Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет133/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

ғұлама
лардың тым қағидашыл Құдайынан 
гөрі нақты әрі сүйіспеншілікке толы Құдайын іздеген-тін. Сопы 
зікір
құл
-
шылығын, экстазға жету үшін Иләһи Есімдерді мантра ретінде қайталап 
айту, 
тариқат
тардан тысқары жерлерде де кең таралды. Мұқият бекітілген 
тыныс алып шығару техникалары арқылы жүзеге асатын сопылық жаттығу
-
лар адамның ішкі әлеміндегі трансцендентті болмысты сезінуге сеп болады. 
Тым жоғары мистикалық сатыға кез келгеннің қабілеті жете бермейді, алай
-
да бұл рухани жаттығулар адамдардың кісі кейіпті Құдай ұғымдарын тәрк 
етіп, Оны өз жанында бір болмыс ретінде сезінулеріне көмектеседі. Кейбір 
тариқаттар
ішкі назарды күшейту мақсатында музыка мен би-қимыл түр
-
лерін де қолданды және олардың 
пір
лері халық арасында мәшһүр болды.
Бұл сопы 
тариқат
тардың ең атақтысы – Батыста «айналушы дәруіштер» 
ретінде танылған Мәуләуийа тариқаты. Мәулауилердің маңғаз һәм әсем биі 
– терең назарға жетудің әдісі. Айнала билегенде сопы 
фәна
хәлінің дәмін 
татып, би барысында өз нәпсісінің еруін сезеді. Тариқаттың құрушысы 
Жәлал әд-Дин Румиді (1207-1273) шәкірттері Мәулана, яғни Ұстазымыз деп 
атаған. Орта Азияда – Хорасанда туған, бірақ моңғол әскерінің келе жатқан 
шабуылынан қашып, қазіргі Түркия жеріндегі Конья қаласына келген. Көп
-
теген адам Аллаған сенімін жоғалтып, иләһи жазаға тартылған кезде оның 
мистицизмі осыған Исламның қайтарған жауабы секілді бағаланды. Мәу
-
лананың идеялары замандасы Ибн әл-Арабидің ойларымен ұқсас келеді, 
алайда сопылардың қасиетті кітабы ретінде мойындалған 
Мәснәуи
ін халық 
бәрінен бетер құныға оқыды және ол мистиктер Құдайының сопылар ғана 
емес, қарапайым жандар арасында да кеңінен ірге жаюына ықпал етті. 
1244 жылы Мәулана – Шәмс әд-Дин есімді кезбе дәруіштің ықпалына 
түсіп, оны заманының Кемел Адамы деп таныды. Шынымен де, Шәмс әд-Дин 
өзін қайта тірілген Пайғамбармын деп сенетін. Ол – ол ма, жұрттан тіпті қо
-


338
ярда-қоймай өзін «Мұхаммед» есімімен дәріптеуді талап ететін. Бейбастақ 
мінез-құлқымен қоса, өзі мәнсіз-мағынасыз көретін Ислам Құқығына, яғни 
Шариғатқа бойсұнбайтын, өзін одан үстем санайтын. Шәкірттер қадірмен
-
ді ұстаздары Мәулананың Шәмс әд-Динге деген сырт көзге оғаш көрінетін 
ессіз ғашықтығынан қауіптене бастады. Шәмс ұйымдасқан топтың қолынан 
мерт болған кезде Руми жұбаныш таппастай хәлге түсті және тұңғиық ми
-
стикалық әуез бен бидің әсеріне берілді. Қасірет-қайғы бейнесін Құдайдың 
сүйіспеншілігінің символына, яғни Жаратушының адамзатқа және адамзат
-
тың Жаратушыға деген ынтық сағынышына айналдыруға тырысты. Не болса 
да, кез келген екі аяқты, жұмыр басты пенде өз болмысының әдепкі Баста
-
уынан жырақтап кеткендігін сана түкпіріндегі түйсігі арқылы сезінеді және 
көзге көрінбейтін Құдайын шарқ ұрып іздейді:
Тыңда, бұл сыбызғы нені түсіндіргісі келеді; тыңда, айырылысуын 
қалай шағым қылады: «Мені сазымнан айырғаннан бері, ер мен әйел 
біткен бұл зарымды естіп жылады. Айырылысудың қайғысынан пар
-
шаланған жүрек – менің қалауым; ішкі дертін түсіндіріп көрейін. 
Бастауынан, отанынан жырақ қалған жан қауышу сәтін тағатсыз тосып 
жүреді».
391
Кәміл Адам Құдайды сарсыла іздегенде өткінші өмір иелері шексіз ша
-
бытқа бөленеді деп сенетін. Шәмс әд-Дин Румидің ішінде ернеуінен аса 
тасыған жырды бостандыққа шығарды және 
Мәснәуи 
бұл айырылысудың 
шер-шеменін өлең өрнегі арқылы танытты. 
Басқа сопылар секілді, Руми де ғаламды Құдайдың шексіз есімдерінің 
теофаниясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет