ұнайтын да секілді. Дүниені осылайша
сезінуіміздің дұрыстығына деген сенімділігіміздің салдарынан айналада-
ғы көптеген өзге заттармен араласып кетеміз», - дейді Хайдеггер. Бұл
болмыстан тіршілікке қашуға, ақыр соңында азап әкелетін сол тіршіліктің
мағынасыздығын ұғынуға ұқсас. Азапқа қарсы тұруға тырысқан кезімізде
бізге қайтадан артқа қадам жасауға және өз төлнұсқамызға қайта бет
бұруға мүмкіндік беріледі. Мен кіммін? Қайда барамын? Не үшін? - бұл
сұрақтарды азаптану сұрақтары десек болады. Бірақ олар бізді Dasein төл-
нүсқасына әкеледі.
Бүкіл объектілер уақытта тіршілік етеді; уақыт оларды басқарады. Dasein
уақытпен берік байланысты. Dasein дегеніміз - өзі болғысы келетін, уақытын
өзіне арнайтын әлдене. Уақыттың қандай да бір формасында өмір сүру -
Dasein-ның өліммен өзара байланыста болуының себебі. Dasein - өз мақ-
сатын өзі ұғынатын нәрсе. Мұның мәні: Dasein тіршілікте бар нәрсе өлімді
ұғынады деп пайымдайды.
Бірақ Dasein өз болмысын өзі билеп, өз болашағының тізгінін өз қолына
ала алады. Бұл жағдайда Dasein өзінен-өзі қашуды тоқтатып, өзінің ниеті,
қорқынышы, уақыттағы өз тіршілігі үшін жауапкершілікті мойнына алады.
Техникаға ұқсаған адам
Біздің мазасыздануымыз функционалды; бізге өзімізді қоршаған объектілер-
ді олардың ресурс, құрал, керек-жарақ ретіндегі құндылығын анықтау арқы-
лы қарастыру тән. Біз өзіміз де техникаға ұқсай бастадық. Өмірдің мұндай
индустриялық салты, Хайдеггердің ойынша, біздің шынайы болмысымыз-
ды ұмытуымыздың залалды салдары. Бүкіл адамзат тарихының барысында
біз заттарды, қоршаған дүние объектілерін (әуелі таяқшаларды, сүйектер-
ді, тастарды, кейін қару-жарақ, машиналарды, технологияларды, ал қазір
компьютерлерді) пайдалануға тырыстық.
Хайдеггер біздің техниканы қолдана білуімізге және оны басқаруымызға
ешбір шеңберге сыймайтын бақылаусыз әрекет ретінде қарайды: бастапқы-
да біз ресурстарды табиғатпен үйлесімде пайдаландық, енді ресурстарды
табиғатты тұтастай билеу үшін пайдаланамыз. Техника әлемі адамдардың
бірлесе өмір сүруінің ықтимал тәсілі ретінде пайда болды. Соған қарамастан,
ол бізден шынайы болмысын жасырып қалды. Қазіргі заманғы өмір техника-
Мартин Хайдеггер: біз болмысты умыттық
175
ның үстемдігіне байланысты; оның құдіреті біздің барлық мүмкіндігіміз бен
қабілетімізді көлеңкеде қалдырып отыр.
«Ғылым ойланбайды», - деп атап көрсетті Хайдеггер. Ғылым нақты бар
дүниеге бағытталуы тиіс. Ол болмысты ұғынумен және түсіндірумен айна-
лыспау керек. Біз табиғаттың қожайынына айналдық. Дүние - айла-амалын
тауып, басқаруға болатын объектілер жиынтығы; біздің өнеріміз - басқару-
дың озық әдісін есептеп шығаруда болып тұр. Бірақ біздің ойлауымыз, Хай-
деггердің пікірінше, қарапайым есептеуден және түрлі керек-жарақтарды
тиімді пайдаланудың неғұрлым тиімді тәсілдерін ойластырудан өзгеше. Біз
өзіміздің қайда екенімізді жете түсініп, бізден күйбең тіршілік жасырған төл-
нұсқамызды ұғынуға ұмтылған кезімізде, ойлау тоқтайды. Ойлаудың шарты -
ойлану мен толғану болса; техника - есептеуді талап етеді.
Метафизикадан тысқары
Хайдеггер ашықтыққа немесе жайдарылыққа (күллі бар нәрсенің негізі сана-
латын, дүниеде болудың сыйға берілген таңғажайып мүмкіндігін) болмыстың
аясындағы оқиғаларға түрткі болатын қандай да бір әрекеттерге итермелеу-
ші динамикалық құбылыс ретінде ой жүгіртті. «Болмыс өзін-өзі жаратады».
Біздің санамыз - дүниеде бар нәрсеге кездейсоқ көзқарас емес. Осылайша
Хайдеггердің назары Dasein-нан болмысқа көшеді. Мен будан былай дүниеде
ненің бар екені туралы ойлауға тырыспаймын. Болмыстың өзі менің ойлауы-
ма қажетті арна беруге ұмтылады.
Метафизика
- болмысты бар болу ретінде зерттеу; бар болып отырғанның мәні
туралы пайымдаулар; нақты дүние негізделетін алғашқы себептер мен принцип-
тер туралы ілім; бізді қоршаған нақты дүниені рационалды тану; адамды қорша-
ған заттар, олардың тереңдігі мен мәні туралы рационалды білім.
Метафизика болмыстың өзін емес, дүниеде бар объектілерді зерттейді.
Болмыс жасырын және өзін осы объектілер, бар нәрсе арқылы көрсетеді.
Біз метафизикадан тысқары шыққанда, өз ойларымызды адам табиғатын тү-
сінуге және метафизиканың өзі көтеретін тақырыптарға ұқсас мәселелерді
қарастыруға қажетті арнаға бағыттағанда, болмыс біз үшін жалаңаштанып,
өзінің барлық құпиясын ашады. Бірақ мәселелерді түсіну мен қарастырудың
осындай үдерістері мүлдем басқа деңгейде, метафизика бүкіл ойлау үдерісі-
не қауіпті залал келтірмей қол жеткізуді қалайтын деңгейде жүреді.
176
Хайдеггер ескі метафизикалық мәтіндерді қайта оқыған кезде болмыстың
жасырын және бүркемелі көріністерін зерттеуге үнемі ерекше назар аударып
отырды. Сондай-ақ ол барлық жасырын сырды айқара ашуға тырысты. Осы-
лайша Хайдеггердің пікірінше, болмыстың бүкіл тарихы - болмысты Платон,
Аристотель, Декарт, Ницше және т. б. үшін жасырын және құпия күйде сақ-
тап келген ұзақ жол.
Tin жэне поэзия
Болмыс өзін адамдарға көрсетпейді, өйткені біз сөйлейміз, тілді меңгерген-
біз. Болмыс сөйлеу барысында айқындалады. «Тіл - болмыстың үйі», - деп
атап өтті Хайдеггер. Ой болмыстың өнімі, жемісі болатын нәрсе туралы ғана
ақпарат бере алады. Ол оны сөздің көмегінсіз айтады, өйткені шын мәнінде
мұндай ақпаратты адам тілімен жеткізу мүмкін емес.
Біз техниканы жетілдіру және тіл білудің арқасында, қоршаған дүние зат-
тарын түрлі айла-амалмен пайдалану дағдысын дамыту арқылы болмысты
түсіну мен ұғынуда табысқа жетпейміз. Бар болуға толы болмысты өзіміздің
поэзиямыздың «ғимаратында» немесе одан тыс жерде жасаймыз.
«Салиқалы ақылға негізделген өмірлік ұстаным» деп атауға болатын нәр-
се үстіңгі бетте қалады, тіршілікте бар дүниені ыңғайына көндіріп, одан мағы-
насыз, таяз және маңызсыз әлдене жасайды. Ақиқаттың жарқырауы мүмкін
болатын поэзия ғимараты дегеніміз - осы.
Түйін
Феноменология дүние мен оны қабылдайтын сезім мүшелері арасындағы өза-
ра байланысты зерттейді. Бұл ретте ол санаға назар аударады, оны бейсана-
лық емес, саналылық қызықтырады. Дүниені және ондағы біздің орнымызды
мұқият талдау (сипаттау) адамдарға қоршаған ортаны ұғынудың оң және
теріс, зиянды жолдарын көре білуге көмектесу мақсатында дайындалды.
Хайдеггерді философ-экзистенциалистердің қатарына жиі қосады. Ол өзі
мұндай пайымдаулардың негізділігін мүлде мойындамады. Ол философтар-
дың ойларын «санадан» ажыратып, «болмысқа» аудара алды. Басқаша айт-
қанда, біз дүниеде бар нәрсені танып-білуге көмектесетін үдеріс туралы ой-
лаудың орнына, нақты өмір сүріп отырған дүние жөнінде ойлауымыз керек.
Дүниеде өмір сүріп отырған объектілер туралы идеялар ұсынуға байланысты
Мартин Хайдеггер: біз болмысты умыттық
177
философиялық дәстүр бұл жағдайда біздің Болмысты ұғыну мүмкіндігімізбен
қиылысады.
Қандай да бір объектілердің болу фактісі, оның ішінде біз де бармыз,
ғажайып және оны түсіндіру мүмкін емес. Бірақ философиялық дәстүр осы
фактіні түсіндіруге үмтылады. Болмыстың мәнін түсіну үшін біз өткен дәуір
философиясының дәстүрлі түсініктемелерін ескеруіміз керек. Болмысты ұғы-
ну рационалды зерттеулерге емес, таңырқаулы толғаныстарға ұқсас болуы
тиіс.
Мартин Хайдеггердің басты мақсаты - талдауды жүзеге асыру болды,
соның нәтижесінде болмыс өзінің мәнін ашып көрсетер еді. Ал шын мәнінде,
Хайдеггер адамның мәніне феноменологиялық талдау жасаудың шеңберінен
шыға алмады. Оның «болмыс» деп нені меңзегені немесе неге ол біздің бол
мысты ұмытуымызды мәселе санағаны үнемі айқын емес-ті.
Сіз болмыс туралы енді не түсінесіз? Сіз ол туралы ұмыта алар ма едіңіз?
Неге? Болмысты тілмен жеткізу мүмкін емес бірдеңе ретінде қарастырғаны-
ңыз жөн бе? Егер солай болса, неге? Болмыс біздің қабылдауымыз бен түсі-
нуіміз үшін өзінен-өзі күрделі болған күнде де, біз оны өз талқылауларымыз-
дың тақырыбы деп есептей аламыз ба?
Біз білімді тәжірибеден бөле алмаймыз; олар бір нақты дүниені қүрайды.
Әлбетте өмірге деген өз көзқарасымызды қалыптастырамыз. Біздің оған қа-
тысты өз ұстанымымыз бар, себебі біз олар туралы ойлаймыз. Төлнұсқалық
айналадағы заттардың немесе құбылыстардың кез келген дәлелін терістеуді
және адам зердесімен ұғынып үлгерген білімдерді қабылдаудан бас тарту-
ды білдіреді. Біз үшін өз өмірімізді басқару мүмкіндігіміз бен айналамыздағы
әлемге қатысты шешім қабылдау қабілетіміз аса маңызды.
Бар болу дегеніміз - өмірдегі бардың бәрі; ештеңе ғана тіршіліктен тыс-
қары тура алады. Болмыс уақытта болады. Уақыт өзгереді. Біз осы өзгеріс-
терді зерттеп, жаңа мүмкіндіктер ашуымыз қажет. Берілген түсіндірмелер-
ге сенбейінше, өмірдің не екенін түсіндіре алмаймыз. Өмірімізге өзіміз билік
етіп, жаңа мүмкіндіктер мен қабілеттерді сынауға, олар туралы білуіміз тиіс.
Әлбетте, біз сондай-ақ осы қабілеттердің шектері туралы да хабардар болуы-
мыз керек. Біз мұнымен дәл қазір айналысуымыз қажет; уақыттығыз. Бұл ой-
лардың барлығы этикаға біршама жақын, алайда Хайдеггер өзінің этикалық
ілімін қалыптастырмады. Қандай этика өмірдің төлнұсқалық және көшірмелік
салты ұғымдарымен байланысты еді?
Хайдеггерге табынушылар оның зерттеулерінің бұлжымас айқындылы-
ғын, детерминизмін мадақтайды. Олар оның ойлау мәнерінің айқындығы мен
асқақтығына таңданады. Оның болмысты түсінуі өзі ойлап тапқан сөзге ба-
|