Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет135/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Шехинаны
көре 
алады. Яхудилер Құдайға ұқсап 
apatheia 
хәліне жетуі тиіс, менсінбеушілік 
пен зұлымдық секілді істерге жоламауы керек. Құдайға дос секілді қатынас 
жасауға болады. Ешбір Тақтағы Мистицизмнің мистигі Құдайға Элеазар си
-
яқты «Сен» деп сөйлеуді тіпті түсінде де көрмеген еді. Бұл жақындық сезімі 
литургияда да көрініс тапқан және трансцендентті болғанына қарамастан 
барлық жерде һәм барлық іске қатысты Құдай бейнесі жасалған:
Бәрі Сенде және Сен де – барлығындасың. Сен бәрін толтырып, 
бәрін де қамтисың.
Барлығы жаралған кезде, Сен бәрінде бар едің, барлығы жаралмай 
тұрып та, Сен барлығы едің.
393
Раввиндер мұндай имманенттілікті ешкімнің Құдайға жете алмайтын
-
дығын, бірақ тек Құдайының салтанаты 
(кавод)
немесе 
Шехина
деп аталатын 
ұлы сәулесімен өзін адам ұрпағына айқындап көрсетеді деп сипаттады. Пи
-
етистер ап-айқын ретсіздіктен еш қиындық көрмейтін. Теологиялық терең 
тақырыптардан гөрі барынша практикалық мәселелермен шұғылданатын, 
Яхудилер бір-біріне терең назарды шоғырландыру әдістері 
(кавванах)
мен 
Құдайдың барлығын сезімін арттыратын амалдарды үйрететін. Үнсіздік шарт 
болатын; пиетист көзін жұмады, рахатсыздық сезінбес үшін көзін мінәжат 
орамалымен байлайды, қарнын ішке тартып, тістерін қышырлататын. Бол
-
мыс сезімін ояту үшін «дұғаны шалқыта төгілтетін» айрықша жолдар іздеді. 
Тек қана литургия сөздерін қайталаудың орнына пиетистер әр сөздің әріп
-
терін санап шығуы тиіс, олардың жалпы санын есептеуі шарт және осылай
-
ша тілдің сөздік мағынасының ар жағына бойлауы керек. Назарын биікке 
тігіп, өте жоғары ақиқатқа қатысты сезімді өз ішінде тудыруы шарт. 
393 «Song of Unity», quoted in Gershom Scholem, Major Trends in Jewish Mysticism, 2nd ed., (London, 1955), p. 108.


342
Антисемиттік проблемалар болмаған Ислам империясында яхудилердің 
жағдайы өте жақсы болатын және бұл ашкеназ пиетизміне қажеттілік
-
ті туғызбады. Бірақ бұлар да мұсылмандар арасындағы дамуларға сәйкес 
жаңа яхудилікті қалыптастырды. Яхуди файласуфтар Көне Өсиет Құдайын 
философиялық тұрғыдан сипаттауға тырысып жатқанда, қалған яхудилер 
Құдайларын мистикалық және символикалық тұрғыдан тәпсірлеуге кірісті. 
Бұлардың әдісі ұстаздан шәкіртке берілген эзотерикалық пән болатын: 
бұған Каббала, яғни «мұраға қалдырылған дәстүр» деген ат берді.
Соңында Каббала Құдайы яхудилердің көпшілігіне тартымды көрінді 
және философтардың Құдайы ешқашан қол жеткізе алмаған яхудилік елес 
күшіне негізделген формасын тапты. Философия Құдайды трансцендентті 
абстракцияға айналдыру қаупіне ие еді. Ал мистиктердің Құдайы рацио
-
налды пайымнан гөрі ішкі тереңдікте жатқан қорқыныш пен үрейге әсере 
ете алатын. Тақтағы Мистиктер Құдайдың құдіретіне сырттай назар салу
-
мен шектелсе, каббалистер Құдайдың ішкі тіршілігіне және адам санасына 
терең қатпарына енуге тырысты. Құдайдың табиғаты және Оның әлеммен 
байланысындағы метафизикалық проблемалар жайында тұжырым жасау
-
дан гөрі каббалистер елес күшіне мән берді. 
Сопылар секілді, каббалистер де Құдайдың заты мен уахи және жара
-
тылған әлемде өзін көрсететін Құдай арасында гностик және жаңапла
-
тондық айырымды қолданды. Құдайдың өзі заты тұрғысынан танылмайды, 
қамтылмайды және тұлғалық ерекшеліктерге ие емес. Жасырын Құдайға 
Эн 
Соф
(сөзбе-сөз: соңы жоқ деген мағынаға келеді) атын берді. 
Эн Соф
жай
-
ында ешқандай да мағлұматымыз жоқ: Көне Өсиет пен Талмұдта айтыл
-
майды. Он үшінші ғасырға тиесілі аноним дереккөздердің бірі 
Эн Соф
тың 
мәні адамзатқа уахи етілмейді деп жазды.
394
YHWH
-пен салыстырғанда 
Эн 
Соф
тың аты жоқ; Ол тұлғалық қасиетке ие емес. Шынында да бұл Құдайды 
Ол деген дұрысырақ. Бұл Ескі Өсиет пен Талмұдтағы тұлғалық қасиетке ие 
Құдайдан түбегейлі бас тарту болатын. Каббалистер діни сананың жаңа 
аймағын табу үшін өз мифологияларын туғызды. 
394 Ibid ., p. 11.


343
Эн Соф
пен 
YHWH
арасындағы байланысты негіздеп, екеуінің екі түрлі 
болмыс екенін айтатын гностикалық адасушылыққа түспес үшін каббалистер 
киелі жазбаларды оқудың символикалық әдісін дамытты. Сопылар секілді 
олар да жасырын Құдайдың өзін адамзатқа танытқанын білдіретін тұтас 
процестің бейнесін жасап шықты. 
Эн Соф
өзін яхуди мистиктерге иләһи 
ақиқаттың бөлек-бөлек он түрлі бөлігі немесе 
сефироты
(«санамалау») 
арқылы көрсетті және бұлар танылмайтын Құдайдың жету мүмкін емес 
түпсіз тереңінен қайнап шығатын. Әрбір 
сефира Эн Соф
тың назарынан өтетін 
уахидің бір деңгейін білдіретін және әрбірінің өзіне тән символикалық атауы 
бар еді. Бірақ бұл иләһи сфералар әрбірі өзгеше қырдан айшықталатын 
Құдайдың тұтас сырын ішіне сыйғызатын. Каббалист тәпсіршілер Ескі 
Өсиеттің әрбір сөзін он 
сефирот
тың бірімен байланыстыратын: әрбір қатар 
Құдайдың ішкі тіршілігіне сәйкестігі бар бір құбылысты немесе феноменді 
сипаттайтын. 
Ибн әл-Араби Құдайды өзін адамзатқа ашып көрсетуші сүйіспеншілікке 
толы демімен дүниені жаратқан Сөз ретінде көретін. Ұқсас кейіпте 
сефирот
та Құдайдың өзіне берген есімдері мен ғаламды жаратудың құралы 
саналатын. Бұл он есімнің барлығы Оның адамға білінбеген ұлы Есімін 
құрайтын. Бұлар
 Эн Соф
тың жету мүмкін емес болмысының өткінші дүниеге 
енуінің сатыларын білдіретін. Бұл сатылар немесе деңгейлер төмендегідей:
1.
Кетер Элион:
«Жоғарғы тәж».
2.
Хохма:
«Даналық».
3.
Бина:
«Парасат».
4.
Хесед:
«Ғашықтық» немесе «Мейірім».
5.
Дин:
«Құдірет» (әдетте қатал үкімнен көрінеді).
6.
Рахамин:
«Жанашырлық»; кейде 
Тиферет:
«Сұлулық».
7.
Нецах:
«Ұзақ шыдамдылық»
8.
Ход:
«Ұлылық».
9.
Йесод:
«Негіз».
10.
Малкут:
«Патшалық»; сондай-ақ 
Шехина 
деп те аталады
.


344
Сефирот
кейде тамыры 
Эн Соф
тың танылмайтын тереңдіктеріне дейін 
жалғасқан, ұшар биігінде 
Шехина
бар кері төңкерілген бір ағаштың бей
-
несінде суреттеледі (суретке қараңыз). Бұл жанды бейне Каббалистік сим
-
воликаның тұтастығын білдіреді. 
Эн Соф – 
ағаштың бұтақтарын бойлап аға
-
тын шырын; оларға тіршілік нәрін береді және барлығын құпия әрі күр
-
делі болмыс ретінде біріктіреді. Эн Соф пен Оның есімдерінің арасында 
бір айырмашылық бар болса да, бұл екеуі көмір мен от секілді тұтас. 
Сефи
-
рот Эн Соф
тың белгісіздікте қалған қараңғылығын жарық дүниеге шығара
-
тын нұр-сәулені білдіреді. Сонымен қатар, «Құдай» - ұғымымыз көрсететін 
ақиқатты дәл мағынасында сипаттау мүмкін еместігін ұқтырудың бір жолы.
Сефирот
әлемі Құдай мен әлем арасындағы «сыртқы» балама ақиқат 
емес. Көк пен жер жүзі арасындағы баспалдақтың сатылары да емес, тек 
қана сезім арқылы бастан кешірілетін әлемді білдіреді. Құдай барлық нәр
-
седе бар болғандықтан, 
сефирот
бар болған әрбір нәрседен табылады және 
белсенді. Сонымен қатар, мистиктің өз санасының тереңіне сүңгіп отырып, 
Құдайға көтерілуіне солар арқылы жол ашатын адам санасының деңгей
-
лерін де көрсетеді. Осылайша Құдай мен адам тағы да тұтастықта таныты
-
лады. 
Кейбір каббалистер 
сефирот
ты Құдай тарапынан алғашқы адамның әу 
баста мақсатты түрде жаратылған қол-аяғының сипаты ретінде көреді. Тәу
-
рат адамды Құдай бейнесінде және оған ұқсас жаратылды дегенде осыны 
меңзеген: жер бетінің әдепкі тіршілігі көк әлемінің архетип болмысына сәй
-
кеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет