319
Аллаға ақиқат көзімен қарадым және Оған: «Бұл кім?» дедім. «Бұл
сен де, мен де емеспін» деді, «Менен басқа Құдай жоқ». Одан соң мені
менімнен суырып алды да, Өзінің ішіне алды.... Содан соң Онымен
Оның Жамалындағы тілмен сөйлестім және «Сенімен менің арамызда
қандай қашықтық бар?» дедім. Ол «Мен Сендемін; Сенен басқа Құдай
жоқ» деді.
372
Бұл «жердегі» Құдай сырттағы трансцендентті бір Құдай емес-тұғын.
Құдайдың құпия формада адамның ішкі әлемінің ең түкпіріндегі «менімен»
бірдей екендігі ашылар еді. «Меннің» бұлай жүйелі түрде жойылу процесі
шексіз һәм сипаттауға келмейтін ақиқатта балқып ерігендей сезімге бөлей
-
тін. Осылай жоқ болу сатысы
(фәна)
сопылық идеяның орталығы болды.
Бистами Шахадатты көптеген Мұсылмандар секілді Құранда әмір еткен
-
дей мойынсұнушылықты білдіретін
Ислам
мағынасында емес, адасушылық
ретінде көрінетін формада жаңаша интерпретациялады.
«Сергек сопылар» ретінде танылған басқа сопылар қалыпты, тебірені
-
стері тізгінге келетін рухани жолды таңдады. Келешектегі барша мұсылман
мистицизмінің фундаменталды жоспарын сызып берген Жунайд әл-Бағда
-
ди (910 ж.ө.) Бистамидің радикалды көзқарастарының қауіпті екендігіне
сенетін.
Достарыңызбен бөлісу: