Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет146/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Эн Соф
бұл хаостың арасында Тиккун немесе қайта 
интегралдау үдерісі арқылы жаңа өмірді алып келеді.
Апаттан кейін, 
Эн Соф
та жаңа жарық ағынының толқыны пайда болып 
жайыла бастады. Мұнымен қоса, бұл жарық Адам Кодманның маңдайын 
жарып шықты. Бұл жолы сефирот жаңа формалар ішінде қайтадан 
конфигурацияланды: бұдан былай Құдайдың жалпы қасиеттері жоқ-тын. 
Әрбір сефира Құдайдың жекелеген тұлғалық қасиетінің «Айнасы» (парцуф) 
қызметін атқарды; бұл үшеуінің Үштіктегі тұлғалық қасиеттер сияқты, 
ерекшеліктері де бар еді. Лурия ескі каббалистік идеяны білдірудің жаңа 
әдісін табуға тырысты; Құдайды адам сияқты тудыру арқылы жаңа бір жол 


376
іздеді. Тиккунның реинтеграциясында Құдай он сефиротты төмендегі бес 
кезеңде қайта топтастырып:
1. Кетер (Тәж) Зоһардың «Ештеңе, Жоқшылық» деп атаған ең жоғары 
сефира, алғашқы парзуф - «Арик» Анпин, Ата деп аталады.
2. Хохма (Даналық) екінші парзуф Абба, Әке деп аталады.
3. Бинах (Этика) үшінші парзуф Има, Ана деп аталады.
4. Дін (Сот); Хесед (Мейірім); Рахамин (Рақым, Жұбаныш); Нетсах 
(Шыдамдылық, Сабыр); Ход (Мәртебелі, Ұлылық); Йесод (Негіз) барлығы 
төртінші пазруф Зейр Анпин, Шыдамсыз болады. Оның жұбайы:
5. Соңғы сефира Малкут (Патшалық) немесе Шехина. Бұл соңғы 
сефироттың бесінші пазруфы,
 
Нуква дзеир
:
Зеираның әйелі деп 
аталады.
Жыныстық символизм - бұл сефироттың қайтадан бірігуін бейнелейтін, 
арналардың бұзылған жерлерін түзетуге бағытталған түпнұсқалық 
үйлесімділікті қалпына келтірген батыл әрекет. Екі «жұп» - Абба және Иммамен 
бірге Зеир және Нухра - зивугпен айналысады, ал Құдайдың ішіндегі ер мен 
әйелдің жұптасуы жаңадан құрылған тәртіпті қалпына келтіруді бейнелейді. 
Каббалистер өз оқырмандарына мұны тура қабылдамауға шақырады 
және үнемі ескертеді. Бұл нақты, ұтымды терминдерде сипатталмайтын 
және Құдайдың еркектерге тән бейнелерін бейтараптандыруға болмайтын 
интеграция үдерісіне назар аударуға арналған ашық қиял ретінде саналды; 
мистиканың мақсатты құтқарылуы Мәсіхтің келуі сияқты тарихи оқиғаларға 
тәуелді емес еді, алайда бұл Құдайдың өзінің де басынан өткізуге тиісті 
процесс болатын. Құдайдың алғашқы жоспары, арналардың бұзылуы кезіндегі 
шашыраңқы және хаосқа түсіп қалған Құдайдың ұшқындарын құтқарумен 
қатар адамзатты өзіне жолдас қылу. Алайда, Адам Эдем бақшасында күнә 
жасаған болатын. Егер мұны жасамаса, бастапқы үйлесімділік сол қалпында 
қалумен қатар, Құдайдың қуғын-сүргіні бірінші Демалыс күні аяқталатын 
еді. Бірақ Адамның күнәға батуы арналардың бұзылуы сияқты негізгі апатын 
қайталады. Нәтижесінде, Құдай тағы бір жоспар жасады. Ол егемендік пен 
бақылау үшін болған күресте сенімді серігі ретінде Израилды таңдады. 
Израил болса, Құдайдың ұшқындарын өзі сияқты диаспораның қатыгез 


377
және Құдайсыз аймағында шашыраңқы болса да, еврейлердің өз алдарына 
қойған арнайы миссиясы бар еді. Құдайдың құбылыстары бөлініп және 
материяның ішінде жоғалып кеткенше, Құдай толымсыз дәрежеде болады. 
Тәураттың мұқият оқылуымен қатар сақталуы, дұға етудің тәртібі бойынша, 
әрбір еврей Құдайдың қайнар көзінде пайда болған ұшқындардың 
қалпына келуіне және әлемді құтқаруға да көмектесе алады. Құтқарылудың 
бұл концепциясында еврейлер әрқашан да адамзаттың көмегіне тәуелді 
болып келгені секілді, Құдай адамзатқа қарапайым көзқараспен қарайды. 
Еврейлер Құдайды қайтадан қалыптастырып, өзіне-өзі келуі тақырыбында 
ерекше артықшылықтарға ие екендіктері даусыз. 
Лурия Шехинаның қуғын-сүргіндегі бейнесіне жаңа бір мән-мағына 
берді. Еске сала кететін жайт, раввиндер мен талмұдшылардың пікірлеріне 
қарағанда, Шехина храмдар жойылғаннан кейін өз еркімен яхудилермен 
бірге қуғын-сүргінге кеткен болатын. 
Зоһар 
кітабында Шехинаны соңғы 
сефирамен теңдестіріп, оны Құдайдың әйелдік жағына айналдырды. 
Лурияның мифі Шехина каналдардың жарылуы кезінде басқа сефиротпен 
бірге құлап түсті. Тиккунның бірінші кезеңінде ол Нухра болды және Зеирмен 
(алты «орта» сефирот) жұптасу арқылы Құдайлық әлемге қайтадан енген 
болатын. Бірақ Адам ата күнә жасағаннан соң, Шехина тағы бір рет құлап, 
Ұлы Құдайдан алыстатылып қуғынға жіберіледі. Лурия үлкен ықтималдықпен 
өте ұқсас мифологияны ойлап тапқан христиан гностиктердің еңбектерінен 
аударма жасаған еді. XVI ғасырдың қайғылы жағдайын қанағаттандыру үшін 
қуғынға немесе құлдырауға байланысты ескі мифтерді өздігінен қайтадан 
қалпына келтірді. Иләһи жұптасу және қуғын Құдайлардың ертегілері 
Киелі кітап кезеңінде, бір Құдайлық ілімін дамытқан кезде, еврейлерлер 
сияқты қабылданбай кейін қайтарылған еді. Олардың жалған Құдайларға 
табынушылық пен пұтқа табынушылық арасындағы байланысы сефард 
еврейлерінің қарсы тұруларымен бірге ұшырасуы қажет еді. Дегенмен 
де Лурияның мифологиясы Персиядан Англияға, Германияға Польшаға, 
Италиядан Солтүстік Африкаға, Голландияға, Йеменге дейінгі жерлерде зор 
қызығушылық пенқабылданды. Еврей терминдері тұрғысынан қайтадан 
түсіндіріле бастаған кезде, ішке көмілген қайғы-қасіретке жанасумен бірге 


378
үмітсіздікке жаңа үміт берді. Еврейлердің көпшілігі өмір сүру барысында 
бастарынан өткізген қайғы-қасірет жағдайларға қарамастан, олардың түпкі 
мағынасы мен маңызының бар екеніне сенуіне мүмкіндік жасады.
Яхудилер Шехинаның жер аударылуына тоқтау қоя алатын еді. 
Мицвот
ты 
сақтай отырып олар өздерінің Құдайын қайта қалпына келтіре алатын еді. 
Сонымен қатар бұл мифті сол кезеңде Еуропада қалыпқа келе бастаған 
Лютер мен Кальвиннің протестанттық теологиясымен бірге салыстыруы 
қызықты болмақ. Протестант реформаторлардың екеуі де Құдайдың 
абсолюттік құзыреттілігін уағыздады: біз олардың теологиясында, көріп 
отырғанымыздай, адамдардың өздерінің құтқарылуына үлес қосатын, 
жәрдем ететін ештеңе жоқ. Лурияның доктринасы бұл ілімге қарама-
қарсы ілімді уағыздады: адамдар Құдайға қажет еді, олардың дұғалары 
мен жасаған жақсы іс-әрекеттерінсіз Ол өзін толыққанды сезіне алмайды. 
Еуропада еврей халқының басынан өткізген қайғы-қасіретке қарамастан, 
адамзат тақырыбына қатысты протестанттарға қарағанда оптимистік 
көзқарасқа ие болды. Лурия Тиккуннің миссиясын бақылау ретінде 
түсінді. Еуропаның христиандары католиктік және протестанттық сияқты 
көп догматтарды қалыптастыруды жалғастырып жатқан кезде, Лурия 
еврейлердің осындай зияткерлік қызметінде жетістікке жетумен қатар, 
интуитивті ақпараттылығын дамытуға көмектесу үшін Авраам Абулафияның 
мистикалық әдістеріне жан бітіріп, өмірге қайта әкелді. Абулафияның рухани 
дүниесінде Қасиетті Құдайдың есімін қайтадан қалыптастыру, каббалистер 
«Құдайдың» мағынасын адамның тілімен жеткілікті түрде жеткізу мүмкін 
еместігін еске салады. Лурияның мифологиясының негізінде Құдайдың 
қайта құрылымдалуы мен қатар қайта құру символы да болды. Хаим Витал 
Лурияның керемет эмоционалдық әдістерін сипаттады: өзін күнделікті 
қалыпты өмірден бөліп, бәрі ұйықтап жатқанда көз ілмеу, басқа адамдар 
тамақтанған кезде ораза ұстау, белгілі бір уақытқа шейін өзін оқшау ұстау, 
бас тарту, басқа каббалисттің қарапайым сөздермен ешбір байланысы 
болмаған, сөйлеу тәсілімен айналысатын. Ол басқа әлемде екендігін сезініп, 
өзінен тыс басқа бір күштің болғанына және сол күш тарапынан шайқалып, 
дірілдегенін байқады.


379
Бірақ ешқандай алаңдаушылық жоқ еді. Лурия, өзінің рухани жаттығуларын 
бастамас бұрын, каббалист өз ой-санасын сол жаттығуға бейімдеу керек 
екенін талап еткен болатын. Бақыт пен қуаныштың маңыздылығы өте жоғары 
болды: өкпелеу, кінәмшілдік немесе алаңдаушылық деген сезімдер жоқ еді. 
Витал кітабында Шехинаның қайғы-қасіретке толы тұрмыста өмір сүре 
алмайтындығын айтады; шыққан тамырының Талмұдта екені туралы бір ой 
қалыптасты. Қайғы-қасірет әлемдегі зұлымдық күштерінен тарап, ал бақыт 
болса, каббалистің Құдайды сүюге және оған қосылуға, бас июге мүмкіндік 
туғызды. Каббалистің жүрегінде ешкімге, тіпті гойимге деген ашу немесе 
агрессия болмауы керек. Лурия өкпені пұтқа табынушылықпен айқындады, 
өйткені ашулы адам «бөтен бір Құдайдың» үстемдігіне ие болды. Луриандық 
мистицизмді сынап- мінеу оңай. Гершом Шолемнің атап өткеніндей: Құдай 
Эн Софтың 
Зоһарда
күшті болған құпиясы, цимцум драмасында жоғалтатыны 
арналардың бұзылуы және «Тиккун
412
» кезеңінің ішінде бейімделуге 
мәжбүр ме? Келесі бөлімде біз еврей тарихы туралы қайғылы және ұятқа 
қалдыратын эпизодтардың болғанын көреміз. Дегенмен де, Лурияның Құдай 
туралы тұжырымдамасы еврейлерге өкпе мен кінәмшілдік сезімінің көбіне 
үмітсіздік, өмірге деген сенімін жоғалтқан уақытта, адамзатқа қуаныш пен 
мейірімділікке толы оң көзқараспен қарауға көмектесті. 
Еуропаның христиандары осындай оң руханилыққа толы рухты жасап 
шығаруға қол жеткізе алмады. Олар да схоластиканың философиялық діні 
тұрғысынан қарағанда, өте ауыр тарихи апаттарға төтеп берді.
1348 жылғы Қара өлім, 1453 жылы Константинопольдің құлауы, Авиньон 
бұғауы (1309-1378 жж.) және шіркеуде орын алған дау-дамайлар, Ұлы Бөлініс 
(1378-1414 жж.) адамның әлсіз жағдайына мықты бір қолдау болумен 
бірге, Шіркеудің абыройын аяқ асты етті. Адамзат Құдайдың көмегінсіз өзін 
қорқынышты қиыншылықтардан құтқара алмайтын сияқты көрінді. XIV-XV 
412 Ibid., p. 271. 
О
лурианской
каббале
см

тж
. Scholem, The Messianic Idea in Judaism and Others Essays in Jewish Spirituality 
(New York, 1971), pp. 43–48; R. J. Zwi Weblosky, «The Safed Revival and its Aftermath», in Arthur Green, ed., Jewish Spirituality, 2 
vols. (London, 1986, 1988), II; Jacob Katz, «Halakah and Kabbalah as Competing Disciplines of Study», in ibid.; Laurence Fine, «The 
Contemplative Practice of Yehudim in Lurianic Kabbalah», in ibid.; Louis Jacobs, «The Uplifting of the Sparks in later Jewish Mysticism», 
in ibid.


380
ғасырларда сонымен бірге Оксфордтан шыққан Дунс Скот (1265-1308 жж.) 
және француз теологы Джон Герсон (1363-1429 жж.) Құдайдың егемендігіне 
ерекше назар аударды. Құдай адами істерді абсолютті билеуші ретінде 
басқарған еді. Адамзат баласы өздерін құтқару жолында ештеңе жасай 
алмады; жақсы амалдар арқылы өздеріне көмек бере алмады, бірақ Құдай 
оларға мейірімділік танытып, өзіне жақын тартқаны үшін жақсы болды. Бұл 
ғасыр ерекше өзіне назар аудартатын шиеленіске толы бір ғасыр болды. 
Герсон «қандайда бір тәкаппарлыққа толы бір зерттеуге кіріспестен бұрын 
бірінші кезекте «Құдайдың сүйіспеншілігіне» өзі «Құдайдың табиғатын 
түсіну үшін шынайы сенімге негізделген себептер іздеуден әлдеқайда 
жақсы болатынына сенім білдірген» мистик болды
413
. XIV ғасырда Еуропада 
көргеніміздей, мистицизмнің ұлғаюы байқалды, адамдар «Құдай» деп 
аталатын құпияны түсіндіру үшін ақылдарының жеткіліксіз екенін түсіне 
бастаған еді. Томас (Фома) Кемпис Исаның имитациясындағы: 
Үшбірлікті үйрену туралы айтатын болсақ, егер сізде кішіпейілдік болмаса 
және Үштікке ұнамсыз болсаңыз,... Мен оның ізін білмедім, анықтай алмай-
ақ, әлсіздік сезіндім. Егер сіз бүкіл Киелі кітапты және философтардың 
барлық ілімдерін білсеңіз, бұл сізге Құдайдың рақымы мен сүйіспеншілігінсіз 
көмектеседі ме
414

Исаның имитациясы, оның өте қымбат, мазасыз діни көзқарасы, ең 
танымал Батыс еңбектерінің біріне айналды. Сол ғасырларда, діни көңіл, 
түсінік барған сайын Исаға бағыттала бастаған еді. Айқыш ағашқа керілген 
бейнесі Исаның физикалық ауырсыну мен қайғы туралы нақты ойламау 
мүмкін емес еді.
XIV ғасырдың белгісіз бір авторының жазған ой-пікірлерінде оқырманға, 
кешқұрым уақыттарға дейін, соңғы ас және Гефсимания бақшасындағы 
қайғылы ойларынан соң, таңертең оянғанда, көздерінің әлі де жылаудан 
қызарып тұруы қажет деп айтылған. Оянғанда бірден Исаның сағат сайын 
сыналғандығын және артынан айқышқа асылған жерге барғанын ойлау 
413 The Mountain of Contemplation, 4.
414
Пер

с
лат

К
.
П

Победоносцева

Цит

по
изд
.: 
Фома
Кемпийский

О
подражании
Христу
. – Bruxelles: 
Жизнь
с
Богом
, 1993. – 
С
. 2.


381
керек еді. Оқырмандар билікке Исаның өмірін құтқару үшін, жалбарынғанын 
түрмеде Оның жанында отырғандықтарын және оның шынжырланған 
қолдары мен аяқтарын сүйгендіктерін көз алдына елестету қиынға соқты
415

Бұл қайғылы оқиғада қайта тірілуге аз көңіл бөлінеді. Керісінше, Исаның осал 
тұсы туралы сөз болған-ды. Бұл сипаттаманың көпшілігінде эмоциялардың 
зорлық-зомбылық және заманауи оқырманға қандай да бір зиянды 
қызығушылық тудыруы басты сипаттардың бірі еді. Швециялық Бриджит 
немесе Норидж Джулианның Исаның ұлы мистикасы және физикалық жай-
күйі туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді: 
Мен оның аяулы жүзінің құрғақ, қансыз, өлімге толы жүзге айналғандығын 
көрдім. Жүзі одан бетер солғын тартып, жансыздана түсті. Өлген кезде, денесі 
көгілдір түске айналып, бірте-бірте күрең көкке өзгерді, себебі денесінен 
рух ұшып шыққан болатын Мен үшін оның бойындағы құмарлығы, ең 
алдымен, оның нұрлы жүзінде, әсіресе оның ерні арқылы анық көрсетілді. 
Бұрын-соңды көргендерімнің арасындағы ең балғын, қызыл және жағымды 
түстермен қатар төрт түсті де көрдім. Оның біртіндеп қайтыс болып бара 
жатқанын көру өте өкінішті және ауыр болатын. Оның танауы жиырылып, 
көзімнің алдында сүйкімді денесі кеуіп, қара түске боялды
416
.
Бұл бізге XIV ғасырдағы неміс крестері туралы суреттерді еске түсіреді. 
Белі бүгілген денелер мен қаны төгілген жандар Маттиас Грюневальдтың 
(1480-1528 жж.) шығармаларында өте сезімталдықпен бейнелену шыңына 
жетті. Джулиан Құдайдың табиғатын терең түсіну барысында ерекше 
қабілетті екенін көрсетті: негізінде, оның ойынша, Үшбірлік адамның жан 
дүниесінде өмір сүреді, ал сыртқы әлемінде болса, ешқандай да өмір 
сүрмейді. Бірақ Батыс концентрациясының күші Исаға төтеп беруге тым 
күшті көрінді. XIV және XV ғасырларда Еуропада адамдар Құдайдан гөрі 
басқа адамдарды өз рухани өмірінің орталығына айналды. Ортағасырлық 
Мәриямның қасиетті культтері Исаға шынайы табынушылық пен берілгендік 
күші арқылы арта түсті. Киелі аманаттар мен киелі жерлерге деген ынта-
415 Cf.: Richard Kieckhafer, «Major Currents in Late Medieval Devotion», in Jill Raitt, ed., Christian Spirituality: High Middle Ages and 
reformation (New York and London, 1989), p. 87.
416 Julian of Norwich, Revelations of Divine Love, trans. Clifton Wolters (London, 1981), 15, pp. 87–88.


382
жігер Батыс христиандарын қажет ететін нәрселерден айырды. Адамдар 
Құдайдан басқа нәрсеге ұйығандай болып көрінді. 
Батыс рухының қараңғы жағы Ренессанс кезінде де кеңінен белең 
ала бастады. Ренессанс кезеңінің философтары мен гуманистері 
ортағасырлық көптеген Құдайға сенушілерді аса қатты сынға алды. 
Олардың схоластикаға қарсы ұнатпаушылық сезімдері бар еді, өздерінің 
жасырын ой-пікірлері мен Құдайды өздерінен шеттеткендерімен қоса іш 
пыстырарлық жағдайға жеткізгендіктерін сезінді. Керісінше, олар сенімнің 
қайнар көздеріне, әсіресе қасиетті Августинге қайта оралғылары келді. 
Орта ғасырдағылар Августинді теолог ретінде құрметтеді, ал гуманистер 
болса «Конфессияны» қайта қарап шығып, оны жеке адам ретінде көрді. 
Гуманистер Христиандықты, доктриналардың бөлігі емес, тәжірибе ретінде 
бекітті. Лоренцо Валла (1405-59 жж.) ұлы догматты «диалектика ойындары 
мен қиялдарды» және «метафизикалық ойындарды» байланыстырудың 
түкке де пайда әкелмейтіндігін атап өтті
417
: бұл «жеңілдікті» Әулие Павелдің 
өзі де айыптаған болатын. Франческо Петрарка (1304-74 жж.) «теология - 
бұл шын мәнінде поэзия, тақырыбы Құдайға қатысты және күшті болғаны 
соншалықты жүрекке әсер етпей қоймайтын қасиеті бар дегенді білдірді
418

Гуманистер адамзаттың қадiр-қасиетiн қайта танытты, бiрақ бұл олардың 
Құдайдан бас тартуы дегенді білдірмеді: керiсiнше, сол заманның өмір 
сүрген адамдары ретінде адамға айналған Құдайдың адамзатқа деген 
көзқарасы туралы ой кешті. Бірақ ескі күмәндар сол күйінде қалды. 
Ренессанс дәуірінде адамдар өздерінің таным-түсініктерінің олқылығын 
түсінді, сондай-ақ Августинге тән күнәні өткір сезімталдықпен аңғара алды. 
Петрарканың айтқанындай: 
«Мен қанша рет қайғы-қасірет пен өлім туралы ойланып көрдім; көз- 
жасымды бұламастан, күнәларым мен қателіктерімді жуып-шаюға тырыстым, 
бірақ қазірге шейін жасағандарымның бәрі де бекер болды. Құдай шынымен 
417 Enconium Sancti Tomae Aquinatis, quoted in William J. Bouwsme, «The Spirituality of Renaissance Humanism», in Raitt, 
Christian Spirituality, p. 244.
418
В
письме
к
своему
брату
Герадо
от

декабря
1348 
года
. Quoted in David Thompson, ed., Petrarch, a Humanist among Princes: 
An Anthology of Petrarch’s Letters and Translations from His Works (New York, 1971), p. 90.


383
де жақсылардың жақсысы, ал мен болсам ең жаманымын
419
», -деген екен.
Демек, адам мен Құдай арасында үлкен қашықтық бар екені даусыз: 
Колуччо Салутати (1331-1406 жж.) және Леонардо Бруни (1369-1444 
жж.) екеуі де жалпы Құдайдың адамзаттың ақыл-ойы ең жоғарғы және 
қол жетімсіз екендігін көрді. Дегенмен неміс философы және шіркеу 
қызметкері Николай Кузанский (1400-64 жж.) біздің Құдайды түсінуге деген 
қабілетіміздің мол екендігіне сенімді болды. 
Ол Үштіктің құпиясын түсінуге көмектеседі деген оймен жаңа ғылымға 
аса қатты қызығушылық танытты. Мысалы, таза абстракциялармен ғана 
айналысатын математика басқа пәндерде қол жетімсіз болатынын 
дәлелдейді. Математика ғылымындағы «максимум» және «минимум» 
идеялары бір-біріне қарама-қарсы, бірақ шын мәнінде бірдей логикалық 
түрде көрінуі мүмкін. Бұл «қарама-қарсылықтың» бірлігі Құдайдың идеясын 
қамтиды: «барынша, барлығынан» идеясы барлық нәрсені қамтиды; Құдайға 
тікелей бірлік пен қажеттіліктің ұғымдарын білдіреді. Сонымен қатар, 
максималды сызығы, үшбұрыш, шеңбер немесе шар тәрізді болмады, бірақ 
үшеуінің бірігуінен пайда болған; сонымен қатар, қарама-қайшылықтардың 
бірлігі Үштік ретінде білінді. Бірақ Николай Кузанскийдің діни ойлау 
қабілеті болмаған және Құдайдың идеясын қисынсыз күйге келтіруді 
азайтады. Алайда «Құдайдың барлық нәрсені, тіпті қарама-қайшылықтарды 
қабылдайтын» ойына 
420
сенетіндіктен, грек православтарының барлық 
шынайы теологияның парадоксты болуы қажет деген ұғымына жақындады. 
Николай адамгершілікті үйретудің ұстазы ретінде, Құдайға жақындауға 
ұмтылған кезде, «христиандардың барлық нәрсені мәңгілікке артта 
қалдыруға» және «ақыл-ойдан асып түсіп, ақылға қонымды және ақылға 
қонымсыз» Құдайдың жүзі «құпия және мистикалық үнсіздікпен» жабулы 
еді
421
.
419 Quoted in Charles Trinkaus, The Poet as Philosopher: Petrarch and the Formation of Renaissance Consciousness (New Haven, 
1979), p. 87.
420
Об
ученом
незнании
», 1.22. 
Перевод
В

В

Бибихина

Цит

по
изд
.: 
Николай
Кузанский

Сочинения
в
двух
томах
. – 
М
.: 
Мысль
, 1979. – 
Т
. 1. – 
С
. 84.
421 «
О
возможности
-
бытии
». 
Перевод
А
.
Ф

Лосева
. – 
Николай
Кузанский

Цит

изд
. – 
Т
. 2.– 
С
. 145.


384
Қайта өрлеудің жаңа түсініктері Құдай сияқты, ақыл-парасаттың 
жетіспеушілігінен тыс терең қорқыныштарға жауап бере алмады. Николай 
қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай, Германияда ерекше зиянды фобия пайда 
болып, ол солтүстік Еуропаға шейін тарады. 1484 жылы Папа VIII Иннокент 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет