Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет127/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

керигматик
емес, 
догматик 
деп тануы мүмкін. Ол барша дін мен философияның жүрегінде жатқан 
шығармашылық дәнді табуға тырысатын және ақылдың жеткіліксіз екенін 
қуаттаса да, ең терең сырларды тану үшін оның маңызды рөлін жоққа 
шығармайтын. Ақиқат тек эзотерикалық мистицизммен ғана емес, ғылыми 
рационализм арқылы да танылуы тиіс; сезімдік қабілет сыни ақылмен де 
тәрбиеленіп, мағлұматтануы шарт. 
Атынан байқалғандай, Ишрақи философияның негізін Құдайдың 
кемелдігінің синонимы сынды көрінетін нұр символы қалайтын. Он екінші 
ғасырда нұр тіршіліктің нақты һәм сипаты жоқ, бірақ ең айқын құбылысы 
еді: тұтасымен өзіне сүйенген, ешқандай да сипаттаманы қажетсінбейтін, 
бірақ баршасы қабыл еткен, өмірді маңызды еткен элемент сол еді. Барша 
нәрсені қамтитын: материалды денелерге тән әр түрлі сәуле тікелей 
нұрдан, яғни заттардан тысқары бір бастаудан келетін. Сухрауардидің 
эманациялық космологиясында Нұрлардың Нұры, философтардың өте 
қарапайым Міндетті Болмысына сәйкес келетін. Бұдан тізбектеле төмендеу 
сатыда иерархияға ие нұрлар тарайтын; әрбір нұр, Нұрлардың Нұрына 
мұқтаждығын сезіне отырып, материалды дүниенің негізі болатын көлеңке 
қалыптастыратын, бұлар өз кезегінде Птоломей сфераларына сәйкес 
келетін. Бұлар адам ішіндегі кедергілер үшін жасалған салыстыру еді. Нұр 
мен қараңғылықтың ұқсас қойыртпағы әрбірімізде бар: нұр немесе рух 
Қасиетті Рух (Ибн Синаның схемасында Жәбірейіл періште ғаламның нұры 
ретінде танылған-тын) тарапынан эмбрионға жан боп кіретін. Рух Нұрдың 
бұдан да жоғары әлемімен бірігуді қалайтын, егер заманның 
құтб
ы немесе 
оның ізбасарларының біреуі жеткілікті деңгейде тәрбиелей алса, Нұрды 
осы дүниеде-ақ көре алатын. 


326
Сухрауарди өзінің нұрланып, ішкі көзінің ашылуын 
Хикмет
інде түсіндіріп 
өткен. Эпистемологиялық мәселелерге бас қатырып, шешім жолын табуға 
тырысады, кітаптардан оқығаны оған жол сілтей алмайды. Кейін ол Имамды, 
құтб
ты, рухтың емшісін түсінде көреді: 
Кенеттен мені мейірім құшағына алды; көз шағыстыратын жарық 
сәуле шашылды, одан соң адам пішіндес нұр көрінді. Мұқият қарадым, 
ол да сол жерде еді... Маған тура келді, сыпайы, жұмсақ амандасқаны 
соншалықты, менің сасқан көңілім басылып, үрейім бұрыннан таныс 
жанды көргендей сезіммен алмасты. Сосын мен оған таным жайлы 
проблемаларымды айтып, шешім таба алмай жатқанымды жеткіздім . 
«Оян, өзіңе кел» деді маған, «сол кезде шешімін табасың».
378
Ояну немесе нұрлану процесі пайғамбарлықтағы ауыр әрі қатал ша
-
быт түрінен өзгеше еді. Будданың үнсіз нұрлануына көбірек ұқсайтын: 
мистицизм Бірқұдайлық діндерге байсалды бір руханилық сыйлаған-тын. 
Ақиқатпен жанасу арқылы емес, нұрлану мистиктің өз ішінен бастау алатын. 
Бір-бірінен айырылып жатқан құбылыс жоқ еді. Мұның орнына адам бой
-
ындағы елестету қабілетінің іске қосылуы адам ұрпағына Құдайға оралуға, 
алам әл-мисал
ға, яғни саф бейнелер әлеміне бойлау қабілетін беретін.
Сухрауарди ежелгі Иран сеніміндегі 
гетик
тегі (физикалық әлем) әр жан
-
ды мен әр құбылыстың 
менок
та (көк әлемі) сәйкесі табылатын өрнек әлемді 
қалайтын. Мистицизм Құдай діндерінің тәрк еткен ескі мифологияларын 
қайта жандандыратын. Сухрауардидің схемасында 
алам әл-мисал 
болған 
менок
осы әлеміміз бен Құдай әлемі арасындағы өткінші мекен саналатын. 
Бұл ақылмен де, сезім жолдарымен де қамтылмайтын. Құран бізге оның 
символикалық түсіндірмесі арқылы рухани мағынасын ұқтырғаны секілді, 
алғашқы құпия өрнектерді жаңадан ашуға мүмкіндік беретін де елестету қа
-
білеті еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет