354
Экхарт Августиннің адам санасындағы Үштік аналогиясын қолдануды ұнат
-
ты. Үштік қағидасын қисынмен тану мүмкін емес болса да, Құдайды үш кісі
деп түйсіну түсінік үшін айтылады. Мистик Құдаймен бір рет бірігіп кетсе,
Оны Бір деп көретін. Гректер бұл көзқарасты ұнатпауы мүмкін. Бірақ Эк
-
харт Үштік сенімнің өзегінде мистикалық ілім жатыр деген кезде олармен
келісетін. Бибі Мәриямның Исаға жүкті болғанынан гөрі Әкенің Ұлды рухта
тудыруы жайлы сөз қылғанды ұнататын. Мәулана Руми де Пәк Мәриямның
Исаны тууын рухтың мистиктің жүрегінде тууының символы деп қараған еді.
Экхарт мұның, рухтың Құдаймен бірігуін көрсеткен бір аналогия екеніне
шүбәсіз сенді.
Құдайды тек мистикалық тәжірибемен танып-білуге мүмкіндік бар. Оны
Маймонид айтқандай, теріс ұғымдармен тілге тиек ету ең дұрысы болмақ.
Шынымен де Құдай жайлы ұғымымызды жаңартып, сандырақ соқыр сенім
мен кісі кейіпті символдардан арылуымыз керек. Тіпті «Құдай» ұғымының
өзін қолданудан да тартыну қажет. Экхарт «адамның соңғы және ұлы ай
-
рылуы - Құдай үшін Құдайдан айрылуы» деген кезде осыны меңзеді. Бұл
қалау қайғыға батыруы мүмкін. Құдай Жоқтық болғандықтан, біз де Онымен
бірге болу үшін жоқтыққа шым батуға дайын болуымыз керек. Бұл сопы
-
лар айтатын
Достарыңызбен бөлісу: