Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет129/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

қажылық қылады
және екі жылын Қағбада құлшылық етіп, терең ой 
құшағында өткізеді. Содан соң Евфрат жағасындағы Малатияға ірге тебеді. 
Көбіне 
аш-Шайх әл-Әкбар
– «Ұлы Ұстаз» лақабымен танылып, оның ілімі мұ
-
сылмандардың Құдай туралы түсінігіне өте қатты әсер етті. Бірақ ислам фи
-
лософиясы Ибн Рушдпен аяқталады деп есептеген Батысқа ықпалын жүргі
-
зе алмады. Батыстағы христиан жұрты Ибн Рушдтың аристотельдік Құдайын 
қабыл етсе, мұсылмандардың басым бөлігі күні кешеге дейін мистиктердің 
қиялдағы Құдайына ықылас танытқан болатын.
1201 жылы Қағбаны айнала тәуап қылып жатқанында, Мухиддин араби 
болмысында ұзақ уақыт әсерін сақтаған көрініске тап болды. Низам атты 
жас қызды көрді; қыз көк нұрына малынғандай еді, оны Мухиддин Софи
-
яның, Иләһи Даналықтың инкарнациясы деп түсінді. Бұл тәжалли көрініс 
(инкарнация) философияның рационалды пайымының шеңбері Құдайды 
сүюімізге септігі тимейтінін түсінуіне мүмкіндік берді. Философия Алла
-
ның трансценденттілігін қуаттайды және Оған ешбір нәрсенің ұқсамай
-
тындығын ескертеді. Мұндай бөтен Болмысты қалай сүйе аламыз? Тек қана 
жаратқан мақұлықтарындa көрінген бір Құдайға ғашық бола аламыз; 
Футу
-
хату’л-Маккиа
да («Мекке Аяндары»): «кез келген болмысты сұлулығы үшін 
сүйсеңіз, ол Құдайдан басқа болмыс емес, өйткені Ол Сұлу да Кемел Бол
-
мыс». «Осылайша бар қырынан алғанда ғашықтықтың мақсаты - Құдай».
381
Шахадат кәлимасы бізге Алладан басқа ақиқат Құдайының болмайтынын 
еске түсіреді. Одан басқа сұлулық та жоқ. Құдайдың өзін көре алмаймыз, 
бірақ Низам секілді жүрекке сезім шабытын беретін, Өзін көрсету үшін 
таңдаған тіршілік иелерінде Оны көре аламыз. Шынында да мистик Низам 
381 Futuhat al Makkiyah II, 326, quoted in Henri Corbin, Creative Imagination in the Sufism of lbn Arabi, trans. Ralph Manheim 
(London, 1970), p. 330.


330
сынды бір қыздың ақиқатында қандай жаратылыс екендігін көңіл көзімен 
көру үшін өзінде киелі иләһи көріністі жаратуға міндетті еді. Ғашықтық – 
болмысы көрінбей тасада қалған нәрсеге деген сезім: адамдар арасындағы 
сезімнің көңіл қалдырарлықтай боп жатуы сондықтан. Низам «ізденісімнің 
объектісі, үмітім және Пәк Мариам болды». 
Диван
атты ғашықтық поэмалар 
жинағының кіріспесінде баяндағанындай:
Бұл еңбегімде жазған шумақтарымда иләһи шабыт пен рухтың зи
-
яраты жайлы және Періштелердің Ақыл әлемімен [біздің әлем] сәй
-
кес болуды үздіксіз қолға алдым. Мұны жүзеге асырар кезде әрдай
-
ым қолданатын символдар арқылы ойлану әдісіме сүйендім; өйткені 
көрінбейтін әлемнің құбылыстары мені осы дүниедегілерден гөрі 
көбірек қызықтырады және ол жас қыз менің не жайлы сөйлегенімді 
жақсы білетін.
382
Шығармашылық елестету қабілеті арқылы Низамды Құдайдың 
аватар
ы
-
на айналдырған-тын. 
Бұдан шамамен сегіз жылдан соң жас Данте Алигьери Флоренцияда Бе
-
атриче Портинариді көрген кезде осыған ұқсас тәжірибені бастан кешірді. 
Қызды көрер-көрместен рухының қатты толқығанын сезді және жан да
-
уысымен былайша айқайлап жібергендей хәлге енді: «мені басқару үшін 
келген менен асқан күшті бір Құдай». Сол сәтте Данте Беатричеге сезінген 
ғашықтығының басқаруында еді; Беатриче «елестету қабілетімнің оған сый
-
лаған күшімен» менің қожайыным болды. Беатриче 
Құдіретті Комедия
да 
Данте үшін қасиетті махаббаттың символы болды. Мұны өзінің Жәһаннам, 
Ағраф және Жәннатты аралатып, Құдайдың жамалының дәргейіне жеткізген 
елес сапарында түсіндіреді. Данте өлеңдерінде Мұхаммедтің көкке ұшуы
-
ның мұсылмандар арасындағы түсіндірмелерінен әсерленген; шынында да 
оның шығармашылық елесі Мухиддин Арабидікіне өте ұқсас. Данте Аристо
-
тельдің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет