360
V
ІІІ
.
Реформаторлар
Құдайы
XV
және XVI ғасырлар Бір Құдай жолындағы халықтар үшін
шешуші кезеңге айналды. Ол әсіресе
өркениетті әлемнің басқа
мәдениеттерімен үзеңгі қағыстырып қана қоймай, оларды басып озған
христиандық Батыс үшін маңызды дәуір болды. Бұл жүзжылдықтар қысқа
уақыт ішінде Солтүстік Еуропаға жайылып үлгерген Италия Ренессансына,
Жаңа Дүние табалдырығына, әлемнің қалған аймақтары үшін де тағдыршешті
болатын ғылыми төңкеріске апаратын соқпақ салды.
Батыс жұрты XVI ғасырдың соңына таман мүлде жаңа мәдениеттің ұрығын
септі. Бұл кезең жаппай мазасыздықпен қатар, жетістіктерімен де сипатталды.
Осы ерекше ахуал әсіресе Батыстағы Құдай тұжырымдамасынан айқын
көрініс тапты. Зайырлы сипаттағы табыстарына қарамастан, еуропалықтар
діни сенім мәселесіне бұрынғыдан бетер алаңдады.
Адамдар әрекетшіл
жаңа ортадағы өз қажеттіліктерін қанағаттандырмайтын ортағасырлық
дін ережелеріне наразылық білдірді. Ұлы реформаторлар бұл дау-дамайға
белсенді түрде араласып, Құдай және Құтқару тақырыбы төңірегінде
жаңаша көзқарас қалыптастырып жатты.
Еуропа халқы әрдайым бір-біріне өштесіп, өзара күдіктен арылмаған екі
ымырасыз тарап – католиктер мен протестанттарға бөлінді.
Реформация
дәуірінде католик және протестант реформаторлары діншіл қауымды
әулиелер мен періштелерге өліп-өшкенше ғибадат жасаудан бас тартып,
тек қана Құдайға құлшылық ету жолына шақырды. Бір қарағанда,
еуропалықтардың ақыл-есін тұтасымен Жалғыз Жаратушы жаулап алғандай
көрінді. Соған қарамастан, XVII ғасырдың басында кейбіреулердің қиялында
«атеизм» ірге тепті. Бұл олардың Құдайдан
безінуге дайын екендігін
білдіретін бе еді?
361
Гректер, еврейлер мен мұсылмандар осы кезеңде дағдарысқа ұшырады.
1453 жылы Осман түріктері христиандардың астанасы Константинопольді
жаулап алды және Византия империясын күйретті. Содан былай қарай
гректер дамытқан дәстүрлер мен руханилықты Ресей христиандары
іліп әкетті. 1492 жылдың қаңтар айында Христофор Колумб Жаңа Әлем
ашқан уақытта Испанияда Фердинанд және
Изабелла мұсылмандардың
Еуропадағы ең соңғы қамалы – Гранадаға баса-көктеп кірді: көп ұзамай
ислам дінін тұтынғандар сегіз жүз жыл бойы өздерінің қонысы болған
Пиреней түбегінен қуылды.
Мұсылмандық Испанияның күйреуі еврейлерге сұмдық қатер төндірді.
Гранаданы жаулаған соң бірнеше аптадан кейін, 1492 жылдың наурыз айында
христиан монархтары еврейлерге «не шоқынасыңдар, не қуыласыңдар»
деген шарт қойды. Испаниядағы еврейлердің көпшілігінің өз қоныстарына
бауыр басып кеткендері соншалық, христиан дініне өтті; бірақ кейбіреулері
өз сенімдерін құпия түрде ұстана берді:
мұсылмандығын тастаған
морискілер (маврлар) секілді, жолдан тайған еврейлерді де инквизиция
соты дінбұзарлардың қатарына қосып, қудалауға ұшыратты. Алайда жүз
елу мыңға жуық еврей шоқынудан бас тартқан соң, Испаниядан күштеп
шығарылды: олар Түркия, Балқан мен Солтүстік Африкадан өздеріне пана
тапты. Испания мұсылмандары еврейлерге диаспорадағы әрі-беріде теңдесі
жоқ ең құнарлы, түгін тартса майы шығатын шұрайлы жерлерді берген еді;
сондықтан испан еврейлерінің тамырына балта шабу күллі әлем еврейлері
үшін 70-шы жылы Ғибадатхана қиратылғаннан бергі уақыт ішінде халықтың
басына төнген ең зор нәубет саналды. Қуғын-сүргін тағылымы еврейлердің
діни санасына бұрын-соңды болмағандай тереңдеп сіңді: бұл Каббаланың
жаңа түрі мен жаңа Құдай концепциясының дамуына ұласты.
Бұл кезең әлемнің басқа аймақтарында өмір сүрген мұсылмандар үшін
де ауыртпалық пен шиеленіске толы болды. Дүниені дүр сілкіндірген моңғол
шапқыншылығы
аяқталып, адамдар өлгенін тірілтіп, өшкенін жандыруға
тырысқан шақта консерватизмнің көсегесі көгере бастаған еді. XV ғасырда
сүннит ғалымдары бұдан былай иджтихад (тәуелсіз пайымдау) қақпасының
жабық болатынын ресми түрде мәлімдеді. Енді мұсылмандарға шариғат
362
жөніндегі еңбектерді бұрынғы заманның үлкен ғұламалары
таклид
ететін
(пайымдайтын) болды. Мұндай ахуалда
Құдай туралы жаңа ойлардың
туа қоюы екіталай еді. Алайда бұл кезеңді көптеген Батыс ғалымдары
байыптағаны сияқты, Ислам тарихындағы құлдырау дәуірі деп қабылдау
қателікке ұрындырады. Маршалл Гудвин Симс Ходжсонның
Достарыңызбен бөлісу: