Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет126/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

ғұламалар
та
-
рапынан 1191 жылы Халебте өлтірілді. Өзі түпнұсқа «Шығыс» діні атаған 
сенім мен Исламды байланыстыру оның өмірін арнаған ісі болды және 
осылайша Ибн Сина аманаттаған істі соңына жеткізген болатын. Ол антика
-
лық кезеңнің бүкіл ойшылдары бір ғана доктринаны насихаттап кетті деп 
сенетін. Түбінде бұл доктрина (Сухрауарди Құрандағы Идрис пен Інжілде
-
гі Еношпен теңестіретін тұлға) Гермеске уахи етілген еді; Грек дүниесінде 
Платон мен Пифагор тарапынан, Таяу Шығыста Зәрдүшт мәжусилер тара
-
пынан тараған-тын. Аристотель заманынан бері аз ғана интеллектуал орта 
мен философтар ғана білетін және соңында Бистами мен Халлаж арқылы 
Сухрауардидің өзіне жеткенге дейін әр ойшылдан келесісіне сыр түрінде 
ұласып келген еді. Бұл ұзақ уақыттан бері өмір сүріп келе жатқан филосо
-
фия мистикалық еді және елес күшіне маңызды орын беретін, алайда ақыл
-
дың тәрк етілуін білдірмейтін. Сухрауарди интеллектуалды тұрғыдан Фара
-
бидей қабілетті еді, бірақ ақиқатқа жету үшін сезімнің де маңызды екенін 
қуаттайтын. Құран үйреткендей, барлық ақиқат Құдайдан келеді және қай 
жерде бар болса сол жерден іздеу керек. Бірқұдайшыл діндерде болғаны 


324
сияқты, пұтпарастық діндер мен Зараостризмде де табылып қалуы ғажап 
емес. Ағымдардың өзара текетіресіне себеп болатын догматикалық діндер
-
мен салыстырғанда, мистицизм көбінесе Құдайға барар жолдың адам са
-
нындай көп болуы мүмкін екенін айтатын. Әсіресе сопылық басқалардың 
сеніміне келгенде назар аударарлықтай құрмет көрсететін. 
Сухрауарди әдетте Шейх’ул-Ишрақ, яғни Нұрдың Шайхы деген атпен 
аталатын. Гректер секілді ол да Құдайды нұр арқылы сезінетін. Арабшада 
ишрақ
шығыстан көтерілген, арайлап атқан таңның алғашқы нұр-сәулелерімен 
жарықтануына берілген атау болатын. Осыған сәйкес Шығыс географиялық 
кеңістік қана емес, жарық пен энергияның, күш-қуаттың бастауы. Осылайша 
Сухрауардидің Шығыс сенімінде адамдар Шығысты бұлыңғыр кейіпте есіне 
алады, бұл көлеңкелі өмірде өздері рахат таппайды, сондықтан да алғашқы 
мекендеріне қайтуды қалайды. Сухрауарди философияның Мұсылмандарға 
тура жол табуға септесетінін, елестету қабілеті арқылы ішкі әлемдеріндегі 
мәңгілік хикметті аршып алуға көмектесетінін алға тартқан еді. 
Сухрауардидің мидай сапырылысқан дүниетаным жүйесі әлемдегі 
барша діни көзқарасты рухани дінге топтастыруға деген талпыныс болатын. 
Ақиқатты қай жерде көрініс тапса, сол жерден іздеу керек. Қысқасы, оның 
философиясы Исламнан бұрынғы Иран космологиясы және Птоломейдің 
планета жүйесі мен неоплатонизмнің эманация схемасын байланыстыратын. 
Одан басқа ешбір философ Құраннан мұншалықты көп үзінді келтірмейтін. 
Космологияны талқылағанда, Сухрауарди ең әуелі ғаламның физикалық 
бастауын түсіндірумен шұғылданды. Негізгі еңбегі 
Нұрдың Хикметі
нде 
(Хикмат’ул-Ишрақ)
физикалық және жаратылыстану ғылымдарына қатысты 
проблемаларды зерттеп бастады, бірақ бұл еңбегінің мистикалық бөліміне 
кіріспе ғана болатын. Ибн Сина секілді, ол да ақиқаттың тұтас танылуы үшін 
рационалды және метафизикалық спекуляцияның орны бар екеніне сенетін 
және философияның тек қана рационал пайым мен объективті негізге сай 
дамуына көңілі толмайтын. Оған салса, хикмет иесі даналар философия мен 
мистицизмнен де алдыңғы қатарда еді. Әлемде әрдайым мұндай даналар 
болған.шииттікимамат түсінігіне жақын теорияға сай, Сухрауарди біз 
білмеуіміз де мүмкін, бірақ мұндай рухани басшы болмаса дүние тіршілігі 


325
ары қарай жалғаспайды, сондықтан тіршіліктің тірегі 
құтб
тың бар екеніне 
сенетін. Сухрауардидің Ишрақилік мистицизмі Иранда әліге дейін өмір сүріп 
жатыр. Тек таңдаулыларға ғана тән болғандығы үшін емес, исмаилиттер мен 
сопылар секілді, рухани және шығармашылық тәрбиені қажетсінетіндіктен, 
эзотерикалық жүйе ретінде жалғасып келеді.
Гректер, бәлкім, Сухрауардидің жүйесін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет