Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет138/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

сефирот
тан ажырап бөлек қалса, жаман және қиратушы болады. 
Зоһар 
бізге айырылысудың қалай жүзеге асқанын түсіндірмейді. Келесі бөлімде 
Кейінгі Каббалистердің жамандық проблемасы жайлы ойлары мен мұны 
Құдайдың өзі жасаған кезде әуелгі сатыларда болған «тағдыр» нәтижесі деп 
ұққандарын байқаймыз. Каббала сөздік мағынасы тұрғысынан түсініксіз 
емес, бірақ мифологиясының психологиялық тұрғыдан қанағат берерліктей 


350
болғанын көрсетеді. Испания Яхудилігі он бесінші ғасырда қырғын мен 
трагедияға тап келген кезінде қиындықтарына мән кіргізу үшін оларға 
көмектескен Каббалистік Құдайы болған еді. 
Каббаланың психологиялық қуатын Испания мистигі Авраам Абулафия 
(1240-1291 ж.-дан кейін) еңбегінен көреміз. Туындысының негізі 
Зоһар
мен 
бір уақытта қаланды, бірақ Абулафия Құдайдың өз табиғатынан гөрі Құдай 
сезімін иеленудің әдістерімен көбірек шұғылданған. Бұл әдістер бүгінгі 
психоаналитиктердің зайырлы ағарту жұмыстары үшін қолданған әдістеріне 
өте ұқсас. Сопылардың Құдайды Мұхаммед секілді сезінуді қалағандарына 
ұқсас түрде Абулафия да пайғамбар сияқты шабыт іздеу жолын тапқанын 
алға тартты. Тыныс алып шығару, зікір мантрасы және баламалы санаға қол 
жеткізу үшін арнайы позаларды жасап, ішкі назарды шоғырландырудың 
белгілі бір техникаларын қолданып, өзгеше Яхуди Йогасын дамытты. 
Абулафия ғаламат каббалист-тұғын. Отыз бір жасында қайталанбас бір 
діни тебіреніспен мистицизмге бет бұрмастан бұрын Тәурат, Талмұд және 
Фалсафамен шұғылданған өте танымал тұлға болатын. Өзін тек қана 
яхудилер үшін ғана емес, христиандарға да Мәсіх саналатынына сенген 
секілді көрінеді. Осылайша Испанияны өте көп аралады және барлық жерден 
шәкірттер тапты, тіпті Таяу Шығысқа дейін сапар шекті. 1280 жылы Яхуди 
елшісі ретінде Папаға қонақ болды. Абулафия Христиан сынын өте ашық 
айтушы болғанына қарамастан, каббалистердің Құдайы ман Үштік теологиясы 
арасындағы ұқсастықтардан көңілі рахат табатын. Ең жоғарғы үш 
сефирот
Логос пен Рухты Құдайды Әкеден, жету мүмкін емес жарық-сәулесінің 
шығуы Жоқтықтан түскен Ахлақ пен Хикметті еске түсіреді. Абулафия 
Құдай жайында Үштік терминдер арқылы сөз сөйлеуді ұнататын. Абулафия 
Құдайды табу үшін рухты түсінуді, яғни «оны байлап тұрған жіптерден 
құтылуды» міндетті санайды. «Жіптерді шешу» қалыбы Тибет Буддистерінде 
де бар; бұл мистиктердің әлем бойынша бір үйлесімде болғанының тағы 
бір көрінісі. Сипатталған процесті, бәлкім, науқастың санасының саулығын 
бұзған қойыртпақты шешу жолындағы психоаналитикалық ұмтылыстар 
тұрғысынан салыстыруға болады. Каббалист ретінде Абулафия бүкіл 
жаратылысқа жан берген, бірақ рух түсініп, мәніне жете алмайтын иләһи 


351
белсенділікті ұғуға бар күшін сарп етті. Санамызды сезім мүшелері арқылы 
қабылданған идеялармен бітеп тастаған уақытта тіршіліктің трансцендентті 
бастауын айыра білуі қиынға соғады. Йога жаттығуларының көмегімен 
Абулафия шәкірттеріне түбегейлі басқа әлемді ұғынулары үшін әдепкі 
сананың ар жағына өтуді үйрететін. Әдістерінің бірі 
Хокма а-Сериф
(Әріптердің Бірігу Ілімі) – Құдайдың Есімдерін терең ойға беріле еске алуға 
негізделген. Каббалист иләһи есімнің әріптерін, санасын нақтылықтан 
абстракцияға жеткізу үшін түрлі формулаға біріктіреді. Бұл жаттығулардың 
әсері сырттан бақылап тұрған жандарға нәтижесіз боп көрінсе де өте 
күшті болатын. Абулафияның өзі мұны музыкалық гармонияны тыңдаумен 
салыстыратын; алфавиттің әріптері ноталардың рөлін көрсететін. Айрықша 
диллуг
(секіру) деп атаған идеялар ассоциациясы мен 
кетишаф
(аттау) 
делінген заманауи психоаналитикалық еркін ассоциациялар әдісімен ұқсас 
методтарды қолданатын. Бұлардың таңғаларлық нәтижелер туғызғаны 
айтылады. Абулафияның түсіндірмесіне қарағанда, бұл әдістер саналық 
процесті нұрландырады және каббалистті «табиғи ортаның зынданынан 
құтқарып және [оны] иләһи әлемнің шегіне жоғарылатады».
397
Осы жолмен 
рухтың «мөрі» ашылады және талап қылушы физикалық күштердің санасын 
нұрландырған бастауын ашады, жүрегінің қайғысын жеңілдетеді. 
Психоаналитиктің науқастың емінен жазылуына жол көрсетуші болға
-
нындай, Абулафия да санадағы мистикалық сапардың бір каббалист ұста
-
ның бақылауында жүзеге асуы керектігін айтады. Қауіп-қатердің көптігі
-
нен хабардар, өйткені өзі де жас шағында үмітсіздікке ұрындырып, бостық 
сезіміне ұшырататын діни тебіреністен қиындық көрген. Бүгінгі науқастар 
көбіне психоаналитиктердің бойындағы күш пен денсаулыққа ие болу үшін 
олардың тұлғасын белгілі бір деңгейде өздеріне сіңіріп алады. Абулафия 
да осыған ұқсас кейіпте каббалистердің рухани жетекшілерінің тұлғасын 
«іштей жүзеге асырушы» және өз іштеріндегі қақпаны ашқан кісі ретінде 
«көретіндіктерін» немесе «сезетіндіктерін» жазған. Каббалист жаңаша бір 
күш пен ішкі өзгерісті сезінеді және ол қуатты болғаны соншалықты, иләһи 
397 Scholem, Major Trends in Jewish Mysticism, p. 136.


352
бастаудан құйылып жеткендей көрінеді. Абулафияның шәкірттерінің бірі 
экстаздың өзгеше сипаттамасын айтады: мистиктің өз Мәсіхі болады. Экстаз 
хәлінде өзінің еркін және нұрланған назарымен бетпе- бет қалады: 
Барша пайғамбарлық рухтың оларға кенеттен өз бейнесінің ал
-
дында тұрғанды көру және өзін ұмыту тіпті одан ажыраудан соң ғана 
нәсіп болғанын біл.... және бұл сыр үшін ұстаздарымыз [Талмұдта]: 
«пайғамбарлардың күш-қуаты өте жоғары, Оның болмыс-бітімі оны 
қалыптастырғанмен ғана салыстырылады» [яғни, «адамды Құдаймен 
салыстырғанмен»] деген.
398
Яхуди мистиктер Құдаймен тұтастықта екендіктерін айтуды әрдайым қа
-
ламайтын. Абулафия мен шәкірттері тек рухани жетекші арқылы ғана бірлік 
пен рухани еркіндік хәлінің каббалистті Құдаймен тікелей байланыстыра
-
тынын айта алатын. Орта ғасыр мистиктері мен заманауи психотерапия ара
-
сында айырмашылық бар, бірақ екі ілім де саулық пен тұлғалық тұтастыққа 
қол жеткізу үшін ұқсас техникаларды дамытқан.
Батыста христиандар мистикалық дәстүрді ілгерілетуге келгенде көшке 
ілесе алмады. Олар Византия мен Ислам империясындағы монотеистерден 
артта қалған еді және, бәлкім, дамудың жаңа шарттарына дайын емес бо
-
латын. Алайда он төртінші ғасырда Солтүстік Еуропада мистикалық дінде 
айтарлықтай дүмпу орын алды. Әсіресе Германияда Мейстер Экхарт (1260-
1327), Иоанн (Иоганн) Таулер (1300-1361), Ұлы Гертруда (1256-1302) және 
Генрих Сузо (1295-1306) секілді бірқатар мистиктер жетіліп шықты. Англия 
да осы батыстық дамуға үлкен үлес қосты және өз еліне, сонымен бірге бүкіл 
құрлыққа дабысы тараған төрт ұлы мистикті баулып шығарды. Олар: Ричард 
Ролл (1290-1349), Уолтер Хилтон (1346 ж. ө.), Норвичтік Юлиана (шамамен 
1342-1416) және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет