Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет121/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

«Өлеңдердің Өлеңіне Түсініктемесінде»
ұғындырғанындай, 
«сананың қармаған барлық ұғымдары шындықты іздеушінің әрбір сұрағы
-
на кедергі болады». Терең ойға берілген жанның мақсаты өз ойларының 
шегінен шыға отырып, қисынсыз болуы мүмкін кез келген елесті айналып 
өту болады. Сол кезде ғана танылмайтын әрі адами қабілет пен тәжірибе
-
ге бағынбайтын, бұған дейін ешбір жанды тану барысында сезілмеген «өз
-
геше болмысты сезе білуді» бастан кешіреді.
358
Бұл әдіске 
hesychast
, яғни 
«тыныштық» немесе «ішкі тыныштық» атауы берілді. Сөз, идея және елес 
пен бейнелер бізді өткінші өмірге ғана байлайтын болғандықтан, сананы 
саналы түрде тыныштандыру қажет, осылайша күтілген тыныштық хәліне 
қол жеткізілуі тиіс. Тек сол кезде ғана мистик ұғынылатын барша нәрседен 
жоғары тұратын Ақиқатқа жетуге үмітті бола алады. 
Ұғымға сыймайтын Құдайды қалайша тануымыз мүмкін? Гректер 
осындай парадокстарды ұнататын және 
hesychast
лар Құдайдың заты (
ousia)
мен энергиясы 
(energeiai)
, яғни әрекеттері арасындағы ескі айырымға қайта 
оралды: бұл бізге иләһи ақиқаттарға қатысты тәжірибе қабілетін береді. 
Құдайды ешқашан Өзі секілді тани алмайтындықтан, құлшылық барысында 
бастан кешірген хәліміз Оның 
затына
емес 
әрекеттеріне
жанасқанымызды 
білдіреді. Бұларды иләһи ақиқаттың «сәулелері» деп атауға да болады; 
ғаламды нұрландырады және иләһи ақиқаттан тарайды. Бірақ бұлар Күннің 
нұрының Күннен басқаша болғаны сияқты, Құдайдың өзінен өзгеше еді. 
Бұлар тұтасымен үнсіз әрі танылмайтын Құдай түсінігін алға тартқан-тын. 
Әулие Василий айтқанындай: «Құдайымызды әрекеттері арқылы білеміз; 
Оның затына жақындағанымызды айта алмаймыз, өйткені бізге жеткен тек 
358 Commentary on the Song of Songs , 6


311
Оның сәулелері, ал заты танылмай, қол жетпес болып қала береді».
359
Ескі 
Өсиетте мұндай иләһи әрекетке Құдайдың «құдіреті» 
(kavod)
делінген. Жаңа 
Өсиетте Табор Тауында Исаның адами қыры иләһи нұрмен өзгертілгенде, 
оның тұлғасында құдіреті жарқырап көрінген. Қазір бұл сәулелер барша 
жаратылыс әлеміне жайылып құтқарылғандарды құшағына алады. 
Energe
-
iai 
сөзінің мағынасы белсенді һәм әрекетшіл бір Құдай ұғымын білдіреді. 
Батыста Құдай өзін әзали қасиеттері, мейірімі, әділдігі және басқарушы 
құдіреті арқылы көрсетсе, гректер Құдайды әрдайым өзін құпия түрде 
ғаламға қатысты қылатын белсенді қалыпта танытады. 
Құлшылықта иләһи белсенділіктің әсерін бастан кешіргенімізде, ақиқат 
өзін бұлыңғыр қылып көрсетпесе де, Онымен белгілі бір дәрежеде тікелей 
тілдесеміз деуге болады. Танымал 
исихаст
Понтийлік Еуагрий (399 ж.ө.) 
құлшылықта Құдай жайлы тапқанымыздың ұғым мен бейнелерге қатысы 
болмаса да, иләһи ақиқатқа қатысты тікелей тебіреніс саналатынын 
айтқан. Сәйкесінше 
исихаст
үшін рухты жалаңаштау маңызды: монахтарға 
«құлшылық сәтінде ішкі әлеміңізде Құдайдың қандай да бір бейнесін 
қалыптамаңыз және санаңыздың қандайда бір форманың ықпалында 
қалуына жол бермеңіз» дейтін. «Абстрактіліге абстарктілі бір қалыпта» 
қатынас жасау керек.
360
Еуагрий Христиан Йогасын ұсынатын. Бұл ойға 
берілу емес, шынында да «құлшылық – түсінік атаулыдан арылу» дегенді 
білдіретін. Құдайдың сезім жолымен танылуы еді.
361
Барлық нәрседе бір
-
лік сезімін көруді, бейберекетсіздік пен көптіктен арылуды және «меннің» 
жойылуын жеткізетін, Буддизм секілді Құдай түсінігі жоқ діндердегі ойшыл
-
дардың бастан кешіргеніндей тәжірибені туғызатын. Сананы жүйелі түрде 
менмендік, құмарлық, үрей мен қызбалық секілді, «мен»-ге байлаған «нәпсі 
зынданынан» арылту үшін 
исихаст
иелері өздерін иләһи «әрекеттердің» 
сәулесімен өзгертіп, Табор Тауында Құдайланған Иса секілді хәлге жете 
алатын. 
359 Epistle 234.1.
360 On Prayer , 67.
361 Ibid ., 71.


312
Фотикидің бесінші ғасырдағы епископы Диадох Құдайланудың арғы дү
-
ниеге қалдырылмай, осы жерде, осы өмірде жүзеге аса алатындығына се
-
нетін. Тыныс алуды да қамтитын ойды жинақтау мен ішкі назарды бағытта
-
удың өзгеше әдісін үйрететін: тынысты ішке тартқан мезетте исихаст иелері 
«Иса Құдайдың ұлы» деп зікір етулері тиіс, сыртқа шығарған сәтте «бізді жа
-
рылқа» деулері керек. Кейінірек бұл әдіс жетілдірілді: исихаст иелері баста
-
рын иықтарынан салбыратып, жүрек немесе қарын тұсына қадала қарап 
отыратын. Назарларын ішкі әлемге бағыттап, жүрек секілді психологиялық 
өзекке жинақтау үшін жәйімен тыныс алатын. Бұл міндетті түрде орында
-
луы тиіс қатал тәртіп еді; сенімді жолбасшының бақылауымен ғана жүзеге 
асырылатын. Біртіндеп Буддист монах секілді исихаст рационалды идея
-
ларын бір тарапқа қалдырып, сананы жаулап алған қиялдардың сөнгенін 
байқайды және зікірмен тұтасып кеткенін сезе бастайды. Грек христиандар 
Шығыс діндерінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан әдістермен та
-
нысқан-тын. Олар құлшылықты психосоматикалық бір белсенділік ретін
-
де көрсе, Августин және Григорий секілді Батыстықтар құлшылықты рухты 
тәннің зынданынан құтқаратын амал деп білетін. Уағызшы Максим табанды 
түрде «Адам түбегейлі Құдай болуы керек, адам – Құдай тарапынан Құдай
-
ландырылуы тиіс, тұтас алғанда адам рух және тәннен тұрғанымен, мей
-
ірімнің сәулесімен Құдай, рух және тән болып өзгеруі тиіс» деген.
362
Исихастшылар мұны тек иләһи ақиқат бола алатындай дәрежеде қуатты 
һәм азапты түрде, ішкі әлеміне күш пен айқындылық толып жатқандай се
-
зеді. Сондықтан да мұның ақиқат болмауы мүмкін еместей. Байқағанымы
-
здай, Гректер бұл «Құдайлануды» адамдардың табиғи жолмен нұрлануы деп 
білген. Буддистердің адамдықтың шыңына шыққан Будда бейнесінен әсер
-
ленгені сияқты, гректер де Табор Тауындағы Исаның Құдайға айналуынан 
әсерленетін. Қайта Бейнелену Мерекесі Шығыс Православ Шіркеуінде өте 
маңызды; оны Құдайдың көрінісі яғни «эфифания» деп атайды. Батыстық 
бауырлары секілді, гректер қиындық тарту, азап шегу мен оқшалануды 
Құдайды сезінудің бастапқы міндетті сатысы ретінде көрмейді: бұлар жәй 
362 Ambigua , PG.91.1088c.


313
ғана түзетілуі тиіс қиындықтар. Гректерде «рухтың қараңғы түні» секілді 
культ жоқ. Негізгі діни мотив олар үшін Гефсимани да емес, Голгофа да емес, 
Табор Тауындағы оқиға. 
Әркім бұл жоғары сатыларға жете алмайды, бірақ қарапайым христиан
-
дар мұндай мистикалық хәлді иконалардың алдында бастан кешіреді. Ба
-
тыста діни өнер біртіндеп бейнелеуші қасиетке ие бола бастады: Византи
-
яда иконаның тіршілікте мәні жоқ еді, есесіне исихастардың сөзбен жеткі
-
зу мүмкін емес мистикалық тәжірибелерін мистика жолына түспегендерге 
түсіндіретін, көрініс арқылы жеткізуге тырысатын символ ретінде құнды 
болды. Ағылшын тарихшысы Питер Браун айтқандай, «Шығыс Христиан 
әлемінде икона мен рухани елестер бір-біріне маңыз сыйлайды. Ұжымдық 
бейнелі қабылдаудың негіздерінің бірі терең назарға берілу....алтыншы ға
-
сырға келген кезде түстер мен әр кісінің елестетуіндегі табиғаттан тысқары 
дүниелердің айқын түрлері жасалып, өнер мен сәулетте кең тарағанын бай
-
қаймыз. Икона жүзеге асқан бір түстің ақиқатынан да жоғары».
363
Икона
-
лар адамдарды тәрбиелеуге және оларға таным, пікір мен идеология таңуға 
қолданылмайды. Иконалар терең ойдың фокусы және сенушілер үшін иләһи 
әлемге ашылатын терезе іспеттес қызмет етеді. 
Иконалар Византия Құдайы тәжірибесінде негізгі орынды иеленгені 
соншалықты, сегізінші ғасырда Грек шіркеуінде доктриналық тартысқа се
-
беп болды. Адамдар шеберлер Исаның бейнесін салған кезде ақиқатын
-
да 
ненің
суретін салғанын сұрай бастады. Оның иләһи болмысын бейнелеу 
дұрыс емес еді, егер расында да шебер Исаның тек адамдық қырын ғана 
қашап салғанын алға тартар болса, Исаның адами және Құдайлық тарапы
-
ның бір-бірінен бөлек екендігін айтқан адасқан несториандық ағыммен 
бірдей жазалы болмай ма? Иконаға қарсы шығушылар түбегейлі тыйым 
салынғанын қалайтын, бірақ иконаны жақтап екі атақты епископ оларға 
қарсы тұрды: Вифлемге таяудағы әулие Саббас монастырынан Дамаскілік 
Иоанн (656-747) және Константинополь маңындағы Студий монастырынан 
363 Peter Brown with Sabine MacCormack, «Artifices of Eternity», in Brown, Society and the Holy in Late Antiquity (London, 1992), 
p. 212.


314
Феодор Студит (759-826). Олар иконамен күресушілер Исаның бейнесіне 
тыйым салу арқылы қателескенін алға тартты. Инкарнациядан бері мате
-
риалды әлем мен адам тәніне Құдайлық өлшем орнықты, шебер мұндай 
Құдайланған адамның бейнесін сала алады. Шебер Құдаймен бірге Құдай
-
дың бейнесін де салады, өйткені Логос саналатын Иса 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет